en
Feedback
نورانيّة | Nuraniya

نورانيّة | Nuraniya

Open in Telegram

● Мақсат — пайдалы ілім алу және оны бөлісу арқылы мұсылман қыз-келіншектерге пайдалы болу. • Кері байланыс: @aybinim_bot

Show more
389
Subscribers
-224 hours
-47 days
-1230 days
Posts Archive
Repost from Shezhimbai
Сүйінші ағайын!!! Көптен күткен “Айша” кітабы жарық көрді.Сұраған кісілер мүмкіндікті пайдаланып қалыңыздар.
Сүйінші ағайын!!! Көптен күткен “Айша” кітабы жарық көрді.Сұраған кісілер мүмкіндікті пайдаланып қалыңыздар.

Бұйырса оқырмандарым сиға тартқан кітаптардан, үзінді жазбалар шығарамын 🤩😊

Исламтанушы бола тұра тақуалық жасай алмаса. Елден, мемлекеттен не нәрсе күтеді? ©Аманат ұстаз 🌸Осы сөзден кейін, баяғыда оқыған бір шығармадағы мына бір жолдар есіме түсіп кетті...
Біз биыл Сарыағаштағы медресені бітірдік. Ол жерде ұлдар мен қыздар бөлек болды. Көп нәрседен бізді сыртқы тәртіп сақтап тұрды. Қазір сен Нұр-Мүбараққа түстің. Ол жерде жағдай басқа: ұл да бар, қыз да бар, бірге оқу бар, сөйлесуге мүмкіндік көп. Меніңше, дәл осы жерден бастап шәкірттің шынайы сынағы басталады. Адамды ешкімнен бөлек ұстап қойғанда араласпау бір нәрсе. Ал араласуға мүмкіндік толық бола тұра, өз еркіңмен араласпау мүлдем басқа нәрсе. Енді ешкім «сөйлеспе» деп қадағаламайды. Қалаған адамыңмен сөйлесе аласың. Көп адам араласып кетуі мүмкін. Бірі жай сөйлеседі, бірі «оқуға байланысты» дейді, бірі «дос ретінде ғана» дейді, бірі кішкентай қажеттілікті сылтау етеді. Бірақ сол кішкентай нәрсе кейін әдетке айналуы мүмкін. Сонда шәкірттің тәрбиесі қай жерде көрінеді? Меніңше, оны ешкім бақыламай тұрған кезде.
🌸Түйгенім — медресені тәмамдаған соң, адам өзін еркіндікке шыққандай сезінуі мүмкін. Бірақ айтайын: адамның мақсаты білім алу болса, ол бұл жердің берекесіне бөлене алады. Ал егер кімнің де кімнің мақсаты адам болса, ол оны табады, бірақ берекеден құр қалады... Бұл жерде жүріп, өзімізді, көзімізді тежеп, өз-өзімізді тәрбиелеу — міне, енді басталғандай. Міне, енді өсіп келе жатқандаймын, міне, енді ақыл кіріп жатқандай... Егер қорғалған, қоршалған жерде, яғни медреседе жүріп, оның тәртібіне төзіп, тақуалық етіп, өз нәпсіңді сындыру — бір бөлек екен. Ал медреседен шыққан соң бойыңа сіңірген тәртіпті, тәрбиені, ибаны, тақуалықты өзіңмен бірге алып жүру — мүлде бөлек нәрсе екен. Раббым, Сенен жалбарына сұраймын: бізді тура жолға сала гөр және тура жолдан айырма. Бізге ықылас бер. Алған білімімізге амал етушілерден ете гөр.

Ақылы негізде оқысақ та, бәрібір қуаныш қой)

Жаңалықпен бөлісіп қояйын халқым, енді еліміздің жалғыз Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің шәкіртіміз😊
+1
Жаңалықпен бөлісіп қояйын халқым, енді еліміздің жалғыз Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің шәкіртіміз😊

Repost from N/a
Защити свою сестру✊🏻 Обращение к братьям.

Repost from N/a
Студенттерге жаңа оқу жылына  айтар кеңестерім: • Кез-келген сабақта жаңа тақырып өтпес бұрын үйде зерттеп, алдын-ала ізден. Егер арабша мәтіндермен сабақ өткізілетін болса, алдын-ала аудармай барма! Сенің ілім ізденуші екендігіңді көрсететін амал осы. • 4 жыл оқимыз деп келдіңіз бе? Ендеше басқа нәрсемен басыңыз ауырмасын) Қыдырып та, тұрмысқа шығып та, ойнап та үлгересіз. Тек қазір емес) • Төрт жылыңыз біткенге дейін сізді басқа жаққа алып кеткісі келетін дүниелер болады. Тіпті, рұқсат етілген нәрселерден де сақ болғайсыз... • Ұстаздар жағымпаздық қылу қылығыңызбен болмасын. Қылығыңызды сонау ата-анаңыздың үйінде тастай тұрыңыз. Кейін жолдасыңыздың үйіне барарда алып кетесіз сол кезде қаттырақ керек) Жәй ғана алдыңғы орынға отырып, сабақты зейін қойып тыңдап, білім мен әдепте озық болсаңыз жеткілікті. Ұстаздар ондайды қатты байқайды. •  Рухани хәліңіз ләйліп жүрсе білім қонбай, жәй ғана уақытша бас жағыңызда қона алмай ұшып жүреді де, диплом алған соң басқа жаққа ұшып кетеді) • Құран жаттап бірақ сабағыңыз жайына қалып жатса ұғыңыз сіз қарилық медреседе емессіз. Бакалаврдың дипломының сұрауы бар... Сабағыңыз бірінші орында. 🤍 • Ата-анадан болдым, кеттім, өстім, оңдым демеңіз. Хабарласып, әр маңызды сәтте батасын алуды ұмытпаңыз❤️ Қыз баласының университетке түсті дегені махрамның рұқсатынсыз шығуға болады деген сөз емес. Бір жаққа барсаңыз рұқсатын аласыз. • Инстаграм, гүлге толы стористер, сәнді киімдер сенің теңің емес. Уақытша тәрк ету қажет болады немесе мәңгіге)) • Таңғы-кешкі дұға, университет табалдырығынан өтіп бара жатсаңыз да Алланың Фәттәх есімін көп айтыңыз, фатиханы оқыңыз. Дұғасыз алынған ілім қауіпті! • Таңғы уақыттың берекесінен құр қалмаңыз. Онсыз толиб толиб емес. • Дұрыс тамақтаныңыз. Өзіңізге тамақ істеуден ерінбеңіз. Жыл сайын анализдер тапсырып витаминдер қабылдаңыз. Денсаулық болмаса ешкім емессің. • 4 жылым көп екен деп ойламаңыз. 4 күндей өте шығады❤️‍🩹 Алғыңыз келетінін аларсыз құрметтім🌷🌸 Қатты айтты демеңіз, бастан сипайтындар жетеді... Жаңа оқу жылына сәттілік ✨

Қалайсыздар жамағат😊

Бізді келеді деп NMU сәнденіп, нәрленіп жатыр дейді)

Вопрос о сохранении Корана и забывании выученного волнует практически каждого, кто занимается заучиванием Книги Аллаха. В связи с этим среди изучающих Коран широко известен рассказ о ‘Али ибн Абу Талибе رضي الله عنه и особом дуа, которому, согласно этому сообщению, его научил Посланник Аллаха ﷺ. Сам текст хадиса содержит очень важные и вдохновляющие слова о Коране, ночном поклонении и обращении к Аллаху с просьбой облегчить его запоминание. Однако при обращении к наследию мухаддисов возникает другой, не менее важный вопрос: насколько прочно установлена передача этого сообщения от Пророка ﷺ?

🌎Дүниені ұятсыздық бәлесінен кім құтқарады? Зүлихаға жанарын тастамаған Юсуфтар құтқарады. Таңнан кешке дейін жолын аңдыған қыздардың жанынан өткенде назарын жерге салып, үнсіз өте шыққан Мус'абтар құтқарады. Әйелдер қатысқан көпшілік орындарда аяқ киімінің ұшынан басқа жаққа қарамаған Османдар құтқарады. Арсыздықтың (азғындықтың) тамырын аяусыз қопарып тастаған Омарлар құтқарады. Алайда, қайда олар? Бүгін өз әйелін ар-намысы деп көріп, өзгенің әйеліне келгенде олжадай көретін Әбу Ләһәбтар көбейді. Былай қарасаңыз, Құранның «Нұр» сүресінің 30-аятында: «(Уа, Мұхаммед!) Мүмін ерлерге айт: көздерін (харамнан) төмен салсын, ар-намыстарын қорғасын. Бұл олар үшін өте таза. Ақиқатында, Алла олардың не істеп жүргендерін толық Біледі.» — делінген. Хазірет Әли (Алла оған разы болсын) өз дәуірінде осы үгітті еркектерге қайта-қайта қайталаған: Тәсәттүр тек әйелдерге тән деп ойламаңыздар. Еркектің де тәсәттүрі — көзінде. Күнә әйелге қандай болса, еркек үшін де дәл сондай. Әйелге ауыр үкім болып, еркекке жеңіл үкім деген жоқ. Еркектерге арналған ақтаушы аят та жоқ. Алланың үкімі екеуі үшін де бірдей. Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын) былай деген: «Ұят (хәя) мен иман бір-бірімен тығыз байланысты. Егер олардың бірі жоғалса, артынан екіншісі де кетеді.» Демек, дүниені ұятсыздық бәлесінен еркектің ұяттылығы құтқарады.

🌎Дүниені ұятсыздық бәлесінен не құтқарады? Зүлихаға жанарын тастамаған Юсуфтар құтқарады. Таңнан кешке дейін жолын аңдыған қыздардың жанынан өткенде назарын жерге салып, үнсіз өте шыққан Мус'абтар құтқарады. Әйелдер қатысқан көпшілік орындарда аяқ киімінің ұшынан басқа жаққа қарамаған Османдар құтқарады. Арсыздықтың (азғындықтың) тамырын аяусыз қопарып тастаған Омарлар құтқарады. Алайда, қайда олар? Бүгін өз әйелін ар-намысы деп көріп, өзгенің әйеліне келгенде олжадай көретін Әбу Ләһәбтар көбейді. Былай қарасаңыз, Құранның «Нұр» сүресінің 30-аятында: «(Уа, Мұхаммед!) Мүмін ерлерге айт: көздерін (харамнан) төмен салсын, ар-намыстарын қорғасын. Бұл олар үшін өте таза. Ақиқатында, Алла олардың не істеп жүргендерін толық Біледі.» — делінген. Хазірет Әли (Алла оған разы болсын) өз дәуірінде осы үгітті еркектерге қайта-қайта қайталаған: Тәсәттүр тек әйелдерге тән деп ойламаңыздар. Еркектің де тәсәттүрі — көзінде. Күнә әйелге қандай болса, еркек үшін де дәл сондай. Әйелге ауыр үкім болып, еркекке жеңіл үкім деген жоқ. Еркектерге арналған ақтаушы аят та жоқ. Алланың үкімі екеуі үшін де бірдей. Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын) былай деген: «Ұят (хәя) мен иман бір-бірімен тығыз байланысты. Егер олардың бірі жоғалса, артынан екіншісі де кетеді.» Демек, дүниені ұятсыздық бәлесінен еркектің ұяттылығы құтқарады.

Түсінікті болуы үшін ИИ қолдандық)

🪷 Хиджабтың шариғат талаптарына сай болуының 8 шарты
🪷 Хиджабтың шариғат талаптарына сай болуының 8 шарты

Үйренетін және үйрететін адам талапкер, Үйреніп түсінбеген адам үйретіп түсінеді.

2 орын қалды

3 орын қалды

🗣🎙«ӘЙЕЛ ІЛІМ ХӘЛІ, ПАРЫЗЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ» жобасының II легіне тіркелу басталды! 🚨 7 күндік рухани әрі пайдалы сапар: 😀 Әйе
🗣🎙«ӘЙЕЛ ІЛІМ ХӘЛІ, ПАРЫЗЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ» жобасының II легіне тіркелу басталды! 🚨 7 күндік рухани әрі пайдалы сапар: 😀 Әйелге қажетті ілім дәрісіне шақыру, жан нәзіктігін іздеген қыз-келіншектерге арналған. 📍Бұл шағын ілім — әр әйелге парыз болған нәзік әрі маңызды болған мәселелерді түсінуге бағытталған. 😀 Күнделікті өмірде қажет болған, әйелге қатысты ілім-хәлдің негізгі қағидалары таһарат, намаз, айлық күндер, дұрыс киіну әдептерін меңгереміз. 📲 Тікелей эфирде ұстазға сұрақ қою мүмкіндігі.
🎁 Өтілетін тақырыптар: 📍 Таһараттағы жиі кездесетін қателерді түзету. 📍Әйел намазының нәзіктігі, әрі жиі кездесетін қателерді түзету. 📍 Хайыз қағидалары. 📍Хайыз, нифас, истихаза араларын бөліп ажырату. 📍 Хижаб пен перделену әдебі, әрі жиі кездесетін қателерді түзету. 📍 Тілді ғайбаттан сақтау және дұрыс сөйлеу әдебі. 📍 Білім алудағы әдеп.
💰 Бағасы: 1990 ₸ (Бұл лекке бар болғаны 10 орын ғана қарастырылған) 🌐 Формат: онлайн (Telegram каналда) 😀 Тіркелу үшін көмекші қыздарға жазыңыз: @aybinim_bot

Атақты болу үшін емес, Алланың разылығы үшін өмір сүріп, адамдарға пайдалы болатын мұра қалдыру үшін еңбек етуіміз керек ағайын🌷