473
Subscribers
-124 hours
+37 days
+230 days
Data loading in progress...
Similar Channels
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
September '26
September '26
+6
in 1 channels
August '26
+23
in 0 channels
Get PRO
July '26
+28
in 3 channels
Get PRO
June '26
+44
in 2 channels
Get PRO
May '26
+20
in 0 channels
Get PRO
April '26
+45
in 1 channels
Get PRO
March '26
+22
in 2 channels
Get PRO
February '26
+37
in 0 channels
Get PRO
January '26
+50
in 1 channels
Get PRO
December '25
+43
in 1 channels
Get PRO
November '25
+19
in 0 channels
Get PRO
October '25
+43
in 1 channels
Get PRO
September '25
+40
in 1 channels
Get PRO
August '25
+301
in 1 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 08 September | 0 | |||
| 07 September | 0 | |||
| 06 September | +1 | |||
| 05 September | 0 | |||
| 04 September | +1 | |||
| 03 September | +4 | |||
| 02 September | 0 | |||
| 01 September | 0 |
Channel Posts
| 2 | Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген:
Уа, Адам баласы! Жүрегің қалайша жұмсармақ? Сенің бар ынта-ықыласың сүренің соңына жету ғана болса ?! | 300 |
| 3 | Ананың дұғасының маңызы
Имам Сүләйм ибн Айюб (Алла оны рақымына бөлесін) өзінің Рәй қаласындағы балалық шағы туралы былай әңгімелеген:
“Бір күні он жасымда балаларға Құран үйретіп отырған бір шейхтың сабағына бардым.
Шейх маған:
— Жақындап кел де, жатқа бір нәрсе оқып бер, — деді.
Мен «Фатиха» сүресін оқуға тырыстым, бірақ оқи алмадым. Сонда ол:
— Анаң бар ма? — деп сұрады.
— Иә, бар, — деп жауап бердім.
— Одан сен үшін дұға етуін сұра. Алладан саған Құранды дұрыс оқуды және білім беруді тілеуін өтін, — деді.
— Жақсы, — дедім мен.
Үйге келген соң анамнан мен үшін дұға етуін сұрадым. Ол мен үшін дұға етті.
Кейін мен ер жетіп, Бағдадқа кеттім. Ол жерде араб тілін және фиқһ ілімін оқыдым. Біраз уақыттан кейін туған қалама қайтып келген соң, бір күні мешітте отырып, бір кісімен «Мухтасар әл-Музәни» кітабын талқылап отырдым.
Кенеттен әлгі шейх кіріп келді. Ол бізге сәлем берді, бірақ мені танымады. Сосын әңгімемізді тыңдай бастады. Алайда айтып отырған нәрселерімізді толық түсіне алмады. Содан кейін:
— Мұның бәрін қалайша үйренуге болады?! — деді.
Сол кезде мен оған:
— Егер анаң бар болса, одан сен үшін дұға етуін сұра, — дегім келді.
Бірақ ұялып, бұл сөзді айта алмадым..
#ізгілердің_өмірінен | 344 |
| 4 | Жақсы ортамен көп араласа беру адамды өзі білмеген халінде харамнан тосады және ізгі амалдарға махаббатын арттырады.
Оның мысалы : “мәссаған, мына кісі уже 5 пара жаттап алыпты, мен әлі Құранға түспегенмін ғой, менікі мынау не жүріс деп өзіңді жақсы жағынан жейсің”. Жарысатын нәрсе міне осы.
(с) Нұрсұлтан ұстаз | 323 |
| 5 | Демалыс уақытыңнан Құранға уақыт бөл.
Жақсылық пен берекені табасың. | 402 |
| 6 | О, Құран жаттаушы!
Құранды жаттауда мақсатқа тез жету емес, осы қасиетті жолда тұрақты әрі табанды болу маңызды. Өйткені Құранмен өткізген әрбір күнің — өз алдына бір нығмет, әрбір қайталаған аятың — сауап.
Жолың ұзақ болып, жаттауың баяу жүрсе де, тоқтап қалма. Береке — тұрақтылықта. Ал Құранды көркем әрі мығым меңгеру — ол үлкен дәрежеге жеткізетін жол.
Есіңде болсын: басталған сәттен мақсатқа жеткенге дейінгі әрбір қадамың босқа кетпейді. Әрбір жаттаған аятың, әрбір қайталаған сүрең — Алланың қалауымен сен үшін сауап әрі ақыретке жиналып жатқан байлық.
Сондықтан асықпа. Аз болса да — тұрақты жатта. Қиын болса да — тоқтама. Қайталаудан жалықпа. Құран жолынан ажырама.
Өйткені Құранда ең маңыздысы — мәреге бірінші жету емес, сол жолда берік қалу. | 446 |
| 7 | Әулиелердің имамы болған Әбдул Қодир Жилани адамдарға уағыз айтқанда жүректен орын алып барлығын жылататын.
Оның кейбір шәкірттері ұстазының сөзін дәлме-дәл жаттап алып басқа адамдарға айтып беретін. Алайда ескіге әсер етпейтін.
Демек мәселе айтылып жатқан әңгімеде де емес. Мәселе айтып жатқан адамға байланысты.
Кімнің жүрегі нұрланған, жүрегінде Раббысына болған тақуалық көбірек болса, ол адам не айтса да нұры басқа жүрекке өтеді.
Нұры жоқ адам не айтса да өтпейді.
Алла тағала былай дейді:
«Кезінде өлі болып, алайда оның жүрегін тірілтіп оған Нұр нәсіп еттік. Ол сол нұрмен адамдардың ішінде жүретін болады».
Оның нұры адамдардың жүрегінен орын алады. | 353 |
| 8 | Бала тәрбиесі қашан басталады?
Салихалы жар таңдаудан.
(с) Шейх Ясир (Алла ол кісіні сақтасын) | 381 |
| 9 | Отбасылық өмірде құндылықтардың, көзқарастың әртүрлі болуы адамды қажытады. Әсіресе әйел адам білімге құштар болып, ер адам одан алыс болса, ол әйелге өте ауыр болады. Себебі әйел еріне бағынышты, әйелге жағдай жасап беретін ері.
Білімге қызықпайтын, қадірін білмейтін ер адам әйелінің білім алуына бейсаналы түрде әртүрлі кедергілер жасауы мүмкін. Ал ол түбінде білімнен ажырап қалуға алып барады. | 307 |
| 10 | Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтпай жүрген бір кісі түсінде Алланың елшісін көреді. Бірақ Пайғамбарымыз ﷺ оған мүлдем қарамай қояды. Ол кісі Пайғамбарымызға ﷺ жалбарынып:
- уа Алланың елшісі ﷺ маған наразысың ба ? - дейді.
Пайғамбарымыз - жоқ деп жауап береді.
- онда сен неге маған қарамай жатырсың ?
- Өйткені мен сені танымаймын.
- Мені қалай танымайсың ? Мен сенің үмбетіңненмін ғой. Пайғамбарымыз ﷺ үмбетін ата-ана баласын танығаннан да жақсырақ таниды деп ғалымдар айтты ғой.
- турасын айтыпты. Бірақ сен маған салауат айтпайсың. Менің үмбетімді тануым маған айтқан салауаттарына қарай болады.
Содан бастап әлгі кісі күніне 100 мәртеден салауат айтуда тұрақты болды. Бірнеше күннен кейін түсінде Пайғамбарымызды ﷺ көреді. Пайғамбарымыз ﷺ оған:
Енді сені танып тұрмын және саған шапағат етемін деп сүйіншілейді.
#кітаптан | 469 |
| 11 | Саған бір мәрте айтылған адамның есімі есіңде қалама?! Есіңде қалу үшін есімі көп мәрте құлағыңа естілу керек. Сенің салауатың оған періште арқылы жеткізіледі. Тіпті жұма күні еш періштесіз тікелей сенің және әкеңнің есімі айтылады.
Ол сені танысын! Ертең сені танымаса неткен бос өмір. Сен үшін әр түні аяғын ауыртты. Сен шын жүрекпен аузыңды салауат айтып құрғат!
#ұстаздан | 360 |
| 12 | Ұстаздарымыз айтатын: Аллаға Алла елшісі ﷺ арқылы жетесіңдер.
Оған ер, оны жақсы көр. Оған көп салауат айт, сол кезде ол сені таниды. Бір-екі мәрте айтып қана қойсаң ол сені танымайды ертең!
ﷺ
#ұстаздан | 319 |
| 13 | Жұма күні Пайғамбарымызға صلى الله عليه و سلم салауат айтумен сәнденіңдер💚 | 113 |
| 14 | Рабиғ ибн Хусаймның түнде көп жылап, құлшылығын арттырып, түнгі намазды ұзақ оқитынын көрген анасы оған:
— Балам, сен біреуді өлтіріп қойдың ба? — деп сұрайды.
Сонда ол:
— Иә, өз нәпсімді күнәларыммен өлтірдім, — деп жауап береді.
https://t.me/nurbol_zakirov | 371 |
| 15 | Каналдағы жазылушылардың бір бөлігі шығып кетсе оған көңіліңізді түсіріп, қайғырмаңыз.)
Жазылса – Аллаһқа шүкір. Жазылымнан шықса – еш оқасы жоқ. Бұған бола көңіл түсірудің қажеті жоқ. Себебі сандар ешнәрсені шешпейді.
Егер Алла сен арқылы бір ғана адамға пайда жеткізсе, сол да жеткілікті. Өйткені Алланың алдында амалдың құндылығы оның кең таралуында емес, ықыласында.
Сондықтан ниетіңді түзет. Адамдардың санына емес, Алланың разылығына ұмтыл. Дүниелік көрсеткіштерге емес, ақыреттік сауапқа көңіл бөл💚 | 499 |
| 16 | “Аллаһ”-тың алдында дәрежемді көтерер нәрсе болса ол - Құран.
(с) Ағмаш (رحمه الله) | 385 |
| 17 | Мен бастапқыда тігіншілікпен айналысып, табыс табатын едім. Әр күні жатар алдын күндіз айтқан сөздерімді санап, өз-өзіме есеп беретінмін. Сөйтіп, санап көргенімде өте аз сөйлейтінімді аңғардым. Егер күндіз жақсы сөз айтқан болсам, Аллаға мақтау айтып, шүкір ететінмін. Егер күндіз өзіме де, өзгеге де пайдасы жоқ сөз сөйлесем, Алладан кешірім сұрап, тәубе қылатынмын. Әулиелік деңгейге жеткенге дейін осы әдетімді жалғастырдым.
Шейх Мәкиниддин әл-Әсмар (رحمه الله) | 545 |
| 18 | Әттеген-ай! Құранмен ғана уақыт өткізумен разы болғанымда еді..
(с) Суфиян әс-Сәури (رحمه الله) | 3 324 |
| 19 | Ғибадатқа, құлшылыққа зауқың болмаса, денең әлсіреп, шаршап жүрген болсаң әлеуметтік желіден алыстап, тәспіңді қолыңа алып Алланы көп зікір ет. Алланы зікір ету ғапылдықтан арылтады. Әрі жүрекке сергектік сыйлайды. | 468 |
| 20 | Егер күн сайын әлеуметтік желілерден бос әңгіме, ойын-күлкі, харам көріністер, дүниеге құмарлықты арттыратын нәрселерді көріп жүрсе, жүрегі біртіндеп қарайып, Алланы еске алу ауырлай бастайды. Ал Құран, пайдалы ілім, ізгі адамдардың насихаты мен жақсы орта жүректі тірілтіп, иманды күшейтеді.
Ғапылдықтан шығудың бірден бір жолы – ортаны өзгерту. Ізгі адамдармен бірге болу, Құранмен дос болу, әлеуметтік желідегі зиянды парақшаларды тастап, пайдалы арналарға жазылу. Өйткені адам кіммен араласса, соған ұқсайды, ал жүрек немен қоректенсе, соған бейімделетіні ақиқат. | 412 |
