𝐼'𝑚 𝑑𝑎 𝑆𝐸𝑁🫀
Open in Telegram
227
Subscribers
+124 hours
+17 days
-430 days
Posts Archive
227
Менен жақсы білесіз ғой сіз мұны,
Сіз болмаған, мен болмаған көктемнен —
Бірге жүрген күз жылы. ❤️🔥
227
Өзгергім келсе де,
Сөз бердім сен сенер.
Тез, болды, келші, егер
Сағынсаң...
Мен күте беремін,
Сергітеді өлеңім.
Сені тек көремін
Сағынсам...
🎶♾227
Тергемеді жаным, кімді ой? Әрі мұң,
төгеміз көп, тозбай сыр.
Сен де мені сағындың ғой, жарығым,
неге іздеп жазбайсың?🌚
227
Сүю
Басыңа қанша көшіп, құт келсін,
Болса да сенде әрі күш.
Емі жоқ дерт — ол ғашықтық дерсің,
Ең жаман ауру — сағыныш!
Уақытымыздан кешіктік дерсің,
Өкініш туар, жанып іш.
Жолыңда, мейлі, пасықтық болсын,
Сүю — бұл әйбәт көрініс.
Сүйгеніңді сен тосып, күт, көр шын,
Сырлас, шешім тап, жан ұғыс!
Қоштасуды ол шешіп, құп көрсін,
Мейлі, сүю де бар ырыс.
Жанарға қанша жас ытқып, толсын,
Бір күні ұшар, бәрііі— құс.
Емі жоқ дерт — ол ғашықтық дерсің,
Ең жаман ауру — сағыныш!..
(с) Аяжан Даулетқызы
227
Ойың сенің сол қалпы таяз әлі,
Тәтті мұңым мен өшпес, ей, азабым!
Жасырынып, жабығып, жас төгетін,
Махаббаттың абайсыз кешкен отын,
Аяжаныңның ая, ая жанын!!!
227
Repost from Таңдаулы Тармақтар
Кейде “кетіп қалу” да дұрыс шығар..
Қадіріңді кетіріп алмас үшін..
Айбын
227
Кім едің көз жасымды көл етердей?!
Сен туралы ағылып неге келді ой?
Тек үнсіз қоштасайық деп кетіп ем,
Өзіңсіз тыныштықта жоқ екен ғой!
Махаббат қызық нәрсе қандай, көкем!
Сүйгізбедім дегенде «маңдайды әкел».
Мазамды алма, жөніңе кет деген ем,
Онсыз тіпті мазам да болмайды екен.
Ұмыт деуге аңсарға айлам жүрмей,
Сол жанға сол қалпымен байландым дөй.
Жүрегімнің кілтін кеп бермейм деп ем,
Жүрегімнің дертіне айналдың ғой!..
227
Төбемнен бір сағыныш төнген бе, Алла-ай...
Түлеп ұшпас жүректен онсыз әнім.
Жә, тәкаппар, өзінше, менмен болмай,
Менімен болшы, жаным!..
227
Анашым, сенде қандай болды кінә?
Шыдаймын деп, бала үшін барлығына.
«Ал, бағымды таптым-ау» дегенің де,
Арманыңды саттың-ау тағдырыңа...
Аналардың жазы да, көктемі — біз.
Шаттық болса, ылғи да шетте едіңіз...
Өмірін бізге арнаған асыл жанға,
Өмірі неге осы өкпеліміз?
Жас төгуге сендегі көз әзір-ді,
Жүрегің балаң үшін тез езілді.
«Бере алмадым мен жақсы тәрбие», — деп,
Жазғырмашы, анашым, өз-өзіңді.
Қурап бара жатқандай күздей өңі,
Мықты, батыл емеспіз сіздей, әлі.
(Түсірмейтін бізді асқақ биігінен...)
Түсінбейтін ақымақ біз ғой оны!
(Жазғырасың анаңды, болды, оның не?!
Сөгіп, ұрсып, ренжуің жөн дедің бе?
Оларға да бір-ақ рет беред ғұмыр,
Оларда бірінші рет келді өмірге!)
Отбасым деп, о қыста отын іздеп,
Біз үшін істемеген затыңыз жоқ.
Хәлімізді ойлаған хас асылға,
«Уф» деп айтуға да хақымыз жоқ.
«Баланы ойла, жақсылап өсір қызды», —
Деген ойлар анамда көсілді, ізгі.
Бағаламай, түсінбей жүрген мүлде,
Кешір, ана, өтінем, кешір бізді!
Кешірші, Ана!
