Nursultan Nazarbaev qory
Open in Telegram
Будьте в курсе всех новостей — здесь и на нашем сайте: https://fnn.kz/?ysclid=m9mj0eveeh958610186 - YouTube - https://youtube.com/channel/UCPhxHaFyI_LxxZngHxu7TbQ?si=GqPJqoaO-_Qejylz - Tiktok - https://www.tiktok.com/@nazarbayevfoundation?_t=ZM-8vdCHEEsmI
Show more6 432
Subscribers
-4524 hours
+2027 days
-4330 days
Data loading in progress...
Similar Channels
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
September '26
September '26
+540
in 0 channels
August '26
+2 523
in 0 channels
Get PRO
July '26
+3 422
in 0 channels
Get PRO
June '26
+2
in 0 channels
Get PRO
May '26
+357
in 0 channels
Get PRO
April '26
+2 881
in 0 channels
Get PRO
March '26
+1
in 0 channels
Get PRO
February '26
+13
in 0 channels
Get PRO
January '26
+6
in 0 channels
Get PRO
December '25
+452
in 0 channels
Get PRO
November '25
+14
in 0 channels
Get PRO
October '25
+1 891
in 0 channels
Get PRO
September '25
+4 976
in 0 channels
Get PRO
August '25
+7
in 0 channels
Get PRO
July '25
+1 242
in 0 channels
Get PRO
June '25
+497
in 0 channels
Get PRO
May '25
+1 495
in 3 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 10 September | 0 | |||
| 09 September | 0 | |||
| 08 September | 0 | |||
| 07 September | 0 | |||
| 06 September | +91 | |||
| 05 September | +96 | |||
| 04 September | +132 | |||
| 03 September | +154 | |||
| 02 September | +20 | |||
| 01 September | +47 |
Channel Posts
🇰🇿 Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!
Тіл – халықтың рухани қазынасы, тарихы мен мәдениетінің айнасы. Әр тілге деген құрмет еліміздегі бірлік пен өзара түсіністікті нығайтады.
Ана тілімізді ардақтап, тілдік және мәдени әралуандықты бірге дәріптейік.
——
🇰🇿 Поздравляем с Днем языков народа Казахстана!
Язык – духовное богатство народа, отражение его истории и культуры. Уважение к каждому языку укрепляет единство и взаимопонимание в нашей стране.
Давайте беречь родной язык и ценить языковое и культурное многообразие Казахстана.
| 2 | 🫂«Қамқорлық»: кішкентай қадам – үлкен жетістік
Ерекше бала тәрбиелеп отырған әр отбасы үшін баланың алғашқы қадамы, өздігінен сөйлеп, күнделікті әрекеттерді орындауы – үлкен жетістік. Осындай нәтижелерге жетуге Семейдегі «Қамқорлық» оңалту орталығы көмектесіп келеді.
Орталықта балалармен реабилитолог, ЕДШ нұсқаушысы, эрготерапевт, логопед, дефектолог, психолог және басқа да мамандар кешенді жұмыс істейді.
Орталыққа үш жасында келген Бекарыс өздігінен ештеңе ұстай алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары қалыптаспаған еді. Мамандармен жүйелі жұмыстың нәтижесінде бүгінде ол өздігінен қасық ұстап, бетін жуып, бірнеше сөзді байланыстырып айта алады.
Әрбір осындай кішкентай қадам – бала мен оның отбасы үшін үлкен жеңіс болып саналады.
——
🫂«Қамқорлық»: маленький шаг – большое достижение
Для семьи, воспитывающей особенного ребенка, каждый новый навык – первые шаги, самостоятельная речь или простые повседневные действия – становится большим достижением. Помогать детям двигаться к таким результатам призван реабилитационный центр «Қамқорлық» в Семее.
С детьми здесь комплексно работают реабилитологи, инструкторы ЛФК, эрготерапевты, логопеды, дефектологи, психологи и другие специалисты.
Когда Бекарыс пришел в центр в три года, он не мог самостоятельно держать предметы и не имел навыков самообслуживания. Благодаря системной работе со специалистами сегодня он может сам держать ложку, умываться и связывать несколько слов.
Каждый такой маленький шаг становится большой победой для ребенка и его семьи. | 758 |
| 3 | 🎨Қор стипендиаты Мариям Әлмұхан: «Шығармашылық – менің әлеммен сөйлесетін тілім»
Мариям Әлмұхан бала кезінен сурет салуға қызығып, шығармашылықты өз өмірінің маңызды бөлігіне айналдырған. Бүгінде ол Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алып, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты атанды.
Мариям кескіндеме, сурет және өнер тарихын меңгерумен қатар, мобилография және монтажбен де айналысады. Осылайша ол классикалық өнер мен заманауи шығармашылық бағыттарды ұштастырып келеді.
Оның таланты халықаралық деңгейде де танылып, жұмыстары түрлі шығармашылық байқауларда жоғары бағаланды. Ал Қор стипендиясы Мариям үшін қолдау ғана емес, жаңа дүниелер жасауға және үлкен мақсаттарға ұмтылуға қосымша мотивация болды.
Жастарға Мариям өз күшіне сенуге, талантын көрсетуден қорықпауға және шын жүректен жақсы көретін ісімен айналысуға кеңес береді.
——
🎨Стипендиатка Фонда Мариям Әлмұхан: «Творчество – это язык, на котором я говорю с миром»
Мариям Әлмұхан увлекается рисованием с детства и сегодня продолжает развивать свой талант в Казахском национальном университете искусств. Она также является стипендиаткой Фонда Нурсултана Назарбаева.
Мариям изучает живопись, рисунок и историю искусства, а параллельно занимается мобилографией и монтажом, объединяя классическое искусство с современными форматами творчества.
Ее работы уже получили признание на международных творческих конкурсах. А стипендия Фонда стала для Мариям дополнительной мотивацией продолжать развиваться, создавать новое и двигаться к большим целям.
Молодым казахстанцам она советует верить в свои силы, не бояться раскрывать свои таланты и заниматься тем, что действительно любишь. | 714 |
| 4 | 🌟Қор стипендиаты Дильназ Қазиханова: «Еңбек бәрін жеңбек»
Дильназ Қазиханова бала кезінен актриса болуды армандаған. Мақсатына жету үшін ол би, музыка және вокалмен айналысып, театр қойылымдарына қатысып, туған жері Ақтөбеде тележүргізуші болып та жұмыс істеген.
Бүгінде Дильназ Алматыдағы «Тұран» университетінде актерлік шеберлік мамандығы бойынша білім алып, арманына қарай нық қадам басып келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы ол үшін жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, одан әрі дамуға, жақсы оқуға және өзгелерді өз үлгісімен шабыттандыруға қосымша мотивация болды.
Жастарға Дильназ өз арманынан бас тартпауға, өзіне, еңбегі мен біліміне сенуге кеңес береді. Оның өмірлік ұстанымы қарапайым: «Еңбек бәрін жеңбек».
——
🌟Стипендиатка Фонда Дильназ Казиханова: «Труд все победит»
Дильназ Казиханова с детства мечтала стать актрисой. Ради своей цели она занималась танцами, музыкой и вокалом, участвовала в театральных постановках и даже работала телеведущей в родном Актобе.
Сегодня Дильназ учится актерскому мастерству в университете «Туран» в Алматы и продолжает уверенно двигаться к своей мечте.
Стипендия Фонда Нурсултана Назарбаева стала для нее не только признанием достижений, но и дополнительной мотивацией развиваться, учиться еще лучше и вдохновлять своим примером других.
Молодым казахстанцам Дильназ советует не отказываться от своей мечты и верить в себя, свой труд и знания. Ведь ее главный принцип прост: «Труд все победит». | 970 |
| 5 | 🌟Жақсылық жасауды өмір салтына айналдырған Диананың оқиғасы
Павлодар облысы Ақжар ауылының тумасы Диана педагогикалық колледжде білім алып, «Ел Үміті» сыйлығы жобасына қатысып жүр.
Диана үшін волонтерлік – өмірінің маңызды бөлігі. Ол төтенше жағдайлар кезінде еліміздің түрлі өңірлеріндегі адамдарға көмектесіп, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерге қолдау көрсетті.
Сонымен қатар, Диана көне қазақ жазуы – төте жазуды зерттеп, музейлер мен архивтердегі материалдармен жұмыс істейді. Болашақта ол журналист болуды армандайды.
Оның ұстанымы қарапайым: әр адам аз да болса жақсылық жасаса, еліміз одан әрі көркейе түседі.
——
🌟История Дианы, для которой помогать людям стало частью жизни
Диана родом из села Акжар Павлодарской области. Она учится в педагогическом колледже и является участницей премиального проекта «Ел Үміті».
Волонтерство стало важной частью ее жизни. Диана вместе с командой помогала людям во время чрезвычайных ситуаций в разных регионах страны, а в рамках проекта «Почтим ветеранов» поддерживала ветеранов и помогала им по хозяйству.
Еще одно увлечение Дианы – төте жазу, старая казахская письменность. Она изучает ее, работает с материалами в музеях и архивах и в будущем мечтает стать журналистом.
Ее главный принцип прост: если каждый будет делать хотя бы немного добра, наша страна станет еще прекраснее. | 816 |
| 6 | 📚 Білім күні құтты болсын!
Жаңа оқу жылы жаңа білімге, жарқын жетістіктерге және қызықты жаңалықтарға толы болсын. Әрбір жаңа қадам үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, алға қойған мақсаттарға жетуге шабыт берсін.
Барша оқушыларға, студенттер мен ұстаздарға табысты әрі жемісті оқу жылын тілейміз!
——
📚 С Днем знаний!
Пусть новый учебный год принесет много интересных открытий, новых знаний и ярких достижений. Желаем, чтобы каждый новый шаг открывал больше возможностей и вдохновлял на достижение поставленных целей.
Всем школьникам, студентам и педагогам желаем успешного и продуктивного учебного года! | 695 |
| 7 | 📎Қор стипендиаты Ибрай Умурзаков: «Қиындықтар бізді дамытады»
Ибрай Умурзаков – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Қаржы» мамандығының студенті және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты.
Студенттік өмірі мен түрлі қызығушылықтарына қарамастан, Ибрай үшін басты бағыттардың бірі – ғылым. Оның пікірінше, ғылыми зерттеулер маңызды мәселелердің шешімін табуға және қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Қор стипендиясы ол үшін қаржылық қолдау ғана емес, еңбегінің, әлеуеті мен дамуға деген ұмтылысының мойындалуы болды.
Ибрай жастарға қиындықтардан қорықпай, жаңа сын-қатерлерді батыл қабылдауға кеңес береді. Өйткені оның басты қағидасы – дәл қиын сәттерде біз өсіп, дамимыз.
——
📎Стипендиат Фонда Ибрай Умурзаков: «Трудности помогают нам расти»
Ибрай Умурзаков – студент Северо-Казахстанского университета имени Манаша Козыбаева по специальности «Финансы» и стипендиат Фонда Нурсултана Назарбаева.
Несмотря на насыщенную студенческую жизнь и разные увлечения, одним из главных направлений для себя Ибрай считает науку. По его словам, исследования помогают находить решения важных задач и вносить вклад в развитие общества.
Стипендия Фонда стала для него не только финансовой поддержкой, но и признанием его труда, потенциала и стремления развиваться.
Молодым казахстанцам Ибрай советует не бояться трудностей и смело принимать новые вызовы. Ведь именно сложные ситуации помогают нам расти и становиться сильнее. | 701 |
| 8 | 🫂«Қамқорлық»: балалардың алғашқы қадамдарына қолдау
Ауыр сырқаттан кейін Атырау тұрғыны Арайлым Ақкүмістің қызы қозғалу және қарым-қатынас жасау қабілетінде қиындықтарға тап болды. Дәрігерлердің кеңесімен отбасы «Қамқорлық» оңалту орталығына жүгінді.
Мамандармен жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде қыз өздігінен отырып, жүре бастады, адамдармен қарым-қатынасы да біртіндеп қалпына келді.
Осындай оңалту орталықтарында балалар медициналық, психологиялық және оңалту көмегін алып, дербес өмірге қарай маңызды қадамдар жасап келеді.
«Қамқорлық» инклюзияны дамыту жобасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасымен жүзеге асырылуда.
——
🫂«Қамқорлық»: помощь детям на пути к первым шагам
После тяжелого заболевания дочь жительницы Атырау Арайлым Ақкүміс столкнулась с серьезными трудностями в движении и общении. По рекомендации врачей семья обратилась в реабилитационный центр «Қамқорлық».
Благодаря системной работе со специалистами девочка начала самостоятельно сидеть и ходить, постепенно восстанавливая и взаимодействие с окружающими.
В центрах «Қамқорлық» дети получают медицинскую, психологическую и реабилитационную поддержку, которая помогает им становиться более самостоятельными.
Проект «Қамқорлық» по развитию инклюзии реализуется по инициативе Фонда Нурсултана Назарбаева. | 778 |
| 9 | 🏆17 жаста сегіз дүркін әлем чемпионы: Жібек Құлымбетованың жеңіс жолы
12 жасына дейін ол ұлдармен жарысып, ал бүгінде Жібек Құлымбетова – сегіз дүркін әлем чемпионы.
Алматы облысы Іле ауданының тумасы джиу-джитсу және грэпплингпен тоғыз жасынан айналыса бастады. Ол кезде бұл спорт түріндегі қыздар аз болғандықтан, алғашқы жылдары Жібек ұлдармен белдесіп, Қазақстан мен Қырғызстандағы жарыстарда жеңіске жетті.
Бүгінде ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Соңғы жетістіктерінің бірі - Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатының алтын медалі.
Жібектің арманы – қазақстандық спортшы қыздардың күшін әлемге танытып, болашақта Олимпиада чемпионы атану.
——
🏆Восемь титулов чемпионки мира в 17 лет: история Жібек Құлымбетовой
До 12 лет она соревновалась с мальчиками, а сегодня в 17 лет Жібек Құлымбетова – восьмикратная чемпионка мира.
Жібек родом из Илийского района Алматинской области. В девять лет она начала заниматься джиу-джитсу и грэпплингом. Девочек в этом виде спорта тогда было немного, поэтому первые годы ей приходилось бороться с мальчиками – и побеждать на соревнованиях в Казахстане и Кыргызстане.
Сегодня Жібек выступает в весовой категории до 48 килограммов. Среди ее последних достижений – золото чемпионата Азии по джиу-джитсу в Абу-Даби.
Ее мечта - показать всему миру силу казахстанских спортсменок и однажды стать олимпийской чемпионкой. | 695 |
| 10 | 📣Елордада Семей ядролық полигонының жабылуының 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Президенттік орталықта «Қазақстан Республикасының ядролық қаруға қарсы саясаты: тарих тағылымы, ұлттық доктрина және геосаяси шынайылық» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға 40-тан астам сарапшы мен қоғам өкілі қатысты. Кездесу барысында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының тарихи маңызы, ядролық қарусыздану мен қаруды таратпау, жаһандық ядролық қауіпсіздік және заманауи ядролық дипломатия мәселелері талқыланды.
Қатысушылар Қазақстанның бейбітшілік жолындағы тәжірибесін ілгерілету және ядролық сынақтардың зардаптары туралы тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
——
📣В Астане прошел круглый стол к 35-летию закрытия Семипалатинского ядерного полигона
В Президентском центре состоялся круглый стол «Антиядерная политика Республики Казахстан: уроки истории, национальная доктрина и геополитическая реальность».
Мероприятие объединило более 40 экспертов и представителей общественности. Участники обсудили историческое значение закрытия Семипалатинского ядерного полигона, вопросы ядерного разоружения и нераспространения, международного сотрудничества в сфере глобальной ядерной безопасности и современные подходы к ядерной дипломатии.
По итогам встречи участники подчеркнули важность сохранения исторической памяти о последствиях ядерных испытаний и дальнейшего продвижения миротворческого опыта Казахстана. | 911 |
| 11 | 🌟«El Umiti»: талантты жастарға арналған мүмкіндіктер экожүйесі
Талантты дамытуға мүмкіндік мектеп қабырғасынан басталып, ғылым мен кәсіби дамуға дейін жалғасуы мүмкін.
2019 жылы құрылған «El Umiti» корпоративтік қоры қазақстандықтардың әлеуетін ашуға бағытталған түрлі жобаларды біріктіреді. Олардың қатарында ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы, «El Umiti Talent», «El Umiti» сыйлығы, жас айтыскерлерге арналған «Айтыс» бағдарламасы және «Әлеуметтанушылар мектебі» бар.
Сонымен қатар, Data Lab үлкен деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берсе, «Тәуелсіздік дәуірі» мен Zere білімді заманауи форматта меңгеруге көмектеседі.
Бұл жобалардың бағыттары әртүрлі болғанымен, мақсаты ортақ – талантты анықтап, оның дамуына мүмкіндік беру.
——
🌟«El Umiti»: экосистема возможностей для талантливой молодежи
Возможности для развития таланта могут начинаться еще в школе и продолжаться в науке и профессиональной деятельности.
Созданный в 2019 году корпоративный фонд «El Umiti» объединяет проекты, направленные на раскрытие потенциала казахстанцев. Среди них – национальная олимпиада «Мың бала» для сельских школьников, «El Umiti Talent», премия «El Umiti», программа «Айтыс» для молодых айтыскеров и «Школа социологов».
Data Lab помогает развивать компетенции в сфере анализа больших данных, а проекты «Тәуелсіздік дәуірі» и Zere предлагают современные форматы обучения.
Направления разные, но цель одна – помочь талантливым людям раскрыть свой потенциал и получить возможности для дальнейшего развития. | 1 138 |
| 12 | 🎶Домбыра – музыка ғана емес, халықтың жады
Ертеде газет, теледидар мен интернет болмаған кезде күй арқылы маңызды оқиғалар, адамдардың тағдыры, қуаныш пен қайғы жеткізілген. Әр күйдің өз тарихы мен айтар ойы болған.
Сондықтан домбыра қазақ халқы үшін жай ғана музыкалық аспап емес. Ол – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тарихтың, дәстүр мен рухани мұраның сақтаушысы.
Домбыраны жасау үдерісінің өзі – ерекше өнер. Әр аспап қолмен жасалады: шеберлер ағашты мұқият таңдап, шанақтың пішінін дәл келтіріп, әр домбыраға өзіндік үн беруге тырысады.
Бүгінде домбыра өткен мен бүгінді байланыстырып, қазақ мәдениетінің басты символдарының бірі болып қала береді.
——
🎶Домбра – не просто музыка, а память народа
Задолго до появления газет, телевидения и интернета кюй помогал передавать истории, рассказывать о важных событиях, судьбах людей, радости и печали. У каждого произведения была своя история и смысл.
Именно поэтому домбра для казахского народа – гораздо больше, чем музыкальный инструмент. Она стала хранителем истории, традиций и культурной памяти, которая передается из поколения в поколение.
Не менее интересно и само создание инструмента. Каждая домбра изготавливается вручную: мастера тщательно выбирают древесину, выверяют форму корпуса и работают над звучанием, благодаря которому инструмент получает свой неповторимый голос.
Сегодня домбра продолжает объединять прошлое и настоящее, оставаясь одним из главных символов казахской культуры. | 1 073 |
| 13 | 📎 Семей полигонының жабылуының 35 жылдығына арналған көрме
Президенттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 35 жылдығына арналған «Полигон үнсіз қалғанда: тарихты өзгерткен сөз» көрмесі ашылды.
Экспозицияға 150-ден астам жәдігер, архивтік құжаттар мен кітап басылымдары енді. Олар ядролық сынақтардың салдары, «Невада – Семей» қозғалысының тарихы, Олжас Сүлейменовтің қоғамдық қызметі және Қазақстанның ядролық қаруға қарсы саясаты туралы баяндайды.
1949-1989 жылдары Семей полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді. 1991 жылғы 29 тамызда полигон ресми түрде жабылды. Кейін бұл күн БҰҰ шешімімен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып жарияланды.
📌Көрме келушілер үшін 14 қыркүйекке дейін ашық. Кіру тегін.
——
📎Выставка к 35-летию закрытия Семипалатинского полигона
В Президентском центре открылась выставка «Когда полигон замолчал: слово, изменившее историю», посвящённая 35-летию закрытия Семипалатинского ядерного испытательного полигона.
В экспозицию вошли более 150 экспонатов, архивных документов и книжных изданий. Они рассказывают о последствиях ядерных испытаний, истории движения «Невада – Семей», общественной роли Олжаса Сулейменова и антиядерной политике Казахстана.
С 1949 по 1989 год на Семипалатинском полигоне было проведено 456 ядерных испытаний. 29 августа 1991 года полигон был официально закрыт. Позже эта дата была объявлена ООН Международным днём действий против ядерных испытаний.
📌Выставка открыта для посетителей до 14 сентября. Вход свободный. | 755 |
| 14 | 🏆Сегіз қатысушы – сегіз медаль: Қазақстан құрамасының IOAI 2026-дағы нәтижесі
Қазақстан құрамасы Жасанды интеллект бойынша халықаралық IOAI 2026 олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті. Астанада өткен додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық жас қатысушы жиналды.
Қазақстан атынан сынға түскен сегіз қатысушының барлығы жүлдеге ие болды: 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль.
Ал қазақстандық Даужан Бекетов олимпиаданың абсолюттік рейтингінде екінші орын алып, үздік нәтижелердің бірін көрсетті.
Қазақстан құрамасының нәтижесі жастарымыздың бүгінде-ақ әлемнің үздік таланттарымен AI саласында бәсекеге түсе алатынын көрсетеді.
——
🏆Восемь участников – восемь медалей: результат сборной Казахстана на IOAI 2026
Сборная Казахстана показала 100% результат на Международной олимпиаде по искусственному интеллекту IOAI 2026, которая прошла в Астане и объединила около 500 молодых участников со всего мира.
Все восемь представителей Казахстана завоевали награды: 2 золотые, 2 серебряные и 4 бронзовые медали.
Один из лучших результатов всей олимпиады показал Даужан Бекетов – казахстанец занял второе место в абсолютном зачете.
Результат сборной показывает: уже сегодня молодые специалисты из Казахстана способны конкурировать с сильнейшими талантами мира в одной из самых перспективных технологических сфер. | 1 056 |
| 15 | 🌟Қазақстандықтар Claude пен Gamma-ны әлемдік дизайн рейтингінде басып озды
Қазақстандықтар негізін қалаған Perceptis платформасы AI-дизайн модельдерін салыстыратын Design Arena рейтингінде Corporate Design санаты бойынша бірінші орынға шықты. Платформа Claude, Gamma және басқа да жетекші модельдерді басып озды.
Perceptis негізін қалаушылардың бірі – Ерсұлтан Сапар. Оның технологиялық жолы 16 жасында nFactorial Incubator бағдарламасына қатысудан басталды. Кейін Berkeley-де Computer Science мамандығын тәмамдап, Forbes 30 Under 30 тізіміне енді.
2024 жылы Ерсұлтан Berkeley-дегі бұрынғы бөлмелесі, McKinsey-де сегіз жыл жұмыс істеген Әлібек Достияровпен бірге Perceptis-ті іске қосты.
Стартап консалтингтік компанияларға арналған AI-құрал әзірлейді. Ол коммерциялық ұсыныстар мен кәсіби презентацияларды бірнеше аптаның орнына бірнеше сағат ішінде дайындауға мүмкіндік береді.
Perceptis жетістігі – қазақстандық технологиялық мамандардың жаһандық AI нарығында бәсекеге қабілетті өнімдер жасай алатынының тағы бір мысалы.
——
🌟Казахстанцы обошли Claude и Gamma в мировом рейтинге дизайна
Perceptis, основанный казахстанцами, занял первое место в категории Corporate Design на Design Arena – бенчмарке, где AI-модели оценивают пользователи в слепых сравнениях. Платформа обошла Claude, Gamma и другие ведущие модели.
Один из основателей Perceptis – Ерсултан Сапар. Его путь в технологиях начался еще в 16 лет с nFactorial Incubator. Позже Ерсултан окончил Berkeley по направлению Computer Science и вошел в Forbes 30 Under 30.
В 2024 году вместе с бывшим соседом по комнате в Berkeley Алибеком Достияровым, проработавшим восемь лет в McKinsey, он запустил Perceptis.
Стартап разрабатывает AI-инструмент для консалтинговых компаний, который помогает создавать коммерческие предложения и профессиональные презентации за часы вместо недель.
История Perceptis – еще один пример того, как специалисты из Казахстана создают продукты, способные конкурировать на глобальном AI-рынке. | 997 |
| 16 | 📌Бір жәдігердің тарихы: қару зергерлік өнер туындысына айнала ала ма?
Қару тек практикалық мақсаттағы бұйым ғана емес, шебердің қолында нағыз өнер туындысына айналуы мүмкін.
Музей қорындағы осындай ерекше жәдігерлердің бірі – шебер Г. Мануш 1998 жылы жасаған пышақ. Оның сәл иілген болат жүзі гравюрамен безендірілген, сабы ағаштан жасалып, ұшына қанық көк түсті топаз орнатылған. Ал қынабы өсімдік өрнектерімен және изумруд тастарымен көмкерілген.
Жәдігер Ресейдің Златоуст қаласында жасалған. Бұл қала XIX ғасырдың басынан бері металды көркем өңдеу мектебімен танымал. Уақыт өте келе қару-жарақты гравюрамен безендіру дәстүрі сәндік-қолданбалы өнердің жеке бағытына айналды.
Болат, ағаш пен асыл тастардың үйлесімі, нәзік өрнектер мен шебер орындалған бөлшектер бұл пышақты жай ғана қару емес, зергерлік өнер туындысына айналдырады.
——
📌История одного экспоната: может ли оружие быть произведением ювелирного искусства?
Оружие может быть не только практическим предметом, но и настоящим произведением искусства.
Один из таких необычных экспонатов в коллекции Музея – нож, созданный мастером Г. Манушем в 1998 году. Его слегка изогнутый стальной клинок украшен гравировкой, рукоять выполнена из дерева и дополнена топазом насыщенного синего цвета. Ножны декорированы растительным орнаментом и вставками из изумруда.
Экспонат был создан в Златоусте – городе, известном своей школой художественной обработки металла с начала XIX века. Со временем традиция украшения оружейных клинков гравировкой превратилась здесь в самостоятельное направление декоративно-прикладного искусства.
Сочетание стали, дерева и драгоценных камней, тонкая орнаментика и внимание к деталям превращают этот предмет оружейного мастерства в настоящее ювелирное произведение. | 1 089 |
| 17 | 🍩Бір қорап пончик 10 жұмыс сұхбатына қалай жол ашты?
Кейде жұмысқа орналасу үшін жақсы түйіндеме ғана емес, өзгелерден ерекшеленудің жолын табу да маңызды.
25 жастағы литвалық Лукас Ила Сан-Францискоға Кремний алқабындағы стартаптардың бірінде маркетинг саласында жұмыс істеу мақсатымен келеді. Бірнеше рет бас тарту алғаннан кейін ол стандартты түйіндемелердің жүздеген өтінімнің арасында байқалмай қалатынын түсінеді.
Сөйтіп, Лукас ерекше тәсіл ойлап табады. Ол курьер кейпіне еніп, 40 компанияға пончик салынған қораптарды жеткізеді. Әр қораптың ішіне өзінің түйіндемесі мен: «Түйіндемелердің көбі қоқысқа кетеді, ал менікі – сіздің асқазаныңызға» деген әзіл хабарламасын салады.
Нәтижесінде 40 компанияға жасалған осындай қадам оған 10 жұмыс сұхбатына жол ашты. Яғни әр төртінші компания Лукаспен кездесуге қызығушылық танытты.
Кейін ол Еуропаға оралып, технологиялық компанияларда мансабын жалғастырды. 2020 жылы Forbes Europe журналының «30 Under 30» тізіміне енді.
Лукастың оқиғасы еңбек нарығында кейде тәжірибеңді көрсету ғана емес, өзіңді өзгелерден ерекше таныстыра білу де маңызды екенін көрсетеді.
——
🍩 Как коробка пончиков принесла парню 10 собеседований в топ-компаниях?
Иногда для получения работы недостаточно хорошего резюме – важно еще найти способ выделиться среди сотен других кандидатов.
25-летний Лукас Ила приехал из Литвы в Сан-Франциско с целью получить работу в маркетинге в одном из стартапов Кремниевой долины. После нескольких отказов он понял, что традиционные способы поиска работы не помогают ему привлечь внимание работодателей.
Тогда Лукас придумал необычный ход. Он переоделся курьером и доставил коробки с пончиками в 40 компаний. Внутри каждой лежало его резюме и сообщение: «Большинство резюме отправляются в мусорку, а мое – к вам в желудок».
Результат – 10 приглашений на собеседование из 40 компаний, то есть 25% компаний заинтересовались кандидатом.
Позже Лукас вернулся в Европу и продолжил карьеру в технологических компаниях, а в 2020 году вошел в европейский рейтинг Forbes «30 Under 30».
Его история показывает: иногда на конкурентном рынке важно не только то, что написано в вашем резюме, но и то, как вы умеете привлечь к нему внимание. | 1 072 |
| 18 | 🌟«Ел Үміті» премиясының финалисі Әмина Тұрдақынның тарихы
Әмина – Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылындағы №33 мектептің 11-сынып оқушысы және «Ел Үміті» премиясының финалисі.
Ол республикалық «Ұлан» газетінің «Фараби шәкірті» журналының жас тілшісі атанып, Жастар республикалық форумында бірінші орын иеленді. 2026 жылы «Үздік жас тілші» аталымына ие болды.
«Ел Үміті» премиясына қатысу оның өміріндегі маңызды қадамдардың біріне айналды. Финалда Әмина тағы бір қатысушымен бірге қысқаметражды фильм түсіріп, 500 мың теңге жүлдеге ие болды. Жоба оған жаңа достар табуға, командамен жұмыс істеуге және жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді.
Бүгінде Әмина журналистика мамандығына түсуге дайындалып жүр. Оның басты арманы – журналистика арқылы елге қызмет етіп, болашақта медиа саласында еңбек ету.
——
🌟История финалистки премии «Ел Үміті» Амина Турдакын
Амина – ученица 11 класса школы №33 села Панфилово Талгарского района Алматинской области и финалистка премии «Ел Үміті».
Она стала юным корреспондентом журнала «Фараби шәкірті» республиканской газеты «Ұлан», заняла первое место на Республиканском форуме молодежи, а в 2026 году получила звание «Лучший юный корреспондент».
Участие в премии «Ел Үміті» стало важным этапом ее пути. В финале Амина вместе с другим участником сняла короткометражный фильм и получила приз в размере 500 тысяч тенге. Проект подарил ей новые знакомства, опыт командной работы и новые навыки.
Сегодня Амина готовится поступать на специальность «Журналистика» и мечтает связать свое будущее с медиа. Ее главная цель – служить стране через журналистику. | 1 468 |
| 19 | 🎨Графикалық дизайннан UX/UI-ға дейін: Қор стипендиаты Гаухар Кальжанованың тарихы
Гаухар Кальжанова – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты.
Графикалық дизайннан бастаған Гаухар уақыт өте жақсы визуалдың артында эстетика ғана емес және оның қажеттіліктерін түсіну жатқанын ұғынды. Осылайша оның өмірінде UX/UI-дизайн бағыты пайда болды. Бүгінде ол мамандығы бойынша жұмыс істеп, фриланс жобалармен айналысуда.
Оның жолындағы маңызды кезеңдердің бірі – Оңтүстік Кореядағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы. Қор стипендиясы туралы ол үшінші курста біліп, оны иеленуді алдына мақсат етіп қойды. Екі жылдан кейін бұл мақсатына жетті.
Гаухардың тарихы өз жолыңды бірден табу міндетті емес екенін көрсетеді. Ең бастысы – ізденуді тоқтатпай, мүмкіндіктерді пайдаланып, алға қарай қадам басу.
——
🎨 От графического дизайна к UX/UI: история стипендиатки Фонда Гаухар Кальжановой
Гаухар Кальжанова – студентка Казахской национальной академии искусств имени Темирбека Жургенова и стипендиатка Фонда Нурсултана Назарбаева.
Начав с графического дизайна, со временем она поняла, что за хорошим визуальным решением стоит понимание человека и его потребностей. Так в ее жизни появился UX/UI-дизайн. Сегодня Гаухар уже работает по специальности и занимается фриланс-проектами.
Важным этапом ее пути стала академическая мобильность в Южную Корею. О стипендии Фонда Гаухар узнала еще на третьем курсе и поставила перед собой цель стать ее обладательницей. Спустя два года она ее достигла.
История Гаухар напоминает: не обязательно сразу знать, каким будет ваш путь. Главное – продолжать искать свое дело, использовать возможности и двигаться вперед. | 996 |
| 20 | 🚀Бағдарламашыдан режиссерге дейін: Айдие Айдарбековтың оқиғасы
Айдие Айдарбеков компьютерлік ғылымдар саласында білім алып, ірі компанияларда бағдарламашы болып жұмыс істеді. Алайда уақыт өте келе өзінің шынайы арманы кино саласы екенін түсінді.
Оның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – «Болашақ» стипендиясы. Соның арқасында Айдие АҚШ-қа аттанып, Лос-Анджелестегі New York Film Academy-де екі жыл режиссура мамандығы бойынша білім алды. Кейін жинаған тәжірибесін Қазақстанда қолдануға шешім қабылдады.
Бүгінде Айдие режиссер, сценарист және продюсер ретінде жұмыс істеп, жеке киножобаларын дамытып келеді. Сонымен қатар, бес жылға жуық уақыт бойы жас мамандарға білім беріп, олардың киноиндустриядағы алғашқы қадамдарын жасауына көмектесуде.
Оның жобаларының қатарында Рақымжан Қошқарбаев туралы «Берлин үстіндегі тулар» толықметражды фильмі бар. Сондай-ақ Айдие «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты.
Оның тарихы кейде өз ісіңді табу үшін бұрын таңдаған бағытыңды өзгертіп, арманыңа қарай батыл қадам жасау керектігін көрсетеді.
——
🚀От программиста до режиссера: история Айдие Айдарбекова
Айдие Айдарбеков получил образование в сфере компьютерных наук и работал программистом в крупных компаниях. Но со временем понял, что его настоящее призвание – кино.
Переломным моментом стала стипендия «Болашак», благодаря которой Айдие отправился в США и два года изучал режиссуру в New York Film Academy в Лос-Анджелесе. Полученный опыт он решил применить на родине.
Сегодня Айдие работает режиссером, сценаристом и продюсером, развивает собственные кинопроекты и уже около пяти лет преподает, помогая будущим специалистам сделать первые шаги в индустрии.
Среди его проектов – полнометражный фильм «Флаги над Берлином» о Рахимжане Кошкарбаеве. Айдие также стал победителем проекта «100 новых лиц Казахстана» и лауреатом Премии Фонда Нурсултана Назарбаева.
Его история показывает: иногда путь к своему делу начинается с решимости изменить уже выбранное направление и сделать шаг навстречу мечте. | 1 681 |
