🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Ir al canal en Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
Mostrar másEl país no está especificadoLa categoría no está especificada
1 746
Suscriptores
+124 horas
+37 días
+630 días
Archivo de publicaciones
وَأَطِيعُوا۟ ٱللَّهَ وَٱلرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Аллаһқа һәм елшісіне қалтқысыз бағыныңдар. Сонда (екі дүниеде де) мейірімге бөленесіңдер.
(«Әли Имран» сүресі 3:132)
وَلِلَّهِ مَا فِى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِى ٱلْأَرْضِ ۚ يَغْفِرُ لِمَن يَشَآءُ وَيُعَذِّبُ مَن يَشَآءُ ۚ وَٱللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ
Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі жаратылыс атаулының бәрі бір Аллаһқа тиесілі. Ол қалағанын жарылқап кешіреді, қалағанын азаптайды. Алайда Аллаһ – Ғафур (құлдары қанша жерден күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе тәубе етіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді).
(«Әли Имран» сүресі 3:129)
لَيْسَ لَكَ مِنَ ٱلْأَمْرِ شَىْءٌ أَوْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ أَوْ يُعَذِّبَهُمْ فَإِنَّهُمْ ظَٰلِمُونَ
(Уа, Мұхаммед! Мұның бәрін істеген Аллаһ) Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ. Аллаһ қаласа, оларды тәубеге (иманға) келтіріп, күнәларын кешіреді, қаласа, оларды (күпірлікте табандаған) залымдар ретінде азаптайды.
(«Әли Имран» сүресі 3:128)
وَمَا جَعَلَهُ ٱللَّهُ إِلَّا بُشْرَىٰ لَكُمْ وَلِتَطْمَئِنَّ قُلُوبُكُم بِهِۦ ۗ وَمَا ٱلنَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِندِ ٱللَّهِ ٱلْعَزِيزِ ٱلْحَكِيمِ
Аллаһ бұл жәрдемді сендерге тек сүйінші ретінде һәм сол арқылы жүректерің орнықсын деп көрсеткен еді. Жәрдем мен жеңіс Азиз (ұлы, бәрінен үстем) әрі Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі) Аллаһтан ғана келеді.
(«Әли Имран» сүресі 3:126)
بَلَىٰٓ ۚ إِن تَصْبِرُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ وَيَأْتُوكُم مِّن فَوْرِهِمْ هَٰذَا يُمْدِدْكُمْ رَبُّكُم بِخَمْسَةِ ءَالَٰفٍ مِّنَ ٱلْمَلَٰٓئِكَةِ مُسَوِّمِينَ
Әрине (жетеді), егер сабырлылық танытсаңдар һәм Аллаһқа қарсы келуден сақтансаңдар, дұшпандарың дәл қазір тұтқиылдан шабуыл жасайтын болса, Раббыларың жауынгерлік нышаны бар бес мың періштемен сендерге жәрдем береді.
(«Әли Имран» сүресі 3:125)
وَلَقَدْ نَصَرَكُمُ ٱللَّهُ بِبَدْرٍ وَأَنتُمْ أَذِلَّةٌ ۖ فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Шүбәсіз, Ол сендерге (кәпірлермен салыстырғанда) өте аз әрі тым қауқарсыз болған кездеріңде Бәдірде қолдау көрсетіп, жеңіске жеткізген еді. Ендеше, Аллаһқа қарсы келіп, асы болудан барынша сақтаныңдар, тақуалық шеңберінен шықпаңдар, сонда Оған тиісінше шүкіршілік еткен боласыңдар.
(«Әли Имран» сүресі 3:123)
إِذْ هَمَّت طَّآئِفَتَانِ مِنكُمْ أَن تَفْشَلَا وَٱللَّهُ وَلِيُّهُمَا ۗ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ ٱلْمُؤْمِنُونَ
Міне, сол кезде араларыңнан екі бірдей жасақ жігерсіздік танытып, кері шегінуге бел буған еді. Олардың қорғаны һәм медеткері Аллаһ еді (алайда олар соған қарамастан жігерсіздік танытты). Мүміндер (қандай жағдайда болмасын) ұдайы бір Аллаһқа тәуәкел етуі керек.
(«Әли Имран» сүресі 3:122)
إِن تَمْسَسْكُمْ حَسَنَةٌ تَسُؤْهُمْ وَإِن تُصِبْكُمْ سَيِّئَةٌ يَفْرَحُوا۟ بِهَا ۖ وَإِن تَصْبِرُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ لَا يَضُرُّكُمْ كَيْدُهُمْ شَيْـًٔا ۗ إِنَّ ٱللَّهَ بِمَا يَعْمَلُونَ مُحِيطٌ
Егер сендер қандай да бір жақсылыққа кенелсеңдер, бұл олардың көңіліне қаяу түсіреді. Ал бастарыңа қандай да бір жамандық келсе, онда олар мәз болып, қуанады. Егер сабырлылық танытсаңдар және (хақ жолдан ауытқымай) тақуалық шеңберінен шықпай әрекет ететін болсаңдар, олардың қулық-сұмдығы мен құрған тұзақтарының сендерге ешқандай да зияны тимейді. Шүбәсіз, Аллаһ олардың істеп жүрген істеріне (шексіз ілімі һәм құдіретімен) құрсау салушы (яғни олардың не істеп, не қойып жүргендерін толық біледі әрі сол істерінің қарымын қайтарады).
(«Әли Имран» сүресі 3:120)
وَمَا يَفْعَلُوا۟ مِنْ خَيْرٍ فَلَن يُكْفَرُوهُ ۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌۢ بِٱلْمُتَّقِينَ
Олар қандай жақсылық істесе де, (Аллаһтың құзырында) еңбектері еш кетпейді. Аллаһ Өзіне қарсы келіп, асы болудан барынша сақтанған, Өзін лайықты деңгейде, тиісінше ұлықтайтын тақуа жандарды жақсы біледі.
(«Әли Имран» сүресі 3:115)
يُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْءَاخِرِ وَيَأْمُرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَيُسَٰرِعُونَ فِى ٱلْخَيْرَٰتِ وَأُو۟لَٰٓئِكَ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Олар Аллаһқа һәм ақирет күніне кәміл сенеді һәм (ел-жұртты) жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға тырысады. Сондай-ақ қайырлы, игілікті істерде бір-бірімен жарысады. Міне, солар ізгі жандардың қатарында.
(«Әли Имран» сүресі 3:114)
وَلِلَّهِ مَا فِى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِى ٱلْأَرْضِ ۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرْجَعُ ٱلْأُمُورُ
Күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрі бір Аллаһқа тиесілі. Сондай-ақ барлық істер нәтижеде Аллаһтың алдына барады, сөйтіп, Ол қай іске қандай үкім шығарса, сол болады.
(«Әли Имран» сүресі 3:109)
قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ ٱللَّهَ فَٱتَّبِعُونِى يُحْبِبْكُمُ ٱللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ ۗ وَٱللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ
(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Аллаһты (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Аллаһ тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Аллаһ – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).
(«Әли Имран» сүресі 3:31)
لَّقَدْ كَانَ لَكُمْ فِى رَسُولِ ٱللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِّمَن كَانَ يَرْجُوا۟ ٱللَّهَ وَٱلْيَوْمَ ٱلْءَاخِرَ وَذَكَرَ ٱللَّهَ كَثِيرًا
Шүбәсіз, Аллаһ елшісінде сендер үшін әрі Аллаһқа және ақирет күніне бар үмітін артқан (Аллаһты және ақирет күнін жан-тәнімен қалайтын) һәм Аллаһты көп еске алып, Оған көп құлшылық ететіндер үшін қай жағынан алсақ та, теңдессіз үлгі-өнеге бар.
(«Ахзаб» сүресі 33:21)
لَقَدْ جَآءَكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُم بِٱلْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌ
Сендерге өз араларыңнан (яғни, араларыңда туып өскен) хақ пайғамбар келді. (Оның сендерге жанашырлығы соншалық – азапқа немесе қиын жағдайға душар болғандарың былай тұрсын), тіпті болмашы бір қиындыққа тап болғандарыңның өзі оған өте ауыр тиіп, жанына қатты батады. Ол сендерге тым ынтық, өте ынтызар (болғандықтан сендер үшін қатты қорқады, сендерді ойлап көп уайым жейді). Ол мүміндерге сондай жанашыр, өте мейірімді.
(«Тәубе» сүресі 9:128)
Жәй ғана ойлаңызшы кез келген жағдайда, Аллаһ Елшісі 🌱 не істер еді, сүннеті бойынша қалай? Ол не деп насихаттап еді? Бәрі жеңілдеп кетеді…🧡
#АллаһЕлшісі
Аллаһ Елшісі 🌱 жайлы ойлау, оқу, қайталау, сүннетін еске алу, амал ету және салауат айту – жан дүниемізге сондай рахат сыйлайтын, өмірімізді жеңілдетіп, әдемі түстерге бөлейтін үлкен нығметтер….🧡✨Аллаһқа сансыз шүкір…🧡🧡🧡🧡🧡
#АллаһЕлшісі
🥹«так они поняли то, что раньше не приходило им в голову: за каждое дозволенное наслаждение человек получает награду и воздаяние – благодаря благим последствиям, которые оно несет»
🥹«Посланник Аллаха 🌱 отвечал каждому на вопрос его так, что это успокаивало его душу»
🥹«Он 🌱 шутил, чтобы и люди могли шутить, потому что нам велено следовать его примеру»
#АллаһЕлшісі
