cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Ongar_online

Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы! Мұнда: 🤡 Саясат 😪 Дау-дамай 😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады. Жарнама бойынша: +7 747 897 4980

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
5 289
Suscriptores
+724 horas
+37 días
-1730 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Photo unavailableShow in Telegram
Марк Оютте НАТО-ның су жаңа Бас хатшысы!
Mostrar todo...
👍 69
02:10
Video unavailableShow in Telegram
Зеленский Донецк облысында жүр. Жүрек жұтқан жігіт екен.
Mostrar todo...
IMG_4198.MP411.44 MB
🔥 81👍 35😁 1😍 1
Repost from DALA INSIDE
☎️ "GetContact" операциясы: жасырын жаулар Садықов ісінде қай жерге дейін барады? Киевте оппозиционер Айдос Садықовты атып кеткен Мейрам Қаратаев пен Алтай Жақанбаевтың телефон нөмірлерінің алдын-ала басқа нөмірлерге барлау қызметіне қатысы бар контакт ретінде жазылуы бұл операцияның ұзақ және детальді түрде дайындалғанын айғақтайды.
"Алтай Жақанбаевтың өз еркімен ұсталуы тергеушілерге алдын-ала дайындалған сценарий күдігін туғызды. Себебі оның қазіргі айтқандары мүлде басқа жаққа жетелейді. Бірақ ол айтып отырған басқа жақтың Садықовты ату бойынша тапсырыс беру мотиві тым ұсақ", - деді, толық жай-жапсарды айтудан бас тартқан DALA INSIDE дереккөзі.
"Сол жағалау" картинаны толық зерттемек. Себебі, нақты кімнің "Жаңа Қазақстан" билігінің халықаралық беделін бүлдіріп, диверсия жасауға мүдделі екенін білгісі келеді. Ресми Астанаға кімнің жау, кімнің дос екенін тез арада нақты анықтап алу қажет. Жау сыртта емес, іште жүр. Себебі, кей өңірлерде, тіпті қазір обоймада жүрген тұлғалар тарапынан жасырын саботаж бен диверсия белгілері әлсіз болса да байқала бастаған. Енді оның масштабын білу керек. Оларды басқарып, нұсқау беріп отырған орталық бар ма, идеологтары мен бенефициарлары кімдер, осы сұрақтарға жауап ізделуде.
"Ұсталып, жауап беріп жатқан адам бағытты сырт жаққа беруде. Әрине, оның ақпараты жіті тексеріледі. Бірақ оның неге өз еркімен ұсталғаны, тергеуге версиясымен келгені де тексерілмек. Жасырын мотивті жоққа шығаруға болмайды", - дейді, дереккөз.
"Жаңа Қазақстан" оппозиция болсын, басқа болсын, ешкімді тапсырыс беру арқылы өлтіртуге мүдделі емес. Себебі, оның барлық энергиясы реформалар жасап, сыртқы аренаға өзінің демократиялық жолға бұрылғанын дәлелдеуге бағытталған болатын. Оппозиция өкілін шетелде ату сынды қылықтар бұл еңбектің барлығын жоққа шығарар еді. "Қазақстан халқына" қоры, заңсыз активтерді қайтару, демонополизация мен байларды су тасқынына қарсы күреске жұмылдыру бастамалары көтерілгелі бері олигополияның өз активтері мен қазіргі жағдайын сақтап қалуға деген жасырын ойындары күшейді. Олигархтар бірігіп жатыр және оларға үкіметтің өздерін банкомат ретінде пайдалана бастағаны ұнамады. Екінші бағыт - Шевронның Теңіз бойынша контракті аяқталып келе жатқанымен және Қазақстанның Қашаған бойынша халықаралық батыс компанияларынан үлкен өтемақы талап етіп арбитражды сотқа жүгінуімен байланысты. Енді батыс компанияларымен сыбайлас АҚШ Конгресіндегі сенаторлар Қазақстанды бұл мәселеде тізгіндеп отыруға мүдделі. АҚШ Конгресі қаржыландыратын, Қазақстанда акрредиттелген ақпарат құралдары арқылы "Садықовты атуға отандық барлау қызметтерінің қатысы бар" деген тезис таратыла бастады. АҚШ сенаторлары осы арқылы қазақ билігіне ақпараттық қысым көрсетпек. Садықов ісі шынайы ашық тергелсе, біраз маска шешіледі. Бірақ тергеу органдарының ішінде де оған мүдделі емес жасырын диверсант жүруі мүмкін. DALA INSIDE сіздерді құлақтандырып отырады. Бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
👍 31👎 6
Грек орманын өртеп қашқан қазақтардың арасында қалтасы қалың олигархтар бар болып шықты. Оның бірі Forbes тізімінде Қазақстандағы ең бай елуліктің ішінде 21 орында тұрған Данияр Абылғазин, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. OCCRP (Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы) тәуелсіз журналистер ұйымының зерттеуі бойынша «Персефони I» яхтасының ішінде 7 қазақ болған. Соның бірі олигарх Данияр Абылғазин. Қонақтардың арасында Халық Банктің бас директоры Үміт Шаяхметова оның күйеуі KMG International NV ұлттық мұнай компаниясының бұрынғы топ-менеджері Бейімбет Шаяхметов және олардың қызы болған. Грек аралы өртенген күннен кейін бизнесменнің жеке ұшағы Афина әуежайынан Алматыға ұшып кеткен. Сот құжаттары көрсеткендей, бортта Абылғазиннің ұлы мен әйелі Айдан Сүлейменова және тағы басқа да лауазымды адамдар болған. Photo: Screenshot of adsbexchange.com Гидра аралындағы орман өрті 300 мың шаршы метр жерді шарпыған. 22 маусымда Грекияның Ұлттық өрт сөндіру қызметі оқиғаға қатысы бар 13 гректі ұсталғанын хабарлаған. Ал жалға алу құны 250 мың еуро тұратын қайықты жалға алғандардың ешқайсысы ұсталмаған. Теңізді бақылау қызметі өрт болған кезде қазақтар отырған яхта Гидраның шеткері ауданының жағасында болды деп көрсетті. Гректің ресми тұлғалары оларды өртке тікелей кінәлаған жоқ. Бірақ аралдың әкімі Гиоргос Кукудакис тергеудің қортыныдысы шыққан соң, барлық кінәлілерге шара қолданып, өтемақы талап ететінін жеткізді. Оның сөзінше, өрт жалғыз қарағай орманын жалмап кете жаздаған, абырой болған жел қарама-қарсы бағытта соғып, құтқарушылар өртті сөндіріп үлгерген. «Қарағай орманы өртке оранғанда, бұл аралдың түгі қалмас еді»,- деді ол журналистерге. Айта кетейік, ірі кәсіпкер Данияр АбылғазинҚазақстандағы ең бай 50 адамның бірі. Оның байлығы 380 000 000 АҚШ долларына жетеді. Данияр Абылғазин Qazaq Oil, SinoOil және Gas Energy ЖМҚС желілерінде, «PTC Operator» ЖШС, «Petroleum» ЖШС, «РТИ-АМӨЗ» ЖШС, «SilkwayTransit» ЖШС және басқа да компанияларда үлесі бар. Олигархтың әйелі AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова«Viled Group» ЖШС, «Viled International» ЖШС, «Viled Fashion» ЖШС, «Group Lux» ЖШС, «Premium Beauty» ЖШС үлестеріне ие. Сондай-ақ, «ADD Invest Properties» ЖШС-ға толықтай иелік етеді. Сол арқылы Құлыбаевтармен бірге Keruen city Astana, Keruen, Talan Gallery, Keruen City Aktobe, Атырау қаласындағы Baizaar сауда сауық кешендерін басқарады. Еске салсақ, бірнеше күн бұрын Грекияда туристер яхтаны жалға алып, отшашу атқан. Сол кезде аралдың бір бөлігі тұтанып, орман өртіне ұласқан. Бірнеше жергілікті БАҚ өртке қазақстандықтардың қатысы барын хабарлады. Туристер алдымен тілсіз жауды өз күшімен ауыздықтауға тырысқан, бірақ сөндіре алмаған соң, өрт күзетіне хабар беріп, өздері кетіп қалған. Кейінірек Грекия билігі қайықтан отшашу атқан 13 адамды ұстады. Гректің кейбір ақпарат құралдары өртке қатысы бар 17 пәкістандықтың да ұсталғанын жариялаған. Қазақстанның СІМ өкілі Айбек Смадияров Грекия билігінің ресми ақпаратына сәйкес, ұсталғандар арасында қазақстандықтар жоқ деген болатын
Mostrar todo...
Firestorm Erupts Around Wealthy Kazakh Yacht Guests Following Greek Island Blaze

As Greek authorities investigate allegations that fireworks launched from a superyacht sparked a brush fire, information obtained by OCCRP shows that prominent Kazakh citizens were on board, and left the country the following day by private jet.

👍 20😁 5🤔 1
Гаагадағы Халықаралық Қылмыстық Сот Сергей Шойгу мен Валерий Герасимовты Украина жерінде жасаған қылмыстары үшін тұтқындауға ордер берді. Екеуі де былай былай шыға алмайтындай болды.
Mostrar todo...
👍 86👏 1
Photo unavailableShow in Telegram
Месси қазақ болғанда...
Mostrar todo...
🤣 98👍 4😁 4
00:18
Video unavailableShow in Telegram
Келесі жылы су тасқыны болатыны, болмайтынын бір Алла шешеді. Сұрақтың жауабы қатты қажет болса Алладан сұраңыздар - Қанат Бозымбаев
Mostrar todo...
IMG_4195.MP46.55 MB
😁 39🤡 24👍 5🤬 4
Арал теңізіне 1,1 миллиард текше метр су келді деп Су ресурстары және ирригация министрлігіндегі Мөлдір Әбдуалиева қарындасым сүйіншіледі. Ғажап! Естеріңізде болса былтыр Алтай Айнабек деген жігіт жайлы жазып едім. Дрон арқылы циклон тартып, жаңбыр жаудыратыны туралы. Сол Алтекең сегіз күн болыпты Аралда жаңбыр жаудырып жатқанына. Жаңа телефон арқылы сөйлестім. "Циклонды жан-жақтан тартып жатырмыз. Негізінен Атлант мұхиты мен Парсы бұғазынан келуде. Бүгінгі циклон жақсы келіп еді, сәл Ресейге қарай тартып кетті. Сегіз күн бойы Арал аквариумы жаңбыр астында. Бүгін Атырау жағы жаңбыр" дейді. Алтайды ешкім қаржыландырып жатқан жоқ. Үкіметтен ақша бөлмеген. Қазіргі нәтижесіне қарап билік ойлана бастаған секілді. Қазір келіссөздер жүріп жатқанға ұқсайды. Өзбекстан жағы да ұсыныс жасап жатыр екен. "Қазір климатты болып жатқан жағдайға үйретіп жатырмыз. Әлі алда үлкен толқындар болады. Жеміс-жидек пісетін уақытта жарты ай, бір айға тоқтата тұрамын. Дихандарға зияным тимесін. Қондырғым, дрондарым аз болып тұр. Әйтпесе, он екі ай жаңбыр жаудыруға болады" деген Алтекеңе сәттілік тіледім. Айдаладағы Илон Маск пен Стив Джобстарға тамсанғанша өзімізден шыққан осындай жігіттерді қолдауымыз керек! Мемлекеттік деңгейде!
Mostrar todo...
👍 232 28❤‍🔥 4
Маңғыстауда мұнай компаниясының 4 басшысы ұсталды Мұнай кәсіпорындары миллиард теңге ақша жымқырған, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық прокуратурасы. Олар құны 1,1 млрд теңге тұратын автобустарды 1,5 млрд теңгеге алған. Ал тағы бір кәсіпорын жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеген. Осылайша компания басшыларының жақын туыстарына негізсіз жалақы беріліп тұрған.
Mostrar todo...
👍 42😱 9🥴 3
00:49
Video unavailableShow in Telegram
Депутат Данияр Қасқарауов туған жерінде неге таң қалды? https://youtu.be/AdSvAJdzVZQ?si=CtYQPbqaqGNdrLFp
Mostrar todo...
IMG_4687.MP44.12 MB
👍 15🥴 1
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.