en
Feedback
soulbirdua

soulbirdua

Open in Telegram

жанға дауа дұғалар. өз каналым: https://t.me/NugmanOrazuly

Show more
1 051
Subscribers
No data24 hours
-77 days
-3430 days
Posts Archive
Сен бір тамшы су күтесің, ал Раббың саған жаңбырмен жауап береді.

Кейбір сұрамағандарыңызды да береді Аллаһ Тағала, себебі сіз не нәрсеге мұқтаж екеніңізді жақсы біледі.

Жұма күні мені оқы. Екі Жұманың арасында саған нұр боламын. : Кахф сүресі

Негізі, дұғаларыңның барлығы қабыл болды, жәй ғана сен байқамайсың. Есіңде ме, хайырлысын сұрап едің…

Негізі, дұғаларыңның барлығы қабыл болды, жәй ғана сен байқамайсың. Есіңде ме, хайырлысын сұрап едің…

Қанша дұға қылдым, жауап қайда? Қанша күнә қылдың, тәубе қайда?!

Ризық деген не, білесіз бе? «Құмырсқа пілдің ризығын жесе жарылып өледі, піл құмырсқаның ризығын жесе аш қалады.», — деген бір сөз оқыған едім. Аллаһ Тағала: екеуінің ризығын беріп жатса, демек саған да береді. Күт, сенікі сенен айналып өтпейді.

гүл ашады бір күні әлбет, маңыздысы: — күте білу…

Бір байқағаным: “Дұға етудің өзі нәсіп екен” Себебі, көп адамдар тіпті дұға қылудың өзіне ерінеді…

Ей, ораза ұстаушы жан! Бұл 3 уақытты жіберіп алма. Дұғалар қабыл болатын уақыттар: — ауыз ашатын уақыт, — түннің соңғы үштен бірі, — таң намазынан соң. «Ораза ұстаушының ауызашар уақытында жасаған дұғасы қайтарылмайды».

Өмірде реалист бол, ал дұғада мүмкін еместерді сұра.

жаңбыр + жұма = қабыл болған дұға 🫶🏻

Бүгін жұма, Джекпот. Раббыңнан керегіңді сұрап ал!

— Егер барлық нәрсе тағдырымызда жазылған болса, не үшін дұға етеміз? — Бәлкім, тағдырыңның кейбір беттерінде «тілегеніңдей болсын», — деп жазылып тұрған шығар…

«Қолымнан ештеңе келмейді» Егер қолыңды Раббыңа ашып, дұға ете алғаныңда, бұлай деп айтпас едің…

Бір кісіге су сұрап бардыңыз, қолыңызда кішкентай ыдыс. Ол кісінің суы қанша көп болса да, сіздің ыдысыңыздан артық су құйып бере алмайды. Біз де Раббымыздан сұрағанда, тар пейіл-ниетіміз бен ойымыздың қарымтасында ғана аламыз. Ал біздің ыдыстар кішкентай емес, кейде тесік болады бәлкім, тіпті кейбіреуінің ыдысы да жоқ. Аллаһ жайлы жақсы ойда бол, дұғаңның қабыл болуы үшін иман/сенім керек. Не тілесең Аллаһ әлбетте береді. Мүмкін сен ойлаған уақытта, сен ойлағандай күйде болмаса да, Өзінің шексіз ілімімен саған хайырлысын, хайырлы уақытта берері сөзсіз. (дұға етіп, сұрағанда, хайырлысын сұрауды да ұмытпа)

Аллаһтан бірнәрсе сұрағанда өзіңнің тар қазаныңа қарай емес, Аллаһтың кең қазынасына сай сұра.

Йа Рабббым! Сенің құзырыңа келдім, бүкіл күнә-қателіктерімді мойындап. Өзің кешіре көр. Егер Сен кешірсең, Сен ең Кешірімдісің. Ал егер кешірмесең, басқа кім кешіре алады бізді?!

«Кейде үнсіздік те — дұға»