SDU University Official
Open in Telegram
4 320
Subscribers
-824 hours
-137 days
+12530 days
Posts Archive
Білім беру саласында AI құралдарын қолдану: сауалнамаға қатысыңыз 📢
SDU Extension Center білім беру саласындағы мамандарға арналған жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану бойынша онлайн курс әзірлеуде.
Курс мазмұнын сіздердің нақты қажеттіліктеріңіз бен күнделікті жұмыс міндеттеріңізге бейімдеу үшін қысқаша сауалнама жүргізіліп жатыр.
📝 Сауалнаманы толтыруға 3–5 минут қана уақыт кетеді.
📲 Сұрақтарыңыз болса, WhatsApp арқылы хабарласа аласыздар:
+7 (776) 702 31 34
🔔 Алдағы курстар, бағдарламалар мен жаңалықтар туралы ақпарат алу үшін @sdu.extension Instagram парақшасына жазылыңыздар.
Қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! 💙
Құрметпен,
SDU Extension Center
Financial Literacy Research Project
SDU Students — Your Perspective Can Drive Real Change!
You are invited to participate in an important research study exploring how SDU students make financial decisions in today’s rapidly evolving digital economy. This survey is open exclusively to SDU students, and your participation will help us understand how students manage money, use digital financial tools, and navigate emerging financial risks.
By sharing your experience, you contribute to meaningful improvements in financial education and student support. Your voice truly matters — your insights can help shape stronger financial programs, better support systems, and a more confident future for students like you.
Thank you for taking the time to make a difference. Your honesty, your perspective, and your willingness to participate are deeply appreciated. Keep learning, keep growing, and keep believing in your potential — your future is bright.Survey link: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeqZ_0iIzKA0CyJCOrwzMFiQUzyrmaQZ-hLAfgDZqLGhCOndw/viewform?usp=header At the end of the survey, you’ll also have the opportunity to explore IBM’s free digital learning platform, designed to help you build practical technology and workplace skills. Participation is voluntary, anonymous, and safe. Please do not include your name, student ID, or any identifying information. You may stop at any time. Estimated time: 15–17 minutes By continuing, you confirm you are 18+ and consent to participate. If you have any questions, contact the research team at m.yesseleva-pionka@sdu.edu.kz. This project has been reviewed and approved by the SDU Ethics Committee, approval number 11 12 15. Research Team: Dr Mariya Pionka, Associate Professor of Finance, SDU University Ms Arailym Kossanova, Researcher, Sapienza University
Repost from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
+9
⚜️Астанада педагогикалық білім беруді дамытудың ұлттық моделі таныстырылды
Астанада білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Болашақтың педагогикалық білімі: ұлттық модельді дамыту және енгізу» секциясы өтті.
🔗GOV.KZ
⚜️В Астане представили национальную модель развития педагогического образования
В Астане в рамках ежегодной августовской конференции работников образования состоялась секция «Педагогическое образование будущего: развитие и внедрение национальной модели», организованная Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан.
🔗GOV.KZ
SDU University ректоры Арман Жұмажанов аталған секцияның жұмысына университет атынан қатысты ⚜️
+5
Алматы қаласының Білім басқармасы мен жоғары оқу орындары меморандумдарға қол қойды ✍️
18 тамызда Алматы қаласының Білім басқармасы мен жоғары оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, SDU University және De Montfort University ректорлары қатысты.
SDU University ректоры Арман Жұмажанов мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайту, педагогтерді даярлау, студенттердің мектептердегі тәжірибесін күшейту, бірлескен зерттеулер жүргізу және білім беруде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолданудың маңызын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
+2
⚜️SDU студенттері — әскери инженерия алаңында🔥
SDU University-дің Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебінің 6 студентінен құралған SQQ x SDU University командасы Қазақстандағы алғашқы әскери инженерлік техника чемпионаты — «SHAIQAS 2026» финалдық кезеңіне қатысуда.
Defence Tech Center чемпионаты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өтуде.
Команда мүшелері «Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқиды және чемпионатта киберқауіпсіздік бағыты бойынша бақ сынайды.
Чемпионат төрт негізгі бағытты қамтиды: әуе жүйелері, жерүсті жүйелері, киберқауіпсіздік және тактика.
«SHAIQAS 2026» — әскери және азаматтық қатысушыларды біріктіретін, инженерлік әзірлемелерді нақты жағдайларға барынша жақын ортада сынауға мүмкіндік беретін практикалық чемпионат.Финалдық кезең мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 15 тамызда өтеді. SDU командасына сәттілік тілейміз! 🚀
⚜️SDU УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
SDU University баспасөз қызметі жаңа басшы - Арман Жұмажановтың ректорлық қызметке тағайындалғанын хабарлайды.
Жоғары білім беру саласында 15 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар Арман Жұмажанов бұған дейін Nazarbayev University-де басшылық лауазымдарды, соның ішінде Президент кеңсесінің басшысы (Chief of Staff) қызметін атқарған. Сондай-ақ ол «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Indiana University Bloomington (АҚШ) университетінде Жоғары білім беруді басқару (Higher Education Administration) бағыты бойынша докторантура бағдарламасында оқыған.
Арман мырзаға жаңа қызметінде табыс тілейміз және оның басшылығымен SDU University биік белестерді бағындырады деп сенеміз.
***
⚜️SDU UNIVERSITY APPOINTS A NEW RECTOR
SDU University is pleased to announce the appointment of Arman Zhumazhanov as the new Rector of the University.
With over 15 years of leadership experience in higher education, Mr. Zhumazhanov previously served in senior leadership roles at Nazarbayev University, including Chief of Staff to the President. He pursued a Doctor of Education in Higher Education Administration from Indiana University Bloomington (USA) through the prestigious Bolashak International Scholarship.
We wish Mr. Zhumazhanov every success in his new role and look forward to a new chapter of growth and achievement for the entire SDU University community.
+4
📌 Алматыда құқық, технология және жасанды интеллект саласындағы ең ірі алаңдардың бірі – V жыл сайынғы IT Law Forum өтті.
16 маусым күні Almaty Hub алаңында SDU University ұйымдастыруымен өткен форумға құқық, IT және мемлекеттік сектордың жетекші сарапшылары қатысты.
Форумда:
🔹 жасанды интеллектті құқықтық реттеу;
🔹 киберқауіпсіздік және деректерді қорғау;
🔹 цифрлық бизнесті құқықтық сүйемелдеу;
🔹 LegalTech және заң практикасын автоматтандыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара аясында LegalTech Expo көрмесі ұйымдастырылып, заң саласындағы инновациялық технологиялық шешімдер таныстырылды.
Форумның маңызды оқиғаларының бірі – Kazakhstan’s Legal AI Benchmark зерттеуінің тұсаукесері болды. Зерттеу Қазақстан заңнамасымен жұмыс істеудегі жасанды интеллект модельдерінің тиімділігін алғаш рет кешенді түрде салыстырды.
IT Law Forum V құқық пен технология саласындағы кәсіби диалогты дамытуға және Қазақстандағы цифрлық құқық экожүйесін нығайтуға маңызды үлес қосты.
+4
🔐 Cybersecurity Day 2026
24 сәуір күні SDU University-де Fortinet және Cloud24.kz қолдауымен киберқауіпсіздікке арналған Cybersecurity Day 2026 конференциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Қырғызстаннан 400+ студент қатысты.
🎯
Қатысушылар заманауи киберқауіптер, AI және SecOps бағыттары бойынша сарапшылардың баяндамаларын тыңдап, практикалық тапсырмалар орындады.🤝 Сонымен қатар, SDU University мен Cloud24.kz арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Cybersecurity Day 2026 — студенттер, сарапшылар және индустрия өкілдерін біріктірген тиімді алаңға айналды.
+4
🚀 Technopark SDU Legal Tech бағытын қарқынды дамытып келеді
Technopark SDU құқық пен технология тоғысындағы Legal Tech бағытын жүйелі түрде ілгерілетуде. Бастаманың негізгі мақсаты — заң саласындағы цифрлық трансформацияны қолдап, инновациялық шешімдерді дамыту.
Бүгінде Technopark SDU Legal Tech саласында жұмыс істейтін ұйымдармен және стартап жобаларын дамытушы жас кәсіпкерлермен ынтымақтастыққа ашық. Әсіресе, келесі бағыттарға басымдық беріледі:
⚖️ құқықтық процестерді автоматтандыру
📊 деректерді талдау
💻 цифрлық құқықтық қызметтер
🤖 жасанды интеллект негізіндегі шешімдер
🤝 Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі — GRATA International компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою. Бұл серіктестік экожүйе қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіби ортада тәжірибе алмасуға жол ашады.
+8
SDU университетінде республикалық көшбасшы студенттер форумы өтті✨
Ауқымды іс-шараға еліміздің әр өңірінен 80-ге жуық ЖОО-ның студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары, студенттік үкімет президенттері, омбудсмен өкілдері мен белсенді жастар қатысты.
🔹 Бағдарлама аясында:
• «Нұрлы ақыл», «Жылы жүрек», «Ыстық қайрат» бағыттарында панельдік сессиялар
• практикалық воркшоптар
• тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылды.
Қатысушылар үшін университет бойынша экскурсия өткізіліп, «Көшбасшылар» аллеясының ашылуына орай ағаш отырғызу рәсімі өтті 🌱
Форумда білім беру, құқықтық мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік жауапкершілік бағыттарындағы өзекті мәселелер көтеріліп, жаңа кәсіби байланыстар орнатылды.
#Заманауикөшбасшы
#форум
+4
SDU University-де IELTS ресми тест орталығы ашылды! 🎓🇰🇿
2026 жылғы 16 сәуірде SDU Extension Center базасында IDP IELTS Kazakhstan ұйымымен бірлесіп, IELTS on Computer ресми тест орталығы іске қосылды. 💻📝
Енді үміткерлер емтиханды компьютерлік форматта тапсырып, нәтижелерді жедел ала алады, сондай-ақ One Skill Retake мүмкіндігін пайдалана алады. ⚡✅
Бұл бастама Қаскелеңде халықаралық емтиханға қолжетімділікті арттырудағы маңызды қадам болып табылады. 🌍🚀
—
Official IELTS test center launched at SDU University! 🎉
On April 16, 2026, SDU Extension Center officially launched an IELTS on Computer test center in partnership with IDP IELTS Kazakhstan. 🤝💻
Candidates can now take the test on computer, receive results faster, and take advantage of the One Skill Retake option. 🏃♂️⏱️
This initiative marks an important step in expanding access to international exams in Kaskelen. 🌏📈
+2
🏆SDU командасы республикалық математика олимпиадасында III орын иеленді🔝
11–12 сәуір күндері Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында өткен Республикалық пән олимпиадасында SDU University студенттері жоғары нәтиже көрсетті.
Математика пәні бойынша өткен білім додасына университетімізден Оралбек Дәурен, Нағашыбек Мұхаммед, Жанахметов Ансар, Ernest Regia және Сеидов Елдос қатысып, барлығы жүлделі III орынға ие болды.
Айта кету керек, олимпиада қорытындысы бойынша командалық нәтиже ең жоғары ұпай жинаған үш студенттің көрсеткіштері негізінде есептеледі. Осы жүйе бойынша SDU University командасы Nazarbayev University мен Kazakh-British Technical University командаларынан кейінгі III орынды иеленді. Бұл жетістік студенттеріміздің математикалық дайындығының жоғары деңгейін, табандылығы мен академиялық әлеуетін айқын көрсетеді.
#SDUмақтаныштары🏆
+2
🎓 SDU University халықаралық серіктестікті нығайтуда!
Бүгін SDU University Малайзияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Sultan Idris Education University делегациясын қабылдады 🇲🇾
Университет халықаралық рейтингтерде жоғары орындарға ие:
📊 THE (Education Studies) – 101–125
📊 QS Asian Rankings – 156-орын
🤝 Кездесу барысында тараптар:
• академиялық ұтқырлықты кеңейту
• бірлескен ғылыми жобалар мен гранттарды дамыту
• білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту
мәселелерін талқылады.
Бұл кездесу — SDU University-дің жаһандық білім беру кеңістігіндегі орнын күшейту жолындағы маңызды қадам!
#ынтымақтастық
#SDU
Campus day by Qazaq Republic at SDU University 🚀
Сіздерді Qazaq Republic компаниясының ұйымдастыруымен өтетін Campus Day іс-шарасына шақырамыз
Бағдарламада:
• Компания құрылтайшысы Ермек Қазымның лекциясы «Growth Mindset: Өзгерістерге бейім болу — жаңа заман дағдысы»
• Интерактив және сыйлықтар ұтысы
• QR компаниясы мамандарымен Speed Meeting
• Pizza Party
🗓️ Күні: 14 сәуір
🕒 Уақыты: 13:30
📍 Орны: Blue Hall, SDU Life building
🔗 Тіркелу: https://forms.gle/hYEMwvFeWWNAsbBM6
📩 Сұрақтар бойынша: career@sdu.edu.kz
+1
4th Annual ELIPro Conference
Multilingual Futures: Language, Identity & Educational Policy Across Borders
SDU University invites researchers, educators, and scholars to participate in the 4th Annual ELIPro Conference, held in partnership with the 12th International Conference Building Cultural Bridges (ICBCB).
Online: 9 October 2026
📍 In-person: 15–16 October 2026, SDU University, Kazakhstan and KIMEP.
The conference will bring together international experts to discuss multilingual education, language identity, and educational policy in a global context.
🔗 More information and submission details:
https://elipro.net/conferences/
Поймай момент и зарегистрируйся ⚡
Приём заявок открыт до 15 марта 2026 года.
Кто может участвовать:
• студенты бакалавриата, магистранты, докторанты
• стипендиаты «Болашак»
• обладатели сертификата I этапа
• участники с базовым уровнем английского
Как проходит отбор:
Зарегистрируйся через PlatonusApp, aisanatesting.kz или aisana.gov.kz и пройди онлайн-тест из 25 вопросов (120 минут).
Что дальше:
Лучшие участники разработают Capstone-проект (бизнес-план стартапа) и смогут попасть в пре-акселератор или стать резидентами Alem.ai.
Сделай первый шаг к карьере в ИИ 🚀
📢 Құрметті білімгерлер!
🚀 AI-SANA бағдарламасының ІІ кезеңі басталды!
Жасанды интеллект саласындағы біліміңізді дамытып, ұлттық AI экожүйесінің бір бөлігі болуға мүмкіндік алыңыз.
AI-SANA – жасанды интеллект дағдыларын үйретуге бағытталған ауқымды ұлттық бағдарлама.
ІІ кезеңде сіздерді не күтеді?
• Жасанды интеллект жобаларын практикада жасау
• Google Colab сияқты кәсіби құралдармен жұмыс істеу
• Қосымшалар мен автоматтандырылған шешімдерді әзірлеу
• Медицина, қаржы және басқа салалардағы бизнес-процестерді автоматтандыру
• Пола Ким (Stanford GSE экс-CTO) және Кремний алқабындағы инвесторлардың менторлығы
Қатысу шарттары
• Бакалавр, магистрант, докторант немесе «Болашақ» шәкіртақысының иегері болу
• І кезең сертификатының болуы
• Негізгі деңгейде ағылшын тілін білу
Іріктеу тәртібі
• PlatonusApp, aisanatesting.kz немесе aisana.gov.kz арқылы тіркелу
• 25 сұрақтан тұратын онлайн-тест тапсыру (120 минут)
• Іріктеу мерзімі: 2–15 наурыз 2026 жыл
Нәтижесінде
✨ Үздік қатысушылар Capstone-жобаларын (стартап бизнес-жоспар) әзірлейді
✨ Пре-акселераторға қатысу немесе Alem.ai резиденті атану мүмкіндігі беріледі
💻 Тіркеліп, жасанды интеллект саласындағы кәсіби жолыңызды бүгіннен бастаңыз!
In 2026, the ICBCB–ELIPro International Conference will be held at SDU University, initiated by ELIPro.
Partners: KIMEP University, National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan.
October 9 — Online
October 15–16 — In person
Kaskelen / Almaty, Kazakhstan
Key focus: digitalization, AI & STEM, inclusive education, sustainability, multilingualism.
Proceedings are planned for Scopus-indexed publication.
Abstract deadline: April 15, 2026
icbcb@sdu.edu.kz
sdu.edu.kz | elipro.net
+4
SDU қабырғасында Vision клубының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп жатыр✨
Мейірімділікке үндейтін шараға өз үлесіңді қосып үлгер🩷🫂
#Vision
#қайырымдылықжәрмеңкесі
