ORTCOM.KZ
الذهاب إلى القناة على Telegram
ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» «Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК Central Communications Service under the President of the Republic of Kazakhstan Центр по борьбе с дезинформацией https://t.me/AntiFakeCenter
إظهار المزيد3 065
المشتركون
+124 ساعات
+57 أيام
+4530 أيام
أرشيف المشاركات
3 065
🔶Біз Қазақстанда фиджитал-спортты дамытудың жаңа кезеңін бастап отырмыз – «Қазспортинвест» АҚ президенті
Қазақстанда фиджитал-спорттың дамуы туралы айта келе, «Қазспортинвест» АҚ президенті Әлібек Хасенов қазақстандық спортшылар «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде бірқатар дисциплиналарда жақсы нәтиже көрсете алатынын айтты.
«Осыған дейінгі «Болашақ ойындарында» өнер көрсеткен командаларымыз жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, фиджитал-шутер дисциплинасында екі рет қатарынан бірінші орын алды. Биыл да осы жетістікті қайталап, негізгі үмітті Counter-Strike 2 дисциплинасына артып отырмыз», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Фиджитал футбол дисциплинасында да жақсы мүмкіндіктер бар. 🔶Мы открываем новую главу в истории развития фиджитал-спорта в Казахстане – президент АО «Казспортинвест» Говоря о развитии фиджитал-спорта в Казахстане, президент «Казспортинвеста» Алибек Хасенов поделился мнением, в каких дисциплинах казахстанские спортсмены могут показать хорошие результаты в «Играх Будущего 2026».
«До этого момента команды, которые принимали участие в предыдущих Играх, показывали прекрасные результаты. Например, в дисциплине фиджитал-шутер дважды подряд занимали первое место. Мы надеемся, что в этой дисциплине мы повторим успех и ставим ставку именно на дисциплину Counter-Strike 2», – сказал спикер на пресс-конференции в СЦК.Хорошие шансы также в дисциплине фиджитал-футбол. @ortcom_kz #CCS
3 065
🔶World Phygital Community: Астанада әлемдік деңгейдегі спортшылар жиналды
World Phygital Community өкілі Дэвид Фенгтің айтуынша, бірнеше апта бұрын өткен Phygital Contenders турнирінің қорытындысы бойынша «Болашақ ойындары – 2026» жарысына қатысатын командалар мен спортшылардың толық құрамы анықталды. Бүгінде World Phygital Community фиджитал спортты дамыту бағытында әлемнің 100-ден астам еліндегі ұйымдарды біріктіретін жаһандық желіге айналған. Өткен маусымда спортшылар мен клубтар халықаралық іріктеу турнирлеріне қатысып, өз шеберлігі мен табандылығының арқасында әлемдік додаға жолдама алған.
«Алдағы 12 күн ішінде «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде сегіз бағыт бойынша жарыстар өтіп, әлемнің үздік спортшылары жоғары шеберлік, төзімділік және жан-жақтылықтарын паш етеді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.🔶World Phygital Community: в Астане собрались спортсмены мирового уровня По словам представителя World Phygital Community Дэвида Фенга, по итогам турнира Phygital Contenders, который прошел несколько недель назад, был окончательно определен состав команд и спортсменов, которые примут участие в «Играх Будущего 2026». Сегодня World Phygital Community представляет собой глобальную сеть, объединяющую организации более чем из 100 стран мира, развивающих фиджитал-спорт. В течение прошлого сезона спортсмены и клубы участвовали в международных отборочных турнирах и благодаря своему мастерству и упорству завоевали право выступить в мировом первенстве.
«В ближайшие 12 дней в рамках турнира «Игры Будущего 2026» пройдут соревнования по восьми дисциплинам, где лучшие спортсмены мира продемонстрируют высокий уровень мастерства, выносливость и универсальность», — сказал спикер на пресс-конференции в СЦК.@ortcom_kz #CCS
3 065
🔶Phygital International өкілі Астананы «Болашақ ойындары 2026» турнирін өткізу үшін ең қолайлы орын деп атады
«Болашақ ойындары» турнирінің негізінде физикалық дайындық пен бәсекеге қабілетті геймингті бір дисциплина аясында біріктіретін спорттың жаңа моделі жатыр. Жаһандық фиджитал-қозғалыстың басты оқиғасы ретінде «Болашақ ойындары» спортшылар мен жанкүйерлердің жаңа буыны үшін спорттың қалай өзгеретінін көрсетеді. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Phygital International бас атқарушы директоры Дэн Меркли осылай деді. Оның айтуынша, бүгінде бұл идея шын мәніндегі жаһандық қозғалысқа айналды. Фиджитал-спорт әлемнің 115-тен астам елінде дамып, спорттың болашағына ортақ көзқараспен қарайтын спортшыларды, клубтарды, технологиялық серіктестерді және спорттық ұйымдарды біріктіріп отыр.
«Астана турнирді өткізу үшін ең қолайлы орын болып табылады. Қазақстан инновацияларға, технологияларға, жастарды дамытуға және халықаралық ынтымақтастыққа инвестиция салуға нақты ұмтылысын көрсетіп отыр. Алдағы 12 күн ішінде әлемнің ең мықты спортшылары сегіз дисциплина бойынша бақ сынайды. Біз Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен келген өкілдердің басын қосып, сонымен қатар Қазақстанды кең халықаралық аудиторияға таныстыру мүмкіндігін мақтан тұтамыз», - деді спикер.🔶В Phygital International назвали Астану идеальной площадкой для проведения «Игр Будущего 2026» В основе турнира «Игры будущего» лежит новая спортивная модель, которая объединяет физическую подготовку и соревновательный гейминг в рамках одной дисциплины. Являясь главным событием мирового фиджитал-движения, «Игры Будущего» демонстрируют, каким становится спорт нового поколения для спортсменов и болельщиков. Об этом на пресс-конференции в СЦК заявил главный исполнительный директор (CEO) Phygital International Дэн Меркли. По его словам, сегодня эта идея превратилась в настоящее глобальное движение. Фиджитал-спорт развивается более чем в 115 странах мира, объединяя спортсменов, клубы, технологических партнеров и спортивные организации, разделяющие общее видение спорта будущего.
«Астана является идеальным местом для проведения турнира. Казахстан демонстрирует стремление инвестировать в инновации, технологии, развитие молодежи и международное сотрудничество. В ближайшие 12 дней сильнейшие спортсмены мира будут соревноваться в восьми дисциплинах. Мы гордимся тем, что можем собрать в Астане представителей со всего мира и одновременно представить Казахстан широкой международной аудитории», – сказал спикер.@ortcom_kz #CCS
3 065
🔶«Болашақ ойындары» Қазақстанда киберспорттың дамуына серпін береді – ҚР туризм және спорт вице-министрі
Киберспорт – бүгінде бүкіл әлемдегі ең танымал бағыттардың бірі, деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«Болашақ ойындары» Қазақстанда киберспортты дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінде киберспорт әлемнің 100-ден астам елінде қарқынды дамып келеді және Қазақстан да осы бағытта көшбасшы елдердің қатарынан көрінуге тиіс. Сондықтан біз «Болашақ ойындарын» өткізіп отырмыз. «Қазіргі таңда киберспорт жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие. Бұл Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанды алдағы үш жылда цифрлық державаға айналдыру міндетін жүзеге асыруға да ықпал етеді. Сондықтан жастарды заманауи әрі қызықты форматтар арқылы тарту маңызды. Соның бірі – фиджитал ойындары», – деді спикер.🔶«Игры Будущего» позволят развивать в Казахстане киберспорт – вице-министр туризма и спорта РК Киберспорт – сегодня одно из популярнейших направлений во всем мире, отметил вице-министр туризма и спорта РК Серик Жарасбаев на пресс-конференции в СЦК.
«Игры Будущего» позволят развивать в Казахстане киберспорт. Киберспорт активно развивается более чем в 100 странах. И я думаю, что Казахстан должен быть на передовой в этом направлении, поэтому мы и проводим «Игры Будущего». Сейчас огромную заинтересованность киберспорт вызывает у молодежи. Это также может способствовать тому, что, как отметил Глава государства, Казахстан должен в ближайшие три года стать цифровой державой. Мы к этому стремимся и начинать надо с нашей молодежи и вовлекать их через такой интересный контент. И как возможность – это фиджитал-гейм», – сказал спикер.@ortcom_kz #CCS
3 065
🔶«Болашақ ойындары 2026»: Астанада жарыстар қай жерде өтеді және жүлде қоры қандай
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі аясында жарыстар 8 дисциплина бойынша өтеді: фиджитал футбол, фиджитал баскетбол, фиджитал жекпе-жек, фиджитал шутер, фиджитал би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds. Барлық жарыстар елордадағы төрт ірі спорт нысанында ұйымдастырылады: «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында, BEELINE Arena Ұлттық теннис орталығында және «Барыс Аренада».
ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев бүгінде спорт нысандары жарыстарды қабылдауға толықтай дайын екенін атап өтті.
«Турнирдің жалпы жүлде қоры демеушілік қаражат есебінен 4 млн 650 мың АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде Dota 2 және PUBG: Battlegrounds дисциплиналарының әрқайсысына 1 млн АҚШ долларынан жүлде қоры қарастырылған», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.🔶«Игры Будущего 2026»: где пройдут состязания в Астане и какой призовой фонд В рамках турнира «Игры Будущего 2026» соревнования пройдут по восьми дисциплинам: фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-единоборства, фиджитал-шутер, фиджитал-танцы, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang и PUBG: Battlegrounds. Соревнования пройдут на 4 спортивных объектах Астаны: в легкоатлетическом спортивном комплексе Qazaqstan, во Дворце единоборств имени Жаксылыка Ушкемпирова, в национальном теннисном центре BEELINE Arena и на «Барыс Арене». Как отметил вице-министр туризма и спорта РК Серик Жарасбаев, объекты к проведению турнира готовы.
«Общий призовой фонд турнира составляет 4 млн 650 тыс. долларов. Хотелось бы отметить, что все эти средства за счет спонсорских привлеченных средств. Наибольший призовой фонд предусмотрен в дисциплинах Dota 2 и PUBG: Battlegrounds – по 1 млн долларов», – сказал спикер на пресс-конференции в СЦК.@ortcom_kz #CCS
3 065
🔶Қазақстанда алғаш рет «Болашақ ойындары» өтеді
29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді. Бұл – киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды бір арнаға тоғыстыратын жаңа форматтағы халықаралық жарыс. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады.
«Болашақ ойындарының» басты ерекшелігі – биыл жарыстың клубтық форматта өтуі. Яғни мұнда ұлттық құрамалар емес, халықаралық клубтар бақ сынайды. Бір команданың құрамында әртүрлі мемлекеттердің спортшылары өнер көрсете алады. Ал фиджитал дисциплиналарда спортшылар алдымен виртуалды кеңістікте сынға түсіп, кейін жарысты нақты спорт алаңында жалғастырады», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.Елімізде өтетін турнир аясында сегіз дисциплина бойынша жарыстар өтеді. Бүгінде 24 елден 400 жуық спортшы келді. 🔶В Казахстане впервые пройдут «Игры будущего» С 29 июля по 9 августа в Астане впервые состоится международный мультиспортивный турнир «Игры будущего – 2026». Это соревнования нового формата, объединяющие киберспорт, традиционные виды спорта и современные технологии. Об этом на площадке СЦК сообщил вице-министр туризма и спорта РК Серик Жарасбаев.
«Главная особенность «Игр Будущего» в этом году заключается в том, что турнир пройдет в клубном формате. Это означает, что в соревнованиях будут участвовать не национальные сборные, а международные клубы. В составе одной команды могут выступать спортсмены из разных стран. В фиджитал-дисциплинах участники сначала соревнуются в виртуальном пространстве, а затем продолжают борьбу уже на реальной спортивной площадке», – отметил спикер в ходе пресс-конференции.В рамках турнира состоятся соревнования по восьми дисциплинам. На сегодняшний день в страну уже прибыли около 400 спортсменов из 24 стран. @ortcom_kz #CCS
3 065
🇰🇿🇹🇭Глава государства поздравил Короля Таиланда Маху Вачиралонгкорна с Днем рождения
✉️В телеграмме Касым-Жомарт Токаев отметил особое значение для тайского народа этого праздника как символа устойчивого развития, национального наследия и духовных ценностей Королевства.
Президент Казахстана подтвердил приверженность дальнейшему углублению двустороннего сотрудничества, основанного на узах дружбы и взаимной поддержки.
Глава государства пожелал Королю успехов в его ответственной деятельности, а дружественному народу Таиланда – благополучия и процветания.
3 065
🇰🇿🇹🇭Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады
✉️Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.
3 065
🔶2026 жылы ТКШ мен Қазақстанның энергетикасын жаңғыртуға 625 млрд теңге тартылады
2026 жылы ТКШ саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайды. Тартылатын қарыз капиталының құрылымына халықаралық қаржы институттары, қазақстандық банктер және «Бәйтерек» инвестициялық холдингі кіреді.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
🔷625 млрд теңге привлекут на модернизацию ЖКХ и энергетики Казахстана в 2026 году
Объемы финансирования сферы ЖКХ в 2026 году увеличены в два раза по сравнению с 2025 годом. В структуру привлекаемого заемного капитала входят международные финансовые институты, казахстанские банки и инвестиционный холдинг «Байтерек».
Подробнее на сайте ortcom.kz
@ortcom_kz #CCS
3 065
🔶2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді
Осы мақсаттарға 1,1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Құрылыс жұмыстары 759 млрд теңгеге қаржыландырылады. Ал 379 млрд теңге бойынша ЕРС-мердігері айқындалған жобалар шеңберінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, отандық тауар өндірушілерден материалдар сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
🔷12 тыс. км инженерных сетей по нацпроекту МЭКС отремонтируют в 2026 году в Казахстане
На эти цели направят свыше 1,1 трлн теңге. В структуре выделяемых средств 759 млрд теңге пойдут на строительно-монтажные работы, 379 млрд теңге – на проекты с определенным EPC-подрядчиком, разработку документации и закуп материалов у отечественных производителей.
Подробнее на сайте ortcom.kz
@ortcom_kz #CCS
3 065
🔶Жамбыл облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысы басталды
Ірі инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады. Жоба аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, электр энергиясын өндіретін заманауи кешен салынады. Жалпы құны 80 млрд теңгені құрайды. Ол екі кезеңмен іске асырылады. Бірінші кезең 2027 жылдың І тоқсанында, екінші кезең 2029 жылдың ІІІ тоқсанында пайдалануға беріледі.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
🔷Строительство завода по утилизации ТБО началось в Жамбылской области
Проект реализуется в рамках инвестиционного сотрудничества между Казахстаном и Южной Кореей. Проект предусматривает строительство современного комплекса по утилизации твердых бытовых отходов с последующей выработкой электроэнергии. Общая стоимость проекта составляет 80 млрд теңге. Реализация будет проходить в два этапа: ввод первого этапа в эксплуатацию запланирован на первый квартал 2027 года, второго — на третий квартал 2029 года.
Подробнее на сайте ortcom.kz
@ortcom_kz #CCS
3 065
🔶Қазақстанда балмұздақ өндірісі 47,4%-ға өсті
Қазақстанның балмұздақ нарығы өз дамуының ең қарқынды кезеңдерінің бірін бастан өткеруде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің балмұздақ өндірісі тұрақты өсім көрсетті. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мен салалық сарапшылардың деректеріне сәйкес, өндіріс көлемі 35,1 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4%-ға артты.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
🔷Производство мороженого в Казахстане выросло на 47,4%
Казахстанский рынок мороженого переживает один из самых ярких этапов своего развития. По итогам первого полугодия 2026 года казахстанская отрасль производства мороженого демонстрирует уверенный рост. Согласно данным Бюро национальной статистики АСПиР РК и отраслевых аналитиков, объем производства достиг 35,1 тыс. тонн, что на 47,4% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.
Подробнее на сайте ortcom.kz
@ortcom_kz #CCS
3 065
🔶 28 шілде күні сағат 14.30 Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna жобасының ресми ашылуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
🗣Спикерлер:
🎤(CEO) Phygital International бас атқарушы директоры Дэн Меркли (Dan Merkley);
🎤World Phygital Community өкілі Дэвид Фенг (David Feng);
🎤«Казспортинвест» АҚ президенті Алибек Хасенов;
🎤ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сер3к Жарасбаев.
🔶28 июля в 14.30 ч. на площадке Службы центральных коммуникаций состоится пресс-конференция на тему «Официальное открытие проекта Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna».
🗣Спикеры:
🎤Главный исполнительный директор (CEO) Phygital International Дэн Меркли (Dan Merkley);
🎤Председатель World Phygital Community Дэвид Фенг (David Feng);
🎤Президент АО «Казспортинвест» Алибек Хасенов;
🎤Вице-министр туризма и спорта РК Серик Жарасбаев.
🌐 Ссылки на трансляцию:
✅ Facebook
📹 You Tube
@ortcom_kz #CCS
3 065
🔶Қосшыны газдандыру толық аяқталды: қаланың барлық шағын аудандарындағы 72 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізді
Жобаның соңғы кезеңдерін іске асыру аясында 194 шақырым газ құбыры және 24 шкафтық газ реттеу пункті пайдалануға берілді. Жалпы Қосшы қаласын газдандыру үшін 357 шақырымнан астам газ тарату желілері салынды, бір блоктық және 44 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
🔷Газификация Косшы завершена: природный газ стал доступен для 72 тысяч жителей всех микрорайонов города
В рамках реализации заключительных этапов проекта введены в эксплуатацию 194 километра газопроводов и 24 шкафных газорегуляторных пункта. В целом для газификации Косшы построено более 357 километров газораспределительных сетей, установлены один блочный и 44 шкафных газорегуляторных пункта.
Подробнее на сайте ortcom.kz
@ortcom_kz #CCS
3 065
Глава государства принял председателя Агентства по финансовому мониторингу Жаната Элиманова
✔️Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет об основных итогах работы Агентства за первое полугодие 2026 года и задачах на предстоящий период.
Жанат Элиманов:
➤ доложил, что завершено расследование 496 уголовных дел, потерпевшим возмещен ущерб на сумму 22,6 млрд тенге, нейтрализованы 7 преступных групп, в том числе 4 транснациональные, а также 44 сети по незаконному обналичиванию денежных средств с оборотом свыше 176 млрд тенге.
✔️Ликвидированы 12 теневых криптообменников, использовавшихся для отмывания доходов от наркобизнеса и мошенничества, а также выявлено 36 дропперских ячеек, через счета которых проведены операции на 113 млрд тенге.
➤ проинформировал о том, что впервые в СНГ изобличена деятельность лиц, использовавших спецоборудование для имитации работы операторов сотовой связи и массовой рассылки фишинговых СМС с целью незаконного завладения персональными данными.
➤ рассказал о мерах по мониторингу бюджетных расходов.
✔️Предотвращены необоснованные траты по 52 инфраструктурным проектам на 279 млрд тенге.
✔️Выявлены риски хищений госсредств на 10 млрд тенге при коммерциализации научных разработок, а также раскрыта схема фиктивного прикрепления 140 тыс. граждан для незаконного получения частными клиниками финансирования из ФСМС.
✔️Кроме того, в рамках превентивной работы заблокирован доступ к 9 тыс. сайтам и аккаунтам с признаками нелегального игорного бизнеса, прекращена деятельность 2,3 тыс. мошеннических ресурсов и 25 групповых чатов с общей аудиторией более 35 тыс. человек.
✔️Мероприятиями по повышению финансовой грамотности охвачено свыше 245 тыс. граждан.
✔️Благодаря совершенствованию законодательства в сфере финансового мониторинга повышен рейтинг Казахстана по четырем ключевым рекомендациям ФАТФ.
📌Глава государства дал ряд конкретных поручений по ключевым направлениям деятельности Агентства.
3 065
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берілді.
Жанат Элиманов:
➤ 496 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 22,6 миллиард теңгенің зардабы өтелгенін жеткізді.
➤ Сондай-ақ 7 қылмыстық топтың (оның ішінде төртеуі – трансұлттық топ) және 176 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз түрде қолма-қол ақшаға айналдырған 44 желінің қызметіне тосқауыл қойылғанын атап өтті.
✔️Есірткі бизнесі мен алаяқтықтан түскен кірісті жылыстату үшін пайдаланылған 12 астыртын криптоайырбастау пункті жойылған.
✔️Бұдан бөлек, өз есепшоттары арқылы 113 миллиард теңгені өткізген 36 дропперлік топ анықталды.
➤ ТМД елдері аумағында алғаш рет дербес деректерді заңсыз иемдену мақсатында ұялы байланыс операторларының жұмысын имитация жасайтын және фишинг SMS-хабарламаларды жаппай тарататын арнайы құрылғыны пайдаланған адамдар ұсталғанын баяндады.
➤ бюджет шығыстарына мониторинг жүргізу шаралары туралы айтты.
✔️Мәселен, 52 инфрақұрылымдық жоба бойынша 279 миллиард теңге қаржының негізсіз жұмсалуына жол берілген жоқ.
✔️Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру кезінде 10 миллиард теңге көлемінде мемлекет қаржысын жымқыру ықтималдығы анықталды.
✔️Сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу үшін жеке клиникалардың 140 мың азаматтың жалған тіркеу мәліметтерін көрсеткені белгілі болды.
✔️Бұдан бөлек, алдын алу жұмыстары аясында заңсыз ойын бизнесінің белгілері бар 9 мың сайт пен аккаунт бұғатталды. Алаяқтық пиғылымен ашылған 2,3 мың ресурстың және 35 мыңнан аса мүшесі бар 25 чаттың қызметі тоқтатылды.
✔️Қаржылық сауатты арттыру бағытындағы іс-шараларға 245 мыңнан астам азамат қатысты.
✔️Салалық заңнаманы жетілдірудің нәтижесінде Қазақстанның рейтингтегі орны ФАТФ-тың төрт негізгі ұсынымы бойынша жоғарылады.
📌Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырма берд.
