en
Feedback
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Open in Telegram

ШҚО әкімдігінің ресми ақпарат телеграм-каналы Официальный информационный телеграм-канал акимата ВКО

Show more
2 384
Subscribers
+224 hours
+17 days
-2730 days
Posts Archive
Нурымбет Сактаганов обозначил приоритеты развития района Самар ВКО 📊 Сегодня аким Восточно-Казахстанской области провёл отчётную встречу с жителями района Самар. Ниже представлены основные тезисы, озвученные на встрече: 🔹Утверждён план развития района Самар на ближайшие четыре года. Прочную основу для этого развития составляют горнодобывающая промышленность, сельское хозяйство, малый и средний бизнес, а также высокий туристический потенциал. 🔹За 7 месяцев этого года объём валовой продукции сельского хозяйства в районе вырос на 3,5% по сравнению с таким же периодом прошлого года и составил 5,2 млрд теңге. В районе работают 385 крестьянских хозяйств. Развивается и животноводство. В районе действует одна откормочная площадка вместимостью 200 голов. За семь месяцев во всех категориях хозяйств произвели 2,7 тысяч тонн мяса и 3,6 тысяч тонн молока. 🔹Особое внимание в районе Самар уделяется развитию орошаемого земледелия. Из закреплённых почти пяти тысяч га в этом году орошается 1,2 тысяч гектаров, что в 2,3 раза больше, чем в прошлом году. 🔹Активно внедряются современные технологии орошения. Самарский аграрно-технический колледж совместно с ТОО «Еңбек-Агро» внедрил капельное орошение на 220 гектарах посевов подсолнечника и дождевальное орошение на 86 гектарах посевов кукурузы. 📌Глава Восточного Казахстана Нурымбет Сактаганов поставил перед акимом района и руководителями профильных управлений задачу активизировать работу по вовлечению в оборот неиспользуемых сельхозземель и укреплению кормовой базы. 🔹Сегодня в районе зарегистрировано свыше полусотни объектов размещения туристов. За первое полугодие район посетили почти 7000 туристов. А объём услуг в сфере размещения вырос на 41%. 🏖Впрочем, как известно, туризму сложно развиваться без соответствующей инфраструктуры. Так, за последние полтора года отремонтирован 51 километр автодороги «Кокпекты – Самар – Васильевская переправа». 🔹Улучшено качество мобильной связи. Ведётся системная работа по благоустройству побережья, повышению уровня безопасности и созданию комфортных условий для отдыхающих. 🔹В селе Миролюбовка установили санитарно-гигиенический модуль для граждан с ограниченной мобильностью, а в феврале этого года открыли новый фельдшерско-амбулаторный пункт для обслуживания жителей и отдыхающих. ⭐️Одним из перспективных проектов является создание туристско-рекреационной зоны «Арбат» на побережье Бухтарминского водохранилища. Сегодня разрабатывается соответствующий проект. 🔹Кроме того, в партнёртстве с гостиничной компанией «Pana Asia» возведут современную гостиницу с объёмом инвестиций около двух миллиардов теңге. 📌Нурымбет Сактаганов отметил необходимость активизировать работу по привлечению новых инвестиций в туристическую отрасль и сопровождению действующих проектов. 🔹Протяжённость дорожной сети района Самар ныне составляет около 466 километров. В этом году в районе проводят средний ремонт 46 километров дорог областного значения. 🔹А в рамках программы «Одноэтажный Восток» в этом районе в нынешнем году планируется построить 35 одноэтажных домов на 70 квартир для многодетных семей и социально уязвимых категорий населения. 🔹Интернет провели в 17 из 22 населённых пунктов, в которых проживает примерно 96% жителей. ❗️Руководитель Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов поручил акиму Самарского района и Управлению цифровизации и архивов ВКО разработать план по обеспечению оставшихся населённых пунктов интернетом и услугами связи, определить возможные технические решения и сроки реализации.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Төменде жиында айтылған негізгі тезистер ұсынылып отыр: - Самар ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Ауданның одан әрі дамуы үшін берік негіз болатын салалар: тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, жоғары туристік әлеует. - Осы жылдың 7 айында ауданда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға ұлғайып, 5,2 млрд теңгені құрады. Өңірде 385 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мал шаруашылығы да дамып келеді. Ауданда сыйымдылығы 200 бас болатын бір бордақылау алаңы жұмыс істейді. Жеті айда шаруашылықтардың барлық санаттарында 2,7 мың тонна ет өндіріліп, 3,6 мың тонна сүт сауылды.   - Самар ауданында суармалы егіншілікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бекітілген 4,7 мың гектар алаңның 2026 жылы 1,2 мың гектары суарылуда, бұл өткен жылдан 2,3 есе артық.  Заманауи суару технологиялары белсенді түрде енгізілуде. Самар аграрлық-техникалық колледжі «Еңбек-Агро» серіктестігімен бірлесіп, күнбағыстың 220 гектар алқабында тамшылап суаруды және жүгерінің 86 гектар алқабында жаңбырлатып суаруды жүзеге асырды. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан әкімі мен құзырлы басқарма басшыларына пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартуды жандандыру және жем-шөп базасын нығайту міндетін қойды. - Бүгінде ауданда туристерді орналастыратын 50-ден астам орын тіркелген. Бірінші жартыжылдықта 7 мыңға жуық турист келді, бұл ретте орналастыру саласындағы қызметтер көлемі 41%-ға ұлғайып отыр. Туризмді тиісті инфрақұрылымсыз дамыту мүмкін емес. 2025-2026 жылдары «Көкпекті-Самар-Васильев өткелі» жолының 51 шақырымы жөнделді. Ұялы байланыс сапасы жақсартылды. Жағалауды абаттандыру, қауіпсіздік деңгейін жоғарылату және демалушыларға жайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Миролюбовка ауылында жүріп-тұруы шектелген азаматтар үшін санитарлық-гигиеналық модуль орнатылды, ал 2026 жылдың ақпан айында тұрғындар мен демалушыларға қызмет көрсететін жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды. Келешегі бар жобалардың бірі - Бұқтырма су қоймасының жағалауында «Арбат» туристік-рекреациялық аймағын құру. Қазіргі уақытта тиісті жоба әзірленуде. Бұдан бөлек, «Pana Asia» қонақ үй компаниясымен бірлесіп, инвестиция көлемі шамамен 2 млрд теңгені құрайтын заманауи қонақ үй салу жоспарланған. Нұрымбет Сақтағанов туристік салаға жаңа инвестициялар тарту және қолданыстағы жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. - Самар ауданының жол желісінің ұзындығы 465,5 шақырымды құрайды. Биыл ауданда облыстық маңызы бар 46 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. - Самар ауданында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін осы жылы 35 бірқабатты үй (70 пәтер) салу жоспарланған.  - Ауданда 22 елді мекеннің 17-сі немесе халықтың 96%-ға жуығы интернетпен қамтылған. Облыс әкімі Самар ауданының әкімі мен ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасына қалған елді мекендерді интернет және байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарын әзірлеуді, ықтимал техникалық шешімдер мен іске асыру мерзімдерін айқындауды тапсырды.

Бұл жұмыстарға меценат Айдын Рахымбаев қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Этой работе оказывает финансовую поддержку меценат Айдын Рахимбаев.

Глава региона Нурымбет Сактаганов посетил Самарскую районную центральную больницу и ознакомился с планами по модернизации медицинского учреждения. Больница оказывает жителям Самарского района полный спектр медицинских услуг - от экстренной и первичной медико-санитарной помощи до консультативно-диагностической, специализированной, стационарной и стационарозамещающей помощи. К медицинской организации прикреплены почти 10,5 тысяч жителей. По итогам минувшего года зарегистрировано больше 57 тысяч посещений поликлиники. Из них 38,5 тысяч приходится на взрослых, свыше 15 тысяч - на детей до 14 лет и около 3,5 тысячи на подростков. ✔️ Круглосуточный стационар больницы рассчитан на 38 коек. Из них 23 терапевтического и 15 хирургического профиля. В прошлом году лечение в стационаре прошли более 700 пациентов, ещё 881 человек получил медицинскую помощь в дневном стационаре. Сегодня в медучреждении работает 201 сотрудник (28 врачей и 91 медработник среднего звена). Основные корпуса больницы и поликлиника были построены в 1973 году. В рамках модернизации планируется обновить здания, улучшить инженерную инфраструктуру и привести условия в медицинских отделениях в соответствие с современными требованиями. ▫️Отметим, что в прошлом году в больнице был проведён капремонт лифтовой шахты и установлен новый пассажирский лифт для транспортировки пациентов.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Самар аудандық орталық ауруханасына барып, медициналық мекемені қайта жаңғырту жоспарларын қарады. Аурухана Самар тұрғындарына шұғыл және алғашқы медициналық-санитарлық көмектен бастап, консультативтік-диагностикалық, мамандандырылған, стационарлық және стационарды алмастыратын қызметтердің толық спектрін көрсетеді. Медициналық ұйымға 10,5 мыңға жуық тұрғын тіркелген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша емханаға азаматтар 57 мыңнан астам рет келген. Оның ішінде 38,5 мыңнан астамы – ересектер, 15 мыңнан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар, 3,5 мыңға жуығы – жасөспірімдер. Аурухананың тәулік бойы жұмыс істейтін стационарында 38 төсек-орын бар. Оның 23-і терапиялық, 15-і хирургиялық бағытқа арналған. Өткен жылы стационарда 700-ден астам пациент ем қабылдаса, күндізгі стационарда тағы 881 адамға медициналық көмек көрсетілген. Бүгінде медициналық мекемеде 201 қызметкер еңбек етеді. Оның 28-і - дәрігер, 91-і - орта буын медицина қызметкері. Аурухананың негізгі ғимараттары мен емхана 1973 жылы салынған. Қайта жаңғырту аясында ғимараттарды жаңарту, инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, медициналық бөлімшелердің жағдайын заманауи талаптарға сәйкестендіру жоспарланып отыр. Айта кетейік, өткен жылы ауруханада лифт шахтасына күрделі жөндеу жүргізіліп, пациенттерді тасымалдауға арналған жаңа жолаушылар лифті орнатылған.

Новый интернат и спорткомплекс открыли в селе Кулынжон Восточного Казахстана ✔️ В селе Кулынжон района Самар к 60-летию школы Qulynzhon Mektebi открыли новый интернат и спортивный комплекс. К юбилею также приурочен старт программы модернизации районного здравоохранения. В торжественных мероприятиях приняли участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов и меценат Айдын Рахимбаев. Новые объекты расширяют возможности для школьников из Кулынжона и других сёл района. В интернате созданы комфортные условия для проживания детей из отдалённых населённых пунктов, а в спортивном комплексе можно регулярно заниматься физической культурой. ✨Поздравляя учеников, педагогов и родителей, Нурымбет Сактаганов подчеркнул, что развитие сельских школ помогает решать поставленную Главой государства задачу - обеспечить детям равные возможности для качественного образования.
«Родители должны быть уверены, что и в селе их ребёнок получит хорошее образование, будет жить в безопасных условиях и заниматься любимым спортом. Именно такие возможности открывают этот интернат и спортивный комплекс. Для нас важно, чтобы у сельских детей было больше выбора и пространства для развития своих способностей. Благодарю Айдына Рахимбаева за заботу о родном селе и проекты, которые будут служить его жителям многие годы», - отметил аким области.
Школа Qulynzhon Mektebi на протяжении 60 лет объединяет несколько поколений сельчан. Открытие новых объектов стало продолжением работы по её развитию и поддержке детей из населённых пунктов района.
«Здесь я окончил школу и встретил учителей, которых помню по сей день. Для меня важно, чтобы у детей из нашего района были возможности, которых в своё время не было у нас. Хочется, чтобы здесь они могли получить хорошее образование, заниматься спортом, а их семьи - рассчитывать на доступную медпомощь. Поэтому мы поддерживаем и школу, и обновление здравоохранения всего района», - подчеркнул Айдын Рахимбаев.
📊Программа модернизации медицинской сети района Самар рассчитана на ближайшие два года. Она предусматривает ремонт центральной больницы, фельдшерско-акушерских и медицинских пунктов. Здесь намерены приобрести первый для района компьютерный томограф и реанимобиль. Медучреждения планируют подключить к интернету Starlink, чтобы расширить возможности онлайн-консультаций с ведущими врачами страны. На развитие родного края Айдын Рахимбаев направил около 11 миллионов долларов личных средств. Эта сумма объединяет уже реализованные образовательные проекты и долгосрочную программу обновления здравоохранения. Для сельских семей такие перемены - это возможность обучения детей рядом с домом и получения нужной врачебной помощи в своём районе. ▫️Аким области добавил, что развитие сельских школ и создание современных условий для детей останутся в числе приоритетов работы регионального акимата.

☑️ШҚО-ның Құлынжон ауылында жаңа интернат пен спорт кешені ашылды 📍Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Құлынжон ауылында Qulynzhon Mektebi мектебінің 60 жылдығына орай жаңа интернат пен спорт кешені пайдалануға берілді. Мерейтой аясында аудандық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағдарламасы да бастау алды. 🤝 Салтанатты шараларға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен меценат Айдын Рахымбаев қатысты. Жаңа нысандар Құлынжон және ауданның басқа да ауылдарындағы оқушылар үшін қосымша мүмкіндік береді. Интернатта шалғай елді мекендерден келетін балалардың тұруына қолайлы жағдай жасалса, спорт кешенінде оқушылардың тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік бар. 📎Оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды құттықтаған Нұрымбет Сақтағанов ауыл мектептерін дамыту Мемлекет басшысы алға қойған балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау міндетін жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Ата-ана баласының ауылда да сапалы білім алып, қауіпсіз жағдайда өмір сүріп, сүйікті спорт түрімен айналысатынына сенімді болуы керек. Жаңа интернат пен спорт кешені дәл осындай мүмкіндіктер береді. Ауыл балаларының өз қабілеттерін дамытуы үшін таңдау мүмкіндігі мен кеңістігі болғаны біз үшін маңызды. Туған ауылына деген жанашырлығы және тұрғындарға талай жыл қызмет ететін жобаларды жүзеге асырып келе жатқаны үшін Айдын Рахымбаевқа алғыс білдіремін», – деді облыс әкімі.
Qulynzhon Mektebi 60 жыл бойы ауыл тұрғындарының бірнеше буынын біріктіріп келеді. Жаңа нысандардың ашылуы мектепті дамытуға және аудан елді мекендеріндегі балаларды қолдауға бағытталған жұмыстардың жалғасы болды.
«Мен осы жерде мектеп бітіріп, бүгінге дейін есімнен шықпаған ұстаздарымды кездестірдім. Өзім туып-өскен ауданның балалары кезінде бізде болмаған мүмкіндіктерге ие болғанын қалаймын. Біздің мақсатымыз - жай ғана инфрақұрылым салу емес, жерлестерімізге - оқушыларға, мұғалімдерге және ауданның барлық тұрғындарына дамуға мүмкіндік жасау», - деді Айдын Рахымбаев.
▫️Самар ауданындағы медициналық желіні жаңғырту бағдарламасы алдағы екі жылға жоспарланған. Бағдарлама аясында орталық аурухананы, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерді жөндеу көзделген. Ауданға алғаш рет компьютерлік томограф пен реанимобиль сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ медициналық ұйымдарды Starlink интернетіне қосу арқылы еліміздің жетекші дәрігерлерімен онлайн кеңес алу мүмкіндігін кеңейту көзделуде. ✔️Айдын Рахымбаев туған өлкені дамытуға жеке қаражатының шамамен 11 млн долларын бағыттады. Бұл қаражат бұған дейін іске асырылған білім беру жобаларын және денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға арналған ұзақ мерзімді бағдарламаны қамтиды. Ауыл отбасылары үшін мұндай өзгерістер - балалардың білімді үйіне жақын жерде алуына және қажетті медициналық көмекті өз ауданында алуына мүмкіндік. Облыс әкімі ауыл мектептерін дамыту және балаларға заманауи жағдай жасау өңір әкімдігінің жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

📚 В селе Самарское впервые за 40 с лишним лет открылась новая начальная школа 🔔 Руководитель Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов прибыл с рабочей поездки в район Самар. Здесь аким ознакомился с работой недавно открывшейся в селе Самарское начальной школы им.Ыбырая Алтынсарина. Новое здание школы, введённое в эксплуатацию 🔔1 сентября, рассчитано на 150 учеников. Впервые за более чем 40 лет в этом селе появилось новое школьное здание. Общая площадь современного двухэтажного объекта, построенного за счёт областного бюджета, - почти 4.000 квадратных метров. Здесь созданы все важные условия для качественного образования и всестороннего развития детей. 🔔 В школе работают современные учебные кабинеты, спортивный зал, библиотека и столовая. Также предусмотрены кабинет логопеда, детский мини-центр и площадка для мини-футбола. В новом учебном году в районе Самар в первый класс пошли 172 ребёнка. Из них 14 - учатся в начальной школе имени Ыбырая Алтынсарина. ✅Во время посещения школы Нурымбет Сактаганов осмотрел оснащение учебных кабинетов, оценил созданные для детей условия и ознакомился с работой учебного заведения. Глава региона отметил, что модернизация сельских школ - важная составляющая обеспечения равных возможностей для получения качественного образования независимо от места проживания детей.
«По поручению Президента Касым-Жомарта Токаева ведётся работа по улучшению инфраструктуры организаций образования. В сельских школах должны быть такие же условия, как и в городских. Ученики должны получать современное образование в комфортных классах. Мы продолжим работу в этом направлении», - сказал аким области.
Открытие новой школы стало для Самарского не только вводом в эксплуатацию важного социального объекта, но и новой возможностью для сельских детей учиться в современной среде, заниматься спортом и творчеством.

📚 Самар ауылында 40 жылдан астам уақыттан кейін жаңа бастауыш мектеп ашылды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданына жұмыс сапары барысында Самар ауылында жаңадан ашылған Ыбырай Алтынсарин атындағы бастауыш мектептің жұмысымен танысты. 1️⃣қыркүйекте пайдалануға берілген жаңа мектеп ғимараты 150 оқушыға арналған. Ауылда 40 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп отыр. Облыстық бюджет есебінен салынған заманауи екі қабатты нысанның жалпы аумағы шамамен 3,8 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасалған. ✅Мектепте заманауи оқу кабинеттері, спорт залы, кітапхана және асхана жұмыс істейді. Сонымен қатар логопед кабинеті, балаларға арналған шағын орталық және шағын футбол алаңы қарастырылған.Жаңа оқу жылында Самар ауданында 172 бала бірінші сыныпқа барды. Оның 14-і Ыбырай Алтынсарин атындағы бастауыш мектепте білім алады. 📌Мектепті аралау барысында Нұрымбет Сақтағанов оқу кабинеттерінің жабдықталуын, балаларға жасалған жағдайды көріп, білім ордасының жұмысымен танысты. Аймақ басшысы ауыл мектептерін жаңғырту - балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасаудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Ауыл мектептерінде де қаладағыдай жағдай болуы керек. Оқушылар жайлы сыныптарда заманға сай білім алуы тиіс. Осы бағыттағы жұмысты ары қарай жалғастырамыз», - деді облыс әкімі.
Жаңа мектептің ашылуы Самар ауылы үшін маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуымен қатар, ауылдағы балалардың заманауи ортада білім алып, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жаңа мүмкіндік беріп отыр.

Больше 900 восточноказахстанцев присоединились к марафону «Читающая нация» 📖 В Восточно-Казахстанской области набирает участ
Больше 900 восточноказахстанцев присоединились к марафону «Читающая нация» 📖 В Восточно-Казахстанской области набирает участников республиканский марафон «Кітап оқитын ұлт» («Читающая нация»). С начала регистрации 1 сентября к нему присоединились более 900 человек - это школьники, студенты, педагоги, родители, госслужащие и другие любители книг. 📎Марафон охватывает семь направлений: «Читающая школа», «Читающая семья», «Читающий педагог», «Читающий колледж», «Читающий университет», «Читающий государственный служащий» и «Читающий интеллектуал». Больше всего участников в регионе зарегистрировалось по направлению «Читающая школа». Активно присоединяются государственные служащие и педагоги. Для участников планируют организовать совместные чтения, обсуждения произведений, литературные встречи, дискуссии и творческие конкурсы. Ознакомиться с рекомендованной литературой помогут книжные выставки и обзоры. Отдельное внимание уделят семейному чтению, объединяющему детей и родителей. 📝 В организациях образования уже определены ответственные за проведение марафона. Региональный центр «Өркен» Управления образования ВКО провёл онлайн-брифинг, на котором специалисты разобрали порядок регистрации, информационного сопровождения и подготовки мероприятий. ❓Узнать о правилах участия, списках книг и способах регистрации можно на официальных сайтах и страницах организаций образования в социальных сетях. Напомним, регистрация участников началась в первый день осени. Главная цель марафона - пробудить интерес к книгам, развить читательскую грамотность и сделать чтение частью повседневной жизни. По его итогам в области определят самых активных читателей и организации образования, представив их опыт и лучшие результаты.

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 900-ден астам шығысқазақстандық қосылды 📚 Шығыс Қазақстан облысында «Кітап оқитын ұлт» республ
«Кітап оқитын ұлт» марафонына 900-ден астам шығысқазақстандық қосылды 📚 Шығыс Қазақстан облысында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысушылардың қатары артып келеді. 1️⃣ қыркүйекте басталған тіркеу науқанынан бері марафонға 900-ден астам адам қосылды. Олардың қатарында оқушылар, студенттер, педагогтер, ата-аналар, мемлекеттік қызметшілер және кітап оқуға қызығушылық танытқан өзге де тұрғындар бар. Марафон жеті бағытты қамтиды: «Оқитын мектеп», «Оқитын отбасы», «Оқитын педагог», «Оқитын колледж», «Оқитын университет», «Оқитын мемлекеттік қызметші» және «Оқитын зиялы қауым». Өңірде қатысушылардың басым бөлігі «Оқитын мектеп» бағыты бойынша тіркелген. 💬Мемлекеттік қызметшілер мен педагогтер де марафонға белсенді түрде қосылуда. Марафон аясында бірлескен кітап оқу, шығармаларды талқылау, әдеби кездесулер, пікірталастар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастыру жоспарланған. Қатысушылар ұсынылған әдебиеттермен кітап көрмелері мен әдеби шолулар арқылы таныса алады. Сондай-ақ балалар мен ата-аналарды кітап оқуға бірге тартатын отбасылық оқуға ерекше көңіл бөлінеді. 📘 Білім беру ұйымдарында марафонды өткізуге жауапты мамандар анықталды. ШҚО Білім басқармасының «Өркен» өңірлік орталығы онлайн-брифинг өткізіп, онда мамандар қатысушыларды тіркеу, ақпараттық сүйемелдеу және іс-шараларды ұйымдастыру тәртібін түсіндірді. Марафонға қатысу ережелері, ұсынылатын кітаптар тізімі және тіркелу тәртібі туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады. Еске сала кетейік, қатысушыларды тіркеу 1 қыркүйекте басталды. Марафонның басты мақсаты - кітап оқуға деген қызығушылықты ояту, оқырман сауаттылығын дамыту және кітап оқуды күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыру. Марафон қорытындысы бойынша аймақта ең белсенді оқырмандар мен үздік нәтиже көрсеткен білім беру ұйымдары анықталады. Олардың тәжірибесі мен үздік нәтижелері көпшілікке ұсынылады.

По согласованию с Администрацией Президента и распоряжением акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова Садырбаев Айдар Серикказыулы назначен на должность заместителя акима области. Сегодня глава региона представил нового заместителя активу области и пожелал ему успехов в работе. Садырбаев Айдар Серикказыулы родился 25 сентября 1986 года в селе Новопокровка Жанасемейского района бывшей Семипалатинской области. Образование высшее. В 2009 году окончил Казахский инновационный гуманитарно-юридический университет по специальности «История» и в том же году начал трудовую деятельность учителем средней школы села Переменовка Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области. В разные годы занимал должности инструктора, ведущего и главного специалиста, заместителя руководителя, руководителя в отделах внутренней политики Бородулихинского района и города Семей, заместителя акима города Семей, председателя областного филиала партии «AMANAT», руководителя управлений внутренней политики Абайской и Восточно-Казахстанской областей. В новой должности Айдар Садырбаев будет курировать социальный блок, вопросы внутренней и информационной политики региона.

ШҚО әкімінің орынбасары тағайындалды ❗️❗️ Президент Әкімшілігінің келісімі және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақт
ШҚО әкімінің орынбасары тағайындалды ❗️❗️ Президент Әкімшілігінің келісімі және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың өкімімен Садырбаев Айдар Серікқазыұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. ⚡️Бүгін аймақ басшысы жаңа орынбасарын ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Садырбаев Айдар Серікқазыұлы – 1986 жылы 25 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылының орта мектебінде мұғалімдік қызметтен бастаған. Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары, басшы, Семей қаласы әкімінің орынбасары, «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ішкі саясат басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.

В ВКО трудоустроено более 13,6 тысячи человек. 🔻Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов принял участие в заседании Правительства, где обсудили ситуацию с подготовкой кадров и развитием рабочих профессий в стране. На заседании были заслушаны доклады руководителей профильных ведомств о ситуации с рабочими кадрами в промышленности, энергетике, газовой отрасли и других секторах экономики. Также рассмотрены предложения по развитию технической базы организаций образования и совершенствованию подготовки специалистов с учетом потребностей рынка труда. Для Восточного Казахстана эта тема особенно актуальна с учетом развития промышленности, строительства, транспорта и других отраслей. Согласно данным управления занятости и социальной защиты населения ВКО, в рамках Региональной карты занятости на нынешний год предусмотрено трудоустройство 17 440 человек. На 1 сентября работу уже получили 13 641 человек, или 78% от годового плана. Из них 9 976 человек трудоустроились на постоянные рабочие места. ✔️Отдельное направление работы связано с подготовкой кадров под новые проекты. Для строящихся аэропортов в Зайсанском и Катон-Карагайском районах 46 специалистов прошли обучение по востребованным специальностям. С начала года в регионе также появились 5 270 рабочих мест по поручению Главы государства (при плане 4 142). Это 127% от запланированного показателя. Сегодня на Электронной бирже труда в ВКО зарегистрировано 7 540 вакансий. Наибольшее количество предложений приходится на сферу образования и воспитания, производство, транспорт и логистику, медицину, строительство и энергетику. При этом уровень заработной платы по нескольким востребованным техническим и рабочим профессиям остается одним из факторов привлечения людей в эти отрасли. 🔹️Для поддержки тех, кто хочет открыть собственное дело, в этом году в ВКО предусмотрели выдачу трёхсот грантов социально уязвимым категориям населения. На первом потоке уже выдали 119 грантов на общую сумму 205 миллионов теңге. Работа по подготовке кадров продолжается с учетом реальных потребностей экономики региона. В этом году здесь планируется обучить 440 безработных по 79 востребованным специальностям. На обучение направлен 241 человек, 156 из них уже прошли подготовку.

ШҚО-да 13,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды 🔻Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысқан Үкімет отырысында елдегі кадр даярлау және жұмысшы мамандықтарды дамыту мәселелері талқыланды. Жиынды бейінді мемлекеттік органдардың басшылары өнеркәсіп, энергетика, газ саласы және экономиканың басқа да секторларындағы жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндады. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мамандар даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Бұл тақырып Шығыс Қазақстан үшін өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да салалардың қарқынды дамуына байланысты ерекше маңызды. ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, биылғы жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 17 440 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша олардың 13 641-і немесе жылдық жоспардың 78 пайызы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 9 976 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. ✔️Жаңа жобаларға қажетті кадрларды даярлауға да ерекше көңіл бөлініп келеді. Зайсан және Катонқарағай аудандарында салынып жатқан әуежайлар үшін 46 маман сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқудан өтті. Сонымен қатар жыл басынан бері өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 5 270 жұмыс орны құрылды. Жоспар бойынша 4 142 жұмыс орнын құру қажет еді. Осылайша, көрсеткіш 127 пайызға орындалды. Бүгінде ШҚО бойынша Электрондық еңбек биржасында 7 540 бос жұмыс орны тіркелген. Вакансиялардың басым бөлігі білім беру және тәрбие, өндіріс, көлік және логистика, медицина, құрылыс және энергетика салаларына тиесілі. Бұл ретте сұранысқа ие техникалық және жұмысшы мамандықтардың бірқатары бойынша жалақы деңгейі аталған салаларға мамандар тартудың негізгі факторларының бірі болып отыр. 🔹️Өз кәсібін ашқысы келетін азаматтарды қолдау мақсатында биыл Шығыс Қазақстанда әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы тұрғындарға 300 грант беру қарастырылған. Бірінші лек аясында жалпы сомасы 205 млн теңгені құрайтын 119 грант берілді. Кадр даярлау жұмыстары өңір экономикасының нақты қажеттіліктерін ескере отырып жалғасып жатыр. Биыл облыста 440 жұмыссыз азаматты сұранысқа ие 79 мамандық бойынша оқыту жоспарланған. Қазірдің өзінде 241 адам оқуға жіберіліп, оның 156-сы қажетті даярлықтан өтті.