ar
Feedback

لا تقع ضحية للمخادعين! تيليمتريو يكتشف ويُميّز هذه القنوات 👉 إذا كنت تريد رؤية العلامة، اشترك

ORTCOM.KZ

ORTCOM.KZ

الذهاب إلى القناة على Telegram

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» «Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК Central Communications Service under the President of the Republic of Kazakhstan Центр по борьбе с дезинформацией https://t.me/AntiFakeCenter

إظهار المزيد
3 468
المشتركون
-324 ساعات
-587 أيام
+33730 أيام
أرشيف المشاركات
🇰🇿🇹🇯Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға ресми сапары 5-7 қараша, 2026 🎥 **** 🇰🇿🇹🇯Официальный визит Президента Таджикистана Эмомали Рахмона в Астану 5-7 ноября, 2026 🎥

🇰🇿🇹🇯Завершился официальный визит Президента Таджикистана Эмомали Рахмона в нашу страну Глава государства Касым-Жомарт Ток
🇰🇿🇹🇯Завершился официальный визит Президента Таджикистана Эмомали Рахмона в нашу страну Глава государства Касым-Жомарт Токаев проводил высокого гостя в столичном аэропорту.

photo content
+2

photo content
+2

🇰🇿🇹🇯Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның елімізге ресми сапары аяқталды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан шығарып салды.

Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті. **** Лидеры Казахстана и Таджикистана посадили зеленые насаждения
+2
Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті. **** Лидеры Казахстана и Таджикистана посадили зеленые насаждения на территории посольства

Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды * В ходе посещения Президент Казахстана оставил запись в К
Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды * В ходе посещения Президент Казахстана оставил запись в Книге почетных гостей

🇰🇿🇹🇯Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон открыли новое здание посольства Таджикистана в Казахстане 🔹Президенты Казахстан
🇰🇿🇹🇯Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон открыли новое здание посольства Таджикистана в Казахстане   🔹Президенты Казахстана и Таджикистана приняли участие в торжественной церемонии открытия нового здания таджикского посольства, расположенного на улице Анатолия Храпатого в Астане. 🔹Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон совместно перерезали церемониальную ленту, затем президентский оркестр исполнил государственные гимны двух стран. 🔹Главам государств представили видеоролик с информацией о комплексе зданий посольства Таджикистана, затем они осмотрели дипломатическое представительство.

photo content
+2

photo content
+2

🇰🇿🇹🇯Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты 🔹Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. 🔹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. 🔹Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.

photo content

🇹🇯Эмомали Рахмон: «Нас радуют значительные достижения дружественного Казахстана в социально-экономическом развитии страны и укреплении ее авторитета на международной арене» 🔹В свою очередь Президент Таджикистана  поблагодарил Главу Казахстана за теплый прием и радушное гостеприимство, а также выразил признательность за вручение высокой государственной награды – ордена Qoja Ahmet Yasaui.
– Считаю, что такая высокая оценка моего скромного вклада в развитие таджикско-казахских отношений является заслугой не только моей персоны, но и всего народа моей страны. Каждый визит в братский Казахстан оставляет у нас новые яркие воспоминания. Нас радуют значительные достижения дружественного Казахстана в социально-экономическом развитии страны и укреплении ее авторитета на международной арене. Мы высоко оцениваем реформы последних лет, нацеленные на создание прочных предпосылок для дальнейшего гармоничного движения Казахстана по пути прогресса и процветания. Сегодняшние переговоры прошли в русле конструктивного политического диалога, в атмосфере доверия и взаимопонимания. Мы предметно обсудили широкий круг вопросов двусторонней повестки. Принятое по итогам переговоров Совместное заявление определяет основные направления дальнейшего развития нашего сотрудничества, – сообщил Эмомали Рахмон.

🇹🇯Эмомали Рахмон: «Достас қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстары және халықаралық аренада абырой-
🇹🇯Эмомали Рахмон: «Достас қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстары және халықаралық аренада абырой-беделінің асқақтауы қуантады» 🔹Тәжікстан Президенті құшақ жая қарсы алып, қонақжайлық танытқаны, сондай-ақ жоғары мемлекеттік награда – Qoja Ahmet Yasaui орденіне лайық көргені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
– Тәжік-қазақ қарым-қатынасын өркендетуге қосқан аздаған үлесіме берілген осы жоғары баға менің ғана емес, халқымның еңбегіне көрсетілген сый-құрмет деп санаймын. Бауырлас Қазақстанға әр сапарым жарқын сәттерімен есте қалады. Достас қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстары және халықаралық аренада абырой-беделінің асқақтауы қуантады. Біз өркендеу мен гүлдену жолындағы Қазақстанның үйлесімді дамуына негіз қалайтын кейінгі жылдардағы реформаларды жоғары бағалаймыз. Бүгінгі келіссөз конструктивті саяси диалог, өзара сенім мен түсіністік сипатында өрбіді. Екіжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселені егжей-тегжейлі талқыладық. Келіссөз қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдеме ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың басты бағыттарын айқындады, – деді Эмомали Рахмон.

🔹Казахстан выступит в поддержку кандидатуры Таджикистана для избрания в непостоянные члены Совета Безопасности ООН на 2028-2
🔹Казахстан выступит в поддержку кандидатуры Таджикистана для избрания в непостоянные члены Совета Безопасности ООН на 2028-2029 годы 🔹Президент Казахстана отдельно остановился на мерах по укреплению культурно-гуманитарных связей.
– Регулярные перекрестные Дни культуры, активный диалог между представителями творческой интеллигенции, открытие памятников выдающимся личностям – все это вызывает большой интерес у наших граждан. Мы также подтвердили общее стремление к углублению сотрудничества в сфере образования. Казахстан предоставляет наибольшее количество образовательных грантов в регионе именно студентам из Таджикистана – ежегодно выделяется до 100 мест. Отмечена взаимная готовность к продолжению сотрудничества по линии обучения таджикских военнослужащих в учебных заведениях Казахстана. Для проведения этой работы на системной и долгосрочной основе было подписано межправительственное Соглашение в области подготовки военных кадров, – добавил Глава государства.
🔹В завершение Касым-Жомарт Токаев подтвердил единые позиции двух стран по актуальным вопросам региональной и глобальной повестки, а также готовность продвигать общие интересы на многосторонних площадках.
– В рамках переговоров отдельное внимание было уделено обеспечению стабильности и безопасности в Центральной Азии. Мы согласились, что устойчивое развитие региона – это наша общая цель, отвечающая коренным интересам всех братских народов. Казахстан положительно воспринял выдвижение кандидатуры Таджикистана для избрания в непостоянные члены Совета Безопасности ООН на 2028-2029 годы и, конечно, выступит в поддержку кандидатуры Таджикистана, – подытожил Президент нашей страны.

🔹Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028-2029 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне үміткер ретінде Тәжікстанның кандидатурасын
🔹Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028-2029 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне үміткер ретінде Тәжікстанның  кандидатурасын қолдайды 🔹Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту шараларына арнайы тоқталды.
– Тұрақты түрде өткізіліп тұратын Мәдениет күндері, шығармашыл зиялы қауым өкілдері арасындағы белсенді диалог, көрнекті тұлғаларға ескерткіш ашу – мұның бәрі азаматтарымыздың қызығушылығын тудыратын дүниелер. Сондай-ақ біз білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделіміз. Қазақстан аймақ елдері ішінде Тәжікстан студенттеріне ең көп білім грантын береді. Жыл сайын 100 орын бөлінеді. Тәжік әскерилерін Қазақстанның оқу орындарында оқытуды жалғастыруға дайынбыз. Бұл жұмысты жүйелі әрі ұзақмерзімді негізде жүргізу үшін әскери кадрларды даярлау саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойылды, – деді Мемлекет басшысы.
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, екі елдің өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымы бір екенін айтты. Қазақстан мен Тәжікстан көпжақты алаңдарда ортақ мүддені бірлесе ілгерілетуге әзір.
– Келіссөз барысында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше ден қойдық. Өңірдің орнықты дамуы – бауырлас халықтардың түпкілікті мүддесіне сай келетін ортақ мақсат. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028-2029 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне үміткер ретінде Тәжікстанның ұсынылуын қуана қабыл алды. Біз Тәжікстанның кандидатурасын қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🔹В прошлом году объемы авто- и железнодорожных перевозок между странами составили порядка 7 млн тонн 🔹Глава государства также указал на важность наращивания партнерства в транзитно-транспортной сфере.
– В прошлом году объемы авто- и железнодорожных перевозок между нашими странами увеличились на 8 и 15 процентов соответственно, составив порядка 7 млн тонн. Создаваемые для перевозчиков двух стран условия позволили сохранить положительную динамику и в текущем году. Достигнута договоренность уделить особое внимание цифровизации транспорта, которая обеспечит бесшовное движение грузов. Для дальнейшего развития этого направления будут изучены перспективы реализации приоритетных транспортно-логистических проектов. В этих целях действует двусторонняя Рабочая группа на уровне национальных железнодорожных компаний, которой поручено внести конкретные предложения по сотрудничеству, – сказал Касым-Жомарт Токаев.
🔹Помимо этого, Президент отметил, что в ходе переговоров отдельное внимание уделено водно-энергетической сфере.
– Казахстан благодарен таджикской стороне за последовательную политику и поддержку в вопросах использования ресурсов трансграничных рек. И мы договорились продолжить конструктивное взаимодействие в данном направлении. В приоритете – внедрение цифровых решений в водной сфере, совместное развитие систем учета и мониторинга водных ресурсов, – заявил он.
🔹По мнению Главы нашего государства, широкие перспективы для двух государств открывает сотрудничество в IT-секторе.
– За последние годы наша страна сформировала солидный задел в цифровизации государственных услуг и развитии технологий искусственного интеллекта. В рамках достигнутых ранее договоренностей таджикской стороне были переданы цифровые решения платформы электронного правительства. Специалисты из Таджикистана успешно завершили курсы стажировок в передовых IT-школах Казахстана. На базе Таджикского технического университета имени М.Осими функционирует совместный факультет информационных технологий при участии Евразийского национального университета имени Л.Гумилева. Уверен, подобные проекты будут способствовать технологическому прогрессу наших стран. Для систематизации масштабной работы по всем направлениям мы предложили разработать и принять Комплексный план сотрудничества между Казахстаном и Таджикистаном до 2030 года, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.

🔹Екі ел арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті шамамен 7 миллион тоннаны құрады Сонымен қатар Президент көлік-транзит саласындағы серіктестікті жандандырудың маңызына тоқталды.
– Былтыр елдеріміз арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті көлемі сәйкесінше 8 және 15 пайызға ұлғайып, шамамен 7 миллион тоннаны құрады. Тасымалдаушыларға жасалған жағдай биыл да оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді. Көлікті цифрландыру мәселесіне баса назар аудару жөнінде уағдаластық. Бұл жүкті іркіліссіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Аталған бағытты одан әрі дамыту үшін басты көлік-логистика жобаларын іске асыру перспективасы пысықталады. Ұлттық теміржол компаниялары деңгейіндегі жұмыс тобына ынтымақтастық бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды, – деді Мемлекет басшысы.
🔹Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында су-энергетика саласына айрықша мән берілгенін жеткізді.
– Қазақстан трансшекаралық өзендер қорын пайдалану мәселесіне қатысты бірізді саясаты мен қолдауы үшін тәжік тарапына алғыс айтады. Біз осы бағыттағы конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға келістік. Су саласына цифрлық шешімдерді енгізу, су ресурстарын есепке алу және мониторинг жүйесін бірлесе дамыту – басым міндет, – деді Президент.
🔹Мемлекет басшысы атап өткендей, екі елдің IT-сектордағы ынтымақтастығы мол мүмкіндікке жол ашады.
– Кейінгі жылдары еліміз мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын дамыту ісінде едәуір табысқа қол жеткізді. Бұған дейінгі уағдаластықтар аясында тәжік тарапына электрондық үкімет платформасының цифрлық шешімдері берілді. Тәжікстандық мамандар Қазақстанның үздік IT-мектептеріндегі тағылымдама курстарын ойдағыдай аяқтады. М. Осими атындағы Тәжік техникалық университеті жанынан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қатысуымен бірлескен ақпараттық технологиялар факультеті ашылды. Осы іспетті жобалар елдеріміздің технологиялық тұрғыдан өрлеуіне септігін тигізетініне сенімдімін. Барлық бағыттағы ауқымды жұмысты жүйелеу үшін Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеп, қабылдауды ұсындық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🔹Принята Дорожная карта по увеличению товарооборота до 2030 года 🔹Президент Казахстана заявил об успешных итогах сегодняшни
🔹Принята Дорожная карта по увеличению товарооборота до 2030 года 🔹Президент Казахстана заявил об успешных итогах сегодняшних переговоров, подтвердивших обоюдный твердый настрой на поступательное укрепление многогранного сотрудничества.
– В атмосфере взаимного доверия и уважения мы обсудили широкий круг вопросов, наметили основные приоритеты межгосударственного взаимодействия. Первостепенное внимание было уделено расширению торгово-экономических связей. Совместными усилиями объем двустороннего товарооборота уверенно приближается к отметке в два миллиарда долларов. Благодаря чему Казахстан входит в тройку внешнеторговых партнеров Таджикистана. Мы с уважаемым Эмомали Шариповичем договорились предпринять необходимые шаги для дальнейшего наращивания взаимной торговли. Для достижения этой цели сегодня была принята Дорожная карта по увеличению товарооборота до 2030 года. Правительствам поручено обеспечить ее качественную реализацию, – сообщил Глава государства.
🔹По словам Касым-Жомарта Токаева, значительные резервы сосредоточены в аграрном секторе. 🔹В прошлом году поставки сельхозпродукции между нашими странами выросли на 11%, составив около 600 млн долларов – это половина всего товарооборота. 🔹По итогам переговоров выражена готовность двух стран к расширению взаимных поставок продовольственных товаров. 🔹Для развития сотрудничества в этой области обсуждены возможности создания полноценных производственных цепочек по переработке сельхозпродукции. 🔹Далее Президент назвал важной задачей реализацию совместных проектов, которые станут новыми точками роста экономик двух стран. 🔹По его словам, большие перспективы открывает взаимовыгодное партнерство в энергетике, нефтегазовом, горно-металлургическом и перерабатывающем секторах. 🔹Он сообщил, что состоявшийся накануне визита Казахско-таджикский бизнес-форум подтвердил обоюдную заинтересованность предпринимателей двух стран в налаживании контактов по многим направлениям.

🔹2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды 🔹Қазақстан Президентінің айтуынша, бүгінгі келіс
🔹2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды 🔹Қазақстан Президентінің айтуынша, бүгінгі келіссөздер жемісті өтіп, қос тарап сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.
– Біз сенім мен өзара құрмет сипатында өрбіген әңгіме барысында көптеген мәселені талқылап, мемлекетаралық ықпалдастықтың негізгі басымдықтарын айқындадық. Ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мән берілді. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты тауар айналымы 2 миллиард долларлық межеге таяп қалды. Нәтижесінде Қазақстан Тәжікстанның сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне енеді. Қадірлі Эмомали Шариповичпен өзара алыс-берісті жандандыратын қажетті шаралар қабылдауға келістік. Бүгін осы мақсатқа жетуді көздейтін 2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды. Екі ел үкіметтеріне аталған міндетті сапалы орындау жүктелді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🔹Президенттің пікірінше, аграрлық секторда мүмкіндік мол. 🔹Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімі 11 пайызға өсіп, шамамен 600 миллион долларды құраған. Бұл – бүкіл тауар айналымының тең жартысы. 🔹Келіссөз қорытындысы бойынша мемлекеттердің бір-біріне жеткізетін азық-түлік тауарларының көлемін ұлғайтуға дайын екені айтылды. 🔹Бұл саладағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін толыққанды өндіріс тізбегін құру мүмкіндігі талқыланды. 🔹Мемлекет басшысы экономикалық өсімге тың серпін беретін бірлескен жобаларды іске асыруды маңызды міндет ретінде атады. 🔹Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, өңдеу өнеркәсібі секторларындағы өзара тиімді серіктестіктің келешегі зор деп санайды. 🔹Бұл ретте сапар қарсаңында өткен Қазақ-тәжік бизнес форумы екі ел кәсіпкерлерінің көптеген бағытта байланысты жолға қоюға мүдделі екенін растады.