ORTCOM.KZ
Ir al canal en Telegram
ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» «Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК Central Communications Service under the President of the Republic of Kazakhstan Центр по борьбе с дезинформацией https://t.me/AntiFakeCenter
Mostrar más3 133
Suscriptores
Sin datos24 horas
+57 días
+2430 días
Archivo de publicaciones
3 133
🇰🇿🇧🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді
****
🇰🇿🇧🇪Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с Королем Филиппом и Королевой Матильдой посетили Национальный центр детской реабилитации в Астане
3 133
+3
🇰🇿🇧🇪Глава государства с Королем и Королевой бельгийцев посетили Национальный центр детской реабилитации
🔹Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с Королем Филиппом и Королевой Матильдой посетили Национальный центр детской реабилитации в Астане.
🔹Высокие гости ознакомились с организацией комплексной помощи детям с различными нарушениями развития.
🔹Им рассказали о современных методиках медицинской, психолого-педагогической реабилитации и социальной адаптации, направленных на развитие коммуникативных навыков, познавательных способностей и самостоятельности у детей с особыми потребностями.
🔹В индивидуальных программах восстановления также применяются технологии роботизированной реабилитации.
🔹Особое внимание в работе центра уделяется вопросам социальной интеграции и создания условий для полноценного участия детей в жизни общества.
🔹Король Филипп и Королева Матильда побеседовали с детьми, их родителями и медицинскими работниками, а также приняли участие в интерактивной программе.
🔹В завершение высокие гости оставили памятную запись в Книге почетных гостей.
🔹 Национальный центр детской реабилитации оказывает комплексную помощь детям со сложными психоневрологическими заболеваниями, нарушениями опорно-двигательного аппарата, речевыми, когнитивными и поведенческими нарушениями, в том числе с детским церебральным параличом и расстройствами аутистического спектра.
🔹 Ежегодно реабилитационные услуги здесь получают более 5 тысяч пациентов из всех регионов Казахстана.
3 133
+3
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді.
🔹Мәртебелі меймандар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты.
🔹Бельгия Королі мен Патшайымына ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларын, таным-түйсігін және өз бетінше әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалтудың және әлеуметтік бейімдеудің заманауи әдістері туралы баяндалды.
🔹Жеке қалпына келтіру бағдарламаларында роботтандырылған реабилитация технологиясы да қолданылады.
🔹Орталық жұмысында әлеуметтік интеграцияға және балалардың қоғам тіршілігінен тыс қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға айрықша мән беріледі.
🔹Король Филипп пен Патшайым Матильда балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты.
🔹Бұдан кейін меймандар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
🔹 Ұлттық балаларды оңалту орталығы психоневрологиялық дертке шалдыққан, сөйлеуінде, когнитивті дамуында және мінез-құлқында бұзылыстары бар, соның ішінде церебралды сал аурына душар болған және аутистік спектрі бұзылған балаларға кешенді көмек ұсынады.
🔹Жыл сайын Қазақстанның барлық аймағынан 5 мыңнан астам пациентке оңалту қызметтері көрсетіледі.
3 133
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
Бельгиялықтардың «L’union fait la force» (Күшіміз - Бірлікте) деген ұлттық ұраны қазақтың «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген тәмсілімен мағыналас. Біздің достығымыз осы ортақ құндылықтарға негізделген.
📍Ақорда
****
Президент Касым-Жомарт Токаев:
Национальный девиз Бельгии «L’union fait la force» – «В единстве сила» – перекликается с казахской мудростью «Бірлік бар жерде тірлік бар» – «Là où il y a de l’unité, il y a de la prospérité». Именно эти общие ценности лежат в основе нашей дружбы.
📍Акорда
🇰🇿🇧🇪
3 133
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгиялықтар Королі Филипп Бірлескен мәлімдеме қабылдады
****
🇰🇿🇧🇪Глава государства Касым-Жомарт Токаев и Король бельгийцев Филипп приняли Совместное заявление
3 133
Король Филипп выразил намерение поближе ознакомиться с богатой историей и культурой Казахстана
– Я с большим нетерпением жду посещения знаковых достопримечательностей и музеев Астаны и Алматы, которые позволят нам прикоснуться к истории, уходящей корнями в эпоху Золотой Орды. Вместе с бельгийской делегацией я с воодушевлением ожидаю знакомства с природным и культурным богатством Казахстана, столь ярко описанным непревзойденным Абаем и составляющим основу казахской национальной идентичности. Казахстан олицетворяет гостеприимство – қонақжайлық. Страна активно содействует укреплению согласия и взаимопонимания не только внутри общества, но и на региональном и международном уровнях. Казахстан всегда играл важную роль в этом направлении, – отметил он.✔️В завершение Король бельгийцев еще раз выразил признательность за гостеприимство.
– Надеюсь, я правильно произнесу выражение «Шанырағыңыз биік болсын», которое как нельзя лучше передает дух государственного визита в Казахстан. Оно олицетворяет семейное единство, преемственность поколений, благополучие, мир и общий дом, – подытожил Король Филипп.
3 133
Король Филипп Қазақстанның бай тарихымен және мәдениетімен жақын танысуға ниетті екенін жеткізді
– Астана мен Алматының көрікті жерлері мен музейлерін аралап, Алтын Орда дәуірінен тамыр тартатын тарихпен тіл қатысуға асықпын. Бельгия делегациясымен бірге Абай шығармаларында айрықша суреттелген, қазақтың ұлттық ерекшеліктерін паш ететін табиғи және мәдени қазынамен танысуға құштармыз. Қазақ елі қонақжайлығымен мәшһүр. Елдеріңіз қоғамның ынтымақ-бірлігін өз ішінде ғана емес, аймақтық және халықаралық деңгейде нығайтуға белсенді түрде үлес қосып келеді. Осы бағытта Қазақстан әрдайым маңызды рөл атқарады, – деді ол.✔️Бельгиялықтар Королі сөз соңында көрсетілген сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы да алғыс айтты.
– «Шаңырағыңыз биік болсын!». Мен бұл сөзді дұрыс айттым деп ойлаймын. Қазақстанға мемлекеттік сапарымыздың мәнін аталған тілек толығымен ашады. Отбасы бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын, ырыс пен несібені, бейбіт өмір мен жылы ұяны осы бірауыз сөзге сыйдыруға болады, – деді Король Филипп.
3 133
🇧🇪Король бельгийцев Филипп поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за теплый прием, отметив, что за последние тридцать лет наши страны выстроили прочные, неразрывные связи
– Когда Вы, господин Президент, посетили Брюссель и столь радушно пригласили нас совершить государственный визит в Вашу страну, у нас не возникло ни малейших сомнений в том, что мы должны принять это приглашение. Я особенно рад, что наш визит проходит в канун празднования 35-летия независимости Казахстана. Предстоящие три дня позволят нам ближе познакомиться с потенциалом и возможностями, которые открываются перед нашими странами благодаря сотрудничеству. Наша дружба получит дальнейшее развитие благодаря культурному обмену, а визит позволит нам ближе ознакомиться с богатым наследием и самобытностью Казахстана, – сказал Король Бельгии.✔️По словам Короля Филиппа, Бельгия является одним из крупнейших инвесторов в экономику Казахстана, а многие бельгийские компании прочно закрепились на казахстанском рынке. ✔️Он подчеркнул, что с особым интересом ожидает предстоящее заседание казахско-бельгийского Делового совета. ✔️Король бельгийцев также обратил внимание на возросший авторитет Казахстана на международной арене и динамичный рост во всех отраслях экономики.
– Впечатляет то, как Казахстан продолжает укреплять свои позиции на мировой арене. Совсем недавно народ Казахстана поддержал конституционную реформу, отражающую новые амбиции страны. По всем меркам Казахстан сегодня представляет собой современное общество, опирающееся на многовековые основы и почитающее традиции. Благодаря высокообразованному населению, многочисленному среднему классу и современной инфраструктуре страна готова отвечать на вызовы будущего. Казахстан находится в авангарде цифровизации и разрабатывает уникальные решения, в частности, в сфере искусственного интеллекта. Высокий интерес представляет для нас возможность посетить центр Alem.AI и обсудить возможности для развития синергии между нашими странами, – сказал он.
3 133
🇧🇪Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, соңғы отыз жылда елдеріміз берік әрі мызғымас байланыс орнатқанын атап өтті
– Президент мырза, Сіз Брюссельге келген кезіңізде бізді еліңізге мемлекеттік сапар жасауға шақырған едіңіз. Бұл ұсынысты бірден қабыл алдық. Сапарымыз Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанына қуаныштымын. Осы үш күн ішінде елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа жол ашатын мүмкіндіктермен жақын танысамыз. Мәдени байланыстардың арқасында достығымыз одан әрі беки береді. Ал сапарымыз аясында Қазақстанның бай мұрасы мен төл дәстүріне көзайым боламыз, – деді Бельгиялықтар Королі.✔️Король Филипптің айтуынша, Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған ірі инвесторлардың бірі саналады. Қазақстан нарығында бірқатар бельгиялық компания жұмыс істейді. ✔️Ол алдағы Қазақстан – Бельгия іскерлік кеңесі отырысына көп үміт артатынын жеткізді. ✔️Сондай-ақ Бельгиялықтар Королі Қазақстанның халықаралық аренада беделі артып келе жатқанына және экономиканың барлық саласында қарқынды өсім байқалатынына назар аударды.
– Еліңіздің әлемдік аренадағы орны нығайып келеді. Жуырда ғана халқыңыз мемлекеттің жаңа мақсат-міндеттерін айқындаған конституциялық реформаны қолдады. Бүгінде Қазақстан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді қастерлейтін, барлық жағынан заманауи қоғам құрып отыр. Жоғары білімді азаматтардың, орта таптың көптігі және озық инфрақұрылымның арқасында елдеріңіз болашақтың сын-қатерлеріне төтеп беруге әзір. Қазақстан цифрландыру саласында көш бастап тұр, әсіресе, жасанды интеллект бағытында бірегей шешімдер әзірлеуде. Alem.AI орталығына барып, елдеріміз арасындағы синергияны ілгерілету мүмкіндіктерін талқылауға қызығушылық танытып отырмыз, – деді ол.
3 133
+2
Касым-Жомарт Токаев рассказал представителям СМИ о достигнутых договоренностях в культурно-гуманитарной сфере
– Мы подтвердили намерения укреплять прямые связи между университетами, музеями и культурными учреждениями наших стран, а также развивать совместные образовательные программы и академические обмены. Высоко ценю усилия наших бельгийских партнеров, благодаря которым в Национальном музее Казахстана представлены выдающиеся произведения Джеймса Энсора. Приветствуем также развитие сотрудничества между Almaty Museum of Arts и KANAL-Centre Pompidou, что наглядно отражает творческий потенциал Бельгии и ее стремление к развитию культурной сферы. Эти инициативы открывают перед нашими гражданами уникальную возможность познакомиться с богатым художественным наследием Бельгии и способствуют дальнейшему сближению наших обществ. Приветствуем и достигнутый прогресс в упрощении взаимных поездок благодаря внесению изменений в Соглашение об освобождении от визовых требований владельцев служебных паспортов. Принятое сегодня Совместное заявление отражает наши общие приоритеты, – отметил Глава государства.✔️По словам Президента, в ходе переговоров состоялся обмен мнениями по актуальным международным и региональным вопросам.
– Казахстан и Бельгия твердо привержены соблюдению норм международного права, укреплению многостороннего взаимодействия и мирному урегулированию конфликтов. В условиях нарастающей глобальной неопределенности диалог, взаимное доверие и ответственная дипломатия приобретают особую значимость. Мы подтвердили важность стратегического партнерства Казахстана с Европейским Союзом, закрепленного в соглашениях, подписанных в ходе моего недавнего визита в Брюссель, – сказал Касым-Жомарт Токаев.✔️В завершение Глава государства поблагодарил бельгийских коллег за теплый и символичный жест, отметив, что в эти минуты на центральной площади Брюсселя Гран-Плас, перед зданием городской ратуши, впервые поднимается государственный флаг Казахстана.
– Национальный девиз Бельгии «L’union fait la force» – «В единстве сила» – перекликается с казахской мудростью «Бірлік бар жерде тірлік бар» – «Là où il y a de l’unité, il y a de la prospérité». Именно эти общие ценности лежат в основе нашей дружбы. Уверен, что данный государственный визит станет поворотным моментом в истории казахско-бельгийских отношений. Народ Казахстана никогда не забудет вашу доброту, благородство и мудрость, – подытожил Президент.
3 133
+2
Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне мәдени-гуманитарлық салада қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде әңгімеледі
– Елдеріміздің университеттері, музейлері мен мәдени мекемелері арасында тікелей байланыс орнатуға, сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға және академиялық тәжірибе алмасуға ниетті екенімізді растадық. Джеймс Энсордың танымал туындыларын Қазақстанның Ұлттық музейінде таныстырған бельгиялық серіктестерімізге алғысым шексіз. Сондай-ақ Almaty Museum of Arts пен KANAL-Centre Pompidou арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуді қолдаймын. Ол Бельгияның шығармашылық әлеуетін және мәдени саланы дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Аталған бастамалар Бельгияның бай көркем мұрасымен танысуға, халықтарымыздың бір-бірімен жақын араласуына жол ашады. Қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату жөніндегі келісімге өзгерістер енгізудің арқасында барыс-келісімізді біршама жеңілдетуге қол жеткіздік. Бүгін қабылданған Бірлескен мәлімдеме ортақ міндеттерге сай келеді, – деді Мемлекет басшысы.✔️Президент тараптардың халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқанын айтты.
– Қазақстан мен Бельгия халықаралық құқық нормаларын сақтауға, көпжақты ықпалдастықты нығайтуға және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге бейіл. Жаһандық ахуал құбылып тұрған қазіргі кезде диалог, өзара сенім мен жауапты дипломатия ерекше өзекті. Жуырда менің Брюссельге сапарым аясында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды екенін растадық. Ол арнайы келісімде бекітілді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.✔️Мемлекет басшысы осы минуттарда Брюссельдің орталық алаңы Гран-Пласта, қалалық ратуша ғимаратының алдында алғаш рет Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтерілгенін атап өтіп, ыстық ықыласы мен символикалық мәнге ие құрметі үшін бельгиялық әріптесіне алғыс айтты.
– Бельгияның «L’union fait la force» деген ұлттық ұраны қазақтың «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген тәмсілімен мағыналас. Біздің достығымыз осы ортақ құндылықтарға негізделген. Аталған мемлекеттік сапар Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын ілгерілетуде бетбұрысты сәт болатынына сенімдімін. Қазақстан халқы Сіздің мейірімді, бекзат әрі парасатты болмысыңызды әрдайым құрмет тұтады, – деді Президент.
3 133
🇰🇿🇧🇪Касым-Жомарт Токаев и Король Филипп провели брифинг для представителей СМИ
✔️В своем выступлении Глава государства вновь подчеркнул, что исторический государственный визит Короля и Королевы бельгийцев открывает новую славную главу в истории двусторонних отношений и служит ярким свидетельством дружбы между народами Казахстана и Бельгии.
– Ваше Величество, Король, под Вашим мудрым и решительным руководством Бельгия остается страной, единой в своем многообразии и открытой миру. Ваша преданность своему народу и неустанные усилия по укреплению взаимопонимания между различными общинами Бельгии воплощают объединяющую роль Короны. В эти непростые времена Ваш моральный авторитет и непоколебимое чувство долга внушают уверенность и заслуживают глубокого уважения. Я искренне признателен Вам за дружбу и неизменную на протяжении многих лет приверженность укреплению связей с Казахстаном. Рад, что сегодня мы можем вместе внести вклад в упрочение этих связей. Благодаря Вашим неустанным усилиям и весомой поддержке мы с большим оптимизмом и уверенностью смотрим в будущее нашего сотрудничества, – сказал Президент.✔️Касым-Жомарт Токаев поделился некоторыми итогами плодотворных переговоров, прошедших в открытой, дружеской и конструктивной атмосфере.
– Мы подтвердили решимость крепить многоплановое партнерство между Казахстаном и Бельгией. Наши отношения не обременены политическими разногласиями или нерешенными вопросами. Это создает прочную основу для расширения сотрудничества по всем направлениям. Экономическое взаимодействие остается одной из ключевых опор наших двусторонних отношений. Бельгия входит в число ведущих инвестиционных партнеров Казахстана. С 2005 года объем бельгийских инвестиций в нашу экономику превысил 15 млрд долларов. Мы договорились активизировать взаимодействие и использовать новые возможности в сферах транспорта и логистики, критически важных минералов, энергетики, промышленности, сельского хозяйства, биотехнологий, цифровизации и космических технологий. Приветствую участие в этом историческом визите представителей ведущих бельгийских компаний. Это наглядно свидетельствует о доверии Бельгии к экономическому потенциалу Казахстана. Наше Правительство продолжит создавать благоприятные условия для расширения присутствия бельгийских инвесторов и реализации новых перспективных проектов в Казахстане. Их полная и своевременная реализация будет находиться под моим личным контролем, – заверил Глава государства.✔️Как отметил Президент, запланированные на завтра Казахско-бельгийский бизнес-форум, Форум ректоров и круглый стол по критически важным минералам станут значимыми площадками для воплощения наших общих устремлений в конкретные результаты. ✔️Ожидается, что по итогам этих мероприятий будут подписаны десятки двусторонних соглашений и документов, которые придадут дополнительный импульс развитию партнерства.
3 133
🇰🇿🇧🇪Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
✔️Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынын және қос халық арасындағы достықты нығайта түсетінін атап өтті.
– Аса мәртебелі Король, Сіздің парасатты әрі батыл басшылығыңыздың арқасында Бельгия өзінің бірегей саналуандығын сақтаған әрі әлемге ашық ел ретінде белгілі болып отыр. Халқыңызға адалдығыңыз бен Бельгиядағы түрлі қауым арасындағы өзара түсіністікті нығайту жолындағы табанды еңбегіңіз Тәждің ынтымаққа бастар рөлін айқындайды. Осы күрделі кезеңде адами қадір-қасиеті биік, перзенттік парыздың парқын сезінетін тұлға екеніңізді көрсеттіңіз. Бұл ерекше сенім ұялатады әрі зор құрметке лайық. Ұзақ жылдар бойғы достығыңызға және Қазақстанмен байланыстарды нығайту ниетіңізге ризамын. Бүгін осы ықпалдастықты тереңдетуге бірлесе үлес қосатынымызға қуаныштымын. Сіздің күш-жігеріңіз бен қолдауыңыздың арқасында ынтымақтастығымыздың келешегіне үлкен үмітпен әрі сеніммен қараймыз, – деді Президент.✔️Қасым-Жомарт Тоқаев емен-жарқын достық рәуіште әрі сындарлы сипатта өткен нәтижелі келіссөздердің қорытындысына тоқталды.
– Біз Қазақстан мен Бельгия арасындағы көпжақты серіктестікті күшейтуге бейіл екенімізді растадық. Елдеріміз арасында қандай да бір саяси қайшылық немесе шешілмеген мәселе жоқ. Бұл барлық бағытта ынтымақтастықты кеңейтуге берік негіз қалайды. Экономикалық ықпалдастық серіктестігіміздің негізгі тірегі болып қала береді. Бельгия Қазақстанның жетекші инвестициялық серіктестерінің қатарына кіреді. Сіздің елдің 2005 жылдан бері экономикамызға құйған инвестиция көлемі 15 миллиард доллардан асты. Көлік-логистика, аса маңызды минералдар, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, биотехнология, цифрландыру және ғарыш технологиялары салаларында ықпалдастықты жандандырып, жаңа мүмкіндіктерді қолға алуға уағдаластық. Тарихи сапарға бельгиялық жетекші компания өкілдері қатысуда. Бұл Бельгияның еліміздің экономикалық әлеуетіне зор сенім артатынын көрсетеді. Үкімет тарапынан Бельгия инвесторларының Қазақстанда қызмет аясын кеңейтуіне және жаңа перспективті жобаларды іске асыруына қолайлы жағдай жасалады. Оның толық әрі уақтылы орындалуын өзім қадағалап отырамын, – деді Мемлекет басшысы.✔️Президенттің айтуынша, ертеңге жоспарланған Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі, Ректорлар форумы және аса маңызды материалдар бойынша дөңгелек үстел ортақ мақсаттар мен нақты нәтижелерге қол жеткізетін маңызды алаң болмақ. ✔️Аталған іс-шаралардың қорытындысы бойынша серіктестікті дамытуға тың серпін беретін ондаған келісім мен құжатқа қол қойылады.
3 133
🔶Астанада Қазақстан ұлттық командасын V Азия Пара ойындарына шығарып салу рәсімі өтті
Байрақты бәсеке 18–24 қазан аралығында өтеді. V Азия Пара ойындары – Аичи–Нагоя 2026 жарыстарында Қазақстан атынан 12 спорт түрінен 150 спортшы бақ сынайды. Олар пара жеңіл атлетика, пара дзюдо, пара үстел теннисі, пара садақ ату, пара оқ ату, пара велоспорт, волейболды отырып ойнау, пара таеквондо, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, бочча және арбадағы теннис бойынша өнер көрсетеді.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
🔷В Астане состоялась торжественная церемония проводов сборной Казахстана на V Азиатские Пара игры Аичи–Нагоя 2026
Соревнования пройдут с 18 по 24 октября. На V Азиатских Пара играх Аичи–Нагоя 2026 Казахстан представят 150 спортсменов в 12 видах спорта: пара лёгкой атлетике, пара дзюдо, пара настольном теннисе, пара стрельбе из лука, пара пулевой стрельбе, пара велоспорте, волейболе сидя, пара таеквондо, пара плавании, пара пауэрлифтинге, бочча и теннисе на колясках.
Подробнее на сайте ortcom.kz
@ortcom_kz #CCS
3 133
🔶Тоғыз айда «Әлеумет» порталы арқылы 463 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Көрсетілген қызметтердің ішінде 330 300-і оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге, 8 600-і ымдау тілі маманының қызметіне, 27 400-і жеке көмекшінің қызметіне, ал 96 905-і санаторий-курорттық емделуге тиесілі.
2026 жылдың тоғыз айында порталда 75 062 адам белсенді қызмет алушы ретінде тіркелді.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
🔷Через Портал «Әлеумет» за девять месяцев 2026 года предоставлено более 463 тыс. услуг
Из общего показателя 330 300 приходится на обеспечение техническими средствами реабилитации, 8 600 – на услуги специалиста жестового языка, 27 400 – на услуги индивидуального помощника и 96 905 – на санаторно-курортное лечение.
Число активных услугополучателей, зарегистрировавшихся на Портале за девять месяцев текущего года, составило 75 062.
Подробнее на сайте ortcom.kz
@ortcom_kz #CCS
3 133
✍️ Глава государства подписал Указ о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней
🔹Президент Касым-Жомарт Токаев после консультаций с Премьер-министром Олжасом Бектеновым и Председателем Курултая Айбеком Дадебаем, проведенных в соответствии с пунктом 5 статьи 88 Конституции Республики Казахстан, подписал Указ «О досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней».
🔹Центральной избирательной комиссии поручено принять все меры по назначению, подготовке и проведению внеочередных выборов депутатов маслихатов всех уровней.
🔹Указ вступает в силу со дня опубликования.
