SDU University Official
Open in Telegram
4 320
Subscribers
-824 hours
-137 days
+12530 days
Posts Archive
+2
🏆SDU студенті — үздіктер қатарында!
Киберқауіпсіздік әлемінде тағы бір жеңіс! 💻
SDU University студенті Рауан Исатай еліміздегі беделді Halyk OpenCTF чемпионатында 3-орын иеленіп, 500 000 теңге жүлдеге ие болды! 🏆
Бұл байқау — киберқауіпсіздік саласындағы ең мықты жастар мен ІТ мамандардың шеберлігін сынайтын дода.Финалға 30 қатысушы ғана өткен сайыста Рауан күрделі техникалық тапсырмаларды жылдам әрі дәл орындап, жоғары кәсіби дайындық пен мықты стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті ⚡ 🎉 SDU University Рауанды осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтайды!🚀 #SDUproud #SDUachievements #Cybersecurity #HalykOpenCTF
🎉 SDU-дың жаңа жетістігі!
Университетіміздің Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебінің координаторы, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Dr. Mohammed Alaa Fadhil Al-Hadeethi беделді IEEE Senior Member мәртебесіне ие болды! 👏
🌍 IEEE (Institute of Electrical and Electronics Engineers) — әлемдегі ең ірі инженерлік қауымдастықтардың бірі.
Senior Member атағы — ғылыми және кәсіби салада жоғары тәжірибе мен көшбасшылық қабілетті мойындаудың белгісі.
SDU қауымдастығы Dr. Al-Hadeethi-ді осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтайды! 💫
#SDUUniversity #SDUPride #IEEE #Achievement
Келесі апта бойы SDU University қабырғасында рух пен бірлікті дәріптейтін түрлі шаралар өтеді✨
📅 Бағдарламада:
✨ Патриоттық шеру
🎨 Көрме
🎶 Музыкалық бағдарламалар
🎭 Танымдық және шығармашылық кездесулер
Тұғыры биік мерекені бірге атап өтейік 🇰🇿
#SDU #RepublicDay #RuhaniMura
+1
Келесі апта бойы SDU University қабырғасында рух пен бірлікті дәріптейтін түрлі шаралар өтеді✨
📅 Бағдарламада:
✨ Патриоттық шеру
🎨 Көрме
🎶 Музыкалық бағдарламалар
🎭 Танымдық және шығармашылық кездесулер
Келіңіздер, тұғыры биік мерекені бірге атап өтейік 🇰🇿
#SDU #RepublicDay #RuhaniMura
+3
🚀 Қазақстандық стартап — әлемдік деңгейде!
Кazakhstanдық Cyberpack.AI жобасы — мектеп оқушыларына арналған мобильді қосымша, веб-платформа және білім беру конструкторларын біріктіретін инновациялық экожүйе — Digital Bridge 2025 форумында Павел Дуровтан $25 000 грант иеленді! 💰🔥
🎓 Жобаның стратегиялық дамуында SDU University түлегі Дариға Булаттың еңбегі зор.
Cyberpack.AI балаларға инженерлік ойлау қабілетін дамытып, өз жобаларын жасауға және түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндік береді. 💡
#SDUproud #CyberpackAI #DigitalBridge2025 #SDUAlumni
🎙Проректормен ашық әңгіме
SDU University бірінші проректоры Давронжон Гаипов қатысқан сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз!
Университет өмірі, жаңа бастамалар мен болашақ жоспарлар жайлы сұхбаттың толық нұсқасын тамашалау үшін сілтемеге өтіңіз: https://www.youtube.com/watch?v=_956jXWC0wM
+6
🌿ТАЗАЛЫҚ FEST🌐
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында SDU университетінің аумағында ерекше рух пен бірлікке толы Тазалық Fest өтті! 🌍💚
Бұл игі шараға 300-ге жуық қызметкер мен студент атсалысып, туған ортамызды таза ұстауға өз үлестерін қосты. Бір сәтке қолына күрек пен сыпырғыш ұстаған әрбір жан – табиғат жанашырына, болашақ ұрпаққа үлгі болар тұлғаға айналды. 🌱✨
Жай ғана сенбілік емес, бұл – жасыл мәдениетті қалыптастыратын мереке, ортақ жауапкершілікті арттыратын үлкен қадам. Университет аумағы жасарып қана қоймай, әр жүрекке тазалық пен жанашырлықтың шуағын сыйлады.
SDU жастары табиғатқа қамқор болуды сәнге айналдырады! 🌿
#ТазалықFest #SDU #ТазаҚазақстан
🎓 Qazaq Republic стипендиясы
🌟 Qazaq Republic компаниясы жаңа қайырымдылық стипендиялық бағдарламасын іске қосқанын қуана хабарлаймыз.
📌 Кімдерге?
2–3 курс студенттері (IT, медицина, педагогика).
💰 Не береді?
Ай сайын 50 000 ₸ стипендия (қыркүйек–маусым аралығында).
📈 Шарт:
GPA 3.0-тен төмен емес болуы қажет.
Өтінім берудің соңғы күні — 10 қазан!
Бұл бағдарлама — дарынды, білімге құштар студенттерді қолдау мақсатында жүзеге аспақ✨
📩 Қатысу үшін өтінім беруді ұмытпа!
Суреттегі QR-кодты сканерлеп, қосымша ақпаратпен таныс!
#стипендия
A new chapter at SDU! 🎉
Berik Sabdenaliyev has been appointed Dean of the School of Social Sciences, Business and Law at SDU!
He began his career at SDU in 2010 as a Teaching Assistant. After completing his Master’s degree in 2011, he continued as a Senior Lecturer. From 2015 to 2016, he served as Vice-Dean for Academic Affairs at the Faculty of Economics, and from 2016 to 2018, he was the Program Coordinator of Accounting and Finance.
📚 Academic Background
PhD Candidate in Management (ongoing), SDU
MA in Management (2011), SDU
BA in Management (2007), Kokshetau State University named after Sh. Ualikhanov
He also previously served as the Dean of the Business School at SDU.
We congratulate Dr. Sabdenaliyev on this new role and wish the School of Social Sciences, Business and Law great success and growth under his leadership! 🌟
💥ТАЗАЛЫҚ FEST!🌐
4 қазан күні SDU University қабырғасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық күні өтеді! 🌱
Бұл — табиғатты аялау, туған жеріміздің тазалығына үлес қосу және университет қауымдастығы ретінде бірлігімізді көрсету үшін тамаша мүмкіндік. 💚
📍 SDU University аумағы
🕘 11:00
👥 1–4 курс студенттері және SDU staff
Достарыңмен бірге пайдалы уақыт өткізіп, қоршаған ортаңа пайдаңды тигіз✨
Шараға қатысу үшін мына сілтеме арқылы өт: https://forms.gle/Dpn17Qomh1S4fEhF7
Бірге еңбек етейік, бірлігімізді көрсетейік!💪
#ТазаҚазақстан #SDUlife
+2
Жапондық профессор SDU University-де дәріс оқыды
15–24 қыркүйек аралығында SDU University студенттері ерекше мүмкіндікке ие болды. Жапониядағы Нара қыздар университетінің профессоры Мегуми Санo жоғары курс студенттеріне заманауи математикалық талдау бағыттары бойынша дәріс оқыды.
Дәрістерге тек студенттер ғана емес, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар да қатысты.
Профессор Санo – математика саласында беделді зерттеуші, Жапония Математикалық қоғамының жас ғалымдарға арналған сыйлығының иегері. Оның еңбектері вариациялық есептер мен функционалдық теңсіздіктерге арналған.Осындай кездесулер SDU студенттеріне ғылымға басқа қырынан қарауға, жаңа ойлар мен шабыт алуға жол ашады✨
+5
⚜️SDU University мен Changshin University (Оңтүстік Корея) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Кездесу барысында қысқы және жазғы мектептерді ұйымдастыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі, халықаралық тәжірибе алмасу және университетаралық серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, SDU University желтоқсанда Кёнсан-Намдо провинциясында өтетін халықаралық білім көрмесіне ресми шақырту алды.
🤝 Қол қойылған меморандум екі университет арасындағы әріптестіктің жаңа кезеңін бастайды✨
#әріптестік
Repost from Qalaysyn 🇰🇿
+2
🌟 SDU студенттері халықаралық аренада жарқырады!
🔰 SDU Әлеуметтік ғылымдар, Бизнес және Құқық мектебінің өкілдері Қытайда өткен Belt and Road International Speech Competition байқауында жүлделі орындарға ие болды.
👏 Экономика білім беру бағдарламасының студенттері Ясир Арслан, Әсемай Пулатова және Зере Туралықова International Electric and Energy Market Business Decision Simulation Competition атты халықаралық байқауда ІІ орынға ие болды.
❇️ Университеттің докторанты, әрі оқытушысы Гахвар Бхатти «SUEP Cup Belt and Road» шешендік өнер байқауында ІІ және ІІІ орынды қанжығасына байлады.
+4
SDU University-де жаңа орталық ашылды🆕
Университетімізде Тұлғалық құндылықтарды оқытудың зерттеу орталығы ашылды.
Орталықтың басты мақсаты – білім беру саласында тек ғылымды ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, моральдық және азаматтық құндылықтарды дамыту. Яғни, студенттердің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына үлес қосу.Ашылу салтанатында Ұлыбритания, Сингапур елдерінен келген құрметті қонақтар сөз сөйлеп, құндылықтарға негізделген білімнің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. 🌍✨ 📌 Жаңа орталық: ▪️ғылыми зерттеулер жүргізеді; ▪️білім беру саясатын жетілдіруге үлес қосады; ▪️рухани құндылықтардың дамуына ықпал етеді. Бұл бастама – SDU University-дің тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге ұмтылысының айқын дәлелі. 🚀 #SDU #Research #Values #Education
+3
Алматыда алғаш рет CCAAC 2025 халықаралық конференциясы өтті. Бұл ауқымды шараны ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, Математика және математикалық модельдеу институты және SDU University бірлесіп ұйымдастырды.
🌍 Конференцияға Қытай, Еуропа, АҚШ, Жапония және Орталық Азияның үздік ғалымдары қатысты.
Ең бастысы – Қазақстан тарихында тұңғыш рет Филдс сыйлығының лауреаты, әлемге әйгілі математик, профессор Ефим Зельманов баяндама жасады! Ол заманауи алгебрадағы жаңа ғылыми нәтижелерімен бөлісіп, үлкен қызығушылық тудырды.Сонымен қатар, конференцияға белгілі ғалымдар – Пекин, Киото, Страсбург университеттері мен АҚШ-тың Уэйн Стейт университетінің профессорлары келді. 🤝 Шараға отандық бизнес өкілдері де қолдау көрсетті, бұл – елімізде ғылым мен бизнестің серіктестігі дамып келе жатқанын дәлелдейді. Шетелдік қонақтар SDU University кампусын аралап, студенттерге жасалған заманауи жағдайлармен танысты.
💥SDU FACES 2025 – жарқын сәтіңді тарихта қалдыр! ✨
Бұл – сенің өз болмысыңды көрсетіп, есте қаларлық керемет кадрлардың кейіпкеріне айналатын мүмкіндігің.☄️
🗓Қашан: 20 қыркүйек
👥 Кімдерге: 1–3 курс студенттері
Егер сен:
✅ Өзіңді камера алдында еркін сезініп
✅ SDU-дың жарқын жүздерінің бірі болғың келсе
✅ Өз стилің мен харизмаңды көрсетуге дайын болсаң,
Онда ЖЫЛДЫҢ ЕҢ
АУҚЫМДЫ ФОТОСЕССИЯСЫНА тіркеліп үлгер! ⏳
👉 Кастингке тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/QS83DJ4F7Y8rtTRu5
Жұлдыз боп жарқырайтын уақыт келді. SDU FACE сені күтеді✨+4
🌐 ASTANA FINANCE DAYS 2025
SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған Astana Finance Days VIII форумында спикер ретінде сөз сөйледі.
АХҚО – Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы №1 қаржы орталығы, инновациялар мен бизнестің дамуына жол ашқан хаб.
🎓 Биыл SDU University-де Freedom Шапағат қорының қолдауымен және АХҚО ұсынысымен жаңа майнор бағдарламалары енгізілді:
▪️Халықаралық коммерциялық дауларды шешу
▪️Қаржы нарығын реттеу
▪️Туынды бағалы қағаздар – Опциондар
▪️Активтерді басқару
Ректор өз сөзінде:
«Бүгінгі еңбек нарығына пәнаралық ойлай алатын, жан-жақты мамандар қажет. SDU үшін майнорлар – факультатив емес, академиялық траекторияның маңызды бөлігі. Бұл – студенттерімізге жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің адами капиталын дамытуға қосқан үлесіміз» – деп атап өтті.💡Astana Finance Days – қаржы мен цифрлық инновациялар саласындағы жетекші компанияларды тоғыстыратын халықаралық алаң.
+1
SDU University дарынды студенттерін қолдау, еліміздің ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында «BF MEREKE» Қайырымдылық Қоғамдық Қорымен өзара меморандумға қол қойды.
Нәтижесінде MEREKE шәкіртақы бағдарламасы жүзеге аспақ.
💰 Шәкіртақы мөлшері: айына 50 000 тг
📌 15 студентке тағайындалады
⏳ Мерзімі: 2025 жылдың күзгі семестрі (4 ай)
⚡ GPA 3.5 және одан жоғары болған жағдайда, стипендияны 1 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.
✨ Егер сіз білімге құштар, мақсаты айқын студент болсаңыз – бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
📌 Шәкіртақыға өтінішті мына сілтеме арқылы бере аласыз.
Қосымша сұрақтар үшін: grantoffice@sdu.edu.kz
+2
📚 SDU University студенттері үшін жаңа мүмкіндіктер👏🏻
АХҚО Академиясы SDU University-ге заманауи қаржылық майнор-бағдарламаларды табыстады.
✨ Бағдарламалар студенттердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қаржы саласында қосымша білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Оқу курстарының ішінде:
🔹 Туынды бағалы қағаздар – опциондар
🔹 Активтерді басқару
🔹 Қаржы нарығын реттеу
🔹 Халықаралық коммерциялық дауларды шешу және тағы басқалар бар.
Бұл бастама Freedom Шапағат қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
🎓 Жаңа оқу жылынан бастап SDU Құқық және бизнес мектебінің студенттері осы бағдарламаларды таңдап, қаржы әлемінде жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік алады.
#SDU #МФЦА #білім
+6
🔐 Киберқауіпсіздік пен ЖИ — болашақ заңнамасының іргетасы
Бүгін Алматыда SDU University ұйымдастыруымен IV IT Law Forum болып өтті.
Форумға заңгерлер, IT-мамандар, мемлекеттік органдар, бизнес және университет өкілдері жиналып, ЖИ-ді реттеу, деректерді қорғау және цифрлық дербестік мәселелерін талқылады.
🎤 GRATA International серіктесі Ержан Есімханов:
«ЖИ дәуірі заңнаманы қазірдің өзінде өзгертіп жатыр. Алдағы жылдары мемлекет, бизнес және азаматтар мүдделерінің тепе-теңдігін табуымыз керек», - деп атап өтті.📌 Форум тақырыптары: • IT Law — цифрлық реттеу және технология этикасы • Cybersecurity & Privacy — деректер мен инфрақұрылымды қорғау • Intellectual Property — әзірлеушілердің құқықтары • AI & Legal Tech — заң тәжірибесіндегі ЖИ. 👥 16 спикер, 4 панельдік пікірталас құрылған форум ең ірі компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің басын қосты. Форумда айтылған идеялар аймақтың цифрлық даму бағытын белгілеуге ықпал етеді деген үміттеміз.
