en
Feedback
SDU University Official

SDU University Official

Open in Telegram

✨Since 1996 🚀Арманыңа анық бас!

Show more
4 320
Subscribers
-824 hours
-137 days
+12530 days
Posts Archive
SDU University and Birkbeck, University of London signed a Memorandum of Understanding in London on 19 January 2026. The docu
SDU University and Birkbeck, University of London signed a Memorandum of Understanding in London on 19 January 2026. The document was signed by SDU University Rector Alimzhan Igenbayev and Professor Joanna Leal, Deputy Vice-Chancellor for Innovation and Academic Development at Birkbeck, during an official event organized by the Ministry of Science and Higher Education of Kazakhstan and the Embassy of Kazakhstan in the UK. The signing took place as part of a British Expertise International roundtable that brought together leaders of higher and postgraduate education from Kazakhstan and representatives of leading UK universities. The agreement aims to strengthen long-term academic cooperation through student and staff exchange, joint research projects, and new educational initiatives, expanding international collaboration and creating new opportunities for students, faculty, and researchers at both institutions.

Repost from N/a
☁️ Introduction to AWS 🚀 How modern IT infrastructure can support up to billions of users? AWS Cloud Club at SDU University
☁️ Introduction to AWS 🚀 How modern IT infrastructure can support up to billions of users? AWS Cloud Club at SDU University invites you to an introductory session on cloud computing and Amazon Web Services. You’ll discover how modern IT infrastructure scales to millions and even billions of users, why AWS is a global leader, and how its services are used in real-world systems. The session is beginner-friendly, structured, and open for questions. 🔥 Why attend? • Understand cloud computing in a simple way • Learn how large-scale systems work • Get familiar with core AWS services • Ask questions and get clear answers • Connect with students interested in cloud & tech 👉 Registration (Meetup): 🔗 https://www.meetup.com/aws-cloud-club-at-suleyman-demirel-university/events/313134836 📢 AWS Cloud Club SDU — Telegram channel: 🔗 https://t.me/awscloudclubsdu 🚀 Start your AWS journey with confidence!

Тәжірибеге негізделген білім 💻 Freedom Holding Corp. қолдауымен SDU University базасында Cyber Security және Data Science ба
+4
Тәжірибеге негізделген білім 💻 Freedom Holding Corp. қолдауымен SDU University базасында Cyber Security және Data Science бағыттары бойынша тәжірибеге негізделген білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламалар студенттерге тек теория емес, нақты IT-индустрия талаптарына сай практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. 🔐 Киберқауіпсіздік бағыты Сабақтарды Freedom Holding Corp.-тың тәжірибелі мамандары — Ахат Тукенов, Никита Арсланов және Расул Айтбаев жүргізді. 💻 Оқу мазмұнына кіреді: ▫️ Cloud Security ▫️ DevSecOps ▫️ Network Security ▫️ SOC Analyst Оқыту барысында практикалық тапсырмаларға, нақты жағдайларды талдауға және қолданбалы білімге басымдық берілді. 🤝 Университет пен индустрия арасындағы мұндай серіктестік — бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие IT-мамандарды даярлаудың берік негізі.

BF MEREKE 2.0 🤩 Сіздерді “BF MEREKE” Қорының стипендиялық бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Үміткерлерге қойылатын талаптар
BF MEREKE 2.0 🤩 Сіздерді “BF MEREKE” Қорының стипендиялық бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Үміткерлерге қойылатын талаптар: • ҚР азаматы болу; • SDU University бакалавриатының 3–4 курс студенті болу; • Тәртіптік жаза қолданылмаған болу; • Түйіндеме (резюме) ұсыну; • Мемлекеттік білім беру гранты бойынша стипендиядан басқа көздерден стипендия алмау; • Өткен семестрдегі (Autumn 2025) SPA көрсеткіші 4.0-ден кемінде 3.5 болуы; • Стипендия алған жағдайда “BF MEREKE” Қорының әлеуметтік акцияларына міндетті түрде қатысу; • Стипендия алу кезеңінің бүкіл барысында талаптарға сәйкес болу. Мерзімдер: • Өтінім қабылдау: 25 қаңтарға дейін (23:59); • Өтінімдерді қарастыру: 26–30 қаңтар; • Комиссиямен әңгімелесу (оффлайн форматта): 30 қаңтар – 3 ақпан. Өтініш беру сілтемесі: https://forms.gle/smfvyRe7vUFBKDK69

☄️Қуанышты жаңалық!👏🏻 Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебінің бакалавриат деңгейіндегі Математика, Физика, Информа
☄️Қуанышты жаңалық!👏🏻 Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебінің бакалавриат деңгейіндегі Математика, Физика, Информатика, Химия-биология білім беру бағдарламалары ASIIN агенттігінің бағдарламалық аккредитациясынан 5 жыл мерзімге шартсыз сәтті өтті. Аталған жетістік білім беру сапасын тұрақты дамытуға, оқу бағдарламаларының өзектілігін арттыруға және түлектердің халықаралық деңгейде танылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл университеттің академиялық беделін нығайтып, студенттерге сапалы білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

🏆SDU University оқытушылары — республикалық конкурс жеңімпаздары👏🏻 «2025 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республ
🏆SDU University оқытушылары — республикалық конкурс жеңімпаздары👏🏻 «2025 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсының қорытындысы жарияланды. Биыл байқауға еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 502 оқытушы қатысып, нәтижесінде 37 ЖОО-дан 150 үздік оқытушы жеңімпаз атанды. Аталған беделді конкурсқа SDU University атынан 8 оқытушы қатысып, соның ішінде Математика және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ассистент профессорлары Нұрбек Қахарман мен Баян Бекболат «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. 👏 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы ғылыми-педагогикалық қызметтеріне мол табыс тілейміз!

Студентам SDU открыта регистрация на вакантные государственные гранты 📢 Условия подачи заявления: ▫️ Заявление могут подать
Студентам SDU открыта регистрация на вакантные государственные гранты 📢 Условия подачи заявления: ▫️ Заявление могут подать студенты, обучающиеся на платной основе ▫️ Кандидат должен быть гражданином Республики Казахстан ▫️ Минимальный средний балл (GPA) за весь период обучения — выше 2,5 ▫️ Студенты с оценками «F» к участию не допускаются ▫️ Заявление подаётся строго по установленному образцу (см. прикреплённый файл в Google-формы ) ▫️ Обязательно заполнение Google-формы «Вакантный грант» ▫️ Просим внимательно заполнять форму — некорректные данные могут стать причиной отказа 🗓 Срок подачи заявлений: до 23:59, 12 января 2026 года По всем дополнительным вопросам обращайтесь по электронной почте: ssc@sdu.edu.kz

Ғылыми тағылымдамадан өтетін SDU University қызметкерлерінің тізімі бекітілді✅ 2025 жылғы 24 желтоқсанда өткен Шетелде кадрла
Ғылыми тағылымдамадан өтетін SDU University қызметкерлерінің тізімі бекітілді✅ 2025 жылғы 24 желтоқсанда өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімі негізінде SDU University қызметкерлеріне ғылыми тағылымдама тағайындалды.
Ғылыми тағылымдамадан өтетін үміткерлер тізімі төмендегідей: Инкар Шоганова Айерке Мырзабаева Бахтийер Мералиев Перизат Есенова Меруерт Баймухамбетова Шынғыс Әділхан Айкен Қазин Жадыра Жалғасова Мухтар Амиркумар Керимбекова Баян Даулетқановна Ногайбаева Ақмаржан Алмұрзаевна Юсупова Дурдона Шухратовна
SDU University ұжымы аталған әріптестерімізді ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігімен шын жүректен құттықтайды. Бұл жетістік сіздердің ғылыми әлеуеттеріңіздің жоғары деңгейін айқындайды👏🏻

🎙2025 жыл SDU үшін жақсы жаңалықтарға толы болды🔝 🆕Жылдың ЕҢ АУҚЫМДЫ жаңалықтарына тоқталып өтейік: ⭐️Университетімізде жа
+8
🎙2025 жыл SDU үшін жақсы жаңалықтарға толы болды🔝 🆕Жылдың ЕҢ АУҚЫМДЫ жаңалықтарына тоқталып өтейік: ⭐️Университетімізде жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды. ⭐️Біздегі 17 мамандық “Атамекен” ҰҚП рейтингінде ТОП-10 тізіміне енді. ⭐️SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды. Осы жетістікке орай, университетке FIBAA сапа мөртаңбасы табысталды. ⭐️Биыл SDU University еліміздің жоғары оқу орындарын біріктіретін Академиялық адалдық лигасы қауымдастығының төрағасы атанды. Бұл — университетіміз үшін зор мәртебе әрі жауапкершілік. ⭐️SDU University Орталық Азияда IB-дің үш бағдарламасы бойынша толық сертификация алған алғашқы ЖОО атанды. ⭐️SDU University биыл алғаш рет QS World University Rankings: Sustainability 2026 жаһандық рейтингіне енді. ⭐️Университетімізде «Құндылықтар мен тұлға тәрбиесі» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Жалпы, 2025 жылы SDU мерейін асқақтатып, беделін арттырған жетістіктер көп болды.🎉 Келер жылы қоржынымыз жаңа жетістіктермен толықсын! Жаңа жыл құтты болсын✨❄️🤩🎁

SDU University-де АХҚО Академиясының майнор-білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер шығарылды. «Туынды қаржы құралда
+2
SDU University-де АХҚО Академиясының майнор-білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер шығарылды. «Туынды қаржы құралдары – опциондар» бағыты бойынша қаржы мамандықтарында оқитын 25 студент сертификат алды. Бағдарлама 2025 жылдың тамыз айында SDU University-ге енгізіліп, студенттерге негізгі оқуымен қатар қаржы нарығында нақты қолданылатын қолданбалы әрі тар бағыттағы құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік берді. Бағдарлама саланың сұранысына сай әзірленіп, АХҚО Академиясының қатысуымен және Freedom Broker компаниясының Freedom Шапағат қорының қолдауымен жүзеге асты. Бұл оқу үдерісінің практикалық бағытын күшейтіп, академиялық орта мен қаржы индустриясы арасындағы байланысты нығайтты.

🌐SDU University – Орталық Азияда IB-дің үш бағдарламасы бойынша толық аккредитация алған алғашқы ЖОО👏 SDU University Орталы
+4
🌐SDU University – Орталық Азияда IB-дің үш бағдарламасы бойынша толық аккредитация алған алғашқы ЖОО👏 SDU University Орталық Азияда алғаш болып International Baccalaureate (IB) бағдарламасының PYP, MYP және DP деңгейлері бойынша толық халықаралық аккредитациядан өтті. Осылайша университет Қазақстанда және ТМД елдерінде IB-дің үш бағдарламасы бойынша бірдей аккредитация алған алғашқы жоғары оқу орны атанды☄️
🌍 IB бағдарламасы – жаһандық деңгейде мойындалған білім беру стандарты. Ол болашақ мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлайтын, зерттеуші әрі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті педагог ретінде даярлауға бағытталған.
SDU University-де мұғалімдер даярлау inquiry-based learning, зерттеушілік педагогика, қалыптастырушы бағалау және академиялық адалдық қағидаттарына негізделген. ✨ Бүгінде әлемде IB тарапынан ресми танылған небәрі 55 университет бар. SDU University осы элиталық тізімге еніп, халықаралық білім кеңістігіндегі орнын нығайтты. Осы маңызды жетістік аясында SDU University-ге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ресми сапармен келіп, дәріс оқыды. SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев бұл жетістік еліміздегі IB мектептеріне кадрлық қолдау көрсетіп, педагогикалық білім берудің халықаралық деңгейге көтерілуіне серпін беретінін атап өтті.

SDU University ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді Ауылдық елді мекендердегі дарынды оқушыларды қолдау
+2
SDU University ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді Ауылдық елді мекендердегі дарынды оқушыларды қолдау мақсатында SDU University жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарына 13 грант тағайындады. Гранттар келесі білім беру бағдарламаларына бөлінді: Бастауышта оқыту — 2 Тарих — 1 Информатика — 1 Математика — 2 Аударма ісі — 1 Қазақ тілі мен әдебиеті — 1 Физика — 1 Химия — 2 Педагогика және психология — 2 Бұл гранттар – ауылдық жерлерден шыққан талантты түлектерге тегін білім алып, кәсіби дамуға мүмкіндік береді. SDU University грант иегерлерін құттықтап, оларды SDU қауымдастығына қосылуға шақырды.

🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ⚜️2025 жылғы 26 қараша сағат 14.30-да ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Та
🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ⚜️2025 жылғы 26 қараша сағат 14.30-да ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілиясұлы Ешенқұловтың ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 1/1, SDU University мекенжайы бойынша өтеді. Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады. Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі. Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді r.akhmedina@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Профессор SDU University Болат Татибеков опубликовал новую статью в СМИ В материале он поднимает важную тему — как правовой л
Профессор SDU University Болат Татибеков опубликовал новую статью в СМИ В материале он поднимает важную тему — как правовой ликбез влияет на снижение неформальной занятости и почему это актуально для Казахстана сегодня. Статья будет интересна всем, кто следит за развитием экономики, трудового рынка и правовой грамотности граждан. 📌 Полный материал читайте по ссылке: https://drive.google.com/file/d/1Gx5v6vS3ZuFJD7Hj2xFd7VpYwPGYI0nb/view?usp=sharing

SDU University has been featured for the first time in the QS World University Rankings: Sustainability 2026! The ranking eva
SDU University has been featured for the first time in the QS World University Rankings: Sustainability 2026! The ranking evaluates universities worldwide across Environmental Impact, Social Impact, and Governance. 📊 SDU Highlights: • Global ranking: 1301–1400 • Asia: 481 out of 827 • Kazakhstan: 9th among 23 universities A proud milestone for SDU and a recognition of our ongoing commitment to sustainability. #SDU #Ranking

В SDU University активно развивается направление IT и искусственного интеллекта, и в этом большую роль играет молодое поколен
В SDU University активно развивается направление IT и искусственного интеллекта, и в этом большую роль играет молодое поколение специалистов. 🤖✨ Один из ярких представителей — Ернар Ахметбек, выпускник SDU и руководитель AI-лаборатории. Ссылка на статью о преподавателе - ниже👇🏻 https://ognialatau.kz/news/cat-9/34895/

В SDU University активно развивается направление IT и искусственного интеллекта, и в этом большую роль играет молодое поколение специалистов. 🤖✨ Один из ярких представителей — Ернар Ахметбек, выпускник SDU и руководитель AI-лаборатории. Ссылка на статью - ниже👇🏻 https://ognialatau.kz/news/cat-9/34895/

Университетімізде дәстүрлі «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды✨ 26 қыркүйек пен 21 қазан аралығында өтке
+4
Университетімізде дәстүрлі «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды✨ 26 қыркүйек пен 21 қазан аралығында өткен бұл байқау ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен академиялық әлеуетін танытуға бағытталды. 🏆Нәтижесінде үздіктер анықталды:
🥇 1-орын – Баян Бекболат (Математика және жаратылыстану ғылымдары кафедрасы) 🥈 2-орын – Нұрбек Қахарман (Математика және жаратылыстану ғылымдары кафедрасы) 🥉 3-орын – Джемиль Туран және Дина Бакранова (Компьютерлік ғылымдар кафедрасы)
Жеңімпаздарға марапаттар Академиялық басқару кеңесінде табысталды. Барлық ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаз еңбегі университеттің дамуына және білім сапасын арттыруға зор үлес қосуда👏🏻 #SDUUniversity #ҮздікОқытушы2025 #BestTeacher

🎓 SDU University – Академиялық адалдық лигасының төрағасы! Ағымдағы оқу жылында SDU еліміздегі жоғары оқу орындарын біріктір
🎓 SDU University – Академиялық адалдық лигасының төрағасы! Ағымдағы оқу жылында SDU еліміздегі жоғары оқу орындарын біріктіретін Академиялық адалдық лигасына төрағалық етпек.
Академиялық адалдық лигасы — Қазақстан университеттерін біріктіретін ұйым. Мақсаты – білім мен ғылымда әділдік, сенім, жауапкершілік және ашықтық қағидаларын нығайту.
SDU 2018 жылдан бері осы лиганың мүшесі. Алдағы уақытта төрағалық қызметін атқарады. Сондай-ақ университетімізге келесі мүмкіндіктер беріледі: ▫️Адалдық мәдениетін ел бойынша ілгерілетеді; ▫️Басқа ЖОО-мен тәжірибе алмасады; ▫️Стратегиялық шешімдерге өз көзқарасын ұсынады; ▫️Студенттер мен оқытушылар арасында сенім атмосферасын күшейтеді. Жаңа бастамалар мен жоспарлар: - Адалдық апталығы мен тренингтер өткізу; - Ғылыми жарияланымдардың сапасын бақылау; - Оқу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету; - Бірлескен жобалар мен форумдар ұйымдастыру. Бұл — университетіміз үшін зор мәртебе әрі жауапкершілік.

⚜️ Президенттің қатысуымен білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті Астанада Қазақста
+2
⚜️ Президенттің қатысуымен білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Мемлекет басшысы форум аясында білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын, барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша сала ретінде атап, бүгінгі форум соның айқын дәлелі екеніне назар аударды.
«Бұл – шын мәнінде өте маңызды жиын, жаһандық білім мен ғылымның дамуы туралы аса құнды ой-пікірлер айтылатын, болжамдар жасалатын бірегей алаң. Осыған орай кешеден бері әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары және өкілдері Астанада бас қосып, пікір алмасып жатыр. Бүгін де академиялық білім әлеміндегі беделді жоғары оқу орындарының жетекшілері терең мағыналы ойларын ортаға салды. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🔗 Толығырақ: gov.kz