cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Тиімді Қазақстан

Күнделікті шығындар мен бюджетті үнемдеуге сауатты көзқарас қалыптастыратын арна. Ең қажетті ақпараттар бекітілген жазбада.

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
1 998
Suscriptores
+224 horas
-27 días
+3930 días
Distribuciones de tiempo de publicación

Carga de datos en curso...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Análisis de publicación
MensajesVistas
Acciones
Ver dinámicas
01
Түрлі тілдердегі кітаптарды жүктеп алуға болатын тегін онлайн-кітапханалар 📌 MyBook — кітап оқуға арналған қолайлы, электронды кітапхана мен қосымша. Қосымшада тегін шығармалары бар бөлім қолжетімді – олардың саны 193 000-нан асады. Олардың арасында шағын әңгімелер де, әлемдік әдебиет шығармалары да бар. 📌 Project Gutenberg — әлемдегі алғашқы онлайн-кітапханалардың бірі. Мұндағы кітаптар еркін түрде, тегін қолжетімді — қазіргі таңда саны 60 000-нан асады. Кітаптар ағылшын, неміс, француз және португал тілдерінде қолжетімді. 📌 Europeana — бүкіл Еуропаға арналған цифрлы кітапхана. Сайтта электронды кітаптарды ұсынатын негізгі серіктестер — түрлі елдердің ұлттық кітапханалары. Өнер немесе спорт сияқты тақырыптық бөлімдері де бар. Кітаптар француз, неміс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. 📌 Books Should Be Free — 7000-нан астам электронды кітаптар мен аудиокітаптар. Таңдау өте үлкен — кітаптар 20-ға жуық санатқа бөлінген. Файлдар 30 тілде қолжетімді, тізімде тіпті эсперанто да бар. 📌 Great Books and Classics — мұнда түрлі тілдердегі «Гильгамеш туралы аңыздан» бастап, Архимед шығармаларына дейінгі классикалық әдебиеттің үлкен көлемін табуға болады. 📌 Open Library — ағылшын тіліндегі қолжетімді кітаптрдың барлық дерлік онлайн нұсқаларын тегін табуға болатын ең үлкен онлайн кітапхана. Біраз бұрын біз қазақ тілін үйренуге арналған тегін ресурстар жайлы жазба жариялағанбыз. Сол жазбадан да тегін электронды кітаптары бар сайттарды таба аласыздар 👈 Жазбаны Creative Asia арнасындағы әріптестеріміз әзірледі. Олар тегін курстар, шетелде оқуға арналған стипендиялар жайлы жазады, жалпы, түрлі пайдалы ақпараттармен бөліседі 👍 Алып қосарларыңыз болса, пікірлер бөліміне қалдыра кетіңіздер 🙌
1908Loading...
02
Қытайдан шыққан көліктердің барлық артықшылықтары мен кемшіліктері Аталмыш көліктерді алу қажеттігін немесе қажетсіздігін бағалай алуларыңыз үшын қытайлық Kia Seltos пен Hyundai Elantra жайлы жазбаның астындағы барлық пікірлерді оқып шықтық. Артықшылықтары: + бағасы автосалондардан 2 миллион ₸ төмен (жергілікті нөмірі бар бір көліктің құны шамамен 8-9 миллион ₸) + көліктерді алдын ала төлемсіз бөліп төлеуге болады (бағасы өзгермейді) + жинақталуы біздің үлгілерге қарағанда жақсырақ, толығырақ (интеллектуалды адаптивті круиздік бақылау, 360 камерасы бар) + өз бағасы үшін ыңғайлы әрі сенімді көлік + мультимедианы орыстандыру жүруде + отын шығыны аз Негізгі аргумент: қытайлықтар өз халқы үшін сапасыз зат шығармайды, олар көлікті орта есеппен 2-3 жылға алады. Егер сіз де осы кезеңге алуды жоспарласаңыз, қандай да бір мәселелер туындамауы керек. Бастысы, уақытылы қызмет көрсетіп, күтіп ұстау. Кемшіліктері: - салондар Trade In-де импорттық көліктерді қабылдамайды. Қайталама нарықта сату қиынырақ болады. - біздің көліктердің қосалқы бөлшектері жарамайды. Қытайлық элантра біздікінен 5 см қысқа, сондықтан қажет болған жағдайда бөлшектерін табу қиын болады. Ал дилерлерде мұндай қосалқы бөлшектердің каталогтары жоқ. - орыс тілі бар болса да, әлі де Baidu-ға қосылған. - кепілдіктің болмауы (сатушылар бір жылға береді, бірақ ол автосалондағыдай болмайды. Мысалы, Hyundai 5 техникалық қызмет көрсетуді сыйлыққа береді және 5 жыл немесе 100 000 шақырымға кепілдік береді). - қытайлық вариаторының ресурсы Қазақстанда құрастырылған көлікке қарағанда аз. - жылдам старт немесе тайғанау деген жоқ, тек қана вариаторда "баяу" қозғалыс - мырыштау жоқ. Шанағы коррозияға қарсы қапталмаған, сондықтан құрыш пленкасымен қаптауға, түбін өзіңіз өңдеуге тура келеді. - дыбыс оқшаулау біздің жинақтарға қарағанда нашар - рульді, әйнек пен орындықтарды жылыту жоқ деп естідік (оқырмандар қателескен болуы мүмкін, Youtube-тағы бірнеше шолуда жылыту бар екенін көргенбіз, сондықтан анықтап, біліп алған жөн) Ешкімді айыптамайық, әркім шешімді өз қаржылық жағдайына байланысты қабылдайды. Әрине, мүмкіндік болса өзіміздің немесе корейлік жинақты алған дұрыс. Енді қытайлық көлікті алғанда не нәрсе күтіп түрғанын білетін боласыздар. https://t.me/tiimdiqazaqstan
3174Loading...
03
10 минут уақытыңызды бөліп, миллиондаған теңгені сақтап қалыңыз Соңғы 2 аптада бізге ата-анасы алаяқтарға алданып қалған 4 оқырманымыз жазды: алаяқтар оларды несие алуға, ақша жіберуге, тіпті қолма-қол ақша беруге мәжбүрлеген. Сома 500 мың ₸-ден 7,5 миллион ₸-ге дейін жетеді 🥲 Мұндай жағдайда тек полицияға хабарласуға болады, олар қылмыстық іс қозғайды, бірақ ақшаны қайтарып берген жағдайлар жайлы естімеппіз (араларыңызда естігендер бар ма?). Егер жәбірленуші ақшаны немесе картаны өзі алмағаны анықталса, яғни алаяқтар ақшаны жәбірленушінің қатысуынсыз өз есепшоттарына аударып алған болса, онда несиенің күшін жоюға болады. Бірақ егер ақшаны жәбірленуші өзі берген болса (аударған немесе қолма-қол берген), онда мұндай несие есептен шығарылмайды, яғни оны төлеуге тура келеді. Сондықтан ата-аналарыңызбен сөйлесіп, төмендегілердің бәрі алаяқтықтың кең таралған түрлері екенін айтыңыздар: • «Емханадан» қоңырау шалып, флюорографияға немесе скринингке шақырады, содан кейін жазылымды растау үшін SMS-код сұрайды. • Бейнеқоңырау арқылы құқық қорғау органының қызметкері ретінде (форма киіп, артына Президенттің портретін іліп қояды) қоңырау шалып, банк қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерін ашуға көмек көрсетуді сұрайды. • Чаттарда қандай да бір курсты немесе оқытуды «тегін береді». • Техникалық қолдау қызметінен WhatsApp немесе Telegram-ға хабарлама жібереді. Есептік жазбаны жою туралы өтініш түскендей етіп хабарлайды. • Ұялы байланыс операторы ретінде нөмірдің әрекет ету мерзімі жақында бітетіндігін хабарлап, ұзартуды қалайды ма, соны сұрайды. • Қазақстандық емес нөмірден келген кез келген аудио немесе бейне қоңырау (немесе бейтаныс электрондық поштадан келген хабарлама). Тіпті алаяқтар жасанды интеллект көмегімен сіздің бетіңізді жасап алған болуы да мүмкін. • "eGov-қа келген кодты жіберіңіз." • Қандай да бір жарыста біреуге дауыс беру туралы өтініш. • Күніне $100+ төленетін кез келген онлайн қосымша жұмыс. Көбінесе мәтінді қайта теру немесе әлеуметтік желілерде лүпіл басу/пікір жазу. • Қарызға ақша сұраған кез келген адам (жеке хабарласуын сұрасын). • Сіз өзіңіз жол көлік оқиғасына тап болдыңыз, енді мәселені «шешу» үшін белгілі бір мекенжайға қолма-қол ақша жіберу керек (курьер алып кетеді). • Сыйлық беретін денсаулыққа арналған тауарлар мен қызметтерді жарнамалау (массажға арналған жамылғылар немесе орындықтар). • WhatsApp арқылы салық кеңсесінен келген кез келген хабарламалар (олар хабарламаны тек пошта арқылы немесе салық төлеушінің жеке кабинетіне жібереді). Жалпы, SMS-ке, банк қосымшалары мен ақшаға қатысты істің бәрінде абай болған жөн. Бірде-бір банк, пошта бөлімшесі немесе емхана сізден ақша жіберуді, оның үстіне SMS-кодты айтуды сұрамайды. Мүлде тыңдамауларын, тұтқаны қоя салулары керектігін түсіндіріп айтыңыздар. Осындай жағдайға тап болған кездеріңіз болды ма және қашан болып еді? Егер қосарыңыз болса, жаза кетіңіз👇
4736Loading...
04
Айтпақшы, Отау бойынша биылғы тізім жарық көрді Тізімге өткендердің минималды ұпайлары мынадай: 35 жасқа дейінгі тұлғалар — 454,78 ұпай 36 жастан басталатын тұлғалар — 530,55 ұпай Тізімде 0,02 ұпай жетпей қалғандар да болды 🥲
4562Loading...
05
Отбасы банкте жеңілдікпен ипотека рәсімдеу мүмкін бе? «Наурыз» бен «Отау» тиімді ипотекаларына жасаған шолуымызда біз қорытынды тізімге жыл сайын ең көп ұпай жинаған қатысушылар өтетінін жазған болатынбыз. Ал бұл ұпайлар не үшін беріледі? «Наурыз» бағдарламасы бойынша: - Балалы болу (санына қарамастан) — 10 ұпай - Тіркелген неке (ұзақтығына қарамастан) — 5 ұпай - 35 жасқа дейін — 5 ұпай - Отбасы Банктегі депозит бойынша сыйақы мөлшері үшін — әр 1000₸-ге 1 ұпай. - Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар — 10 ұпай «Отау» бағдарламасы бойынша: - Тркелген неке (ұзақтығына қарамастан) — 10 ұпай - Балалы болу (санына қарамастан) — 50 ұпай - Салым сыйақысының сомасы — әр 1000₸ үшін 5 ұпай - Салым мерзімі — депозит ашылған әр жыл үшін 5 ұпай Ұпайлар саны бірдей болған жағдайда, депозитте ең көп жинақ сомасы бар және салым мерзімі ұзағырақ (біріншісі екіншісіне қарағанда басымырақ) тұлғаларға басымдық беріледі. Егер сіздің балаңыз болмаса, отбасылы болмасаңыз әрі халықтың осал топтарына жатпайтын болсаңыз, онда аталмыш ипотекаларға өтудің жалғыз мүмкіндігі — «Отбасы банкінде» ұзағырақ әрі көбірек ақша жинау. Бұл жазбаның қажеті не? Уақытыңызды үнемдеп, мүмкіндігіңіз аз екенін түсінсеңіз, 1 миллион ₸ «Отбасы Банкінде» босқа салмауыңыз үшін. Себебі екі бағдарлама бойынша да өтініш беру үшін «Отбасы банкінде» осы сомадан басталатын депозит болуы керек. Немесе, керісінше, белсендірек жинай бастау үшін, себебі аталмыш бағдарламалар 2031-2032 жылдарға дейін жыл сайын өтінім қабылдайды. Бұл ипотекалар бойынша шолуларымызға сілтеме жазбаның басында. https://t.me/tiimdiqazaqstan
4714Loading...
06
Дұрыс үнемдеу жайлы екі кереғар пікір Қайсысы сізге жақын? 👾 — Жапондық қыз 🌚 — Марғұлан Сейсембай
4943Loading...
07
ForteBlue карталары бойынша тиімді өзгерістер (бұл жалақы алуға таптырмас карта) Ай сайынғы 15%-ға дейінгі жоғарылатылған бонустарға енді төмендегілер қосылады: • картадағы орташа тәуліктік қалдық 60 000₸ басталса, тағы 1% бонус беріледі (барлығына) • банкте 1,5 миллион ₸ -ден басталатын депозиті барларға тағы 1% бонус (картаға жалақы алатындар үшін) Мысалы, мамырда стандартты түрде тамақ жеткізуге 5% немесе таксиге 10% немесе Forte Market-те 15% немесе киім-кешек пен аяқ киімге 3% таңдауға болады (екеуін таңдау керек). Жоғарыда көрсетілген шарттарды орындасаңыз, бұл бонустарға +2% ала аласыз. Такси үшін 12% бүгінгі таңдағы ең тиімді нұсқа 👍 Неліктен аталмыш карта жалақы алу үшін тиімді? • Шығару мен қызмет көрсетуі толығымен тегін • Айына 7 миллион ₸ дейін ақша шешіп алу комиссиясыз жүзеге асады • Айына 500 мың ₸-ге дейін басқа да ақша шешіп алулар тегін • Айына 500 мың ₸-ге дейінгі аударымдар комиссиясыз Бонустар бойынша шарттар: транзакция өңделгеннен кейін 3-4 күн ішінде есептеледі. Кез келген POS терминалда сауда жасау кезінде немесе Forte қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімінде жұмсауға болады. Тәуліктік бонустар шегі — 10 000Б, айына — 30 000Б дейін. Басқа да артықшылықтары (барлық Forte карталары үшін): - Forte Forex-те тиімді валюта айырбастау - Alem мен Золотая Корона арқылы шетелге тиімді аударымдар - Серіктестік желісінде 16%-ға дейін бонустар («Қосымша» бөліміндегі тізім → Супер кешбэк) - Жедел аударым жүйесіне қатысуы. - Сауда нүктелерінің МСС кодын білуге ​​болады. Бұл не? Кез келген адам картаны қосымшада немесе банк бөлімшелерінде аша алады. Жалақы аталмыш картаға түспесе, қызмет көрсетуі тек бірінші жылы тегін болады (ары қарай жылына 2000₸). Комиссиясыз толтыру бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде ( №1, 4, 5, 10, 11 әдістерді қараңыз) | Карталар бойынша біздің нұсқаулық 👉 сілтемеде | Қосымшаға бейне шолу сілтемеде. Жалақысын осы картаға алатындардан 🔥 | https://t.me/tiimdiqazaqstan
5052Loading...
08
Алматылықтарға тағы да қызыға қараудамыз 🫠 ryadom.kz сайтында мына азық-түлікке 50% жеңілдік қолжетімді (скриншоттағы). Егер бірінші тапсырыс кезінде промокод қолдансаңыз, бағалар төмендегідей болады: • Makfa жоғарғы сұрыпты ұны 1 кг – 122₸ • Сүт 2,5% Adal 0,9 л — 172₸ • Дара күркетауық шұжығы – 280₸ • Toblerone шоколады 100 гр. — 365₸ • Картоп пюресі қосылған тефтели дайын түскі асы — 323₸. • Сондай-ақ жалбыз лайм Fuse Tea 0,5 — 1₸ (2 данасын қосуға болады) Бұл позицияларды қалай табуға болады? Сайттың негізгі бетінде бөлек бөлім болады. Науқан 3 маусымға дейін жалғасады, бірақ ертерек аяқталуы мүмкін. Бір тапсырысқа осы заттардың 1 данасын салуға болады, бірақ бұл тауарлар салынған себетке бір күнде 3 бөлек тапсырыс жасауға болады. Промокодтар: • PF-YBBSSBK — 4000₸ басталатын бірінші тапсырысқа 2000₸ жеңілдік • PC-AJF69MR — 4000₸ басталатын кез келген тапсырысқа 1000₸ жеңілдік Жеткізу тегін. Тапсырысыңызды 4000₸ қалай толтыратыныңызды білмесеңіз, 10 жұмыртқа, 1 литр Шедевр күнбағыс майы мен Barilla фарфалле пастасын қосуға болады. Бұл тауарлар 4300₸ шығады, бірінші промокодты пайдалану арқылы 2300₸ болады. Тапсырыс беру. https://t.me/tiimdiqazaqstan
5043Loading...
09
Temu-дан тапсырысымызды алдық. Шолу Тапсырыс 7 мамыр күні жасалып, 26 мамырда Астанадағы пәтерге дейін жеткізілді (19 күн). Суреттегі заттардың бәрі 12 401₸-ге шықты (50%-дың жеңілдік беретін купонның арқасында, қазір оны беруді тоқтатқан сияқты🗿). Онсыз 2 есе қымбатқа шығушы еді. Бағалар бойынша жеке-жеке (купонды есепке алғандағы баға): • Фитнес білезік — 155₸. Тек шолу жасау үшін тапсырыс берген едік, тек бауы болатын шығар деп ойлағанбыз. Құрылғының өзі де бар екен. Қалай жұмыс істейтінін әлі түсінбедік, бірақ жұмыс істеп тұр, істен шығу жағдайларын байқамадық 😁 • 20 ілгіш — 673₸ (бір данасы 33₸). Жұқа, бірақ ауыр әрі резеңкеленген. Киім сырғып кетпейді. • Көлікке арналған визитка нөмірі — 2 дана 478₸ (немесе бір дана үшін 239₸). • Кепка 2 дана — 732₸-ден. Сапасы жақсы, бірақ логотипі айтарлықтай ұқыпты кестеленбеген. • Әмиян (Барсетка) — 3680₸. Сапасы жақсы, өз бағасы үшін 5-тен 5 деген баға беремін. • Антисептикке арналған қалта дозаторы — 3 данасы 135₸. Болады. • Пышақ қайрақ — 226₸. Ауыр, жақсы қайрайды. 5-тен 5. • Триммер — 932₸. Жұмыс істеп тұр😁 MicroUsb қуаттағышы бар. • Автокөліктің бүйір айналарына арналған жаңбырға қарсы жапсырма — 2 дана үшін 199₸. Әлі жабыстырып көрмедік. • 5 жұп шұлық — 390₸. Жақсы сияқты, бірақ өлшем таңдау мүмкін болмады. Маған тар екен • Дозаторы бар аяқ киім щеткасы — 155₸. • Шаш пен жүнді жинауға арналған щетка — 116₸. Жақсы жинайды. • 100 дана мақталы таяқшалар — 107₸. • Ойыншық-экскаватор — 1000₸. Болады, бірақ сапасы үшін сәл қымбатырақ. PDD-да шамамен 400₸ тұратын шығар. • Аяққа арналған үрлемелі жастық (ұшақта одан балаларға төсек жасап беруге болады, сілтемедегідей) — 1585₸. • Кір жуғыш машинаға арналған парақша-таблеткалар, 30 дана — 280₸ • Микроталшық шүберектер 3 дана 30x30 см — 482₸ (немесе бір данасы үшін 160₸). Сапасы сондай жақсы емес, 5-тен 3. Өзімізде Kaspi-де сапалыларын 200₸-ге алуға болады. Тауарларға барлық сілтемелер 👉 мына жерде (купонсыз бағаны 2 еселей беріңіздер). Қорытынды: қосымшаның орыс тілінде екендігі мен үйге дейін жеткізу бар екені қолайлы. Сондай-ақ онда қазір кез келген тапсырысқа тегін жеткізу қолжетімді. Бірақ купондарды есепке алмағанда, Pinduoduo-да арзанырақ болатыны сөзсіз, тіпті жеткізу құнын есепке алған күннің өзінде де. Сондай-ақ Temu-да тек арзан тауарлар, әрі таңдау сондай көп емес, егер 2 сағат бойы белсенді қарасаңыз, барлық тауарларды көріп шығуға болады. Жалпы, егер купондар қайта пайда болса, тиімді екендігі 100%. Егер пайда болмаса, Ozon, WB, Kaspi-мен салыстырып көру керек. Бірақ олардың бағасымен қатар пікірлеріне де мән беру керек. 5 жұлдыздың 4,5-нен төмен алу қауіпті). 50% жеңілдік купоны 👉 мына сілтемеде болған (қазір болмауы да мүмкін). Біздің Temu-ге жасаған шолуымыз сілтемеде. Ал сіз Temu-ден не алдыңыз? Көңіліңізден шықты ма?
5531Loading...
10
Media files
5140Loading...
11
Аптаны жол көлік апатының алдын алуға көмектесетін осындай танымдық видеодан бастайық 1:35 минутта айтылған қателікті мен өзім жиі жібереді екенмін 🤦‍♂️ Пікірлер бөлімінде жүргізушілер жолда қандай қателіктер жіберуден аулақ болу керектігі туралы кеңестерімен бөлісе алады (соңғы жол көлік оқиғасы қандай себептен орын алған еді (сіздің кінәңізден / сіздің кінәңізден емес)?)
5541Loading...
12
Айтпақшы қазір онда Roborock робот шаңсорғыштарына тиімді жеңілдіктер жүруде Мысалы Roborock Q7 шаңсорғышын SALE10 промокоды арқылы 116 991₸ алуға болады. Kaspi-дегі рейтингі 5-тен 4.9. Лидары бар. Қара түсі де бар. Алу керек пе?
6320Loading...
13
Бұл промокодтың болмағанына тура бір жыл болды 🔥 Technodom-да кез келген тауарға 10% жеңілдік беретін SALE10 промокоды іске қосылды. Ағымдағы жеңілдіктермен біріктіруге болады. Картамен төлеу кезінде тек қосымша мен сайтта жұмыс істейді. Яғни, дүкендердің өзінде, сондай-ақ бөліп төлеу мен несие кезінде қолжетімді емес. Промокод жұмыс істемейтін брендтер мен тауарлар бар: Apple, Bork, Dyson, Laurastar, Miele, Sony ойын құрылғылары, Техносервис сертификаттары, қондырғылар. Samsung үшін қолжетімді 👍 (бұрын жұмыс істемейтін) Жарамдылық мерзімін әзірге білмейміз, мамырдың соңына дейін нақты қолжетімді болуы керек. Бірақ, жалпы, кез келген уақытта істен шығарулары мүмкін. Сондай-ақ JAZ64 промокоды мына тізімдегі тауарларға 50% дейін жеңілдік береді (парақтарды қараңыз). https://clck.ru/3AqfE5 https://t.me/tiimdiqazaqstan
6502Loading...
14
Отбасы Банк білгірлеріне қояр бір сұрақ бар 🧐 Оқырманымыз сәуірде аралық несие рәсімдеген. Бірақ тұрғын үй несиесіне көшу шарттарында БК (ОП) әдеттегідей 16 емес, 20-ға жетуі керек деп көрсетілген. Неліктен? Өзінің айтуынша (менеджердің айтуы бойынша) БК (ОП) 16-ға толғанда Отбасы банкіне келіп, тұрғын үй несиесіне көшу туралы өтініш жазуға болады дейді. Бұл рас па? Жауап таба алмадық 🫠
6770Loading...
15
Автотаңдау қызметін пайдалану керек пе? Егер көлікті қолдан сатып алуды жоспарласаңыз, бірақ бұл істе тәжірибеңіз болмаса, автотаңдау қызметіне жүгінуге болады. Бұл сатып алмас бұрын автокөлікті мұқият тексеріп беретін тұтас компаниялар немесе жеке мамандар. Қызмет, әрине, ақылы, бірақ әдетте олар саудаласу кезінде бағаны түсіруге көмектесетіндіктен, өз құнын бірнеше есе асып түседі. Олардың қызметіне не кіреді? – Көліктің нақты қозғалыс қашықтығын (жүрісін) көрсетеді (пайдаланылған көліктерді сатылымға қояр алдында оларды өзгертетін жайттар жиі кездеседі). – Мәліметтер базасы мен өндіруші каталогтары арқылы көлікті тексереді (жол көлік оқиғасының болуы, ұрлануы және т.б.). – Беріліс қорабын, қозғалтқышты тексереді, көлік шанағын қалыңдық өлшегішпен қарайды. – Электрондық басқару блогындағы қателерді анықтау үшін компьютерлік диагностика жүргізеді. – Қажет болған жағдайда тест-драйв жүргізеді. Лайфхак: хабарландыру бойынша қоңырау шалған кезде, көлік иесіне бірден автотаңдау қызметімен келетініңізді айтыңыз (тіпті ондай жоспарыңыз болмаса да). Хабарландыруда бәрі шын болса, сатушы қарсы болмайды. Егер тұтқаны қоя салса, демек қандай да бір кемшіліктері болғаны. Бағасы қанша: Алматы бойынша компаниялардағы бір реттік кешенді тексеру 20 000 – 25 000₸. Хабарландыру сайттарынан жеке тексерушілердің ұсыныстарын арзанырақ бағаға табуға болады: 8 000₸ – 10 000₸. Екі жағдайда да пікірлерді қарау керек. Бірнеше көлікті қарау қажет болса, «Бір күндік шебер (Мастер на день)» қызметіне тапсырыс беруге болады. Құны 40 000₸-ден бастап. Сонда сарапшы күні бойы өз көлігімен сізбен бірге қаланы аралайды. Немесе сіздің қажеттіліктеріңізге сай көлікті толығымен өздері тауып бере алады, бірақ мұндай қызмет 200 000₸-ден басталады. Пайдалануға тұрарлық қызмет пе? 👾 — әрине тұрарлық 🌚 — жоқ https://t.me/tiimdiqazaqstan
7013Loading...
16
Kaspi дүкенде LC Waikiki пайда болды, соған орай 24 мамыр мен 2 маусым аралығында Kaspi Gold арқылы төлем кезінде 30% бонус беріледі. Егер сізде баннер болмаса, іздеу жолағына дүкен атын жазыңыз. Іздеудің тағы бір ыңғайлы жолы: мысалы, іздеу жолағына «футболка» деп жазып, сосын сүзгіден Сатушы → LC Waikiki деп таңдаңыз Біз балаларға киімді негізінен сол жерден аламыз, сапасы жаман емес 👍 Ассортимент әзірге сондай кең емес, бірақ толықтырады деп ойлаймыз
7469Loading...
17
Сотта алқаби болуға шақырды делік. Не істеу керек? Соңғы бір айда 3-ші оқырманымыз осындай смс-хабарлама жіберіп отыр. Сұрақты талдап көрейік. Алқаби ретінде сотқа қатысуға 25 пен 65 жас аралығындағы кез келген ҚР азаматын шақыруы мүмкін. Тіпті жұмыссыз, жоғары білімі жоқ адамдарды да. Тізімдер сот талабы бойынша жыл сайын «SMART DATA UKIMET» жүйесімен жасалады. Время басылымының жазуынша ел бойынша шамамен 200 мыңдай адам. • Неге шақырулар саны жиіліп кетті? — Себебі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилер шешім қабылдай алатын қылмыстық істер түрлерінің саны – 13-тен 44-ке дейін өсті. • Кім алқаби бола АЛМАЙДЫ? — бұрын сотталған тұлғалар; психикалық және мінез-құлықындағы ауытқуларға байланысты медициналық ұйымдарда есепте тұрған адамдар, сондай-ақ судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері. • СМС-ті елемеуге болады ма? — ҚР ӘҚБтК 655-бабында алқаби ретінде сотқа шақырылған азаматтың дәлелді себепсіз келмеуі ескерту жасау немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады делінген. • Жақсы, сотқа келейін. Бірақ бас тарта аламын ба? — Иә, егер сіз: а) сот отырысы өтетін тілді білмесеңіз, б) мүгедектік немесе ақыл-ой кемістігіне байланысты қызметтік міндеттерді орындай алмасаңыз, б) дін қызметкері болсаңыз. Сонымен қатар, 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер мен діни сеніміне байланысты сотқа қатыса алмаймын деп санайтын адамдар алқаби қызметінен босатылуы мүмкін. Сондай-ақ барлық дәрігерлер, мұғалімдер, әуе компаниялардың ұшқыштары мен жұмыста болмауына байланысты қоғамдық және мемлекеттік мүддеге кері әсерін тигізуі мүмкін мамандық иелері де алқаби болудан босатылады. Егер сіздің жағдай осы аталған себептердің ешбірімен сәйкес келмейтін болса, бірақ дәлелді (маңызды) себептеріңіз болса, қазылар алқасына қатысудан бас тарту туралы жазбаша немесе ауызша өтініш бере аласыз. Шешімді судья шығарады. • Алқабилердің жұмысына ақы төленеді ме? Иә, алқаби аудандық судьяның жалақысының жартысын алады, бұл күніне шамамен 18 000₸. Сондай-ақ алқабилердің қылмыстық іс қаралып жатқан жерге баруға кеткен жол шығыны да өтеледі. Сонымен қатар алқабилер жұмыс орнын, лауазымын сақтап қалады, және сотқа қатысқан уақыт еңбек өтілі ретінде есептеледі. Оларды жұмыстан шығаруға немесе төмен жалақы алатын лауазымға ауыстыруға болмайды. https://t.me/tiimdiqazaqstan
1 3819Loading...
18
Media files
1 3043Loading...
19
Баршаға арналған тегін заңгерлік көмек 30 мамыр күні сағат 17:00-де еліміздің барлық ірі қалаларында бір мезгілде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқаны басталады. Науқан аясында білікті заңгерлер мен адвокаттар КЕЗ КЕЛГЕН құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беріп, мемлекеттік орган өкілдері азаматтарды қабылдайды. Мамандар толық әрі сапалы кеңестер бере алуы үшін өзіңізбен бірге кеңес алуға келіп отырған мәселеңізге байланысты құжаттарды ала келсеңіз болады. Науқанның қалаңыздағы өтетін орны мен кеңес беру бағыттарын 👉 сілтемеден таба аласыз. Дәл бір жыл бұрын тура осындай науқан өткен болатын. Барғандар бар ма, қалай өтті? https://t.me/tiimdiqazaqstan
7065Loading...
20
Енді басты сұрақ, Freedom Bank-тың қай картасын ашу керек? Таңдауға үш карта бар: Freedom (дебеттік), Freepay (кредиттік) және Deposit (депозиттік). Карталарды ашу тегін, әрқайсысында кешбэк бар (Freepay-де несиелік лимиттен сатып алу кезінде кешбэк болмайды, тек өз ақшаңызбен сауда жасасаңыз ғана). Бізге аталмыш карталардың ішінде ең ұнайтыны — Deposit Card. Неліктен? Себебі кешбэктен бөлек картадағы ақша қалдығына 0,1%-дан 14,3%-ға дейін ГЭСВ есептеледі. Дәл депозиттегідей. Яғни, сауда кезінде кешбэк аласыз, ал егер ай ішінде картада 100 000 теңгеден басталатын сома болса, қалған қаражатқа пайыз аласыз. Сонымен қатар, бұл картаның басқа да артықшылықтары бар: • Айына 2 000 000₸ дейін тегін шешіп алу мен аудару. • Көп валюталық • Интернеттегі сауда үшін 3% кешбэк • Aviata қызметіндегі бірінші сауда кезінде 10% кешбэк (келесі сауда үшін 5%). Сақтандыруға 16%-ға дейін (алдыңғы жазбаны қараңыз). Картаны қалай рәсімдейміз? Картаны Freedom Superapp қосымшасына ашуға болады. Кешбэкті қалай аламыз? Freedom SuperApp қосымшасына тіркелу немесе кіру қажет → картаңызды басыңыз → Freedom валютасы. Кешбэк тікелей картаға холдинг акциясының бағамымен байланыстырылған Freedom валютасында есептеледі (алдыңғы жазбада айтылған). Лайфхак: үш карта да Қытай дүкендерінің сайттарында жиі сауда жасайтындар үшін қолайлы: 3% кешбэк, сондай-ақ сауда алдында теңгені юаньға айырбастауға болады. Осылайша сіз транзакция өңделгеннен кейін валюта бағамының өзгеруінен қорғаласыз. 01.02.2023 күнгі № 1.2.108/43/250 ҚНРДА (АРРФР) лицензиясы Комиссиясыз толтыру бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде (№ 1, 4, 5, 10 әдістерді қараңыз) | Біздің карталар бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде.
7412Loading...
21
Freedom SuperApp-тағы 16%-ға дейін ұлғайтылған кешбэк қалай жұмыс істейді? Қазақстанда кез келген адамға Freedom Holding Corp акцияларының иесі болуға мүмкіндік беретін жаңа валюта енгізілді. Енді Freedom Bank карталарымен жасалған әр транзакция үшін пайдаланушы компания акцияларының құнына байланыстырылған жаңа «Freedom» валютасы түріндегі кешбэк ала алады. Яғни, валютаның құны холдинг акцияларының бағасымен бірге өзгеріп отырады, олар өз кезегінде американдық Nasdaq биржасында саудаланады. Apple, Tesla сынды технологиялық алпауыттардың бағалы қағаздарымен қатар. Кешбэк қанша? • Apple Pay, Google Pay мее Samsung Pay арқылы төлеген кезде барлығына 5% • Freedom Insurance компаниясының сақтандыру полистері (ОГПО, КАСКО) мен Freedom Life медициналық сақтандыруын алу кезінде 16%-ға дейін • Aviata қызметінде билет сатып алу кезінде 10%-ға дейін кешбэк • Freedom пластикалық карталарымен интернетте немесе кез келген POS терминалдарда төлем жасағанда 3%. Қалай жұмыс істейді: мысалы, сіз Apple Pay арқылы 100 000₸ сауда жасадыңыз. Ол үшін сізге ~1525 Freedom, яғни Freedom Holding Corp акцияларының ағымдағы бағасы бойынша 5000₸ есептеледі (бүгінгі таңда 1F = 3,2271₸). 1 Freedom-ның бағамы қалай қалыптасады? Қазір Freedom Holding Corp акциясының бағасы бір бірлігі үшін 75$ құрайды. Freedom валютасының құны бір акция бағасының он мыңға қатынасында көрсетіледі, яғни 1 Freedom = 0,0075$. Тағы бір мысал: егер сіз айына 300 000₸-ге сауда жасасаңыз, онда жаңа валюта түріндегі кешбэк ~4575 Freedom немесе ~15,000₸ болуы мүмкін. Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов былай дейді: Freedom валютасын іске қосу арқылы біз өз клиенттерімізге тек кешбэк алу ғана емес, сонымен қатар соңғы төрт жылда жүздеген пайызға өскен холдинг акцияларының құнының өсуінен пайда табу мүмкіндігі арқылы қосымша құндылық бергіміз келеді. Клиент біздің экожүйеде ақша жұмсаған сайын, біз оған осы кешбэк арқылы табысымыздың бір бөлігін қайтарамыз. Кешбэк алу үшін Freedom Bank-тің үш мультивалюталық картасының біреуі болса болғаны: Freedom, Freepay немесе Deposit, оларды Freedom SuperApp қосымшасында онлайн тегін ашуға болады. Қатардағы тұтынушылар бұл опцияны сол жерде іске қосуы керек. Freedom валютасын толықтыруға, басқа валюталарға айырбастауға, банк ішінде телефон нөмірі арқылы және басқа банктердің карталарына аударуға, коммуналдық қызметтер мен мемлекеттік қызметтерді төлеуге және сауда кезінде жұмсауға болады. 01.02.2023 күнгі № 1.2.108/43/250 ҚНРДА (АРРФР) лицензиясы | *PR негізінде Енді "акциялар бойынша сатып алу" арқылы “акциялар сатып алатын боламыз" 😁👍
6293Loading...
22
Қазақстандағы бос жұмыс орындарын ұсынатын 16 пайдалы ресурс • job.kaspi.kz — Kaspi-дегі Қазақстанның 25 қаласындағы бос жұмыс орындары. Қашықтан жұмыс істеу жайлы ұсыныстар бар. • job.airastana.com — ұшқыш болуға даярлауға өтініш беруге болады (физика мен математиканы жақсы білетін және ағылшын тілін жетік меңгерген 18 бен 34 жас аралығындағы азаматтар үшін). Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясының бортсеріктері, инженерлері мен басқа да жұмыс орындарына арналған ұсыныстар бар. • Qsamruk.kz — «Самұрық-Қазына» қоры тобының бос жұмыс орындары жарияланатын бірыңғай сайт. Қазіргі уақытта 1000-нан астам бос жұмыс орны бар. • people.beeline.kz — Қазақстанның түрлі қалаларындағы Beeline мен Izi компанияларындағы бос жұмыс орындары (жалақы мен еңбек шарттар көрсетілген). • job.tele2.kz — Tele2-дағы бос жұмыс орындары. Гибридті жұмыс форматы мен жұмыс тәжірибесін қажет етпейтін бос жұмыс орындары да бар. Мысалы, call-орталық операторы. • hh.kz — Қазақстан мен шетелден жұмыс қарастыруға арналған ауқымды алаң. • Enbek — Қазақстанның ресми электрондық еңбек биржасы. Мұнда бос жұмыс орындарын тауып, жаңа мамандықты игеруге көмектесетін курстардан өтуге болады. • Qyzmet — Қазақстандық жұмыс іздеу порталы. Еліміздің барлық қалаларындағы бос жұмыс орындары, танымал бос орындар мен жұмыс берушілердің рейтингі. • Joblab — басқа алаңдардан бос жұмыс орындарын жинайтын сайт-рубрикатор. Жыл, мамандық пен жұмыс тәжірибесі бойынша ыңғайлы сүзгілерді пайдаланып іздеуге болады. • Zarplata.kz — жұмыспен қамту сайты, негізінен Алматы мен Астана қалаларындағы бос жұмыс орындары көрсетіледі, бірақ кейде басқа елді мекендердегі жұмыс орындарын да табуға болады. Сондай-ақ қызметкер іздеу туралы хабарландыру беруге болады. • Өзекті жұмыс орындары жайлы ақпарат жариялайтын Telegram-арналар: «IT Вакансии Казахстан» | Dev KZ | Vacancy | AI/MoLdin JOBS | «JobKZ: вакансии» | «Работа Астана» | Работа Алматы. Жазба Budget Saver мен Creative Asia арналарымен серіктестікте жазылған. https://t.me/tiimdiqazaqstan
79428Loading...
23
Қазақстандағы өзгерістерге ықпал етуге бола ма? Өткен айда ҚР-да петицияларға қол қоюға арналған ресми платформа пайда болды. Әр азамат epetition.kz сайтында онлайн петицияға өтініш бере алады немесе қол қоя алады (e-otinish жасалған платформада). Мемлекеттік органдар платформада берілген және қажетті қол жинаған петициялардың шешімін табуға міндетті болады: талаптарды толығымен /жартылай қанағаттандыру немесе бас тарту қажет болады. Қазіргі таңда платформада ерекше балаларды қолдау, тығыз құрылысқа қарсы, ескі уақыт белдеуін қайтару, қайта өңдеуге қарсы және т.б. петициялар бар. Осы аталғандардың ішінде қолдау білдіргіңіз келетін петиция болса, ЭЦҚ арқылы қол қоя аласыз. Платформаның жұмысы туралы толығырақ: қанша дауыс жинау керек, қандай петиция ұсынуға болады, қандай болмайды деген сұрақтарға жауапты 👉 сілтемеден таба аласыздар. Айтпақшы, жаңа уақыт белдеуіне үйрендіңіз бе? 3 айға жуық уақыт өтті
7981Loading...
24
9 млн ₸ тұратын қытайлық Элантра мен Селтос жайлы не білеміз? 🧐 Жаңа бір танымал істі байқадық — Қытайдан машина маркаларын алып келу. Мысалы, толығымен қазақстандық есептегі Hyundai Elantra көлігі 8,3-8,9 млн ₸ қолжетімді (көлік салондарында жергілікті жиналым 10,9 млн ₸-ден басталады). Немесе бағасы 9-9,5 млн ₸-лік Kia Seltos, ал салондарда оның бағасы 11,9 млн ₸-ден басталады. Колёсада 500-ден астам хабарландыру көрдік. Қытайда жиналған Camry мен RAV4 туралы хабарландырулар да бар, бірақ ең танымалы — біздің түсінуімізше, элантра мен селтос. Автоөндіріс саласында сарапшы емеспіз, сондықтан таң атқалы Youtube-тағы шолуларды қарадық. Пікірлер төмендегідей 👇 Айырмашылығы: Қытайдан келген Элантралардың қозғалтқыш көлемі — 1,5 л, вариатор, ал жергілікті көліктерде — 1,6 л, автомат. Қытайлық Селтос — көлемі 1,5 л, вариатор. Жергілікті көліктер — 2,0 л, вариатор. Қытайлық көліктердің артықшылықтары: бағасы арзан (Кобальтпен бірдей десек те болады😅), жабдықталуы жергілікті максималды және минималды үлгілеріндегідей. Жанармай шығыны аз. Жалпы, аталмыш көліктерді сатып алған адамдар кез келген ескі көліктен қытайлық жаңа көліктер артық дейді. Қытайлық көліктердің кемшіліктері: роликтердің астындағы пікірлер бөлімінде вариаторлы Элантралардың жүру ресурсы 50-100 мың км, және күрделі жөндеуі қымбатырақ делінген (автоматта — 150-200 мың км). Селтос вариаторындағы айтарлықтай айырмашылықты таппадық. Сондай-ақ мультимедиа қытай тілінде (мүмкін қазір өзгертуге болатын шығар). Сондай-ақ қытайлық вариаторларда сырғанау режимі туралы ұмыта берген жөн деген пікірді көп кездестірдік (тіпті қар болса да), әрі старты қатты дейді. Сондықтан беріліс қорабы тез істен шығады. Жалпы айтқанда көліктер тек қаладағы жайлы қозғалысқа арналған. Егер кімде-кім жеке тәжірибесімен бөліскісі келсе немесе автосарапшылар бар болса, өз пікірлеріңізді қалдыра кетсеңіздер. Қанша дегенмен бағасы көптің қызығушылығын оятатыны анық.
8044Loading...
25
Халықтың әлеуметтік-осал топтарына арналған жеңілдіктер мен науқандар (барлығы дерлік) Бұл мақалаларды біз 2 жыл бұрын жариялаған болатынбыз, бірақ осы уақыт ішінде олардың көбі өзгеріп, толықтырылды, сондықтан қайтадан бір танысып шықсаңыздар болады. Мұнда азаматтардың 13 осал санатына арналған маңызды науқандар мен жеңілдіктердің көбі жиналған. - Мүмкіндігі шектеулі жандар; - Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар; - Көпбалалы отбасылар; - Толық емес отбасылар; - Зейнеткерлер; - Аз қамтылған отбасылар; - Жетім-балалар; - Жүкті әйелдер; - Студенттер; - ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер; - Басқа ел аумағындағы ұрыс іс-қимылының ардагерлері; - Семей полигонындағы сынақтардан зардап шеккендер; - Тіркелген жұмыссыздар. Біздің тізімде жоқ басқа да ақпаратты білсеңіздер, пікірлер бөліміне қалдыра кетіңіздер, біз бірден қажетті мақаланы толықтырамыз. https://t.me/tiimdiqazaqstan
89310Loading...
26
IT мен басқа да салалар бойынша тегін курстар Skills Enbek платформасында БҰҰ Даму бағдарламасы ұсынатын 6 жаңа тегін курс пайда болды. Екі тілде қолжетімді: • Интернет-қауіпсіздік маманы — түрлі салалардағы киберқауіптердің алдын алу, анықтау мен оларға жауап берудің тиімді жолдарын үйретеді. Қазақша | орысша. • Data Scientist — деректерді жинау, өңдеу, талдауды, Data Science негізгі тұстарын, сондай-ақ машиналық оқыту негіздерін үйретеді. Қазақша | орысша. • Жаңадан үйренушілерге арналған Python — Python-ның негізгі синтаксисінен бастап, деректер базасымен жұмыс істеу мен объектіге бағытталған бағдарламалауға кіріспеге дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтитын курс. Қазақша | орысша. • Продакт-менеджер — нарық қажеттіліктерін анықтаудан бастап, өнімді әзірлеу мен енгізуге дейінгі қабілеттерге баулитын мамандық негіздері. Қазақша | орысша. • HR-менеджер — персоналды басқару негіздерін үйренуге көмектеседі. Қазақша | орысша. Әр курстың ұзақтығы 72 сағат, аяқтағаннан кейін сертификат беріледі. Платформада басқа да тегін курстар бар (200-ден астам). Олар жайлы толығырақ мына жазбада. https://t.me/tiimdiqazaqstan
89621Loading...
27
Бұл не болды екен? 😅 Алматыда түсіп қалған
9161Loading...
28
Жер жәннаты — Бали. Ондағы демалыс қанша тұрады? @aviatickets_kz арнасының авторлары Малайзия арқылы Бали аралына жасаған саяхатының нәтижесімен бөлісті. 3 адамнан тұратын отбасының 16 күндік сапары. 🛩 Әуе билеттері. Қостанай - Алматы - Қостанай — 25 500₸. Алматы - Куала-Лумпур (КЛ) - Алматы — 102 500₸. KL - Бали аралы - KL — 56 000₸. Адам басына 184 000₸. 3 адамға багажды қосқанда — 584 000₸. Қосымша Fly Arystan компаниясынан екі бағытта да бір багаж сатып алынды. Басқаларында багаж бар болды, бірақ бізге тек бір чемодан + 3 қол жүгі қажет болды. 🏠 Тұрғын үй: - Алматы, Renion (1.5 тәулік) - 36 500₸. - КЛ, Ceylonz (2 түн) - 40 500₸. - Бали, Sevn Legian (5 түн) - 99 400₸. - Бали, Santika Nusa Dua (4 түн) - 85 050₸. - КЛ, Sepang (2 түн) - 27 600₸. - Алматы, пәтер (1 түн) - 18 500₸. Бали мен Алматыда қонақүйлерде таңғы ас болды, басқаларында болған жоқ. Тұрғын үйге барлығы: 307 500₸. 🏥 Сақтандыру. 14 күнге 3 адамға — 13 500₸. + виза бір адамға 32$. 💸 Барлығы (билеттер + тұру + сақтандыру + виза) — 905 000₸. Басқа шығындар (такси, тамақ, экскурсиялар) — шамамен 400 000₸. Жалпы сапардың бюджеті ~1,3 млн ₸. Осы тұста біз мүлде ақша үнемдемегенімізді айта кету керек. Таксимен жүрдік, жақсы дәмханаларда тамақтандық, экскурсияға бардық, жағажайда шезлонгтар жалға алдық және т.б. Бұдан арзан бағаға да, қымбат бағаға да саяхаттауға болады. Бұл бізге қалыпты болған жайлылық деңгейіне кеткен сома. Сапар туралы толық ақпарат: Малайзия бойынша гайд | Бали аралы бойынша гайд. Барлық аталған қонақ үйлер Booking-те бар, онда көптеген пікірлерді де оқи аласыздар. Біздің қонақүйлер жайында қысқаша айтсақ: • Ceylonz – жайлы тұрғын үй кешені, ғажап көрініс ашылады, бассейні бар. Студияның өзі орташа деңгейде... фотода жақсырақ болған, бірақ көрініс үшін кешіруге болады. • Sevn Legian — орналасқан жері қолайлы, қызметі керемет, таңғы асы дәмді, бассейні әдемі. Шағын әрі таза бөлме. • Santika — орналасқан ауданы үшін бағасы қолайлы, әдемі алаңы бар үлкен жылы бассейн. Таңғы асы ондай жақсы емес, дыбыс оқшаулауы нашар, жиһазы сәл ескірген. Сіздің де тәжірибеңіз болса, бөлісе отырыңыз👇 P.s: Балиде жаңбырлы маусым қарашадан наурызға дейін жалғасады, сол кездерде ұзақ әрі қатты нөсер жаууы мүмкін (бірақ бағалары арзанырақ). Бірақ жалпы ауа райы құбылмалы, жылдың кез келген мезгілінде жаңбыр жаууы мүмкін. https://t.me/tiimdiqazaqstan
9156Loading...
29
Азық-түлік жеткізуге арналған қолжетімді промокодтар мен науқандар (Алматы, Астана) Барлығында жеткізу тегін👇: • ryadom.kz (Алматы) — қазір кейбір тауарларға тиімді жеңілдіктер бар. Мысалы, Шедевр күнбағыс майы 1л үшін 334₸ немесе Қазгер-құс премиум жұмыртқалары 15 данасы үшін 544₸. PF-YBBSSBK промокоды бойынша 4000₸ басталатын алғашқы тапсырысқа -2000₸. Қатардағы пайдаланушылар үшін PC-AJF69MR промокоды 4000₸ басталатын тауарларға 1000₸ жеңілдік береді. Өту. • Airba Fresh (Алматы) — 7SK7 промокоды бойынша 10 000₸ басталатын бірінші тапсырысқа -4000₸. Немесе GSQ2 промокоды 10 000₸ басталатын кез келген тапсырысқа 2000₸ жеңілдік береді. Бонус: барлық пайдаланушылар қарбыз дәмі бар Fuse Tea 0,5 л 1₸-ге тапсырыс бере алады (1 тапсырыс = 1 тауар). Өту. • Arbuz.kz (Алматы, Астана) — F-291424 промокоды бойынша 11 000₸ басталатын бірінші тапсырысқа 3000₸ жеңілдік + тегін жеткізу. Қатардағы пайдаланушыларға nazarbekova2024 промокоды бойынша 10 000₸ басталатын тапсырысқа -2000₸. Өту. Сондай-ақ Kaspi-дегі «Науқандар» бөлімінде жеке ұсыныс болуы мүмкін: Kaspi дүкен арқылы Magnum-нан 10 000₸ басталатын тапсырыс кезінде 2 не 3 мың бонус (Алматы, Астана, Шымкент). https://t.me/tiimdiqazaqstan
7561Loading...
30
Қазіргі таңдағы 15 үздік науқан • Xiaomi — ресми дүкенде робот шаңсорғыштарға 40%-ға дейін жеңілдіктер бар, мысалы: Mi Robot Vacuum-Mop 2 Lite 109 990₸ орнына 64 990₸. Жеңілдіктердің толық тізімі. • Chocolife.me — NEW5 промокоды арқылы жаңа пайдаланушылар қызмет теңгеріміне 1000 бонус ала алады. MAY20 промокоды барлық пайдаланушыларға сайтта немесе қосымшада сауда жасау кезінде бонустар арқылы 20% кешбэк береді (макс — 2000Б). Екі промокод та 1 рет қолжетімді, 31 мамырға дейін. Толығырақ. • Technodom — JAZ64 промокоды бойынша 👉 мына тізімдегі тауарларға 50%-ға дейінгі жеңілдік бар. Ал Skidka5 промокоды енді барлық Samsung тауарлары үшін қолжетімді (негізі Skidka5 мына тауарларды қоспағанда барлығына қолжетімді). • Детский мир — науқанға қатысатын тауарларға киім мен аяқ киімге 3=2. Науқан 29.05 дейін. • Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұражайы – 17-19 мамыр аралығында мұражай барлық келушілер үшін ашық. Толығырақ. • Wolt — KAZFREE1 промокоды жаңа пайдаланушыларға 1500₸ жеңілдік береді (500₸-ден 3 рет). Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан, Орал, Өскемен. • iHerb — AYE2949 промокоды арқылы кез келген сомадан басталатын барлық тапсырысқа 5 немесе 10% жеңілдік (барлық пайдаланушылар үшін). Немесе FLASHAPP промокоды $150-дан басталатын тапсырыстарға 20% жеңілдік береді. 20 000₸ бастап жеткізу тегін. Қалай тапсырыс беруге болады? • MonAmie — 17-19 мамыр аралығында 50%-ға дейінгі жеңілдіктер, 40 000₸ басталатын сауда кезінде бьюти-бокс сыйлыққа беріледі, сондай-ақ қосымшадағы сауалнаманы толтырғаныңыз үшін 1000Б беріледі. • L'Etoile — қосымшаны жүктегеніңіз үшін 2500Б сыйлыққа беріледі. Науқан 30.06 дейін. • Adidas — 40%-ға дейінгі жеңілдіктер, сонымен қатар профиліңізде 20-дан 40%-ға дейінгі жеке жеңілдіктер болуы мүмкін. • Meloman & Activ Club — Activ абоненттері үшін Meloman-да 1000₸ жеңілдік. Activ қосымшасында: басты бет —> Activ Club —> Meloman. Толығырақ. • Flip — Klever баспасының кітаптарына 30%-ға дейін жеңілдіктер. Толығырақ. • Кинопоиск — белсенді жазылымы жоқ барлық пайдаланушылар үшін 90 күн тегін. Промокод: ZFVFYFD49V. Іске қосу. • Яндекс Go (Астана) — «Жүк» тарифіне 30% жеңілдік (макс. 3200₸), әр клиент үшін екі рет қолжетімді. Науқан 31.05 дейін. • Chocofood — кейбір мейрамханалардан тапсырыс беру кезінде сыйлыққа 1 тағам беріледі (қосымшада баннер бар, науқан 31.05 дейін), сондай-ақ жаңа пайдаланушылар үшін 5000₸ басталатын тапсырыстарға 2500₸ жеңілдік беретін APRIL689 промокоды бар. Қалалар: Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Орал. Өту. Барлық басқа да үздік науқандардың, соның ішінде жергілікті науқандарды 👉 оқырман ұсыныстары (рекомендации от подписчиков) арнасына жібереміз.
7920Loading...
31
Айтпақшы, iHerb жайлы бірер сөз. Олардың дәрумендері шынымен көмектеседі ме? Біз инстаграмда тәжірибе жүргізіп көрдік. 2023 жылдың қазанында Д дәруменін ішуді тоқтаттым, жарты жылдан соң, 2024 жылдың наурызында сараптама тапсырып көрдім, онда Д дәруменінің жеткіліксіз екені анықталды — 22 нг/мл (30-дан бастап қалыпты). Сосын мен дәрігермен кеңесіп, оны қалай қабылдағаным дұрыс екенін сұрап, сосын 6 апта бойы Now Foods ұсынатын мына Д дәруменін қабылдадым. 2024 жылдың 11 мамырында қайта сараптама тапсырыс көріп едім, нәтижесі 40-қа жеткен 👍. Оның алдында әдеттегідей анализдің алдында 4 күн бұрын барлық дәрумендерді ішуді тоқтатқанмын. Енді тек күтім мақсатындағы мөлшерін қабылдаймын. Айтпақшы фолий қышқылы да сәл өскен, 10 нг/мл-ден 13-ке көтерілген. Сондықтан дәл осы дәрумендердің пайдасы бар деуге толық негіз бар. Сіздер де өз ұсыныстарыңызбен немесе ұнамаған тұстарымен пікірлер бөлімінде бөлісе отырыңыздар. Д дәрумені жайлы толық ақпаратты 👉 сілтемеден оқуға болады (жүкті әйелдер мен жүктілікті жоспарлап жүргендер үшін пайдалы арна). Ал біз жариялаған iHerb бойынша гайд 👉 мына жазбада (тапсырыс беру бойынша нұсқаулық, қай қартамен төлеген тиімді, біз әдетте не тапсырыс береміз, дәрігер кеңесін қайдан алуға болады және т.б.). https://t.me/tiimdiqazaqstan
7591Loading...
32
iHerb-те қалай тегін тапсырыс беруге болады? Қазір мынадай лайфхак қолжетімді: бұрын тапсырыс берген тауарға жазылған әр пікір үшін (тіпті былтырғы тапсырыстар болса да) бірден сыйақы теңгеріміңізге 1$ аударылады. Бұрын да мұндай науқан болған, бірақ ол кезде пікірді 3-5 күн тексеретін, ал қазір бірден аударады. Кейін бұл қаражатпен тапсырысты толықтай немесе оның бір бөлігін төлеуге болады. Біздің оқырманымыз осылайша 1 күнде 50$ алып, тегін тапсырыс берген. Шарттары: 1 тауар = 1 пікір. Әр пікірге фото тіркеудің қажеті жоқ, бастысы бірнеше сөйлемнен тұратын өзекті пікір жазсаңыз жетіп жатыр. Аударымдарды "Менің сыйақым (Мои вознаграждения)" бөлімінен тексеруге болады. Сондай-ақ AYE2949 промокоды тапсырыс сомасынан қосымша 5-10% жеңілдік береді, тіпті сыйақымен төлеген жағдайда да. Сілтеме 👉 қосымшаға | сайтқа. Қолданып көргендер бар ма? | https://t.me/tiimdiqazaqstan
8784Loading...
33
Жөндеу жұмыстарын жоспарлап жүргендерге арналған пайдалы файлдар 👆 Бірінші файлда (Чек лист по ремонту) жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін бастан-аяқ қабылдау тәртібі көрсетілген: демонтаж бен монтаждау, сантехникалық жұмыстар, электр жұмыстары, едендер, қабырғалар, төбелер, плиталар мен т.б. Жалпы, барлық бастапқы және әрлеу жұмыстары. Онда қандай тұстарын орындауды /тексеруді ұмытпау керектігі егжей-тегжейлі жазылған. Жұмысты бастамас бұрын, қателер мен олқылықтардың алдын алу үшін жұмыстың аталмыш бақылау парағы (чек лист) бойынша қабылданатынын жөндеу жұмыстарын жүргізетін топқа немесе жөндеу компаниясына айтсаңыз болады. Екінші құжат әр жұмыс түрі үшін түрлі бригадаларды жалдауды шешсеңіз, түрлі мамандарды шақыру тәртібін сипаттайды: кондиционер орнатушылар, сантехниктер, жиһаз жасаушылар, төбе жасаушылар, есік орнатушылар мен т.б. Құжатта сондай-ақ олар келгенше не дайын болуы керек және қандай материалдар қажет екені жазылған. Файлдармен alma_renovation жөндеу компаниясындағы достарымыз бөлісті. Олар Астанада бір шаршы метрі үшін 83 000₸ басталатын жөндеу жұмыстарымен айналысады. Біз бұл салада алаяқтардың көп екенін білеміз, сондықтан олардың ешбір оқырманымызды алдап кетпейтініне сенімді болмасақ, жазбаға қоспас едік, оның үстіне тегін негізде (Райымбекті 12 жылдан бері танимын). podeshevle промокодын айтсаңыздар, сыйлыққа құны 105 000₸ тұратын Grohe инсталляциясы + барлық жиһаз өз құнына + тегін жоба дизайны беріледі (науқан айдың соңына дейін қолжетімді).
87314Loading...
34
Media files
10Loading...
35
Жөндеу жұмыстарын жоспарлап жүргендерге арналған пайдалы файлдар 👆 Бірінші файлда (Чек лист по ремонту) жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін бастан-аяқ қабылдау тәртібі көрсетілген: демонтаж бен монтаждау, сантехникалық жұмыстар, электр жұмыстары, едендер, қабырғалар, төбелер, плиталар мен т.б. Жалпы, барлық бастапқы және әрлеу жұмыстары. Онда қандай тұстарын орындауды /тексеруді ұмытпау керектігі егжей-тегжейлі жазылған. Жұмысты бастамас бұрын, қателер мен олқылықтардың алдын алу үшін жұмыстың аталмыш бақылау парағы (чек лист) бойынша қабылданатынын жөндеу жұмыстарын жүргізетін топқа немесе жөндеу компаниясына айтсаңыз болады. Екінші құжат әр жұмыс түрі үшін түрлі бригадаларды жалдауды шешсеңіз, түрлі мамандарды шақыру тәртібін сипаттайды: кондиционер орнатушылар, сантехниктер, жиһаз жасаушылар, төбе жасаушылар, есік орнатушылар мен т.б. Құжатта сондай-ақ олар келгенше не дайын болуы керек және қандай материалдар қажет екені жазылған. Файлдармен alma_renovation жөндеу компаниясындағы достарымыз бөлісті. Олар Астанада бір шаршы метрі үшін 83 000₸ басталатын жөндеу жұмыстарымен айналысады. Біз бұл салада алаяқтардың көп екенін білеміз, сондықтан олардың ешбір оқырманымызды алдап кетпейтініне сенімді болмасақ, жазбаға қоспас едік, оның үстіне тегін негізде (Райымбекті 12 жылдан бері танимын). podeshevle промокодын айтсаңыздар, сыйлыққа құны 105 000₸ тұратын Grohe инсталляциясы + барлық жиһаз өз құнына + тегін жоба дизайны беріледі (науқан айдың соңына дейін қолжетімді).
10Loading...
Түрлі тілдердегі кітаптарды жүктеп алуға болатын тегін онлайн-кітапханалар 📌 MyBook — кітап оқуға арналған қолайлы, электронды кітапхана мен қосымша. Қосымшада тегін шығармалары бар бөлім қолжетімді – олардың саны 193 000-нан асады. Олардың арасында шағын әңгімелер де, әлемдік әдебиет шығармалары да бар. 📌 Project Gutenberg — әлемдегі алғашқы онлайн-кітапханалардың бірі. Мұндағы кітаптар еркін түрде, тегін қолжетімді — қазіргі таңда саны 60 000-нан асады. Кітаптар ағылшын, неміс, француз және португал тілдерінде қолжетімді. 📌 Europeana — бүкіл Еуропаға арналған цифрлы кітапхана. Сайтта электронды кітаптарды ұсынатын негізгі серіктестер — түрлі елдердің ұлттық кітапханалары. Өнер немесе спорт сияқты тақырыптық бөлімдері де бар. Кітаптар француз, неміс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. 📌 Books Should Be Free — 7000-нан астам электронды кітаптар мен аудиокітаптар. Таңдау өте үлкен — кітаптар 20-ға жуық санатқа бөлінген. Файлдар 30 тілде қолжетімді, тізімде тіпті эсперанто да бар. 📌 Great Books and Classics — мұнда түрлі тілдердегі «Гильгамеш туралы аңыздан» бастап, Архимед шығармаларына дейінгі классикалық әдебиеттің үлкен көлемін табуға болады. 📌 Open Library — ағылшын тіліндегі қолжетімді кітаптрдың барлық дерлік онлайн нұсқаларын тегін табуға болатын ең үлкен онлайн кітапхана. Біраз бұрын біз қазақ тілін үйренуге арналған тегін ресурстар жайлы жазба жариялағанбыз. Сол жазбадан да тегін электронды кітаптары бар сайттарды таба аласыздар 👈 Жазбаны Creative Asia арнасындағы әріптестеріміз әзірледі. Олар тегін курстар, шетелде оқуға арналған стипендиялар жайлы жазады, жалпы, түрлі пайдалы ақпараттармен бөліседі 👍 Алып қосарларыңыз болса, пікірлер бөліміне қалдыра кетіңіздер 🙌
Mostrar todo...
👍 12🔥 3🥰 1🆒 1
Қытайдан шыққан көліктердің барлық артықшылықтары мен кемшіліктері Аталмыш көліктерді алу қажеттігін немесе қажетсіздігін бағалай алуларыңыз үшын қытайлық Kia Seltos пен Hyundai Elantra жайлы жазбаның астындағы барлық пікірлерді оқып шықтық. Артықшылықтары: + бағасы автосалондардан 2 миллион ₸ төмен (жергілікті нөмірі бар бір көліктің құны шамамен 8-9 миллион ₸) + көліктерді алдын ала төлемсіз бөліп төлеуге болады (бағасы өзгермейді) + жинақталуы біздің үлгілерге қарағанда жақсырақ, толығырақ (интеллектуалды адаптивті круиздік бақылау, 360 камерасы бар) + өз бағасы үшін ыңғайлы әрі сенімді көлік + мультимедианы орыстандыру жүруде + отын шығыны аз Негізгі аргумент: қытайлықтар өз халқы үшін сапасыз зат шығармайды, олар көлікті орта есеппен 2-3 жылға алады. Егер сіз де осы кезеңге алуды жоспарласаңыз, қандай да бір мәселелер туындамауы керек. Бастысы, уақытылы қызмет көрсетіп, күтіп ұстау. Кемшіліктері: - салондар Trade In-де импорттық көліктерді қабылдамайды. Қайталама нарықта сату қиынырақ болады. - біздің көліктердің қосалқы бөлшектері жарамайды. Қытайлық элантра біздікінен 5 см қысқа, сондықтан қажет болған жағдайда бөлшектерін табу қиын болады. Ал дилерлерде мұндай қосалқы бөлшектердің каталогтары жоқ. - орыс тілі бар болса да, әлі де Baidu-ға қосылған. - кепілдіктің болмауы (сатушылар бір жылға береді, бірақ ол автосалондағыдай болмайды. Мысалы, Hyundai 5 техникалық қызмет көрсетуді сыйлыққа береді және 5 жыл немесе 100 000 шақырымға кепілдік береді). - қытайлық вариаторының ресурсы Қазақстанда құрастырылған көлікке қарағанда аз. - жылдам старт немесе тайғанау деген жоқ, тек қана вариаторда "баяу" қозғалыс - мырыштау жоқ. Шанағы коррозияға қарсы қапталмаған, сондықтан құрыш пленкасымен қаптауға, түбін өзіңіз өңдеуге тура келеді. - дыбыс оқшаулау біздің жинақтарға қарағанда нашар - рульді, әйнек пен орындықтарды жылыту жоқ деп естідік (оқырмандар қателескен болуы мүмкін, Youtube-тағы бірнеше шолуда жылыту бар екенін көргенбіз, сондықтан анықтап, біліп алған жөн) Ешкімді айыптамайық, әркім шешімді өз қаржылық жағдайына байланысты қабылдайды. Әрине, мүмкіндік болса өзіміздің немесе корейлік жинақты алған дұрыс. Енді қытайлық көлікті алғанда не нәрсе күтіп түрғанын білетін боласыздар. https://t.me/tiimdiqazaqstan
Mostrar todo...
👍 15 4🔥 2👏 1🆒 1
10 минут уақытыңызды бөліп, миллиондаған теңгені сақтап қалыңыз Соңғы 2 аптада бізге ата-анасы алаяқтарға алданып қалған 4 оқырманымыз жазды: алаяқтар оларды несие алуға, ақша жіберуге, тіпті қолма-қол ақша беруге мәжбүрлеген. Сома 500 мың ₸-ден 7,5 миллион ₸-ге дейін жетеді 🥲 Мұндай жағдайда тек полицияға хабарласуға болады, олар қылмыстық іс қозғайды, бірақ ақшаны қайтарып берген жағдайлар жайлы естімеппіз (араларыңызда естігендер бар ма?). Егер жәбірленуші ақшаны немесе картаны өзі алмағаны анықталса, яғни алаяқтар ақшаны жәбірленушінің қатысуынсыз өз есепшоттарына аударып алған болса, онда несиенің күшін жоюға болады. Бірақ егер ақшаны жәбірленуші өзі берген болса (аударған немесе қолма-қол берген), онда мұндай несие есептен шығарылмайды, яғни оны төлеуге тура келеді. Сондықтан ата-аналарыңызбен сөйлесіп, төмендегілердің бәрі алаяқтықтың кең таралған түрлері екенін айтыңыздар: • «Емханадан» қоңырау шалып, флюорографияға немесе скринингке шақырады, содан кейін жазылымды растау үшін SMS-код сұрайды. • Бейнеқоңырау арқылы құқық қорғау органының қызметкері ретінде (форма киіп, артына Президенттің портретін іліп қояды) қоңырау шалып, банк қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерін ашуға көмек көрсетуді сұрайды. • Чаттарда қандай да бір курсты немесе оқытуды «тегін береді». • Техникалық қолдау қызметінен WhatsApp немесе Telegram-ға хабарлама жібереді. Есептік жазбаны жою туралы өтініш түскендей етіп хабарлайды. • Ұялы байланыс операторы ретінде нөмірдің әрекет ету мерзімі жақында бітетіндігін хабарлап, ұзартуды қалайды ма, соны сұрайды. • Қазақстандық емес нөмірден келген кез келген аудио немесе бейне қоңырау (немесе бейтаныс электрондық поштадан келген хабарлама). Тіпті алаяқтар жасанды интеллект көмегімен сіздің бетіңізді жасап алған болуы да мүмкін. • "eGov-қа келген кодты жіберіңіз." • Қандай да бір жарыста біреуге дауыс беру туралы өтініш. • Күніне $100+ төленетін кез келген онлайн қосымша жұмыс. Көбінесе мәтінді қайта теру немесе әлеуметтік желілерде лүпіл басу/пікір жазу. • Қарызға ақша сұраған кез келген адам (жеке хабарласуын сұрасын). • Сіз өзіңіз жол көлік оқиғасына тап болдыңыз, енді мәселені «шешу» үшін белгілі бір мекенжайға қолма-қол ақша жіберу керек (курьер алып кетеді). • Сыйлық беретін денсаулыққа арналған тауарлар мен қызметтерді жарнамалау (массажға арналған жамылғылар немесе орындықтар). • WhatsApp арқылы салық кеңсесінен келген кез келген хабарламалар (олар хабарламаны тек пошта арқылы немесе салық төлеушінің жеке кабинетіне жібереді). Жалпы, SMS-ке, банк қосымшалары мен ақшаға қатысты істің бәрінде абай болған жөн. Бірде-бір банк, пошта бөлімшесі немесе емхана сізден ақша жіберуді, оның үстіне SMS-кодты айтуды сұрамайды. Мүлде тыңдамауларын, тұтқаны қоя салулары керектігін түсіндіріп айтыңыздар. Осындай жағдайға тап болған кездеріңіз болды ма және қашан болып еді? Егер қосарыңыз болса, жаза кетіңіз👇
Mostrar todo...
👍 12 8🔥 1
Айтпақшы, Отау бойынша биылғы тізім жарық көрді Тізімге өткендердің минималды ұпайлары мынадай: 35 жасқа дейінгі тұлғалар — 454,78 ұпай 36 жастан басталатын тұлғалар — 530,55 ұпай Тізімде 0,02 ұпай жетпей қалғандар да болды 🥲
Mostrar todo...
👍 12
Отбасы банкте жеңілдікпен ипотека рәсімдеу мүмкін бе? «Наурыз» бен «Отау» тиімді ипотекаларына жасаған шолуымызда біз қорытынды тізімге жыл сайын ең көп ұпай жинаған қатысушылар өтетінін жазған болатынбыз. Ал бұл ұпайлар не үшін беріледі? «Наурыз» бағдарламасы бойынша: - Балалы болу (санына қарамастан) — 10 ұпай - Тіркелген неке (ұзақтығына қарамастан) — 5 ұпай - 35 жасқа дейін — 5 ұпай - Отбасы Банктегі депозит бойынша сыйақы мөлшері үшін — әр 1000₸-ге 1 ұпай. - Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар — 10 ұпай «Отау» бағдарламасы бойынша: - Тркелген неке (ұзақтығына қарамастан) — 10 ұпай - Балалы болу (санына қарамастан) — 50 ұпай - Салым сыйақысының сомасы — әр 1000₸ үшін 5 ұпай - Салым мерзімі — депозит ашылған әр жыл үшін 5 ұпай Ұпайлар саны бірдей болған жағдайда, депозитте ең көп жинақ сомасы бар және салым мерзімі ұзағырақ (біріншісі екіншісіне қарағанда басымырақ) тұлғаларға басымдық беріледі. Егер сіздің балаңыз болмаса, отбасылы болмасаңыз әрі халықтың осал топтарына жатпайтын болсаңыз, онда аталмыш ипотекаларға өтудің жалғыз мүмкіндігі — «Отбасы банкінде» ұзағырақ әрі көбірек ақша жинау. Бұл жазбаның қажеті не? Уақытыңызды үнемдеп, мүмкіндігіңіз аз екенін түсінсеңіз, 1 миллион ₸ «Отбасы Банкінде» босқа салмауыңыз үшін. Себебі екі бағдарлама бойынша да өтініш беру үшін «Отбасы банкінде» осы сомадан басталатын депозит болуы керек. Немесе, керісінше, белсендірек жинай бастау үшін, себебі аталмыш бағдарламалар 2031-2032 жылдарға дейін жыл сайын өтінім қабылдайды. Бұл ипотекалар бойынша шолуларымызға сілтеме жазбаның басында. https://t.me/tiimdiqazaqstan
Mostrar todo...
👍 11🔥 3
Дұрыс үнемдеу жайлы екі кереғар пікір Қайсысы сізге жақын? 👾 — Жапондық қыз 🌚 — Марғұлан Сейсембай
Mostrar todo...
🌚 24😁 9🤔 2
ForteBlue карталары бойынша тиімді өзгерістер (бұл жалақы алуға таптырмас карта) Ай сайынғы 15%-ға дейінгі жоғарылатылған бонустарға енді төмендегілер қосылады: • картадағы орташа тәуліктік қалдық 60 000₸ басталса, тағы 1% бонус беріледі (барлығына) • банкте 1,5 миллион ₸ -ден басталатын депозиті барларға тағы 1% бонус (картаға жалақы алатындар үшін) Мысалы, мамырда стандартты түрде тамақ жеткізуге 5% немесе таксиге 10% немесе Forte Market-те 15% немесе киім-кешек пен аяқ киімге 3% таңдауға болады (екеуін таңдау керек). Жоғарыда көрсетілген шарттарды орындасаңыз, бұл бонустарға +2% ала аласыз. Такси үшін 12% бүгінгі таңдағы ең тиімді нұсқа 👍 Неліктен аталмыш карта жалақы алу үшін тиімді? • Шығару мен қызмет көрсетуі толығымен тегін • Айына 7 миллион ₸ дейін ақша шешіп алу комиссиясыз жүзеге асады • Айына 500 мың ₸-ге дейін басқа да ақша шешіп алулар тегін • Айына 500 мың ₸-ге дейінгі аударымдар комиссиясыз Бонустар бойынша шарттар: транзакция өңделгеннен кейін 3-4 күн ішінде есептеледі. Кез келген POS терминалда сауда жасау кезінде немесе Forte қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімінде жұмсауға болады. Тәуліктік бонустар шегі — 10 000Б, айына — 30 000Б дейін. Басқа да артықшылықтары (барлық Forte карталары үшін): - Forte Forex-те тиімді валюта айырбастау - Alem мен Золотая Корона арқылы шетелге тиімді аударымдар - Серіктестік желісінде 16%-ға дейін бонустар («Қосымша» бөліміндегі тізім → Супер кешбэк) - Жедел аударым жүйесіне қатысуы. - Сауда нүктелерінің МСС кодын білуге ​​болады. Бұл не? Кез келген адам картаны қосымшада немесе банк бөлімшелерінде аша алады. Жалақы аталмыш картаға түспесе, қызмет көрсетуі тек бірінші жылы тегін болады (ары қарай жылына 2000₸). Комиссиясыз толтыру бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде ( №1, 4, 5, 10, 11 әдістерді қараңыз) | Карталар бойынша біздің нұсқаулық 👉 сілтемеде | Қосымшаға бейне шолу сілтемеде. Жалақысын осы картаға алатындардан 🔥 | https://t.me/tiimdiqazaqstan
Mostrar todo...
👍 11 4
Photo unavailableShow in Telegram
Алматылықтарға тағы да қызыға қараудамыз 🫠 ryadom.kz сайтында мына азық-түлікке 50% жеңілдік қолжетімді (скриншоттағы). Егер бірінші тапсырыс кезінде промокод қолдансаңыз, бағалар төмендегідей болады: • Makfa жоғарғы сұрыпты ұны 1 кг – 122₸ • Сүт 2,5% Adal 0,9 л — 172₸ • Дара күркетауық шұжығы – 280₸ • Toblerone шоколады 100 гр. — 365₸ • Картоп пюресі қосылған тефтели дайын түскі асы — 323₸. • Сондай-ақ жалбыз лайм Fuse Tea 0,5 — 1₸ (2 данасын қосуға болады) Бұл позицияларды қалай табуға болады? Сайттың негізгі бетінде бөлек бөлім болады. Науқан 3 маусымға дейін жалғасады, бірақ ертерек аяқталуы мүмкін. Бір тапсырысқа осы заттардың 1 данасын салуға болады, бірақ бұл тауарлар салынған себетке бір күнде 3 бөлек тапсырыс жасауға болады. Промокодтар: • PF-YBBSSBK — 4000₸ басталатын бірінші тапсырысқа 2000₸ жеңілдік • PC-AJF69MR — 4000₸ басталатын кез келген тапсырысқа 1000₸ жеңілдік Жеткізу тегін. Тапсырысыңызды 4000₸ қалай толтыратыныңызды білмесеңіз, 10 жұмыртқа, 1 литр Шедевр күнбағыс майы мен Barilla фарфалле пастасын қосуға болады. Бұл тауарлар 4300₸ шығады, бірінші промокодты пайдалану арқылы 2300₸ болады. Тапсырыс беру. https://t.me/tiimdiqazaqstan
Mostrar todo...
👍 12🔥 2 1
Temu-дан тапсырысымызды алдық. Шолу Тапсырыс 7 мамыр күні жасалып, 26 мамырда Астанадағы пәтерге дейін жеткізілді (19 күн). Суреттегі заттардың бәрі 12 401₸-ге шықты (50%-дың жеңілдік беретін купонның арқасында, қазір оны беруді тоқтатқан сияқты🗿). Онсыз 2 есе қымбатқа шығушы еді. Бағалар бойынша жеке-жеке (купонды есепке алғандағы баға): • Фитнес білезік — 155₸. Тек шолу жасау үшін тапсырыс берген едік, тек бауы болатын шығар деп ойлағанбыз. Құрылғының өзі де бар екен. Қалай жұмыс істейтінін әлі түсінбедік, бірақ жұмыс істеп тұр, істен шығу жағдайларын байқамадық 😁 • 20 ілгіш — 673₸ (бір данасы 33₸). Жұқа, бірақ ауыр әрі резеңкеленген. Киім сырғып кетпейді. • Көлікке арналған визитка нөмірі — 2 дана 478₸ (немесе бір дана үшін 239₸). • Кепка 2 дана — 732₸-ден. Сапасы жақсы, бірақ логотипі айтарлықтай ұқыпты кестеленбеген. • Әмиян (Барсетка) — 3680₸. Сапасы жақсы, өз бағасы үшін 5-тен 5 деген баға беремін. • Антисептикке арналған қалта дозаторы — 3 данасы 135₸. Болады. • Пышақ қайрақ — 226₸. Ауыр, жақсы қайрайды. 5-тен 5. • Триммер — 932₸. Жұмыс істеп тұр😁 MicroUsb қуаттағышы бар. • Автокөліктің бүйір айналарына арналған жаңбырға қарсы жапсырма — 2 дана үшін 199₸. Әлі жабыстырып көрмедік. • 5 жұп шұлық — 390₸. Жақсы сияқты, бірақ өлшем таңдау мүмкін болмады. Маған тар екен • Дозаторы бар аяқ киім щеткасы — 155₸. • Шаш пен жүнді жинауға арналған щетка — 116₸. Жақсы жинайды. • 100 дана мақталы таяқшалар — 107₸. • Ойыншық-экскаватор — 1000₸. Болады, бірақ сапасы үшін сәл қымбатырақ. PDD-да шамамен 400₸ тұратын шығар. • Аяққа арналған үрлемелі жастық (ұшақта одан балаларға төсек жасап беруге болады, сілтемедегідей) — 1585₸. • Кір жуғыш машинаға арналған парақша-таблеткалар, 30 дана — 280₸ • Микроталшық шүберектер 3 дана 30x30 см — 482₸ (немесе бір данасы үшін 160₸). Сапасы сондай жақсы емес, 5-тен 3. Өзімізде Kaspi-де сапалыларын 200₸-ге алуға болады. Тауарларға барлық сілтемелер 👉 мына жерде (купонсыз бағаны 2 еселей беріңіздер). Қорытынды: қосымшаның орыс тілінде екендігі мен үйге дейін жеткізу бар екені қолайлы. Сондай-ақ онда қазір кез келген тапсырысқа тегін жеткізу қолжетімді. Бірақ купондарды есепке алмағанда, Pinduoduo-да арзанырақ болатыны сөзсіз, тіпті жеткізу құнын есепке алған күннің өзінде де. Сондай-ақ Temu-да тек арзан тауарлар, әрі таңдау сондай көп емес, егер 2 сағат бойы белсенді қарасаңыз, барлық тауарларды көріп шығуға болады. Жалпы, егер купондар қайта пайда болса, тиімді екендігі 100%. Егер пайда болмаса, Ozon, WB, Kaspi-мен салыстырып көру керек. Бірақ олардың бағасымен қатар пікірлеріне де мән беру керек. 5 жұлдыздың 4,5-нен төмен алу қауіпті). 50% жеңілдік купоны 👉 мына сілтемеде болған (қазір болмауы да мүмкін). Біздің Temu-ге жасаған шолуымыз сілтемеде. Ал сіз Temu-ден не алдыңыз? Көңіліңізден шықты ма?
Mostrar todo...
Тиімді Қазақстан

+1000 сағаттан астам әуеде саяхаттаған оқырманымыз аталмыш процессті ыңғайлырақ ету бойынша кеңестерімен бөлісті: • Егер сіз балаларыңызбен бірге ұшатын болсаңыз, онда WB-тен аяққа арналған жастық немесе авиагамак сатып алыңыз, сонда олар жайлы ұйықтайтын болады. Менің балаларым сағаттап оянбайды (суретте). • Ұшақтағы ауа шөлді аймақтағыдай құрғақ. Сондықтан көбірек су ішіп, бетіңіз бен қолыңызға ылғалдандыру кремін жағуды ұмытпаңыз. Ал егер денеңіз ісіп кетуге бейіп болса, компрессиялық шұлықтар жақсы көмектеседі. • Құлақтардың бітелуінен маған келесі әдіс жақсы көмектеседі: мұрнымды саусақтармен қысып тұрып, дем шығаруға тырысамын («құлағым арқылы дем шығару»). • Онлайн тіркелу кезінде ақылы орындықтардың алдындағы орындарды таңдасаңыз (аяққа арналған орындары көп), олардың қол-аяғы сіздің орындығыңызға жетпейтін болады. • Билет сатып алғаннан кейін, онда сіздің брондау кодыңыз көрсетіледі. Әуе компаниясының сайтына кіріп, рейске дереу тіркеліп, мүмкін болса орынды таңдай алатыныңызды тексеріп көріңіз.…

👍 33 2🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
👍 8