es
Feedback

¡No caigas en manos de tramposos! Telemetrio encuentra y marca estos canales 👉 Si quieres ver la etiqueta, suscríbete

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

Ir al canal en Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

Mostrar más
El país no está especificadoLa categoría no está especificada
1 746
Suscriptores
+124 horas
+37 días
+630 días
Archivo de publicaciones
بَلِ ٱللَّهُ مَوْلَىٰكُمْ ۖ وَهُوَ خَيْرُ ٱلنَّٰصِرِينَ Керісінше, сендердің иелерің – Аллаһ. Ол – ең жақсы медеткер. («Әли Имран» сүресі 3:150)

وَسَنَجْزِى ٱلشَّٰكِرِينَ Шүкіршілік етушілерді жақында міндетті түрде сый-сияпатқа бөлейміз. («Әли Имран» сүресі 3:145)

وَسَيَجْزِى ٱللَّهُ ٱلشَّٰكِرِينَ Аллаһ (тура жолда жүрудің қадірін түсініп) шүкіршілік етушілерді жақында мол сый-сияпатқа бөлейді. («Әли Имран» сүресі 3:144)

أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُوا۟ ٱلْجَنَّةَ وَلَمَّا يَعْلَمِ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ جَٰهَدُوا۟ مِنكُمْ وَيَعْلَمَ ٱلصَّٰبِرِينَ Аллаһ араларыңдағы хақ жолда күресіп жүргендер мен сабырлы жандарды анықтап, өзгелерден ажыратып алмайынша, бірден жаппай жұмаққа кіреміз деп ойладыңдар ма?! («Әли Имран» сүресі 3:142)

🌸Тәуекел-тек Аллаһқа құл болу. Себепке, адамға, нығметке, қиындыққа, нәтижеге, жоспарға емес, тек Аллаһтың Өзіне. 🤩Себепке құл болмау, тек Аллаһқа құл болу деген- нәпсіңізге ұнайтынды ойлап емес, Аллаһқа ұнайтынды ойлап, амалды жасау, және сол амалдан күтпеу нәтижені, тек Аллаһтан күту. Себепті-Аллаһқа бағыну үшін, құлдық әдепті көрсетіп жасау. Және айналаңыздағы барлық себептерден Аллаһтың қалауын, сынағын, жоспарын көру және Оған сену. 🤩 Адамға құл болмау, тек Аллаһқа құл болу деген-сол адамға ұнайтынын ойлап емес, Аллаһқа ұнайтынды ойлап жасау, және сол адамнан күтпеу, тек Аллаһтан күту. Адамға қатысты Аллаһқа ұнайтын мәмілені-Аллаһқа бағыну үшін, құлдық әдепті көрсету үшін жасау. Және адамдардан Аллаһтың қалауын, сынағын, жоспарын көру және Оған сену. 🤩Нығметке құл болмау, тек Аллаһқа құл болу деген-нығмет келсе, нығметке емес, сол нығметті Бергенге қуану, нығметтің өзіне емес, Берушіге разы болу, нығметпен емес, Берушімен тамсану, нығметті емес, Берушіні жақсы көру, сол нығметке емес, Бергенге байлану. Сол нығмет арқылы Аллаһқа ұнайтынды жасау, Оған бағыну. Сол нығметтен Аллаһтың қалауын, сынағын, жоспарын көру және Оған сену. 🤩Қиындыққа құл болмау, тек Аллаһқа құл болу деген-қиындық келсе, қиындықты емес, қиындықты Жаратушыны ұлықтау, қиындықтың өзіне емес, Жаратушысына назар аудару, қиындықты емес, Жаратушысын ойлай беру, қиындықтан емес, Жаратушысынан қорқу, абайлау. Қиындықта Оған ұнайтынды жасау, Ол сізден талап ететінді орындау. Сол қиындықтан Аллаһтың қалауын, сынағын, жоспарын көру және Оған сену. 🤩Нәтижеге құл болмау, тек Аллаһқа құл болу деген-сіз ойлаған нәтижені емес, Аллаһ қалаған нәтижені күту, сіз белгілеген нәтижеге емес, Аллаһ белгілеген нәтижеге разы болу, нәтижені емес, оның қалай боларын Белгілеуші, Даналығымен үкім шығарушыны ойлай беру, нәтижеге емес, Аллаһтың Даналығына сену. Кез келген нәтижеден Аллаһтың қалауын, сынағын, жоспарын көру және Оған сену. 🤩Жоспарға құл болмау, тек Аллаһқа құл болу деген-сіз құрған жоспарды емес, Аллаһ сізді жаратпай тұрып тағдырыңызға жазғанды мақсат тұту, сіз жасаған жоспарға емес, Аллаһ қалаған жоспарға байлану, өзіңіздің қалау, таңдауыңызға, ақылыңызға емес, Аллаһтың қалауына, жоспарына, Біліміне сену, артық көру, маңыз беру, жақсы көру, разы болу, хайыр іздеу. Тек Аллаһты, Қалауын, Жоспарын, Сынағын көру және Оған сену. Үнемі жәрдем сұрауда және жүрекпен Оны өте көп еске алу халінде болу…💕 🌺 Әл-Ләтыфтың құлы #тәуекел

жалпы тәуекел-ерекше құнды Аллаһ үшін, барлық нәрсе үшін Аллаһ өлшем берді, осындай сый-сыяпат беремін деді. Ал, тәуекел етушілерге-Өзім Жеткіліктімін деді…🤍✨ وَتَوَكَّلْ عَلَى ٱللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلًا Бір Аллаға тәуекел ет! Алла қамқоршы ретінде (саған) әбден жеткілікті. («Ахзаб» сүресі 33:3) وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ ۚ وَمَن يَتَوَكَّلْ عَلَى ٱللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُۥٓ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَٰلِغُ أَمْرِهِۦ ۚ قَدْ جَعَلَ ٱللَّهُ لِكُلِّ شَىْءٍ قَدْرًا Сондай-ақ оған еш ойламаған жерден ризық нәсіп етеді. Кім Аллаға арқа сүйеп, тәуекел етсе, оған (қолдаушы һәм медеткер ретінде) бір Алла жеткілікті. Алла бұйрығын міндетті түрде жүзеге асырады. Шүбәсіз, Алла әр нәрсе үшін алдын-ала белгілі бір өлшем белгілеп қойған. («Талақ» сүресі 65:3) أَلَيْسَ ٱللَّهُ بِكَافٍ عَبْدَهُۥ ۖ وَيُخَوِّفُونَكَ بِٱلَّذِينَ مِن دُونِهِۦ ۚ وَمَن يُضْلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنْ هَادٍ Алла құлына (қамқор ие һәм қорған ретінде) жетпей ме? Олар өздерінше сені Алладан өзге құдайларымен (пұттарымен) қорқытып бағуда. Алла кімді адастырған болса, оны ешкім тура жолға бастай алмайды. («Зүмәр» сүресі 39:36) #тәуекел #құран

Мен назарымды құлшылықта ұстауым керек, құл сияқты өзімді ұстауды ойлауым керек, Иемнің ісіне араласпай, Онымен бірге басқарып, шешуді, жоспарлауды қаламай… #тәуекел

🌟Тәуекел-сіз Оған тапсырып, амал еттіңіз, сіз қалағандай нәтиже болды. Шүкір еттіңіз. Сіздің амалыңыз күшті болғасын, сай болғасын емес, Аллаһ солай болуын қалағасын, сол сіз күткен нәтиже болды. Амалыңыз, себеп-бұл жерде күшке ие емес. Бұл жердегі маңызды мәселе-🌟тәуекел етуім, мен күткен нәтиже болғанда, Аллаһты көріп, шүкір етуім. Мен құлшылықтамын.🌟Тәуекел ету, күту, шүкір етумен. Осылай жасауым мен үшін хайыр болады. Сонымен қатар, 🌟 тәуекел-сіз Оған тапсырып, амал еттіңіз, сіз қалағандай нәтиже болмады. Сабыр, қанағат етесіз. Сіздің амалыңыз бұрыс болғасын емес, сай емес болғасын емес, Аллаһ солай болуын қалағасын, сол сіз күткендей нәтиже болмады. Амалыңыз, себеп-бұл жерде күшке ие емес. Бұл жердегі маңызды мәселе-🌟тәуекел етуім, мен күткен нәтиже болмағанда, Аллаһты көріп, сабыр және Оның таңдауымен қанағат етуім.🌟 Мен құлшылықтамын. Тәуекел ету, күту, сабыр, қанағат етумен. Осылай жасауым мен үшін хайыр болады. #тәуекел #құран

وَإِن يُرِيدُوٓا۟ أَن يَخْدَعُوكَ فَإِنَّ حَسْبَكَ ٱللَّهُ ۚ هُوَ ٱلَّذِىٓ أَيَّدَكَ بِنَصْرِهِۦ وَبِٱلْمُؤْمِنِينَ Егер олар (бейбіт бітімге келеміз деп) сені алдап соққылары келсе де, еш қам жеме, шүбәсіз, саған (жебеуші ретінде) бір Алла жеткілікті. Саған бүгінге дейін медет беріп, мүміндер арқылы қолдау көрсеткен де бір Өзі. («Әнфәл» сүресі 8:62)

Тәуекелді арттыратын нәрсе 🌟 -осыған дейінгі Аллаһтың берген нығметтерін, көрсеткен жәрдемін, сіз қалағандай болмаса да, Оның белгілеген хайырлы нәтижелерін еске алу керек🌟 Раббымыз аятта сондай көркем насихат жасауда бәрімізге🌟 Осыған дейін аман жүргеніңіз, қызығын көрген барлық нығметтер, құтылған қиындықтар-бәрі тек Аллаһтың Мейірімімен ғой🌟Олай болса, өткен шағыңызға қарап, тек Аллаһты көргендей, осы шақ, болашаққа қарап тек Аллаһты көріңіз🌟 #тәуекел #құран

Раббымыз бізге үйретуде 🌟 Себептерге арқа сүйемеуді, сол себептерді Басқарушы, Іске асырушы, Өшіруші Аллаһқа ғана арқа сүйеуді🌟 Ал себептерді жасаймыз-сүннет болғаны үшін, Аллаһтың орнатқан заңдылықтарын құрметтегеннен🌟 Бірақ, назарым, үмітім, ойым-тек Аллаһта болу керек! 🌟🌟 #тәуекел #құран

🤍Тәуекел-Аллаһтың Әш-Шәкуур екеніне йақинмен сеніп, сол йақинға сай амал етуі… Ия, адамдар сенеді бірақ ақылмен…жүрекпен еме
🤍Тәуекел-Аллаһтың Әш-Шәкуур екеніне йақинмен сеніп, сол йақинға сай амал етуі… Ия, адамдар сенеді бірақ ақылмен…жүрекпен емес, сол үшін ақпарат бар, бірақ йақин болмағасын — сөзі, ойы, амалынан тәуекелдің белгілері көрінбейді. ✨Сіз Аллаһ жайлы жақсы ойласаңыз, жақсы ойыңызға Жақсылықпен Әш-Шәкур жауап береді. ✨Сіз Аллаһқа ұнайтын сөз, амалды таңдағанда, (өзіңіз үшін уайымдамай, қорықпай) Аллаһқа ұнауды таңдағаныңызға, жақсы амалыңызға Жақсылықпен Әш-Шәкур жауап береді. ✨Сіз Аллаһқа сеніп, сол үшін жәрдем, көмек сұрағанда, ең жақсы жауапты тек Аллаһтан табамын деп үміттеніп Оған бет бұрғанда, сол жақсы үмітіңізге Жақсылықпен Әш-Шәкур жауап береді. 🤍Жақсыға ең Жақсымен жауап береді Әш-Шәкур деген құл ғана тәуекел етеді…Сол үшін ойдың, сөздің, амалдың жақсысын, Аллаһқа ұнайтынын таңдап, Раббысынан ең Жақсыны күтеді…🤍 🌺 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек #Аллаһтытану #Тәуекел

Адамдармен мәміле, қарым-қатынаста Аллаһқа тәуекел ету, Оған сену, тек Оны Дос көру-сол адамдарға қатысты мәміледе өзіңізге ұнайтынды емес, Аллаһқа ұнайтынды жасауыңыз. Мысалы, сізге біреу, жақын, дос қабағын түйіп қараса да, дөрекі сөйлесе де, сіз Аллаһ үшін жымиюыңыз сүннетке еріп, Аллаһ үшін сонда да жұмсақтықпен сөйлеуіңіз, яғни өзіңіз қалағанды емес, Аллаһ қалағанды жасауыңыз-тәуекел. Сол кезде жүрек тыныш болады, “тәуекел ет, Аллаһ саған жеткілікті” аятын жүрекпен түсіне бастайсыз. Тәуекел етпеу-шайтанның өтіріктеріне сеніп, қабағыңызды түйіп, сол адам сияқты дөрекі жауап беруіңіз, өйткені Аллаһты емес, өзіңізді, өз ақылыңызды, жоспарыңызды, қалай дұрыс болу керек деген шекті біліміңізді таңдап, соған байланып, содан қиналғаныңыз. #тәуекел

🌷Тәуекел етіп жатырмын ба, қалай білемін? Оңай✨ Сіз тәуекел етсеңіз-Аллаһқа ұнайтынды ғана жасап, сонымен разы боласыз, жүрек тыныш болады. Тәуекел етпегеніңіз-өзіңізге ұнайтынды жасап, жүрек мазасыз болуы. #тәуекел

💫 Барлық әдемі қасиеттерге, сөздерге, істерге кілт-Аллаһ ‘азза Уа Джальға тәуекел етуде. Егер біз шынымен Аллаһқа толықтай тәуекел етсек, яғни:
• Пайда мен зиян тек Одан екеніне иман келтірсек • Барлық жаратылысты бір Өзі қалағанындай Басқарушы екеніне иман келтірсек • Барлық Ісі, Шешімінде құлдарына Жақсылық қалау, Тазалауы, Мейірімі, Даналығы, Әділдігі, Ескеруі барына иман келтірсек • Сауаптың ең жақсысын Беруші, нәтижені қалай боларын Белгілеуші екеніне иман келтірсек • Бәрін бәрін Ескеруші, Хабардар, Жанашыр екеніне шынайы сенсек,
🧡 біз Одан ғана күтіп пайданы да, зиянды да, Одан ғана қорқып, именіп, Оның ғана беруін көріп, шүкір етіп, Ол ғана жауап беретінін ескеріп, Одан сұрап, Оған ұнайтындай іс, сөз, қасиеттерді мақсат етер едік. Адам өзіне не жаратылыстарға сеніп, күткендіктен, қорыққандықтан нәпсісіне беріліп істейді, сөйлейді не нәпсіге ұнайтын мінезді ғана көрсетеді. Сөйтіп әрнәрсенің құлы болып, қиналып жүреді. #насихат #тәуекел

Аллаһқа Тәуекел ☁️ Ыңғайлы жағдайлардың ішінде отырып, Аллаһқа тәуекел ету оңай. Бірақ, нағыз йақин болмауы мүмкін. Себебі, сенім, үміт-Аллаһтың Өзіне емес, ыңғайлы жағдайларға болып тұрады. Ыңғайсыз жағдайлардың ішінде отырып, Аллаһқа тәуекел ету-нағыз нәпсімен жиһад әрі сабырлық. Нағыз йақин тәрбиеленетін халь. Себебі, қанша жерден жақсы ойлауыңызға кедергі жағдайлар болса да, оларға қарамай, Аллаһқа, Оның Мейіріміне, Даналығына қарау, шын жүректен Субханаллаһ, Раббым Кемшіліктен Пәк, Мадақтарға лайық деу-Раббыңыз жайлы жақсы ойлауыңыздан, Оған, Жоспарына, сізді Бағыттауына балаша сенуіңізден. Нағыз Аллаһқа шүкірлік-ұнайтын әрі ұнамайтын жағдайларда да Оның Мейірімін көре алу, қиындық арқылы сізді жақсылыққа, жеңілдікке, сіз үшін керек әдемі жолға Жетектеп жатқанын сезу 🤍 #насихат #тәуекел #шүкір

أُو۟لَٰٓئِكَ جَزَآؤُهُم مَّغْفِرَةٌ مِّن رَّبِّهِمْ وَجَنَّٰتٌ تَجْرِى مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَا ۚ وَنِعْمَ أَجْرُ ٱلْعَٰمِلِينَ Олардың алатын сыйы (қарымы) Раббыларының кең кешірімі мен (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағатын жаннат бақшалары болмақ. Олар сонда мәңгі-бақи қалып, (бақытты ғұмыр кешеді). (Діннен) үйреніп-білгенін іске асырып, игілікті істер атқарғандардың алар сыйы неткен ғажап десеңші! («Әли Имран» сүресі 3:136)

وَٱلَّذِينَ إِذَا فَعَلُوا۟ فَٰحِشَةً أَوْ ظَلَمُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ ذَكَرُوا۟ ٱللَّهَ فَٱسْتَغْفَرُوا۟ لِذُنُوبِهِمْ وَمَن يَغْفِرُ ٱلذُّنُوبَ إِلَّا ٱللَّهُ وَلَمْ يُصِرُّوا۟ عَلَىٰ مَا فَعَلُوا۟ وَهُمْ يَعْلَمُونَ Сондай-ақ олар жағымсыз іс істегендерінде немесе күнәға батып, өз-өздеріне қиянат жасағандарында, бірден Аллаһты еске алып, күнәлары үшін кешірім сұрайды. Күнәларды Аллаһтан басқа кім кешіре алады дейсің?! Сондай-ақ олар, бір рет істеген күнәні әдейі қайта-қайта істемейді. («Әли Имран» сүресі 3:135)

ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ فِى ٱلسَّرَّآءِ وَٱلضَّرَّآءِ وَٱلْكَٰظِمِينَ ٱلْغَيْظَ وَٱلْعَافِينَ عَنِ ٱلنَّاسِ ۗ وَٱللَّهُ يُحِبُّ ٱلْمُحْسِنِينَ Нағыз тақуалар – кеңшілікте де, таршылықта да Аллаһ жолында садақа бергендер, (ашу қысқанда өзін ашуландырған адамның сазайын беруге шамасы жете тұрып) ашуын жеңе білгендер һәм адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Аллаһ (міне, осындай) ізгі жандарды жақсы көреді. («Әли Имран» сүресі 3:134)

۞ وَسَارِعُوٓا۟ إِلَىٰ مَغْفِرَةٍ مِّن رَّبِّكُمْ وَجَنَّةٍ عَرْضُهَا ٱلسَّمَٰوَٰتُ وَٱلْأَرْضُ أُعِدَّتْ لِلْمُتَّقِينَ Раббыларыңның кешіріміне һәм шынайы тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жеті қат аспан мен жердей болған жұмаққа асыға ұмтылыңдар. («Әли Имран» сүресі 3:133)