cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Sputnik Қазақстан

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз 🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
10 051
Suscriptores
-924 horas
-487 días
-20430 días
Distribuciones de tiempo de publicación

Carga de datos en curso...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Análisis de publicación
MensajesVistas
Acciones
Ver dinámicas
01
🌪Қарағанды өңірінде құйынды дауыл болды Табиғи құбылыстың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видео: ekaraganda.kz @sputnik_aitady
2671Loading...
02
🇰🇿🇹🇲Ашхабадта Құрманғазы мен Абайдың ескерткіштері ашылады Бұл туралы Түрікменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездескен Мұрат Нұртілеу айтты. Сондай-ақ жуырда Астанада Түрікменстанның мәдениет күндері өтеді. @sputnik_aitady
3570Loading...
03
Қазақстандық десантшылар Түркияда «заңсыз қарулы құрылым басшысын тұтқынға алды» Олар күдіктіні құрықтап қана қоймай, тікұшақпен белгіленген жерге жеткізді. ❕Мұның бәрі – Түркиядағы «Доғанбей» полигонында өтіп жатқан EFES-2024 көпұлтты оқу-жаттығуы. ▫️EFES-2024 халықаралық оқу-жаттығуына әлемнің 49 елінен 11 мыңға жуық әскери қатысып жатыр. @sputnik_aitady
3630Loading...
04
Алматы облысында аударылған автобус жүргізушісі қамауға алынды Ол туристерді жүргізуші куәлігінсіз тасымалдаған, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті. «Автобусты көлік айдау құқығынан айырылған адамға бергені үшін турситерді тасмыалдаумен айналысқан ұйымның иесіне айыппұл салынады», - деп атап өтті полиция. Алматы облысында 37 турсит мінген автобус аударылып қалған еді. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан 25 адам зардап шекті. @sputnik_aitady
5650Loading...
05
Елімізде 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды Темекі өнімдерінің бағасын 770 теңгеден 820 теңгеге өсіру жоспарланып отыр. Ал 2025 жылдан бастап баға тағы 50 теңгеге көтеріліп, 870 теңге болады. Құжат жобасы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды @sputnik_aitady
5721Loading...
06
Үнді киносында «қара жорға» жүрсе, таң қалмаңыз 📍Бұл – Астанадағы үнді мәдениеті орталығы Орталықта Үндістаннан келген би мұғалімі «қара жорғаға» үндіше билеуді үйретеді. Тіпті өзінің ұлттық биіне қазақ халық биінің элементтерін де қосқан. Видео: 24KZ @sputnik_aitady
7470Loading...
07
Еліміздегі түрмелерден қанша тұтқын қашуға әрекет жасады? Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан түрмелерінде 40 мыңға жуық камера орнатылған. «Бенекамера орнатылғалы 43 суицид пен 4 қашу әрекетіне жол берілмеді. Тәртіпсіздікке ұласуы ықтимал 9 жанжал дер кезінде тоқтатылды. Сотталғандар тарапынан жасалған 24 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды», - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі. Шыңғыс Әлекешовтің айтуынша, тұтқындар барлығы 683 бейнебақылау камерасын бұзған. Олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. @sputnik_aitady
8572Loading...
08
Папуа-Жаңа Гвинеяда жүздеген адам тау көшкінінің астында қалды Жергілікті БАҚ көшкін астында 2 мыңға жуық адам болуы мүмкін дейді. Оқиға 24 мамырда болса да, зардап шеккендер саны әлі белгісіз. Себебі апат орнына техника жеткізу мүмкін емес болып тұр. Көшкін 200 шақырымнан астам аумақты алып жатыр. @sputnik_aitady
8430Loading...
09
Батыс Қазақстан облысында лудоман бухгалтер сотталды Ол 7 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын құмар ойынға салып жіберген. Алайда шығынның 1 млн теңгесін ғана қайтарып бере алды. Сот оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Оған қоса тура сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. @sputnik_aitady
9270Loading...
10
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жариялады
1 0121Loading...
11
Алматы облысында 40-қа жуық турист мінген автобус аударылып кеткен Автобуста 37 адам болған. 13 адам ауруханаға жеткізілді. Туристер дәрігерлердің бақылауында. Алдын ала ақпарат бойынша, «Аласа» асуындағы бұрылыста автобус жолдан шығып кеткен. @sputnik_aitady
1 1063Loading...
12
Путин екі күндік сапармен Өзбекстанға барды «Көксарой» резиденциясының аумағында Өзбекстан басшысының Ресей президентін ресми қарсы алу рәсімі. @sputnik_aitady
10Loading...
13
Ақтөбе облысында жаңадан төселген асфальт үгітіліп кеткен Бұл – Қобда мен Калиновка арасындағы жаңадан салынған жол. «22 мамырда асфальт төселген. Бір-екі көлік өткеннен кейін, ол үгітіліп кеткен», – дейді видеодағы тұрғын. Ал әкімдіктің айтуынша, жолды жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Мердігер ақауды өз есебінен жөндейді. Видео: gazeta_diapazon @sputnik_aitady
1 1382Loading...
14
ЕАЭО елдері 2024 жылдың I тоқсанын аяқтады ▪️Қазақстанда республикалық бюджет дефициті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24%-ға артты. $1,8 млрд-тан 2,3 млрд долларға дейін ▪️Ресейде бюджет тапшылығы 85,8%-ға қысқарған ($28,7 млрд-тан 3,3 млрд-қа дейін) ▪️Арменияда доллармен есептегенде сан өзгеріссіз ▪️Қырғызстанда профицит - плюс 100 млн доллар. Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараты
1 1040Loading...
15
Мектеп түлектері мұғалімге үш бөлмелі пәтер сыйлады 40 жылдан бері білім беріп жүрген ұстазға баспана кілті 25 мамырда соңғы қоңырауда табысталды. Жаңаөзенде 2004 жылғы түлектер "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірігіп осындай тарту жасады, деп хабарлайды Lada. Физика мұғалімі Гүлнәр Қарақойшиева күтпеген жерден жасалған сыйға қатты қуанып, көзіне жас алды.
1 1721Loading...
16
Мемлекет волонтерлік бастамаларға 70 млн теңгеден астам қаражат бөлмек Барлық өңірде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Мерзім - 31 мамырға дейін. Биыл әрқайсысы 300 мың теңге болатын 240 шағын грант беріледі.
1 1740Loading...
17
Қытай дәрігерлері адамға доңыз бауырын салды 71 жастағы науқас бауыр обырына шалдыққан. Оған доңыздың генетикалық түрлендірілген бауырын салды. Бұл туралы Аньхой медицина университеті ауруханасының баспасөз қызметі хабарлаған. Мамандар оның жағдайы қалыпты, операциядан кейін денсаулығында еш өзгеріс туындаған жоқ дейді. Қытай ғалымдары доңыздан адамға ксеногендік бауыр трансплантациясын әлемде бірінші болып жасап отыр, деп хабарлайды 24kz.
1 2094Loading...
18
Ақтөбе тұрғыны күйеуін дұрыс емдемеген емханадан 700 мың теңге өндіріп алды Әйелдің күйеуі мүгедек болған және көптен бері №2 емханаға көрініп жүрген. Былтыр сәуір айында ер адам қайтыс болған. Ал оның әйелі емхана мамандарын күйеуін уақытылы және сапалы көмек көрсетпегені үшін айыптаған. Емхананы және дәрігерді сотқа беріп, жалғыз асыраушысынан айырылуына байланысты 1 млн теңге моральдық шығынын өтеп беруді талап етіпті, деп жазады Диапазон.
1 2211Loading...
19
Алматыда тауға шыққан 11 жасөспірім құтқарушылардың көмегімен кері қайтты Олар қар аралас жаңбырға қарамастан, Турист шыңына көтерілген. Бірақ сол жерде біреуінің үстіне тас түскен. Құтқарушылар жоғары көтеріліп, бес адамды түсірді. Біреуі жарақаттанған. Біраз уақыттан кейін басқа жасөспірімдерді де тапты.
1 2432Loading...
20
Мына видеода полицейлер балалар мінген автобусқа қарай келе жатқан жүк көлігін байқап қалған Екі шағын автобуста жазғы лагерден қайтқан 22 бала болған. 23 мамыр күні түстен кейін Бурабай ауданынан шыққан. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстық батальонның қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев еріп жүрген. Полицейлер жүк көлігінің жүргізушісіне фара мен арнайы құрылғы арқылы сигнал берген. Бірақ жүк көлігі қозғалысын жалғастыған. Кейінірек белгілі болғандай, көлік бұзылып, жүргізуші көлікті басқара алмаған. Соңғы сәтте жүргізушісі бір жаққа бұрыла алды, патрульдік көлікке зақым келтірді. Төтенше жағдай жасағаны үшін жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды.
1 2641Loading...
21
Ақмола облысындағы Қоянды ауылында жеке тұрғын үйлерді су басты "Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалды", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. Су басқан аумаққа құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері жіберілді. Видео: ТЖМ @sputnik_aitady
1 5070Loading...
22
Өзбекстаннан көшіп келген қазақ боксшысы нені армандайтынын айтты 19 жастағы Аман Қонысбеков атамекеніне оралған бойда бірден халықаралық турнирде жүлдегер атанды. "Менің көшуіме бокс қана себеп емес. Туыстардың ішінде Өзбекстанда біз ғана қалдық, барлығы Қазақстанда. Бізге де көшу керек дедім. Сөйтіп, ол жақтағы бапкерлерім келісті, батасын да берді", - дейді Қонысбеков. "Енді көшті мен бастап тұрмын ғой. Осында жағдайды жасап алғаннан кейін үйдегілерді көшіріп алуым керек. Бұл – негізгі мақсатым", - деп ағынан жарылды жас боксшы. Sputnik Қазақстан агенттігіне сұхбат берген Аман Қонысбеков Өзбекстаннан не себепті кетіп қалғанын айтып, алдағы жоспарын бөлісті. Сұхбатты толық мына сілтеме арқылы оқуға болады. @sputnik_aitady
1 4970Loading...
23
Астаналықтар видео мен фото үшін осылай өз өмірін қауіпке тігіп жүр Бөгетке кішкентай балаларын алып баратындар да табылған. Қоршауды бұзып кірген. "Бұл туристік орын емес, қауіпті жер", - деп жазды "Нұра" ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов.
1 4500Loading...
24
Астанада Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына бірнеше рет пышақ сұқты 18 жастағы бойжеткен ауруханаға түсті. Ол 12-сыныпта оқиды. Ал қастандық жасаған жасөспірім бұл мектептің оқушысы емес. Тілшімізге мектеп өкілдері осылай деді. Күдікті ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу басталды.
1 4502Loading...
25
Ақтөбе облысында су тасқының алдын алу жұмыстары
1 4410Loading...
26
Үндістанда балалар саябағында өрт шығып, 28 адам қаза тапты Бұл жер заңсыз жұмыс істегені анықталды. Қаза болғандар саны әлі де артуы мүмкін деген болжам жасалып отыр
1 4482Loading...
27
Ұлы Дала және Тұран көшелерінің қиылысындағы жағдай Осы маңда тұратын астаналықтар үйіне жете алмай жатыр. Жолды жапқан. Ал суға қарамай өткен жүргізушілердің көлігі қалқып, төтенше жағдайлар қызметінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Біздің операторымыз да осы жерде болды (ақ көліктегі)
1 4462Loading...
28
2 алтын медаль Перуде ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. ▪️76 келі салмақта Жұмағали Аянат Қызылордалық қыз жұлқа көтеруде 97 келіні, серпе көтеруде 125 келіні және жалпы есепте 222 келіні бағындырды. БылтырАлбанияда өткен әлем чемпионатында алтыншы болған еді. ▪️Бұған дейін тағы бір қызылордалық Сабыр Нұрдос Қазақстан құрамасына алтын медаль әкелген болатын. Ол 89 келіге дейінгі салмақта барлығы 333 (148+185) келі көтеріп, бірінші болды.
1 4791Loading...
29
3-4 маусымда еліміздің шығысында оқу-жаттығу өткізіледі "Жер-2024" аясында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаталық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетіледі. Шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттер пысықталады.
1 4620Loading...
30
Құлсарыда ауыз судың ластанғаны анықталды: облыс әкімі шұғыл жиын өткізді «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының жаңа лупингін пайдалануға беру кезінде ластанғаны белгілі болды. Лайдың көптігінен су құрамы толық тазармай, Құлсары қаласына қажетті су көлемі берілмеді. Лайлану көрсеткіші стандартқа сай емес. Облыс әкімі тез арада кеткен кемшілікті реттеуді тапсырды.
1 5041Loading...
31
Жамбыл облысында жол апатынан бір адам көз жұмыа үш адам зардап шекті, оның бірі - мектеп түлегі 25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан “Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған. Салдарынан 21 жастағы азаматша көз жұмды. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.
1 4864Loading...
32
Түркістан облысында кортежбен жүрген түлектерге ескерту жасалды Жол ережесін бұзған автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік шара қолданылды. Полиция жол ережесін сақтауға шақырды.
1 4943Loading...
33
Мәскеуде Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы тойланды Поклонная тауындағы Жеңіс мұражайында салтанатты іс-шара өтті. Елші Дәурен Абаев, Жеңіс мұражайының директоры Александр Школьник, сондай-ақ Мәскеу әскери оқу орындарындағы қазақстандық курсанттар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Қонақтар Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне арналған көрмені аралады. @sputnik_aitady
1 6561Loading...
00:13
Video unavailableShow in Telegram
🌪Қарағанды өңірінде құйынды дауыл болды Табиғи құбылыстың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видео: ekaraganda.kz @sputnik_aitady
Mostrar todo...
🤯 4👀 2😨 2👍 1🙏 1👻 1
00:13
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇹🇲Ашхабадта Құрманғазы мен Абайдың ескерткіштері ашылады Бұл туралы Түрікменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездескен Мұрат Нұртілеу айтты. Сондай-ақ жуырда Астанада Түрікменстанның мәдениет күндері өтеді. @sputnik_aitady
Mostrar todo...
👏 4 2👍 1❤‍🔥 1🔥 1
00:31
Video unavailableShow in Telegram
Қазақстандық десантшылар Түркияда «заңсыз қарулы құрылым басшысын тұтқынға алды» Олар күдіктіні құрықтап қана қоймай, тікұшақпен белгіленген жерге жеткізді. ❕Мұның бәрі – Түркиядағы «Доғанбей» полигонында өтіп жатқан EFES-2024 көпұлтты оқу-жаттығуы. ▫️EFES-2024 халықаралық оқу-жаттығуына әлемнің 49 елінен 11 мыңға жуық әскери қатысып жатыр. @sputnik_aitady
Mostrar todo...
❤‍🔥 2🤩 2👍 1🔥 1👏 1🫡 1
Алматы облысында аударылған автобус жүргізушісі қамауға алынды Ол туристерді жүргізуші куәлігінсіз тасымалдаған, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті. «Автобусты көлік айдау құқығынан айырылған адамға бергені үшін турситерді тасмыалдаумен айналысқан ұйымның иесіне айыппұл салынады», - деп атап өтті полиция. Алматы облысында 37 турсит мінген автобус аударылып қалған еді. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан 25 адам зардап шекті. @sputnik_aitady
Mostrar todo...
😱 4🤬 2😨 2👍 1🤯 1
Елімізде 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды Темекі өнімдерінің бағасын 770 теңгеден 820 теңгеге өсіру жоспарланып отыр. Ал 2025 жылдан бастап баға тағы 50 теңгеге көтеріліп, 870 теңге болады. Құжат жобасы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды @sputnik_aitady
Mostrar todo...
👍 5🤡 3👏 1😁 1🤬 1😨 1
00:09
Video unavailableShow in Telegram
Үнді киносында «қара жорға» жүрсе, таң қалмаңыз 📍Бұл – Астанадағы үнді мәдениеті орталығы Орталықта Үндістаннан келген би мұғалімі «қара жорғаға» үндіше билеуді үйретеді. Тіпті өзінің ұлттық биіне қазақ халық биінің элементтерін де қосқан. Видео: 24KZ @sputnik_aitady
Mostrar todo...
3😁 3👍 1🤩 1😍 1👀 1
00:35
Video unavailableShow in Telegram
Еліміздегі түрмелерден қанша тұтқын қашуға әрекет жасады? Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан түрмелерінде 40 мыңға жуық камера орнатылған. «Бенекамера орнатылғалы 43 суицид пен 4 қашу әрекетіне жол берілмеді. Тәртіпсіздікке ұласуы ықтимал 9 жанжал дер кезінде тоқтатылды. Сотталғандар тарапынан жасалған 24 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды», - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі. Шыңғыс Әлекешовтің айтуынша, тұтқындар барлығы 683 бейнебақылау камерасын бұзған. Олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. @sputnik_aitady
Mostrar todo...
👍 2🤯 2😨 2 1😁 1👀 1
00:20
Video unavailableShow in Telegram
Папуа-Жаңа Гвинеяда жүздеген адам тау көшкінінің астында қалды Жергілікті БАҚ көшкін астында 2 мыңға жуық адам болуы мүмкін дейді. Оқиға 24 мамырда болса да, зардап шеккендер саны әлі белгісіз. Себебі апат орнына техника жеткізу мүмкін емес болып тұр. Көшкін 200 шақырымнан астам аумақты алып жатыр. @sputnik_aitady
Mostrar todo...
😱 6😢 4👍 1🤯 1👀 1
Батыс Қазақстан облысында лудоман бухгалтер сотталды Ол 7 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын құмар ойынға салып жіберген. Алайда шығынның 1 млн теңгесін ғана қайтарып бере алды. Сот оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Оған қоса тура сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. @sputnik_aitady
Mostrar todo...
😨 5🤯 3👍 2 1😱 1🤬 1
00:44
Video unavailableShow in Telegram
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жариялады
Mostrar todo...
👍 11🔥 1👏 1