cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Тиімді Қазақстан

Күнделікті шығындар мен бюджетті үнемдеуге сауатты көзқарас қалыптастыратын арна. Ең қажетті ақпараттар бекітілген жазбада.

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
2 279
Suscriptores
+324 horas
+317 días
+9830 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Ипотека мен бөліп төлеу шығындары бола тұра қалай қаржылық тұрғыда сауатты болуға болады? Дәулет Арманұлының (Real Prepod) подкасына қонақ болып қайттық, ол «Миллион долларов в инвестициях на пальцах» кітабының авторы, Қазақстандағы қаржылық сауаттылықтың атасы десек те болады. Қаржылық тұрғыдан сауатты адам болу керектігін бәрі біледі, бірақ оның кім екенін, қандай қасиеттерге ие болуы керектігін ешкім ашып айтпайды. Осы бір жарым сағаттық видеоны көру арқылы сіз ешқандай кітап, тренинг, курстардың көмегінсіз-ақ бұл сұраққа жауап ала аласыз. Сондай-ақ өзіміз жайлы, кешбэктер жайлы, қалай және қандай табысқа өмір сүретініміз бен не нәрсеге ақша аямайтынымыз жайлы айтып бердік. Соңында 50 000₸ мен Дәулет Арманұлының 5 қолтаңба қойылған кітабына байқау жарияланған. Біз барлық пікірлер ішінен біреуін бірге таңдап аламыз (кездейсоқ емес) — өзіңіздің ең тиімді және ең тиімсіз қаржылық шешіміңіз жайлы ақпаратпен бөлісіп, оның не болғанын және өміріңізге қалай әсер еткенін айтып беру керек. Welcomehttps://youtu.be/EQ4z8C4iW-k
Mostrar todo...
Финансовая грамотность – инструкция для чайников, Казахстан подешевле | real prepod podcast

Телеграм канал Казахстан подешевле:

https://t.me/podeshevlekz

00:00:00 Финансовая грамотность и экономия 00:04:03 Кэшбэки и экономия 00:08:19 Финансовая грамотность и экономия 00:13:13 Кредиты и рассрочки 00:15:49 Финансовая грамотность и кредиты 00:20:37 Финансовая грамотность и инвестиции 00:23:10 Акции и промокоды для экономии 00:27:02 Экономия времени 00:31:24 Экономия на здоровье 00:36:40 Экономия на одежде и обуви 00:38:45 Советы по экономии 00:40:38 Экономия на билетах 00:44:40 Экономия на автомобиле 00:46:28 Финансовая грамотность и ипотека 00:50:52 Альтернативы ипотеке 00:56:34 Базовые принципы финансовой грамотности 00:58:05 Ипотека и финансовая грамотность 01:00:18 Влияние ипотеки на самооценку 01:05:15 Ипотека как инвестиция 01:10:18 Финансово грамотный человек 01:13:52 Финансовая подушка безопасности 01:17:15 Финансовая грамотность 01:21:09 Чтение книг 01:24:39 Кредиты и ипотека 01:25:56 Финансовая грамотность 01:30:13 Полис страхования жизни 01:33:59 Продвинутый уровень финансовой грамотности 01:35:49 Страхование жизни 01:42:00 Источники пассивного дохода 01:44:06 Инвестирование для достижения долгосрочных целей 01:47:08 Финансовая грамотность 01:50:55 Финансовая грамотность и выбор 01:55:13 Финансовая грамотность и дополнительные источники дохода лучшая книга тут

https://realprepod.kz

лучший курс тут

https://realprepod.kz/kurs

Дисклеймер: Не стоит опираться на информацию предоставленную в этом ролике как на истину в последней инстанции, и уж тем более как на руководство к действию, данным видео автор канала Real Prepod не призывает вас к каким либо действиям, а лишь предлагает пищу для размышления да и вообще, все что вы увидите дальше является художественной выдумкой и юмористическим контентом, а любые совпадения с реальными организациями, людьми или событиями являются совпадениями. И помните, гарантирование дохода от инвестиций является нарушением закона, я не гарантирую ничего лучшая книга тут

https://realprepod.kz

лучший курс тут

https://realprepod.kz/kurs

Дисклеймер: Не стоит опираться на информацию предоставленную в этом ролике как на истину в последней инстанции, и уж тем более как на руководство к действию, данным видео автор канала Real Prepod не призывает вас к каким либо действиям, а лишь предлагает пищу для размышления да и вообще, все что вы увидите дальше является художественной выдумкой и юмористическим контентом, а любые совпадения с реальными организациями, людьми или событиями являются совпадениями. И помните, гарантирование дохода от инвестиций является нарушением закона, я не гарантирую ничего

👍 15🔥 3 2👎 1🥰 1
Кеше Астанада бір адам автобус жүргізушісіне бұрышталған спрей шашқандықтан, 10 тәулікке қамауға алынды. Аталмыш тақырып бізге үнемі қызық болатын, сондықтан оффтоп: Бұрышталған спрей қолдануға бола ма? Қазақстанда бұрышталған спрей өзін-өзі қорғау құралына жатады¹. Мұндай заттарды сатып алуға немесе өзіңмен алып жүруге заңмен тыйым салынбаған. Сонымен қатар әр азаматтың өзін-өзі қорғауға құқығы бар. Бірақ оларды тек егер біреу сіздің денсаулығыңызға қауіп төндірсе немесе сіздің мүлкіңізді иемденгісі келсе ғана қолдануға болады². Яғни, тек төтенше жағдайлар кезінде. Соның өзінде өзін-өзі қорғаудың да шегі бар екенін ұмытпау керек — келтірілген зиян төнген қауіпке пара-пар болуы керек. Егер бұрышталған спрейді аса қажеттіліксіз немесе кінәсіз адамға қарсы пайдаланатын болсаңыз (мысалы, жай сөзге келіп қалғанда), онда сіздің өзіңізді жауапкершілікке тарту қаупі бар. Бұл жағдайда сіздің әрекетіңіз ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылуы мүмкін, бұл 20 АЕК айыппұл салуға немесе 5-тен 15 күнге дейін қамауға алуға әкеліп соғуы мүмкін. Немесе денсаулыққа қасақана немесе байқаусызда зиян келтіру болып мүмкін, ал бұл қылмыстық кодекске жатады. Оның үстіне бұрыш спрейі қолданылған адамда немесе оның айналасындағы адамдарда аллергиялық реакция пайда болып, бұл өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда тергеу органдары мен сот оқиғаның мән-жайы мен сіздің жауапкершілік дәрежеңізді анықтайды. Сондықтан, егер сіз бұрыштық спрейді өз-өзіңізді қорғау үшін қолданған болсаңыз, жағымсыз салдарға тап болмас үшін бірден полиция шақырғаныңыз жөн (немесе айналаңыздағы адамдардан шақыруын сұрағаныңыз жөн). Себебі куәгерлер немесе бейнебақылау камераларының жазбалары болмаған жағдайда, құқық қорғау органдарына жәбірленушіні мен шабуылдаушының кім екенін анықтау қиынға соғады. Бұрышталған спрейді кәмелетке толған жандар жеке куәлігін көрсетіп, нұсқаулық ала отырып, сатып ала алады. ¹ «Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» ҚР Заңының 5-бабының 1-тармақшасына сәйкес 2 ҚР Қылмыстық кодексінің 32-бабына сәйкес Жазба дереккөздері: заңгермен кеңесу | "Право знать" Tg-арнасы. Жоғарыда айтылғанның бәрі өзін-өзі қорғауға арналған қарудың басқа түрлеріне де қатысты. Толық тізім сілтемеде.
Mostrar todo...
👍 11👏 2🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Тоңазытқышыңыз қанша тұрады? Тоңазытқыш сипаттамаларынан оның жылына қанша қуат тұтынатынын білуге болады (кВтсағ-пен өлшенеді). Сол санды 24₸-ге (Астанадан болсаңыз) немесе 31₸-ге (Алматыдан болсаңыз) көбейтсеңіз, тоңазытқышыңызға жылына қанша жұмсайтыныңызды көресіз. Егер басқа қаладан болсаңыз, коммуналдық түбіртектен 1 квт/сағ нақты қанша тұратынын қарап көріңіз (ОДН-дегі ЭЭ бағанын қараңыз). Мысал: Kaspi-ден өзіміздің Haier тоңазытқышымызды тауып, оның жылына 342 кВт/сағ тұтынатынын білдік. Оны 24₸-ге көбейтсек, 8280₸ шығады — демек біз жылына тоңазытқыш үшін осынша коммуналдық төлем төлейміз. Мұны білудің қажеті не? Келесі тоңазытқышты сатып алғанда, оның қуат тұтыну класын қараңыз. А, А+, А++, А+++Бар. Классы неғұрлым төмен болса, қуат тұтынуы соғұрлым жоғары болады. А класындағы тоңазытқыштар сізге жылына шамамен 10 000-ға, ал А класы 5700-ге шығадв. Соған қарамастан олардың арасындағы шығындар айырмашылығы аз болуы мүмкін. А класса класындағы көптеген тоңазытқыштардың бағасы шамамен 200-300 мың теңгені құрайды. Kaspi және басқа дүкендерде қуат тұтыну класы бойынша іздеуге арналған бөлек сүзгі бар. Егер сіз үшін сомалар шамалы болса, онда ұмытпаңыз аз қуат тұтыну бұл экологияға қамқорлық, ал әрқайсымыздың тоңазытқыштарымыз жылына 24/7, 365 күн желіге қосылған.
Mostrar todo...
👍 21 3👏 2🔥 1
Оқырман кеңесі:
Бірнеше апта бұрын мынадай жағдайға тап болдым: танысым келіп, әкесінің қан тамырлары бітеліп қалғанын, жергілікті дәрігерлер бір ауыздан аяғын кесу керек деп жатқанын айтып, маған жүгінді. Мен Еуропадағы таныс дәрігерлермен байланысқа шығып, ол жақта ота жасап, аяғын аман алып қалуға болатынын сұрап білдім. Бірақ құны ~ 10 000 еуро.
Сонда танысым қандай ота керектігін сұрап, біліп, Астанадағы президенттік емханаға жүгінген. Сол жерде әкесіне ота жасап, бір аптадан кейін үйге шығарған. Бұл Еуропаға қарағанда бірнеше есе арзанға шыққан. Бәрі жақсы өтті.
Менің кеңесім — егер жергілікті дәрігерлер қиын диагноз қойып, құтқару мүмкін емес немесе бәрі тым нашар десе, еуропалық дәрігерлермен кеңесіп, сосын осы жақтан сондай ота жасайтын адамды іздеп көріңіздер.
Айтпақшы, егер тым шұғыл қажет болмағанда, отаны портал арқылы алуға да болушы еді. https://t.me/tiimdiqazaqstan
Mostrar todo...
👍 24 3👏 2🔥 1🤔 1
Photo unavailableShow in Telegram
Сіздер үшін науқандық Гарри Поттер киндерлерін таптық Астанада 3 данасы үшін 1382₸ (немесе бір данасы үшін 460₸). Kaspi Дүкен арқылы Magnum-нан тапсырыс беруге болады. Жақын арада Алматы мен Шымкентте де пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ Kaspi арқылы Magnum-нан тапсырыс бергенде сіздерде 2000 немесе 3000 бонус беретін жеке науқан қолжетімді болуы мүмкін. • Алматыда 3 данасы үшін 1500₸ (бір данасы 500₸, бірақ промокодтармен 20-40% пайызға арзанырақ болады). Airba Fresh қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады. Себетке 745₸-лік Kinder Joy Harry Potter-дің 3 данасын салсаңыз, төлем кезінде 3-шісінің бағасы 10₸ болады. Нәтижесінде 3 данасы үшін тура 1500₸. Промокодтар: 1NZSN — 5000₸-ден басталатын бірінші тапсырысқа 2000₸ жеңілдік 7SK7 — 10 000₸-ден басталатын бірінші тапсырысқа 4000₸ жеңілдік GSQ2 — 10 000₸-ден басталатын кез келген тапсырысқа 2000₸ жеңілдік Екі қызметте де 5000₸-ден басталатын тапсырыстарды жеткізу тегін. Егер бүгін таусылып қалса, басқа күні пайда болуы мүмкін, сондықтан тексеріп отыру керек. Айтпақшы, ОЛХ-те немесе пікірлер бөлімінде ойыншықтармен алмасуға болады. Кімде не шықты? https://t.me/tiimdiqazaqstan
Mostrar todo...
👍 11🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қарыз бойынша. Жақсы лайфхак па? ✍️ – Иә! Түртіп алдым 🗿 – Ондай керемет емес
Mostrar todo...
👍 14 7🗿 7🤔 2 1🔥 1🥴 1
Үздік науқандардың күтпеген топтамасы: Arbuz.kz (азық-түлік жеткізу) — тек бүгін (10.07) Алматыда, ал ертең (11.07) Астанада "Крем-брюле" балмұздағының жарты келісі 1₸. Науқандық тауарды себетке салып, 14 000₸-ден басталатын тапсырыс жасау керек. 11 000₸-ден басталатын бірінші тапсырысқа 3000₸ жеңілдік беретін промокод: F-291424. • SF мейрамханалары (Shaurma Food, Астана) — жаңа тиімді науқандар: мына филиалдарында пиццалар 1200₸-ден, мына филиалдарында шаурма + сусын сыйлыққа, сондай-ақ жаңартылған мәзірі бар мына филиалдарында түнгі сағ. 00.00-ден кешкі сағ. 18:00-ге дейін бәрі 900₸-ден (бургер, удон, том ям, лағман, тәттілер). • TechnodomSALE10 промокоды бойынша барлық тауарларға 10% жеңілдік, науқанға қатыспайтын брендтерден басқа. 31.07 дейін қолжетімді. • Meloman — интернет дүкенде 11 шілдеге дейін 80%-ға дейінгі жеңілдіктер. SALEM промокоды бойынша 2000₸-ден басталатын бірінші тапсырысқа 20% жеңілдік бар (31.07 дейін). • Clever Market (Астанадағы азық-түлік жеткізу қызметі) — Қазгер-Құс жұмыртқаларының 10 данасы 1₸. Бірінші тапсырысқа 1000₸ жеңілдік беретін промокод: WELCOME. • L'EtoileWELCOME промокоды бірінші онлайн тапсырысқа 20% жеңілдік береді, сондай-ақ мобильді қосымшада клуб картасын тіркегені үшін 2500Б береді | Тағы бір науқан бар: белгілі бір тауарлардан 15 000₸-ге себет жинасаңыздар, төлем 10 000₸ болады. Толығырақ. • Anytime (Алматыдағы минуттап көлікті жалға алу) — жаңа пайдаланушыларға 3000 бонус беретін промокод: arenda4zfacncp56. Олармен сапар құнының 50%-на дейін төлеуге болады. Ішіне бәрі кіреді: жанармай, жуу, сақтандыру, қызмет көрсету. Көлік маркалары Volkswagen, Toyota, Nissan, Hyundai, Kia. https://t.me/tiimdiqazaqstan
Mostrar todo...
7👍 3🔥 1
Шығындар есебін қалай жүргіземіз? Біз Wallet by Budgetbakers қосымшасында жүргіземіз. Android-тағы нұсқасы бойынша біздің видеошолуымыз бар (iOS-тағы нұсқасын да пайдаланып көрдік, бірақ айтарлықтай ыңғайлы болып көрінбеді). Банк қосымшаларымен байланыстырылмайды, сондықтан жазбаларды өзіміз енгіземіз. Тәжірибемізден кеңестер: 1) Қаржылық жазбаларды күн сайын енгізіп отыруға тырыстық, бірақ үнемі мүмкіндік бола бермейді. Жексенбі күні кешке бір апта үшін бірден жазған ыңғайлырақ болып шықты. Ұйықтар алдындағы салт-жора десек болады) 2) Барлық аударымдарды жазып отыруды әдетке айналдырдық. Осылайша не үшін ақша жібергеніңізді еске түсіріп отырмайсыз. 3) Әсел екеуімізде Apple мен Google Pay-ге бір карталар байланыстырылған — осылайша жазбаларды тіркеу оңайырақ, әрі бір телефон арқылы жасай беруге болады, ол үшін жұбайыңыздың телефонын сұраудың қажеті жоқ. Бірақ ережеміз бар: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдында есеп бермейтін жеке шығындарына арналған бэджеті болуы керек. 4) Шығындарды тым ажыратып жазудың қажеті жоқ, керісінше шығын санаттарын біріктіруге тырысыңыз. Әйтпесе шығындар есебін жүргізуге тым көп уақыт пен күш жұмсап, ақырында тастап кетуіңіз де мүмкін. Өз санаттарымызды біз мына шолуда көрсеткенбіз. 5) Шығындар есебін жүргізуді енді бастап жатсаңыз, бірнеше қосымшаны байқап көріп, өзіңізге ең ыңғайлысына тоқтағаныңыз жөн. Себебі уақыт өте келе бір қосымшадан екіншісіне ауысу қиынырақ болмақ. Қазір таңдағаныңызды ұзақ жылдар бойы пайдалануыңыз ықтимал. Осы жазбаның немесе мына жазбаның астындағы ұсыныстармен танысып шықсаңыз болады. 6) Дұрысы бір реттік, өмірлік жазылымы бар қосымша таңдау. Бір рет шығындаласыз да, сосын аталмыш санат бойынша шығыныңызды арттырмайсыз (бірақ негізі көпшілігіне Wallet-тің тегін нұсқасы да жеткілікті болуы керек. Басқаларында үнемі жарнама шыға берітіні ұнамады). Оның үстіне Wallet-ке iOS арқылы жазылу 10 000₸-ге қымбатырақ, бірақ мына лайфхакты пайдалануға болады. Сіз қандай қосымшаларды пайдалансыз? Несі ұнайды / несі ұнамайды? https://t.me/tiimdiqazaqstan | #қаржылықсауаттылық
Mostrar todo...
👍 14 2🔥 1
Шығындар есебін жүргізу керек пе? Бүгін біздің шығындар мен кірістер есебін жүргізіп жүргенімізге дәл бір жарым жыл болды. Біз өзімізге түртіп алған, бір қарағанда байқала бермейтін артықшылықтарымен бөлісуді жөн көрдік: Біріншісі. Есеп бізге не істеу керектігін анық көрсетп берді: "Охо, мен таксиге көп ақша жұмсайды екенмін" (егер мұндай сауал туындамаса, құттықтаймыз! Демек ештеңе өзгертудің қажеті жоқ). Ал шығындарыңыз расымен де көп болса, ойланып көресіз: Бұл шығындарды ары қарай да өтеуге дайынмын ба, әлде мұны азайтсам бола ма?
- Иә, азайтсам болады — шығынның бұл түрін алып тастап, ары қарай көбірек ақшаға өмір сүресіз. - Жоқ, ары қарай төлеуге дайынмын — мұнда да құттықтаймыз, енді сіз қаражатыңызға зиян келтірмей, бірақ сол қолайлы жағдайда өмір сүру үшін көбірек табыс табу керектігін білесіз.
Екіншісі. егер сіз есеп жүргізусіз-ақ қаражатыңызды сауатты басқара алсаңыз (тапқаныңыздан аз жұмсасаңыз, ақша жинай алсаңыз және т.б.), онда есеп жүргізу арқылы басыңызда көп ақпарат сақтамайтын боласыз. Себебі тұрмыстық қаражат мәселелері ойыңыздың көп бөлігін алып, байқамасаңыз да назарыңызды өзіне аударып тұрады. "Қанша ақшам қалды? Мына картадағы ақшам қайда кетті, жақында ғана толтырған сияқты едім ғой. Балабақшаның төлемі қашан еді? Ал несиенің төлем күні қашан? Интернет ше? Ипотека ше?" Шығындар мен кірістер есебін жүргізіп бастағалы бізде төлем күніні ұмытып кету деген жоғалды, миымыз да тазарып, санамыз жұмыс пен табысты арттыру сияқты жаңа әрі жағымды ойларға тола бастады. Біз жазбаның жалғасын жазғанша (енді есепті қалай және қайда жүргізу туралы), сіздер де өз ойларыңызбен бөлісе аласыздар https://t.me/tiimdiqazaqstan | #қаржылықсауаттылық
Mostrar todo...
👍 21 3🔥 2
Pinduoduo-да 100% түпнұсқа тауарды қалай табуға болады? 1-әдіс: басты бетте қызғылт дорбаға басыңыз (бұл брендтері бөлімі) → онда іздеу жолағына қажетті тауардың атауын енгізіңіз → қара белгішенің бар-жоғын тексеріңіз → тауарға өтіп, сол жерде 100% деген жазуды іздеңіз. Егер бәрі бар болса, онда тауар түпнұсқа. Жасалу жолын скриншоттарда көрсеттік. 2-әдіс: бірден қосымшаның басты бетіндегі іздеу жолына қажетті тауардың атауын енгізіп, қара белгішесі бар тауарларды қараңыз. Сондай-ақ, нақты көз жеткізу үшін тапсырыстар мен пікірлер санына қарауға болады. Аталмыш ақпараттың бәрі біздің Pinduoduo-дан тапсырыс беру бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулығымызда бар, ол 👉 сілтеме бойынша толығымен тегін қолжетімді. P.s: Pinduoduo-да қара белгішесі бар көптеген қытайлық брендтер сатылады. Бұл мұндай тауарлар нашар дегенді білдірмейді, олар тек Қытайда сатылатындықтан, біз олар жайлы біле бермейміз. Бірақ әдетте олар сапасы жағынан жақсы болып келеді. https://t.me/tiimdiqazaqstan/1129
Mostrar todo...
👍 21🔥 2👏 1
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.