en
Feedback
𝙰𝙽𝚃𝙸𝙽𝙾𝙼𝙸𝚈𝙰

𝙰𝙽𝚃𝙸𝙽𝙾𝙼𝙸𝚈𝙰

Open in Telegram

Көргенің мен көкейдегің хатқа түспесе көң басып кебініңмен бірге кетеді, ал жазылып қалса — жан азығы. © И. Бунин

Show more
206
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
+2330 days
Posts Archive
СЫЙЛАСТЫҚТАН ҚИМАСТЫҚ ТУАДЫ... Жақында жүрегіме жақын бір адам “Сыйластықтан қимастық туады” дегенде нені түсінесің дегендей сұрақ берді. Шынымен-ақ ауызымнан жай ғана шығып кете салған сөздің төркінінде қаншама мән мен салмақ барын түсініп, бір күліп те, аздап күрсініп де алдым. Бірақ бірден жауап бере алмадым. Көп дүниені ойлататын осынау тақырып айналасында сөз қозғаудың өзі талай тарихты қазбалап, өткен өмірге көз жіберуге, қуанышқа толы шаттықты күндерді, кішігірім дөңбекшіп шыққан ұйқысыз түндерді еске түсіреді. Иә, біздің де балалық шағымыз барша балалардай қызықты өтті. Бала көңіл кімді көрсе, нені көрсе жақсылыққа балай салатын. Жас жүрек оны көрсе қуана салатын қызықты күндер. Міндетті түрде, бір адамды жаныңа жақын тұтқан соң оны қалай да сыйлауға тырысасың. Сонда ел ішіндегі: “Жеке адам арасындағы сыйластықтан — қимастық туады”, — деген дүниені аздап түсінгендей боласың. Осындайда бір кездері Абайдың: “Балдай бақыт маңдайыма сыймады-ау” деп Тоғжанға айтқаны еске түсіп те кетеді. Өйткені, олар қанша уақыт өтсе де сол арадағы сыйластықты сақтап өткен сыңайлы. Ал сол біз айтып отырған Сыйластық бар жерде Қимастық туады... #ҚҚБ

Қазір күз бәрі әдемі... Суық та әрі, Бір бақыт алыста жүр... Жуық та әрі. Суытпады жанымды жалғыз жүру, Көппен жүру тағы да ж
Қазір күз бәрі әдемі... Суық та әрі, Бір бақыт алыста жүр... Жуық та әрі. Суытпады жанымды жалғыз жүру, Көппен жүру тағы да жылытпады... © Мейрамбек Абдіқалиев

Жүреміз бе жоққа налып, Бірге саябаққа барып Сырласуға қалай қарайсыз?!

Жеткізбейді, жеткізбейді-ау... Жеп-жеңіл Жеткізетін арман бірақ, арман ба?! © Қадыр Мырза Әлі
Жеткізбейді, жеткізбейді-ау... Жеп-жеңіл Жеткізетін арман бірақ, арман ба?! © Қадыр Мырза Әлі

Сәттер... Сөздер... Суреттер... Бәрі – естелік...
Сәттер... Сөздер... Суреттер... Бәрі – естелік...

Жалғызбын жаңбыр, Жалғыз мұң бүгін үзілді. Жылынбас жан бұл, Жуады тамшы жүзімді.

Севги хавасгача, Ишқ нафасгача. © Руми #АНБ
Севги хавасгача, Ишқ нафасгача. © Руми #АНБ

Көзіңді қайтем қарайтын маған ұрлана, Сөзіңді қайтем сиқырлы сазды думан ән. Төзімді қойшы, таусылар сені күтуден, Сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған?! Күндерді қайтем сынаптай сырғып, зулаған, Түндерді қайтем ұйқымды менің ұрлаған. Өзімді қойшы, өзегім жалын өртеген, Сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған?! Сырымды қайтем, сыңар боп саған тумаған, Мұңымды қайтем Мәжнүннің жолын қумаған. Өмірді қойшы, өтер де кетер өкінтіп, Сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған?!

Жаратушысының пендесіне сыйлаған бұл баға жетпес сыйлығы – ҒАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІ болса, ол ешқашан да сөнбейді! Ешқашан да өшпейді!
Жаратушысының пендесіне сыйлаған бұл баға жетпес сыйлығы – ҒАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІ болса, ол ешқашан да сөнбейді! Ешқашан да өшпейді! Ер адамның немесе әйел адамның бойындағы бұл асыл сезімдер – оның көзі жұмылғанша жоғалмайды. Оған бір ғана мысал, арманына жете алмаған екі ҒАШЫҚТЫҢ – басқа жандарға қосылып өмір кешкендерімен, олардың бойындағы сол бір асыл СЕЗІМ – ҒАШЫҚТЫҚ оты - ешқашан да өшпейді, өлгенде де о дүниеге олармен бірге кетеді екен. Жастық шақтағы ессіз ҒАШЫҚТЫҚ пен қартайып шау тартқан кездегі ҒАШЫҚТЫҚТЫҢ ешқандай айырмашылығы жоқ. ҒАШЫҚ адам – өмір бойы ҒАШЫҚ болып өтеді.

Жаз, сағынғаныңды жаз, сабырың сарқып, Біз күткен шақты жаз маған. Алау еріннің жалыны шарпып, Үздіккен шақты жаз маған.

Жаз, ойласаң мені, сағынсаң мені жаз маған, Көңілім кірбің, жүректе үміт маздаған. Қуантып қойшы ойладым түнде сені деп, Ұялм
Жаз, ойласаң мені, сағынсаң мені жаз маған, Көңілім кірбің, жүректе үміт маздаған. Қуантып қойшы ойладым түнде сені деп, Ұялмай жазшы сезімің болса аздаған. © Жанарыс Әскербай

Толқын-толқын тамырда толған ағын. Күте-күте хабарың жол қарадым. Белгісіз сезімдерден мұзданамын, Белгісіз біреулерден қызға
Толқын-толқын тамырда толған ағын. Күте-күте хабарың жол қарадым. Белгісіз сезімдерден мұзданамын, Белгісіз біреулерден қызғанамын. © Мейрамбек Абдіқалиев

Ешкім жанының ауырғанын қаламайды. Бірақ, сүйеді. Бұл жан ауруына өз аяғыңмен барғанмен тең. Оны білетін адам сүйгісі келмейд
Ешкім жанының ауырғанын қаламайды. Бірақ, сүйеді. Бұл жан ауруына өз аяғыңмен барғанмен тең. Оны білетін адам сүйгісі келмейді. Бірақ, бұл мүмкін емес жағдай. Адамға ЖҮРЕК бекер берілмеген. Сен қала, қалама, бәрібір сүйесің. Алғашқы махаббат деген нәрсе жоқ. Егер алғашқы махаббат деген нәрсе болса, екінші, үшінші, соңғы махаббат болуы керек еді. Әлемде шын махаббат қана бар. Қалғанының бәрі далбаса.

Болады екен осынша бұйығы адам, Шын сезімді айтуға шын ұялам! Жақсы көрем! О, қандай оп-оңай сөз! Не бар және өмірде қиын ода
Болады екен осынша бұйығы адам, Шын сезімді айтуға шын ұялам! Жақсы көрем! О, қандай оп-оңай сөз! Не бар және өмірде қиын одан?..

Сүю сені менің ғаріп несібем, Музам менің, сен бағалы есім ең. Кешірмесең мына мені кешірме, Ал мен сені сүймесең де кешірем.
Сүю сені менің ғаріп несібем, Музам менің, сен бағалы есім ең. Кешірмесең мына мені кешірме, Ал мен сені сүймесең де кешірем.

"Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиісті" дейді ғой Мұқағали. Мен махаббат пен парасат әрқашан қатар жүруі ке
"Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиісті" дейді ғой Мұқағали. Мен махаббат пен парасат әрқашан қатар жүруі керек деп есептеймін. Парасатсыз махаббаттың не мәні бар?! Маркестің "Мен қартайып ғашық болудан қалдық деп адасып жүрген жандарға ғашық болудан қалғандықтан қартайғанын түсіндірер ем" деген сөзі бар. Жігіттің қызға, қыздың жігітке ғашық болғанындай, гүлге, аспанға, тауға, теңізге, ғаламға ғашық болайық. Абай секілді "Адамзаттың бәрін сүйейік". Жүрегіміздегі махаббатты, санамыздағы парасатты жоғалтып алмайық. Айтпақшы, одан соң "Оның жасы менен кіші, өзі бірінші хабарлассын, өзі бірінші жағдайымды сұрасын" деген сияқты ескірген түсініктерден арылып, үлкен болсақ та, кіші болсақ та бір-бірімізге хабарласып тұрайық, хабарласпай кеткендерге ренжімейік!

Жаралған жердегі көп жаннан әсем, Бақытыма боп жүрсің жарнама сен. Егіліп ештеңеге алаңдама, Мен сені шын сүймесем, таңдамас ем!

Жаралған жердегі көп жаннан әсем, Бақытыма боп жүрсің жарнама сен. Егіліп ештеңеге алаңдама, Мен сені шын сүймесем, таңдамас ем! Мен үшін талай иіп өз басыңды, Дәлелдедің өзгеріп тозбасыңды. Мың қыз менің күлкімді көргенменен, Көретін жалғыз сенсің көз жасымды. Жанымда сен жүргенде жырақ қайғы, Әр сөзің сенімімді қуаттайды. Мен барда сені де ешкім жылатпайды, Сен барда мені де ешкім құлатпайды. Жүзіңе жылдар салса қанша оюын, Алдыңда бар білемін, сонша айыбым. Жанымнан кей кездері түңілсең де, Тағыңнан түсе көрме, ханшайымым! © Ринат ЗАИТОВ

Қабағымнан қашқанда қарау қайғы, Ғашықтықпен осынау ғаламға әйгі, Сыртқа бермей жүрсем де сырымды ішкі Аңғал көңіл сіз жаққа
Қабағымнан қашқанда қарау қайғы, Ғашықтықпен осынау ғаламға әйгі, Сыртқа бермей жүрсем де сырымды ішкі Аңғал көңіл сіз жаққа алаңдайды. Жарқын түстен мамықтай іздеп өлең, Кемпірқосақ ойларды тізбелеген, Айтқан сайын азабы асқынатын Сағынышты сүйемін Сізге деген! ©Дәурен ТІЛЕУХАН

Ғашық болу Құдай-ау неткен оңай, “Мен саған ғашықпын” деу неткен қиын…
Ғашық болу Құдай-ау неткен оңай, “Мен саған ғашықпын” деу неткен қиын…