cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Жаңалықтар - Stan.kz

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
9 702
Suscriptores
-124 horas
-277 días
+15830 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

❓ Алматыда жер сілкінісі салдары үй бағасына қалай әсер етті Желіде сарапшы қазіргі уақытта Алматыдағы пәтерлер бағасының күрт төмендегенін жеткізді. Айтуынша жер сілкінісінен соң пәтерді сатушылар мен жалға берушілер саны артқан. Ал сұраныс азайған. Осыған байланысты Stan.kz тілшісі экономист Расул Рысмамбетовтен нарықтағы жағдайды сұрап білді. Маман алдағы уақытта Алматының құрылыс салушылар үшін тиімсіз қала болатынын алға тартты. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
Mostrar todo...
2
❓ Маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалады Қазақстанда маусымда Құрбан айт атап өтіледі. Атаулы күн 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған орай қазақстандықтар 15, 16, 17 маусым күндері үш күн демалады. t.me/stankznews
Mostrar todo...
👍 9
📢15 мамырда Қазақстанда сиреналар қосылады Сиреналар сағат 12.55-те қосылады. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тексеріс "ӨРТ-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді. Республикалық штаб Абай ауданында. Министрлік тұрғындардан дүрбелеңге салынбауды сұрайды. t.me/stankznews
Mostrar todo...
👎 5👍 3🔥 1
Ақтөбе билігі 200 миллион теңгеге жөнделген бөгетті қайта қалпына келтірмек Щербаков бөгеті былтыр ғана күрделі жөндеуден өтіп, артынша жарылып кеткен. Кейіннен бюджет қаржысына айналма каналдың түбі цементтеліп, су төгетін арнаға шлюздер орнатылған. Мемлекеттік сатып алуда талдықорғандық "СК Гранд Канал" компаниясы жеңіске жеткен екен. Жақында облыс әкімдігі бөгетті қайта қалпына келтіруге тағы да миллиондаған қаржы жұмсайтынын хабарлады. t.me/stankznews
Mostrar todo...

👍 4👎 1
Кәсіпкер есек сойып, етін базарға сатқан Желіде Шымкентте кәсіпкерлердің бірі сапалы ет жеткізу үшін есектерді союға жібергені туралы ақпарат тарады. Кадрлардан есектің сирақтары мен ішектері тасталған шұңқырды байқауға болады. Сондай-ақ есекті союға арналған арнайы орын мен етін сақтайтын тоңазытқыш дайындалған. Қала тұрғыны мал етіне ветеринариялық инспекция пен құзырлы органдардың рұқсаты жоқ екенін айтып, наразылық білдірді. Шымкент әкімдігі хабарлауынша, қызметі тіркелмеген шаруа қожалығында 104 бас есек пен 36 бас уақ мал бары анықталды. Ал мал иесінің сөзінше, 12 мамырда 3-4 өлген есек қожалықтың ауласында сойылып, көмілген. Сойылған есектердің етін сату фактілері анықталмады. Мал иесі есектерді Қытайға ет экспорттау мақсатында өсіргенін айтты. t.me/stankznews
Mostrar todo...
😱 15👍 2👎 2 1
💰 Алматы облысында колонияда онлайн казино жұмыс істеп келген Прокуратураның хабарлауынша, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған. Нәтижесінде жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асқан.
"№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты прокуратура сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті", – делінген хабарламада.
Прокуратура мәліметінше №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды. t.me/stankznews
Mostrar todo...
🤨 4👍 3😁 1
Желіде мешітте болған жанжалға қатысты видео пайда болды. Кадрлардан ер адам намаз уақытында әлдекімді ұрып жібергенін байқауға болады. Оқиға 14 мамыр күні Шымкенттегі мешіттердің бірінде болған. ҚМДБ мәліметінше, мешітке тұрақты келуші азамат намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан. Сол сәтте қатарда тұрған ер адам оның әрекетіне төзбей, ұрып-соққан. Салдарынан имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Полицияның хабарлауынша, оқиғаға қатысушылар арыз түсіріп, сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. t.me/stankznews
Mostrar todo...
🤬 15👍 7🤯 1😱 1
⚖ Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім өзгертілді Өзгертілген үкімге сәйкес, Болат Нұрасылға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал моральдық шығын мөлшері әрқайсысына бір миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұған дейін сот 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл салған. Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысы 500 мың теңге моральдық шығын және өкілдің қызметіне кеткен 1 600 000 теңге өндірілді. t.me/stankznews
Mostrar todo...
👍 2🤡 2
🛵 Енді мопед жүргізушілері де көліктерін тіркеу керек Оларға А1 санатындағы лицензия алу үшін алты ай уақыт беріледі. Парламент қабылдаған "жол қозғалысы туралы" заң жобасына сәйкес мопедтер толыққанды көлік құралына айналады. Қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аз мопедтер автокөлік құралына жатқызылады. Олар мемлекеттік тіркеуге және мемлекеттік нөмір алуға міндеттеледі. Мопедтерді басқару үшін азаматтарға төмендегі талаптар міндеттеледі: көлік құралын уәкілетті органда міндетті тіркеуден өткізуге;А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу (бұл жағдайда А1 санаты автоматты түрде А, В және С санаттары жүргізушілеріне қосымша оқуды қажет етпей беріледі); жыл сайынғы техникалық байқаудан өту;көлік жүргізушілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды алу.
Mostrar todo...
👍 4👎 1
Абай облысында қызыл қоңыз қаптап жатыр Зиянкестер жайылым жерді түк қалдырмай отап тастаған.  Тұрғындардың сөзінше, қоңыздан қалған шөпті жеген төрт-түлік те уланып жатыр. Алайда әкімшілік “мал шығыны жоқ” деп отыр. Дегенмен олар туристер көп келетін Алакөлдің жағасын да қоңыз басқанын айтты. Қазір мамандар даланы улауға кірісіпті.  Үржар ауданы дезинфекциялау мекемесінің маманы апта соңына дейін 35 гектар алқап залалсыздандырылатынын айтты. ВИДЕО: КТК t.me/stankznews
Mostrar todo...
👍 3 2😁 1🤔 1