cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Жаңалықтар - Stan.kz

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
17 086
Suscriptores
-10624 horas
+1 5137 días
+7 39230 días
Distribuciones de tiempo de publicación

Carga de datos en curso...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Análisis de publicación
MensajesVistas
Acciones
Ver dinámicas
01
"Аштықтан шетелге қашамыз деп, құлдыққа түстік": Ашаршылық куәгерлері естеліктерін бөлісті ХХ ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқының қасіретке толы бетбұрысты кезеңі болып саналады. Әсіресе 1919 жылдан басталған нәубет 1946 жылға дейін жалғасын тапты. Азып-тозған халық талғажау ас таппай, бір-бірінің етін жеп, көртышқан секілді жануарлармен қоректенуіне тура келді. Ұлы жұт кезінде қанша халық туған жерден қоныс аударды? Ашаршылықтан аман қалған куәгерлер мен олардың ұрпақтары қатыгез ұжымдастыру жайлы не біледі? "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтап алу" комиссиясы қандай архивтерді қопарды? Бұл туралы Stan.kz тілшісі толығырақ зерттеп көрді. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқыңыз. t.me/stankznews
8062Loading...
02
Төтенше жағдай туралы ескертудің не үшін "Президенттік құлақтандыру" деген тақырыппен келді? Мass Alert тестілік режимдегі ескерту тұрғындарға 31 мамыр күні сағат 12:00-де келген. Алайда хабарлама тек Android операциялық жүйесі бар құрылғыларды пайдаланушыларға ғана жіберілді. "3GPP TS 23.041 халықаралық спецификациясымен Cell Broadcast арнасының тақырып атаулары стандартталған. Осы спецификацияға сәйкес барлық телефон аппараттарын өндірушілер өздерінің мобильді құрылғыларында осы атауды операциялық жүйелер деңгейінде жүзеге асырады. Халықаралық спецификацияда қабылданған тақырыптардың атауы өзгермейді. Хабар тарату 4370 арнасында "Президенттік құлақтандыру" және "Ұлттық Құлақтандыру" деген тақырыппен жүргізілді, – деп жауап берді әкімдік. t.me/stankznews
1 2052Loading...
03
“Жылаған үш бала анасын әлі іздейді”: Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам 11 жылға сотталды Ақтөбеде бұрынғы әйелін қылғындырып өлтіріп, денені үш баласының қасына тастап кеткен сотталушыға үкім шықты. 27 жастағы ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья марқұмның артында қалған үш баласының жағдайын ескеріп, жәбірленуші тараптың пайдасына 20 млн теңге моральдық зиянды өтеуді міндеттеді. Марқұмның нағашы апасы Сәуле Сағымбаева балалары оның қолында екенін айтты. Жәбірленуші тарап тағайындалған жазамен келіспеді. Жазаны ауырлатуға апелляциялық шағым түсіретінін және сотталушының әкелік құқынан айыруға арыз беретінін айтты. t.me/stankznews
1 3093Loading...
04
“Жылаған үш бала анасын әлі іздейді”: Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам 11 жылға сотталды Ақтөбеде бұрынғы әйелін қылғындырып өлтіріп, денені үш баласының қасына тастап кеткен сотталушыға үкім шықты. 27 жастағы ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья марқұмның артында қалған үш баласының жағдайын ескеріп, жәбірленуші тараптың пайдасына 20 млн теңге моральдық зиянды өтеуді міндеттеді. Марқұмның нағашы апасы Сәуле Сағымбаева балалары оның қолында екенін айтты. Жәбірленуші тарап тағайындалған жазамен келіспеді. Жазаны ауырлатуға апелляциялық шағым түсіретінін және сотталушының әкелік құқынан айыруға арыз беретінін айтты.
100Loading...
05
Ал Android қолданушыларына «президенттік хабарландыру» келді Еске салайық, бүгін Алматы қаласында төтенше жағдай кезінде ескерту жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр. t.me/stankznews
1 4112Loading...
06
⚡Ұлттық банк мөлшерлемені 14,50%-ға дейін төмендетті Бұған дейін базалық мөлшерлеме 14,75% көлемінде сақталған еді. Айта кетейік, базалық мөлшерлеме – елдегі орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды. t.me/stankznews
1 3662Loading...
07
Жемқорлық пен суицидтің белең алуы, ертеңіне сенімсіздік: Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты 1928-1932 жылдардағы ашаршылық қазақ халқына орны толмас зардаптар әкелді. Ресми деректер бойынша 2,4 миллион адам аштықтан көз жұмды, 40 миллион мал қырылды және 1 миллион 70 мың адам Иран, Ауғанстан, және т.б. жерге көшіп кетті. Адам шығыны мен мал шығынынан бөлек бұл зұлматтың психологиялық зардаптары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Сарапшылар елдегі жемқорлық пен суицид деңгейінің жоғары болуы, билікке деген сенімсіздікті де осы ашаршылықтан қалған травма деп түсіндірді. Психоаналитик Stan.kz тілшісіне 90 жыл бұрын болған зұлмат қазіргі ұрпаққа қалай әсер етіп жатқанын айтып берді. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқыңыз. t.me/stankznews
1 4332Loading...
08
Ресей сарапшылары қазақстандық балмұздақтың құрамынан ішек таяқшаларын тапты Сарапшылар 38 өндірушінің тәттілерін зерттеген, олардың ішінде 37 ресейлік брендтің және бір қазақстандық – “Шин Лайн” брендінен "Мишка на полюсе" балмұздағы бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, 29 өндірушінің өнімдерінен әртүрлі зиян қоспа анықталды. Сонымен қатар қазақстандық "Шин Лайн" компаниясының "Мишка на полюсе" балмұздағынан және "Ермолина" балмұздағынан ішек таяқшаларын тапқан. "Шин Лайн" компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" тәуелсіз зертханасының қорытындысы бойынша "Мишка на полюсе" балмұздағынан ішек таяқшасы табылмағанын хабарлады. t.me/stankznews
1 4387Loading...
09
❓Қанша қазақстандықтың шетелде мүлкі бар Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы үш жылда 2 миллионнан астам адам декларация тапсырған. 3 мыңға жуық қазақстандықтың 71 елде жылжымайтын мүлкі бар екен. 1000-нан астам қазақстандық ақшаларын 80 елдің банкінде сақтаса, 21 елде 93 жеке тұлғаның 161 зияткерлік меншік объектісі бар екен. Бір жарым мыңға жуық отандасымыздың 67 мемлекетте көлігі тіркелген. t.me/stankznews
1 4611Loading...
10
Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай арнайы жазба жариялады «Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз», – деп жазды Президент. t.me/stankznews
1 6541Loading...
11
"Бетперде таққан адам” атымен танымал блогер Бішкектен келген ерлі-зайыптылардың емін төлеп берді Оралдық блогер ерлі-зайыптылардың емін және қажылыққа бару ақысын төледі. Сонымен қатар отбасына пәтер мен көлік сатып алып берді. Бішкектен келген ерлі-зайыптылардың екеуі де I топтағы мүгедек. Олар екі кішкентай қыз тәрбиелеп отырған ата-ана.
2 8951Loading...
12
“Оқу-жаттығу жиындары деп қымбат отельде демалған”: Елордалық спорт клубтары 100 млрд теңгені қайда жұмсады Антикор туризм және спорт министрлігін тексеру барысында кәсіпқой спортты қаржыландыру саласында елеулі заң бұзушылықтарды анықтады. Еліміздегі жетекші командаларға бөлінген қаражат түсініксіз бағыттарға жұмсалғаны анықталды. "Самұрық-Қазына" АҚ қорының қаражатын спорт федерациялары мен кәсіпқой клубтарының тиімсіз пайдаланғаны анықталды. Клуб ойыншыларына негізсіз төлем жасалып, басшылрдың жалақысы көтерілген. Оқу-жаттығу жиындарының атын жамылып, 5 жұлдызды қонақ үйлерде демалған. 6 жыл ішінде "Самұрық-Қазына" 138 млрд теңге демеушілік қаражатын 4 кәсіпқой клубқа ("Астана” ФК – 50,1 млрд, "Барыс" ХК – 48,8 млрд, Astana Qazaqstan Team велокомандасы – 31,5 млрд, "Астана" баскетбол командасына – 8 млрд) бөлген", – делінген Антикор хабарламасында. t.me/stankznews
2 0791Loading...
13
“Миының жарты бөлігін алып тастаған": Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап етті Алматы облысында Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатыр. Науқастың анасы Гүлсім Қамиева ұлының еденге тайып құлап, жарақат алғанына сенбейтінін жеткізді. Айтуынша Ербаян алғашында ауруханаға түскен кезде есін жиып, өзін ұрғанын басын изеп, растаған. Ал кейін жігітке дәрігерлер ата-анасының рұқсатынсыз тағы ота жасап, миының жарты бөлігін алып тастаған екен. “Тіпті тергеу де жүріп жатқан жоқ” деген жігіттің анасы мен адвокаты істің әділ шешілуін талап етіп отыр. Олар бұл істі қоғам Бишімбаевтың соты секілді назарда ұстауы керек дейді.  Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз.
2 0593Loading...
14
Қарағандылық зейнеткер полицейлерге сенбей, ақшасын алаяқтарға аударып жіберген Қарағандыда полицейлер мен банк қызметкерлері зейнеткерді тоқтатып, оның алаяқпен телефон арқылы сөйлескеніне сендіруге тырысты. Алайда егде жастағы тұрғын оларға қомақты қаржыны аударып жіберген. Полиция департаментінің дерегінше, 78 жастағы әйел телефон соққан алаяққа сеніп, 750 мың теңге аударған. t.me/stankznews
2 2085Loading...
15
Қостанайдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде әйелдерге арналған дәретханаға кіріп, қыздарды аңдыған ер адам 20 тәулікке қамауға алынды. Сот оны "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп тапқан. Ер адам өз қылмысын мойындады. t.me/stankznews
2 0561Loading...
16
Мәжілісмен «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынының атауын өзгертуді ұсынды Гүлдара Нұрымованың сөзінше, ойынның атауы тоғызқұмалақтың әлемдік ауқымда орнығуына кедергі келтіреді екен. Сондай-ақ ойынның негізгі екі атауы тараған дейді: қазақша – тоғызқұмалақ, қырғызша – тоғызкөргөл, ішінара түрікше - мангала/гечюрме деп аталады. Осылайша, түркі халықтарының бір ойыны әлемдік аренада екі түрлі аталып келеді. Ғалымдар мен зерттеушілердің айтуынша, бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар, ол – тоғызат. Бұл туралы этнограф Г.Загряжскийдің жасаған еңбегі арқылы ойынның атауы XIX-ғасырда тоғызат деп аталғаны мәлім болып отыр", – деді депутат. Уақыт белдеуін өзгерттік, енді ойынның атауын өзгерту қалды... t.me/stankznews
2 2533Loading...
17
❗Бұдан былай Қазақстанда қандас мәртебесін алуға үміткерлер этникалық тест тапсырады Кандидаттық мәртебесін және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш білдірген адамдардың ұлты қазақ екенін анықтау үшін жергілікті атқарушы органмен комиссия құрылады. Ұлты қазақ екенін анықтау үшін өтініш беруші жергілікті органға туу туралы куәлікті, ата-анасының туу туралы куәлігін, ата-бабасының Қазақстан аумағында тұратыны туралы мұрағаттық анықтамаларды, бар болған жағдайда неке қию туралы куәлікті ұсынады. Одан кейін комиссия 3 жұмыс күні ішінде ашық дауыс беру арқылы өтініш берушілердің ұлтының қазақ екенін анықтау немесе анықтаудан бас тарту туралы ұсыным қабылдайды t.me/stankznews
2 2384Loading...
18
Ал бұл 9 жасар бала олимпиадағы қатысу үшін жинаған қаржысының барлығы су тасқынынан зардап шеккендерге берген Алматыдағы №12 шимназияның 3-сынып оқушысы Дәулен Бауыржанұлының игі ісін президент Тоқаев та бағалапты. Қала әкімі Ерболат Досаев Дәуленмен кездесіп, президенттің хатын табыстады. t.me/stankznews
2 2736Loading...
19
Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді Енді облыс орталығы рухани-мәдени және тарихи орталыққа айналуы мүмкін. Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов қаулыға қол қойдығ енді құжат Мәжілісте қаралады. Заң жобасына сәйкес қаланың әлеуметтік маңызды екені айтылғагн. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі секілді тарихи ескерткіштерді қорғау мәселесі де қаралған. Мәселен, археологиялық ескерткіштер үшін тұрақты бақылау қамтамасыз етілетін арнайы резерват құрылады. Еске салайық, 2021 жылы Түркістан түркі әлемінің рухани астанасы деп танылған еді. t.me/stankznews
2 2462Loading...
20
Антикор Батыс Қазақстан медицина университетінің ректорын ұстады Агенттік мәлімиетінше Әсет Қалиев соталды тергеу аясында қамауға алынған. Ал өзге ақпарат жария етілмейді. Расталмаған ақпаратқа сәйкес ректор 12 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталған. Сондай-ақ оның үйінде тінту жұмыстары жүргізіліпті. t.me/stankznews
2 2823Loading...
21
Mass Alert ескерту жүйесі: Алматы әкімдігі 31 мамырда Android иелерін дүрлікпеуге шақырды “Ертең сағат 12:00-де Android мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде “Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізіліп жатыр. Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения. Remain calm. The public alert system is being tested”, – деген хабарлама келіп түседі. Екінші кезеңде iOS құрылғысының пайдаланушылары жүйеге қосылады. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді. t.me/stankznews
2 2875Loading...
22
Құлсарыда су тасқынымен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің командирі көз жұмды 23 жастағы Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы 29 мамырда қаза тапты. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. "Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз саласының маманы ретінде жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұм өрт сөндірушінің отбасына қолдау мен қажет көмек беріледі", – деп хабарлады ведомство. t.me/stankznews
2 4143Loading...
23
“Көзін күштеп ашып тұрды”: СҚО-да алаяқтар ер адамды алдап, атына несие рәсімдеген Суретте ер адамның көзін біреудің қолымен күштеп ашып тұрғанын байқауға болады. Бірақ ер адам осы қалпында сәйкестендіруден сәтті өткен. Ер адамға несие 2021 жылы өте оғаш жағдайда рәсімделгені анықталды. Ер адамның айтуынша, несие оның еркінен тыс рәсімделген. Ол досымен темір жол өткелінде жұмыс істеп жүргенде, оларға өздерін Ресей азаматымыз деп таныстырған ер адамдар келіп, Қазақстан азаматтарының көмегімен сим-карта алғылары келетінін айтқан. Осы оқиғадан кейін екі адамға да несие рәсімделгені белгілі болған: біреуіне 785 мың теңге, екіншісіне миллионға жуық.
2 6426Loading...
24
Ақмола облысында 11 сынып оқушысы өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды 12 мамыр күні сағат 11 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтады. Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінге көмекке ұмтылып, судан аман-есен шығарып алды. Білім басқармасы төтенше жағдайлар департаменті атынан Марленді ерлігі үшін марапаттады.
3 3185Loading...
25
“Тыныс алу мүмкін емес”: БҚО-дағы ауылдардың бірінде жәндік қаптады (видео) Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті бақташының видеосы тарады. Видеода ер адамның бетіне жәндіктердің құжынап жабысып алғанын байқауға болады. Видеоның Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақжайық ауылында түсірілгені белгілі болды. Бақташының сөзінше, жәндік  санының көптігі соншалық, адамның тіпті тыныс алуына мүмкіндік бермейтін көрінеді.
2 4729Loading...
26
Алматы облысында әйел мен оның екі баласын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жіберген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Деректерге сай, сотталушы мас күйінде пышақ қолданып, бірге тұратын серіктесі мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген. Содан кейін үйдің есігін сыртынан құлыптап, қашып кеткен. Бір күннен кейін ол қылмыс орнына қайта келіп, жәбірленушінің 40 мың теңгесін ұрлап, кісі өлтіру ізін жасыру үшін олардың үйін өртеп жіберген. “Сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот сотталушыны өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген хабарламада.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
2 4463Loading...
27
🚗Алдағы уақытта автокөлікті техникалық байқаудан өткізу реті өзгереді Министрдің сөзінше, автокөлікті техникалық байқау процедурасы өзгереді, бірақ механизмі өзгеріссіз қалады. «Өзгерістің техникалық байқауды "ҚазАвтоЖол" компаниясына берудің қатысы жоқ, біз қабылдайтын нормативтік құжаттарға байланысты. Заң 10 мамырда мәжілістің жалпы отырысының екінші оқылымында қабылданды. Бақылау қызметкерлері барлық жабдықтың бар-жоғын тексеріп, рұқсат береді. Бізде 900-ге жуық орталық бар, олар қайта біліктіліктен өтеді. Бұл көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр", - деді көлік министрі Марат Қарабаев. Сондай-ақ министрге автокөлікті техникалық байқау құны қымбаттауы мүмкін бе деген сауал қойылды. "Бұл – еркін нарық. Техникалық байқаудағы технологиялар бөлігі өзгермейді, яғни, орталықтар үшін қосымша талаптар қойылмайды. Егер оларда бұрын жабдық болмаса, демек олар заңсыз жұмыс істеп келді деген сөз", - дейді ведомство басшысы. t.me/stankznews
2 4271Loading...
28
Атырау облысындағы аудан әкімі бұрынғы әйелін ұрды деген айыппен сотқа тартылды Атыраудың №2 сотында бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваны жүйелі түрде ұрып-соқты деп айыпталған Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Жәбірленуші бұған дейін сотталушы оны қызының көзінше ұрғанын айтқан, сондықтан айыпталушының адвокаты оны Үмбетқалиеваның сөзін растау үшін шақырғанын айтты. Судья өтінішті қанағаттандырды. Сот-медициналық сарапшы Нұрқаділ Орынбасаровтан жауап алынып, ол 2023 жылғы 13 маусымдағы қорытындысында Ақмарал Үмбетқалиеваның бесінші сегізкөз омыртқасы сынғаны көрсетілгенін айтты. Бұл МРТ және травматологтың қорытындысымен расталады. Сот-медициналық сарапшы әйел қатты, доғал заттан жарақат алуы мүмкін деген қорытындыға келген. Сондай-ақ жәбірленушінің оң жамбасынан көгеру түріндегі дене жарақаты анықталған. t.me/stankznews
2 4670Loading...
29
"Ене мен келін ауыз жаласып жатыр": Белгілі этнограф желіде жұрттың ашуына тиген тойдағы ерсі ырым туралы айтты Кейінгі тәулікте әлеуметтік желіде көзге оғаш көрінетін тойдағы ырым қызу талқыланып жатыр. Аталған бейнежазбаға зер салсақ, беташар рәсімінде ене мен келін бір-біріне ернін жақындатып, кәмпитті таласа жегенін аңғаруға болады. Халықтың қытығына тиген бұл дәстүр қайдан шыққан? Stan.kz тілшісі белгілі этнограф әрі тарихшы Болат Бопайұлынан сұрап көрді. Дүйім жұрттың ортасында ауыз жаласқан әлгі ене мен келіннің әрекетін еліміздегі танымал этнографтар да көріп, бас шайқап отыр екен. Толығырақ сілтемеден оқыңыз:
2 4334Loading...
30
Қостанайдағы сауда орталығында дәретханаға кірген қыз басқа адамның бақылап тұрғанын байқапты. Телефонының камерасын қосып, тексермек болғанда ол еденде ер адамның жатқанын көрген. Видео желіде тараған соң қолданушылар түрлі пікір қалдырды. Дегенмен ер адамның әйелдер дәретханасында не істеп жүргені және мұнда қанша уақыт болғаны белгісіз. Қыз бұл оқиғадан кейін полицияға арыз жазыпты. Дегенмен қоңырау шалған полицейлердің бірі «әлі ештеңе болмағанын айтқан». t.me/stankznews
2 5667Loading...
31
Ұялы байланыс операторлары енді қазақстандықтардың деректерін ұлттық статистика бюросына жібереді Заң жобасын парламент депутаттары ұсынды. “Мемлекет басшысы статистикалық ақпаратты қалыптастыру тәсілдерін өзгерту жөнінде бірнеше рет тапсырма берді. Үлкен деректер мен цифрландыру дәуірінде ақпарат жинаудың ескі әдістері өзекті емес. Заң жобасы деректерді басқару және статистикалық ақпаратты қалыптастыру тәсілдерін қайта қарайды", – деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева. Заң статистикалық есеп беруді қысқартуды көздейді. Осы мақсатта "Ұлттық тізілімдер" түсінігі енгізілмек. Олар аумақтар бойынша анықтамалық деректерді қамтиды. Сондай-ақ әкімшілік деректер негізінде жаңартылатын цифрлық статистикалық жүйе құрылады. t.me/stankznews
2 4790Loading...
32
Дүкен сөрелерінен «қазақстандық банан» дегенді көрсеңіз таңғалмаңыз Себебі Түркістан облысында алғаш рет өсірілген банан алғашқы жемісін берді. Жемісті әзірге Алматы мен Шымкент қалаларында сатылады деп жоспарланып отыр. "5 гектарда 9 мың түп банан бар. Бірінші өнімге 600 тонна алайық деп тұрмыз. Алғаш егілгендеріне 9 ай, қалғандарына 5-6 ай болды. 3-4 айдан кейін одан да өнім аламыз. Кейін әрі қарай жылына 2-3 ретке дейін өнім аламыз. Бабын тапсақ, екі мың тоннаға дейін өнім алуға болады екен", – дейді кәсіпкер Ислам Әлиев. Дереккөз: «Информбюро» бағдарламасы. t.me/stankznews
2 5274Loading...
33
Солтүстік Корея 150-ден аса әуе шарына қоқыс байлап, Оңтүстік Корея аумағына ұшырды Солтүстік Корея үкіметі көрші елде таратылған үгіт-насихат тақырыбында жазылған парақшалар үшін осы әрекетке барған. t.me/stankznews
2 5685Loading...
34
Еліміздегі су тасқынынан кейін жолдарды қалпына келтіруге қанша қаржы жұмсалады Көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзінше, жалпы жөн жөндеуге 8,5 миллиард теңге, ал қосымша шығындарға 20 миллиард теңге жұмсалуы мүмкін. t.me/stankznews
2 6634Loading...
35
Елімізде енді көлікке салық салынған кезде оның жылы да ескерілмек Жеңіл автокөліктерге салынатын салық құны қазір көліктің қозғалтқышының көлеміне байланысты белгіленеді. Оның жаңа немесе ескі болуы маңызды емес. Кейде өте ескі көлікке салынатын салық құны жаңа жол талғамайтын көлікке белгіленген сомадан да асып кетеді. Енді әділдік болуы үшін оның шыққан жылына да қарайтын салықтың сараланған тәсілі ұсынылып отыр. Қоғамда мұндай жеңілдікке жол берсе, елде ескі көлік саны көбеюі мүмкін деген пікір бар. Бірақ көбі бұл бастаманы қолдайтынын жеткізді. Сарапшының пікірінше, ескірген көліктерге салық мөлшерін төмендеткеннен зиян жоқ. Елдегі көліктердің 50%-дан астамы тозғанын ескерсек, бұл салық ауыртпалығын жеңілдетеді дейді. t.me/stankznews
2 6493Loading...
36
Қызылорда облысында алабай баланы талап тастай жаздады Оқиға Қызылжарма ауылында болған. Видеодан баланың басын жауып, жерде жатқанын көруге болады. Қуанышқа орай ересектер итті қуып жіберген. t.me/stankznews
3 0498Loading...
"Аштықтан шетелге қашамыз деп, құлдыққа түстік": Ашаршылық куәгерлері естеліктерін бөлісті ХХ ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқының қасіретке толы бетбұрысты кезеңі болып саналады. Әсіресе 1919 жылдан басталған нәубет 1946 жылға дейін жалғасын тапты. Азып-тозған халық талғажау ас таппай, бір-бірінің етін жеп, көртышқан секілді жануарлармен қоректенуіне тура келді. Ұлы жұт кезінде қанша халық туған жерден қоныс аударды? Ашаршылықтан аман қалған куәгерлер мен олардың ұрпақтары қатыгез ұжымдастыру жайлы не біледі? "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтап алу" комиссиясы қандай архивтерді қопарды? Бұл туралы Stan.kz тілшісі толығырақ зерттеп көрді. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқыңыз. t.me/stankznews
Mostrar todo...
"Аштықтан шетелге қашамыз деп, құлдыққа түстік": Ашаршылық куәгерлері естеліктерін бөлісті

ХХ ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқының қасіретке толы бетбұрысты кезеңі болып саналады. Әсіресе 1919 жылдан басталған нәубет 1946 жылға дейін жалғасын тапты. Азып-тозған халық талғажау ас таппай, бір-бірінің етін жеп, көртышқан секілді жануарлармен қоректенуіне тура келді. Ұлы жұт кезінде қанша халық туған жерден қоныс аударды? Ашаршылықтан аман қалған куәгерлер мен олардың ұрпақтары қатыгез ұжымдастыру жайлы не біледі? "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтап алу" комиссиясы қандай архивтерді қопарды? Бұл туралы Stan.kz тілшісі толығырақ зерттеп көрді.

👍 2😢 1
Төтенше жағдай туралы ескертудің не үшін "Президенттік құлақтандыру" деген тақырыппен келді? Мass Alert тестілік режимдегі ескерту тұрғындарға 31 мамыр күні сағат 12:00-де келген. Алайда хабарлама тек Android операциялық жүйесі бар құрылғыларды пайдаланушыларға ғана жіберілді. "3GPP TS 23.041 халықаралық спецификациясымен Cell Broadcast арнасының тақырып атаулары стандартталған. Осы спецификацияға сәйкес барлық телефон аппараттарын өндірушілер өздерінің мобильді құрылғыларында осы атауды операциялық жүйелер деңгейінде жүзеге асырады. Халықаралық спецификацияда қабылданған тақырыптардың атауы өзгермейді. Хабар тарату 4370 арнасында "Президенттік құлақтандыру" және "Ұлттық Құлақтандыру" деген тақырыппен жүргізілді, – деп жауап берді әкімдік. t.me/stankznews
Mostrar todo...
Жаңалықтар - Stan.kz

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

“Жылаған үш бала анасын әлі іздейді”: Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам 11 жылға сотталды Ақтөбеде бұрынғы әйелін қылғындырып өлтіріп, денені үш баласының қасына тастап кеткен сотталушыға үкім шықты. 27 жастағы ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья марқұмның артында қалған үш баласының жағдайын ескеріп, жәбірленуші тараптың пайдасына 20 млн теңге моральдық зиянды өтеуді міндеттеді. Марқұмның нағашы апасы Сәуле Сағымбаева балалары оның қолында екенін айтты. Жәбірленуші тарап тағайындалған жазамен келіспеді. Жазаны ауырлатуға апелляциялық шағым түсіретінін және сотталушының әкелік құқынан айыруға арыз беретінін айтты. t.me/stankznews
Mostrar todo...
1🤯 1
“Жылаған үш бала анасын әлі іздейді”: Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам 11 жылға сотталды Ақтөбеде бұрынғы әйелін қылғындырып өлтіріп, денені үш баласының қасына тастап кеткен сотталушыға үкім шықты. 27 жастағы ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья марқұмның артында қалған үш баласының жағдайын ескеріп, жәбірленуші тараптың пайдасына 20 млн теңге моральдық зиянды өтеуді міндеттеді. Марқұмның нағашы апасы Сәуле Сағымбаева балалары оның қолында екенін айтты. Жәбірленуші тарап тағайындалған жазамен келіспеді. Жазаны ауырлатуға апелляциялық шағым түсіретінін және сотталушының әкелік құқынан айыруға арыз беретінін айтты.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Ал Android қолданушыларына «президенттік хабарландыру» келді Еске салайық, бүгін Алматы қаласында төтенше жағдай кезінде ескерту жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр. t.me/stankznews
Mostrar todo...
😢 7🤔 2🤣 2👍 1
⚡Ұлттық банк мөлшерлемені 14,50%-ға дейін төмендетті Бұған дейін базалық мөлшерлеме 14,75% көлемінде сақталған еді. Айта кетейік, базалық мөлшерлеме – елдегі орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды. t.me/stankznews
Mostrar todo...
🤡 7👍 2
Жемқорлық пен суицидтің белең алуы, ертеңіне сенімсіздік: Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты 1928-1932 жылдардағы ашаршылық қазақ халқына орны толмас зардаптар әкелді. Ресми деректер бойынша 2,4 миллион адам аштықтан көз жұмды, 40 миллион мал қырылды және 1 миллион 70 мың адам Иран, Ауғанстан, және т.б. жерге көшіп кетті. Адам шығыны мен мал шығынынан бөлек бұл зұлматтың психологиялық зардаптары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Сарапшылар елдегі жемқорлық пен суицид деңгейінің жоғары болуы, билікке деген сенімсіздікті де осы ашаршылықтан қалған травма деп түсіндірді. Психоаналитик Stan.kz тілшісіне 90 жыл бұрын болған зұлмат қазіргі ұрпаққа қалай әсер етіп жатқанын айтып берді. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқыңыз. t.me/stankznews
Mostrar todo...
Жемқорлық пен суицидтің белең алуы, ертеңіне сенімсіздік: Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты

1928-1932 жылдардағы ашаршылық қазақ халқына орны толмас зардаптар әкелді. Ресми деректер бойынша 2,4 миллион адам аштықтан көз жұмды, 40 миллион мал қырылды және 1 миллион 70 мың адам Иран, Ауғанстан, және т.б. жерге көшіп кетті. Адам шығыны мен мал шығынынан бөлек бұл зұлматтың психологиялық зардаптары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Сарапшылар елдегі жемқорлық пен суицид деңгейінің жоғары болуы, билікке деген сенімсіздікті де осы ашаршылықтан қалған травма деп түсіндірді. Психоаналитик Stan.kz тілшісіне 90 жыл бұрын болған зұлмат қазіргі ұрпаққа қалай әсер етіп жатқанын айтып берді.

👍 7 1
Photo unavailableShow in Telegram
Ресей сарапшылары қазақстандық балмұздақтың құрамынан ішек таяқшаларын тапты Сарапшылар 38 өндірушінің тәттілерін зерттеген, олардың ішінде 37 ресейлік брендтің және бір қазақстандық – “Шин Лайн” брендінен "Мишка на полюсе" балмұздағы бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, 29 өндірушінің өнімдерінен әртүрлі зиян қоспа анықталды. Сонымен қатар қазақстандық "Шин Лайн" компаниясының "Мишка на полюсе" балмұздағынан және "Ермолина" балмұздағынан ішек таяқшаларын тапқан. "Шин Лайн" компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" тәуелсіз зертханасының қорытындысы бойынша "Мишка на полюсе" балмұздағынан ішек таяқшасы табылмағанын хабарлады. t.me/stankznews
Mostrar todo...
👍 11😱 2 1
❓Қанша қазақстандықтың шетелде мүлкі бар Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы үш жылда 2 миллионнан астам адам декларация тапсырған. 3 мыңға жуық қазақстандықтың 71 елде жылжымайтын мүлкі бар екен. 1000-нан астам қазақстандық ақшаларын 80 елдің банкінде сақтаса, 21 елде 93 жеке тұлғаның 161 зияткерлік меншік объектісі бар екен. Бір жарым мыңға жуық отандасымыздың 67 мемлекетте көлігі тіркелген. t.me/stankznews
Mostrar todo...
👍 8

3