yerlan_ustaz
Open in Telegram
Мысыр 🇾🇪 Каир қаласы "Әл-Азһар" университетінің магистранты Даруль Ифта түлегі (Мысыр пәтуа бөлімі) Парақшада пайдалы ақпараттармен бөлісетін боламын
Show more402
Subscribers
No data24 hours
+47 days
+2030 days
Data loading in progress...
Similar Channels
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
July '25
July '25
+7
in 1 channels
June '25
+25
in 0 channels
Get PRO
May '25
+54
in 4 channels
Get PRO
April '25
+329
in 6 channels
Get PRO
March '250
in 2 channels
Get PRO
February '25
+11
in 4 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 08 July | +1 | |||
| 07 July | +1 | |||
| 06 July | +1 | |||
| 05 July | 0 | |||
| 04 July | +3 | |||
| 03 July | 0 | |||
| 02 July | +1 | |||
| 01 July | 0 |
Channel Posts
Білімсіздікпен адаспайық. Сақ болайық.
Жақында мынадай бір жазбаны оқып қалдым:
“Шындық: Ер адам өз нәпсісіне өзі жауапты. Әйелдің киімі — өз таңдауы.”
Бұл сөз кейбіреулерге кереметтей әсер етіп, соған елітіп бара жатыр екен.
Біз білуіміз керек: расында, әр адам өз күнәсі үшін өзі жауап береді. Ер адам өз нәпсісіне өзі жауап бергені сияқты, әйел адам да өз нәпсісі үшін өзі жауап береді.
Ал енді «әйел адамның киімі — өз таңдауы» дегенге келсек, бұл — өз таңдауы емес! Бұл — Жаратушы Раббымыздың бұйрығы. Раббымыздың бұйрығына келгенде бізде таңдау жоқ.
Аллаһ Тағала айтады:
﴿وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ وَلَا مُؤْمِنَةٍ إِذَا قَضَى اللّٰهُ وَرَسُولُهُ أَمْرًا أَنْ يَكُونَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ مِنْ أَمْرِهِمْ﴾
«Егер Аллаһ және Аллаһтың Елшісі бір іске үкім берсе, онда мүмін ер мен мүмін әйел үшін ол істе таңдау жасау жоқ»
(әл-Ахзаб, 36-аят)
Біз бір нәрсені білуіміз керек: шариғат бір іске бұйырса, мұсылмандар:
«سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا»
«Естідік және бойұсындық»
дейді. Оның неге олай, неге бұлай дегеніне жол жоқ.
Біз қандай да бір шариғатта парыз етілген нәрсеге амал етсек, Аллаһ бұйырды деп амал етеміз. Оның ешқандай себебін зерттеместен. Өйткені ол — құлшылық.
Ал енді ғалымдар сол шариғат бұйырған үкімнің хикметін айтып жатса, ол – оның нақты себебі емес. Яғни ол себеп жойылса, сол үкім де жойылады деген сөз емес.
Дәл сол сияқты, хижаптың парыз болуының хикметтерінің бірі — бөтен ердің нәпсісін қоздыру, шәһуатын оятудан сақтандыру болса, бұл хикмет орындалмай қалды деп, хижапты тастауға болмайды.
Мысалы, егер еркектердің шәһуаты қозбаса, оның алдында әуретті көрсетіп жүруге болады деген сөз емес! Раббымыз бұйырды — болды. Орындауымыз қажет.
Сол себепті, жасы келген, шәһуат деңгейінен өткен үлкен қарт кісі болса да, әуретін жабу — міндет.
Құрметті мұсылман бауырлар!
Бұл мәселеде шариғатты емес, қоғамды тыңдасақ — адасамыз. Біз мұсылманбыз. Біздің тірегіміз — Құран мен сүннет. Жеке пікірге емес, Раббымыздың бұйрығына бойұсыну — құлшылық.
Білімсіз адаспайық. Сақ болайық.
| 2 | https://youtu.be/0v3tiGQiLP4?si=U8M6orCe35o3L7ku
12 ші дәріс ютубқа шықты | 263 |
| 3 | ЖҮРЕК ҮНІ
Қаламмен емес – жүрекпен жазылған.
Кейбір сөздер бар – жүрекке келіп тоқтайды.
Кейбір ойлар бар – айтпай тұра алмайсың.
Сол сәтте қалам өзінен-өзі қозғалады.
⠀
Бұл кітап – дәл сондай сәттердің жемісі.
Ұйқысыз түндер, үнсіз мазалаған ойлар,
жүрекке келген шабыт пен ізденіс –
бәрі осы жолдарға айналды.
Қолыңыздағы бұл кітапшада мен:
• күнә мен тәубе туралы толғандым
• достық пен жалғыздық жайлы сыр шерттім
• рухани ізденіс пен жүрек тәрбиесі жайлы ой қозғадым
• және адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болуға қажетті қағидалармен бөлістім
Бұл – жай ғана ойлар емес.
Бұл – ішке жиналған, үнсіз қалған,
бірақ айтылмай тұра алмаған ойлар.
🕊️ Және бұл – менің алғашқы кітабым.
📌 Егер осы жолдардан өзіңізді тапсаңыз –
оны жай ғана жүрекпен оқыңыз.
Ал, Бісміллә…
#ЖүрекҮні #ХанкелдіСардар | 240 |
| 4 | Бірге дәріс оқып жүрген шәкірттеріміздің бірі Жүрегінен шыққан жүрек үнін кітапқа басып шығыпты.
Алуға кеңес беремін өмірлік көп пайда аласыздар. | 229 |
| 5 | No text... | 226 |
| 6 | ☪☪☪☪☪️
💡Что такое истинный суфизм?
💡И кто такой настоящий суфий?
Часть 1️⃣
💙 Шейх Абду с-Салям Шаннар حفظه الله
😉 Вторая часть на канале 😀😃😄😁 | 209 |
| 7 | Қалай көлік жүргізуге берілген рұқсат қағаз – саған көлікті қалағанынша айдауға рұқсат екенін білдірмегендей, дәл солай, әлеуметтік желіде парақша ашқаннан кейін, саған ойына кез-келген пікір мен қалаған адамға хейт жазуға болатынын білдірмейді.
Бір дүние жазар алдын мың рет ойлан, жазған дүниең үшін қияметте сұралатыныңды ұмытпа! Бұл дүниеде жауабын алмасаң да, ақыретте алатының анық. | 188 |
| 8 | وتكره الصلاة في ثياب البذلة - بكسر الباء وسكون الذال المعجمة. ثوب لا يصان عن الدنس ممتهن، وقيل: ما لا يذهب به إلى الكبراء، ورأى عمر رضي الله عنه رجلا فعل ذلك فقال: أرأيت لو كنت أرسلتك إلى بعض الناس، أكنت تمر في ثيابك هذه؟ فقال: لا، فقال عمر رضي الله عنه: الله أحق أن تتزين له.
Қызмет киімімен намаз оқу — мәкруһ (ұнамсыз) саналады.
Мұндағы "بذلة" сөзі — тұрпайы, жұмысқа киетін, жиі ластанатын және қадір-қасиеті сақталмайтын киімді білдіреді. Кейбір ғалымдар бұл жайлы: «Бұл — беделді кісілердің алдына баруға лайық емес киім» деп айтқан.
Халифа Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ одан разы болсын) осындай күйде намаз оқып жатқан бір кісіні көріп, одан:
«Егер сені бір кісіге елші етіп жіберсем, дәл осындай киіммен барар ма едің?» — деп сұрайды.
Ол: «Жоқ», — деп жауап береді.
Сонда Омар (Аллаһ одан разы болсын):
«Онда Аллаһ — адамдардың алдына барғанда сәнденіп баруға лайықтырақ!» — деп ескерту айтады.
Намаз — Алланың алдында тұру. Патшаның алдына сәнмен барсақ, Раббымызға одан да лайық киінейік. Киім — құрмет нышаны. | 259 |
| 9 | 🟤 Шариғатта көпшілік білетін, бірақ амал етуге келгенде мән берілмейтін бір қағида бар. Ол:
“لا يجوز التشبه بالكفار في شيء هو من خصائصهم وشعاراتهم، ويشتد التحريم إذا قصد به التشبه.”
Кәпірлерге тән ерекше салт, киім немесе белгілерге ұқсау – шариғатта рұқсат етілмейді. Егер адам әдейі соларға ұқсауды ниет етсе, онда бұл күнә ауырлай түседі.
Бүгінде көпшілігіміз киім кию мәселесінде бір нәрсеге мән бере бермейміз – ол: сол киімде кәпір елдерінің туы немесе олардың футбол командасының белгілері болуы.
Қазіргі кезде көптеген адам футболға қатты әуестеніп, сол командалардың киімін сатып алып, білместікпен киіп жүреді. Алайда ондай киімдерді кию – шариғатымызда тыйым салынған, өйткені бұл кәпірлердің ерекше белгілеріне ұқсауға жатады.
🟢 Мұндай мәселеге жеңіл қарамай, бір сәт ой жүгіртейік: шариғатымызда белгілі әрі орны айқын тағы бір қағида бар:
“الأمور بمقاصدها”
«Амалдар ниетке байланысты.»
Кез келген амалымыз – ниетімізге қарай не сауап, не күнә болып жазылады. Сол себепті адам қарапайым киім кию арқылы да сауапқа кенелуі немесе күнәға ұрынуы мүмкін. Себебі ниет – әр істің рухы. Кісінің жүрегінде кімге сүйіспеншілік болса, амалында да соның ізі көрінеді. Біреудің киімі – дінге деген құрметтің, ал екіншісінікі – нәпсінің немесе жат идеологияға еліктеудің белгісі болуы мүмкін.
Сол себепті, мұсылман баласы киім таңдағанда кімге ұқсағысы келетінін, нені қолдап жатқанын ой елегінен өткізуі қажет.
Мән беріп жүрейік. | 359 |
| 10 | Аллаһ Тағаланың бізге берген ең үлкен нығметтерінің бірі — ізгі, салихалы бауыр.
Аллаға шүкір, Раббымыз осындай үлкен нығметтердің бірі болған ізгі бауырлармен танысып, олармен бірге білім алуды нәсіп етіп жатыр.
Мысырда оқып жүрген, ілім жолындағы бауырларымыздың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, адамды тәнті ететін көркем мінездері бар.
Солардың бірі — мен дәріс өткеннен кейін, оны ықыласпен тыңдап, үйіне барған бетте жігерленіп, көпшілікке пайдасы тисін деген ниетпен, дәрістегі хадистер мен олардың шерхтарін түгелдей қаламмен қазақшаға жазып шыққан шәкірт.
Иә, ол маған шәкірт болғанымен, мен оны өз бауырымдай көремін. Себебі дәл осындай ынталы, ықыласты шәкірттер болмаса, ұстаздың да қадірі болмайды. Ұстаз — шәкірт арқылы танылып, шәкіртінің ілімі арқылы артта сауап қалдырады.
Бұл — біз оқыған бір ғана дәрістің жемісі.
Осындай бауырлармен қатар ілім алу — Аллаһтың бізге деген ерекше сыйы.
Аллаһ Тағала бізді ілім жолынан айырмасын, жүрегімізге білімге деген сүйіспеншілік дарытып, оны арттыра түссін. | 268 |
| 11 | Мешітке бару .pdf | 338 |
| 12 | Ұстазымның дәрістерінің бірінде естіген керемет сөздердің бірі:
لذّةُ التعلُّمِ لذّةٌ عظيمةٌ، وأجملُ منها، وأشدُّ لذّةً: العملُ بالعلمِ
Мағынасы:
“Білім алудың ләззаты — ұлы ләззат, ал одан да көркемі әрі одан да зор ләззат — сол біліммен амал ету.”
Білім алу – бұл жүрекке нұр, ақылға сәуле. Адам ғылыммен шұғылданғанда ерекше бір рухани ләззат сезеді. Бұл – Жаратушы Аллаһ Тағаланың таңдаулы құлдарына берген сыйының бірі. Бірақ, білім алудың ләззатының да үстінде тұрған, одан да жоғары, одан да тәтті рухани рахат бар. Ол – сол біліммен амал ету.
Кісі Құран мен сүннеттен үйреніп, дұрыс нәрсені таныса, алайда сол білім өмірінде көрініс таппаса, онда ол тек жүк арқалаған адамның күйін кешеді. Ал кімде-кім алған ілімін амалға айналдырса – міне, нағыз бақытты жан сол. Себебі амал – білімнің жемісі. Ілім – тек тақуалыққа бастайтын жол ғана емес, сол жолдың өзімен жүруді талап етеді.
Сондықтан бұрынғы ғалымдарымыз айтатын:
«علمٌ بلا عمل كشجر بلا ثمر» — «Амалы жоқ ілім – жеміссіз ағаш сияқты».
Біз де ілім алу жолында жүрсек, соны тек жинап қоймай, күнделікті өмірімізде қолдануға, соған сай амал етуге ұмтылайық. Себебі амалмен сүйемелденген білім – жүректі тірілтеді, жанды кемелдендіреді, Аллаһтың разылығына жетелейді. | 391 |
| 13 | https://youtu.be/iSDhXyegrxQ?si=_bH1X4ORjRB6g8_2 | 390 |
| 14 | Аллаға шүкір Ұстазымыздың ықыласты шәкірттері көп.
Расында біз қанша тырыссақ та ұстаздарымыздың жақсылықтарын еш өтеп бере алмаймыз.
Соған амал еткен ықыласты шәкірттерінің бірі жақсылық жасағысы келген екен Аллаһ Тағала ниетін қабыл етсін.
Шамамыз келгенше қолдап жіберсек. | 38 |
| 15 | ⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️
السلام عليكم و رحمة الله وبركاته
Дорогие братья и сестры, поддержим нашего Шейха!
Я как ученик не могу бездействовать, сидя сложа руки, когда мой учитель,наставник, Шейх мирового уровня находится в трудной ситуации, но при этом умалчивает об этом из за своей чистоты души и сердца. Но лично моя обязанность перед Аллахом в качестве того, кто находится тесно рядом и видит ситуацию как она и есть - это донести до других то, что Шейх Шаннар حفظه الله, такой важный для уммы Пророка Мухаммада ﷺ человек нуждается в нашей поддержки.
Как вы знаете, из за тирана, преступника, врага Аллаха, бывшего правителя Сирий многие наши большие ученые были вынуждены покинуть свою родину, поскольку они не страшились сказать истину ради Всевышнего Аллаха. И одним из этих больших ученых является наш любимый Шейх Шаннар حفظه الله.
Но теперь по Милости Всевышнего тиран был свергнут, и теперь наши ученые, которые проявляли сабр к беженской жизни и истосковались по родине, снова могут на неё вернуться.
Но к сожалению нашему любимому Шейху Шаннару حفظه الله нужно жилье чтобы вернуться на Родину. Этот человек на протяжении около 13 лет ради Аллаха занимался благотворительным обучением и воспитанием уммы нашего Пророка Мухаммада ﷺ , взрастил не мало достойных устазов, шейхов, обладателей знаний из разных стран всего мира, которые до сих пор приносят невероятную пользу умме, но Шейх при этом не искал для себя финансовой выгоды и поэтому не смог откладывать деньги на собственное жилье, и поэтому на протяжении всех этих лет жил лишь на аренде чужого жилья здесь в Египте.
Поэтому я открываю сбор на покупку собственного жилья для нашего любимого Шейха Шаннара حفظه الله на своей родине для всех, кому не безразлично положение любимцев Аллаха и кто хочет помочь им.
Нужная сумма : 120 000$
Реквизиты :
Kaspi : 4400 4302 4045 8064 (копируется при нажатии)
Имя : SHAKHZOD MANNAPOV
Через тел : +77055959392 (копируется при нажатии)
Имя : Шахзод М
➖➖➖➖➖➖➖➖
Важное примечание :
Очень важно чтобы сам Шейх не знал об этом сборе, поскольку по своему обычаю он никогда не просит о такого рода помощи для себя у других. А что касается нас, то это - наша обязанность, искать решение проблем наших братьев и сестер по вере, не говоря уже о помощи таким выдающимся личностям уммы нашего Пророка Мухаммада ﷺ. | 15 |
| 16 | Аллаға шүкір Ұстазымыздың ықыласты шәкірттері көп.
Расында біз қанша тырыссақ та ұстаздарымыздың жақсылықтарын еш өтеп бере алмаймыз.
Соған амал еткен ықыласты шәкірттерінің бірі жақсылық жасағысы келген екен Аллаһ Тағала ниетін қабыл етсін.
Шамамыз келгенше қолдап жіберсек. | 100 |
| 17 | ⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️⚠️
السلام عليكم و رحمة الله وبركاته
Дорогие братья и сестры, наш Шейх нуждается в нашей поддержки!
Я как ученик не могу бездействовать, сидя сложа руки, когда мой учитель,наставник, Шейх мирового уровня находится в трудной ситуации, испытывая нужду, но при этом умалчивает об этом из за своей чистоты души и сердца. Но лично моя обязанность перед Аллахом в качестве того, кто находится тесно рядом и видит ситуацию как она и есть - это донести до других то, что Шейх Шаннар حفظه الله, такой важный для уммы Пророка Мухаммада ﷺ человек нуждается в нашей поддержки.
Как вы знаете, из за тирана, преступника, врага Аллаха, бывшего правителя Сирий многие наши большие ученые были вынуждены покинуть свою родину и лишены собственных домов, поскольку они не страшились сказать истину ради Всевышнего Аллаха. И одним из этих больших ученых является наш любимый Шейх Шаннар حفظه الله.
Но теперь по Милости Всевышнего тиран был свергнут, и теперь наши ученые, которые терпели беженскую жизнь и истосковались по родине, снова могут на неё вернуться.
Но к сожалению дома Шейха Шаннара حفظه الله там не осталось. И этот человек на протяжении около 13 лет ради Аллаха занимался благотворительным обучением и воспитанием уммы нашего Пророка Мухаммада ﷺ , взрастил не мало достойных устазов, шейхов, обладателей знаний, которые до сих пор приносят невероятную пользу умме, но Шейх при этом не искал для себя финансовой выгоды и поэтому не смог откладывать деньги на собственное жилье, и поэтому на протяжении всех этих лет жил лишь на аренде чужого жилья здесь в Египте.
Поэтому я открываю сбор для всех, кому не безразлично положение любимцев Аллаха и кто хочет помочь им. Сбор на покупку собственного жилья для нашего любимого Шейха Шаннара حفظه الله на своей родине.
Нужная сумма : 100 000$
Реквизиты :
Kaspi : 4400 4302 4045 8064 (копируется при нажатии)
Имя : SHAKHZOD MANNAPOV
Через тел : +77055959392 (копируется при нажатии)
Имя : Шахзод М
➖➖➖➖➖➖➖➖
Важное примечание :
Очень важно чтобы сам Шейх не знал об этом сборе, поскольку по своему обычаю он никогда не просит о такого рода помощи для себя у других. А что касается нас, то это - наша обязанность, искать решение проблем наших братьев и сестер по вере, не говоря уже о помощи таким выдающимся личностям уммы нашего Пророка Мухаммада ﷺ. | 117 |
| 18 | Айт құтты болсын 🤲❤️ | 639 |
| 19 | No text... | 589 |
| 20 | Ертең ең қасиетті күн, ғапілетте өткізіп алмайық, Аллаһ баршамыздың ертеңгі жасайтын амалдарымызды, дұғаларымызды қабыл етсін 🤲
Арафа күні Ораза тұтудың артықшылығы
Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:
«يُكَفِّرُ السَّنَةَ المَاضِيَةَ وَالبَاقِيَةَ»
«(Арафа күні ұсталатын ораза) өткен жылдың және алдағы жылдың күнәларына кәффарат болады.»
(Муслим)
Дұға мен истиғфардың қабыл болу уақыты
Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:
«خَيْرُ الدُّعَاءِ دُعَاءُ يَوْمِ عَرَفَةَ»
«Ең жақсы дұға — Арафа күнінің дұғасы.»
(Тирмизи)
Алланың алдындағы ұлық мәртебе
Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:
«مَا مِنْ يَوْمٍ أَكْثَرَ مِنْ أَنْ يُعْتِقَ اللَّهُ فِيهِ عَبْدًا مِنَ النَّارِ مِنْ يَوْمِ عَرَفَةَ.»
«Аллаһ Тағала тозақ отынан ең көп құлды құтқаратын күн — Арафа күні.»
(Муслим)
Арафа күні жасалатын амалдар:
✅ Ораза тұту (қажы емес адамға).
✅ Дұға ету, истиғфар айту, зікір ету.
✅ Тәкібір, тәһлил, тасбих айту.
✅ Құран оқу.
Құранда Аллаһ Тағала Арафа күніне қатысты былай деген:
«وَشَاهِدٍ وَمَشْهُودٍ»
«Куә болғанға және куәлік етілгенге ант етемін!»
(Буруж сүресі, 3-аят).
ғалымдар «куәлік етілген» — Арафа күні деп тәпсірлеген. | 549 |
