en
Feedback
𝙰𝙽𝚃𝙸𝙽𝙾𝙼𝙸𝚈𝙰

𝙰𝙽𝚃𝙸𝙽𝙾𝙼𝙸𝚈𝙰

Open in Telegram

Көргенің мен көкейдегің хатқа түспесе көң басып кебініңмен бірге кетеді, ал жазылып қалса — жан азығы. © И. Бунин

Show more
206
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
+2330 days
Posts Archive
— Ең үлкен батылдық не білесің бе? — Не екен? — Ол сезімдеріңді тұншықтырмау. Біреуді жақсы көрсең, жақсы көретініңді айту, р
— Ең үлкен батылдық не білесің бе? — Не екен? — Ол сезімдеріңді тұншықтырмау. Біреуді жақсы көрсең, жақсы көретініңді айту, ренжісең ренжігеніңді. Сезімдеріңді өшіру емес, иесіне жеткізу.

Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, Осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Бас иген талай бозбалаларға паңдана Асқақтау басып, бақытты болдым. «Сонда да жан-жүрегіңді толтырар бір жан жетпей жүрді ғой» демесең Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен, Сен екеніңді, сен екеніңді білген бе ем... Әйтеуір, жаным, «бұл күнде менсіз жүре алмайсың ғой» демесең, Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. © Фариза Оңғарсынова

"...жан-жүрегіңді толтырар бір жан жетпей жүрді ғой демесең, Мен саған ғашық емес ем..."

"Жақсы көру! Егер адам бірін-бірі жақсы көрмесе, қасқырдан да артқан қанқұмар болып кетер еді. Жақсы көру деген бір ұлы қасие
"Жақсы көру! Егер адам бірін-бірі жақсы көрмесе, қасқырдан да артқан қанқұмар болып кетер еді. Жақсы көру деген бір ұлы қасиет. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын жақсы көру бар да, жеке адамды жақсы көру бар. Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу ол үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік. Кім өзінің ата-анасын, туған бауырларын жақсы көрмейді? Солар үшін жан аямай еңбек еткісі келмейді. Кім өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса жанын құрбан етуден бас тартады? Меніңше, бұл қайсымыздың болса да қолымыздан келетін іс. Бірақ біреуді жақсы көру, ұнату бар да, не болмаса оны шын жүректен өлердей сүю, онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар". © Ілияс Есенберлин "Алтын құс"

Ойлаушы ек өзіңізді тез келсе деп, Тезірек көңіл ұйып, көз көрсек деп. Лекция Сіз оқитын көбейтіліп, Сабақтың кестелері өзгер
Ойлаушы ек өзіңізді тез келсе деп, Тезірек көңіл ұйып, көз көрсек деп. Лекция Сіз оқитын көбейтіліп, Сабақтың кестелері өзгерсе деп... #Ұстазыма #АНБ_ға

Сенің ғана жапырағыңа күз келмейді, Сағыныштан сыр айтар ем сөз келмейді. Жалынсаңда өмір заңы өзгермейді, өзгермейді...

"Ұйқы тәтті ме? Мұң тәтті ме?" деген сұраққа "мұң" дер едім. Себебі, мұңдар үшін талай түнді тәрк еттік қой! © Сандыбай Піржа
"Ұйқы тәтті ме? Мұң тәтті ме?" деген сұраққа "мұң" дер едім. Себебі, мұңдар үшін талай түнді тәрк еттік қой! © Сандыбай Піржан

Сезімді логикаға бағындыру деген таза есуастық қой. Адам бойында өз еркімен туып, өз еркімен өлетін жалғыз-ақ азат қасиет ұна
Сезімді логикаға бағындыру деген таза есуастық қой. Адам бойында өз еркімен туып, өз еркімен өлетін жалғыз-ақ азат қасиет ұнату мен жек көру. Енді соны ноқталамаңдаршы! © Дулат Исабеков "Қарғын"

Мендегі жалғыздықтың басқа мәні, Менде бар аяулы аға, дос бағалы, Мекендеп алған олар баяғыда Жүрек деп аталатын астананы. Ме
Мендегі жалғыздықтың басқа мәні, Менде бар аяулы аға, дос бағалы, Мекендеп алған олар баяғыда Жүрек деп аталатын астананы. Мендегі жалғыздықтың басқа мәні!

Ұнатамын мен сені бірақ, бірақ, Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап. Ұнатамын дегенім – жасандылық, Саған деген жүрегім құрақ-құрақ.

"Құпия махаббат – айтылмаған сөздер мен сезілмеген құшақтардың ұясы" © Джейн Остин
"Құпия махаббат – айтылмаған сөздер мен сезілмеген құшақтардың ұясы" © Джейн Остин

Сағынышқа бағанып, қиналып, Қалдым сызға малынып...

...Ол көктемнің мен емес гүлін үзген, Бізді құртқан үнсіздік, тіліміз кем. Елдің бәрі білетін құпияны, Жасырамыз біріміз бірі
...Ол көктемнің мен емес гүлін үзген, Бізді құртқан үнсіздік, тіліміз кем. Елдің бәрі білетін құпияны, Жасырамыз біріміз бірімізден... © Мұхтар Күмісбек

Ескі ән, есті ән
Кездескенде ақ жүзіңе шағылған, Күн нұрына қайран қалып кетіп ем. Сезімімді күмән санап жаңылған, Батылым жоқ болғаныма өкінем.

Ал, жаным-ай дегенде, ал жаным-ай, Сендей болса арман не жан жарым-ай… © Есенғали Раушанов
Ал, жаным-ай дегенде, ал жаным-ай, Сендей болса арман не жан жарым-ай… © Есенғали Раушанов

Жазылмастан қалды іште қаншама өлең, Өткен күннен белгі боп қалса деп ем... Бәлкім, кейін, дәм-тұзым таусылғанда, Бір шумақ ж
Жазылмастан қалды іште қаншама өлең, Өткен күннен белгі боп қалса деп ем... Бәлкім, кейін, дәм-тұзым таусылғанда, Бір шумақ жыр жазуды аңсап өлем... Боялғандай бұлыңғыр түске маңай, Тірі жүріп, тіл құрғыр тістеледі-ай! Көздің жасын көрсету – қандай бақыт Менің жасым ағады ішке қарай... Құлыбы жоқ бұл өзі қандай қамау? Жазылған ба бітпейтін маңдайға дау? Менің жазам – мәңгілік махаббатты Мүлдем естен шығару – мәңгі ойламау! Адастырар деді ме осы көпті, Маған тағдыр неге олай шешім етті? Білсеңдер ғой, сайраған бұлбұлға да, Алтын торда ән салу – қасіретті... © Жадыра Байбұланова

Үздіксіз мінсіздікке ұмтыла беру қауіпті. Өзіңе деген тым қатал тәртіптің соңы үлкен күйзеліс. Біз періште емес, пендеміз. Жү
Үздіксіз мінсіздікке ұмтыла беру қауіпті. Өзіңе деген тым қатал тәртіптің соңы үлкен күйзеліс. Біз періште емес, пендеміз. Жүз пайыз дұрыс, аппақ бола алмаймыз. Жаратылысымыз солай. Арасында өзімізге қалауымызша әрекет етуге, бағынбауға, мұрынымыз бұзылып құлауға, бұрынғы қателікті қайталайтыныңды сезе тұрып тағы да қателесуге ерік беріп тұрғанымыз жөн. Өзімізді шектеп қойған шекара қашан да сол өзіміз тұрғызған қабырғаларға соғылып қиналу, тұншығу дегенді білдіреді. Арасында тоқтап, демалып тұрған абзал.

Жүрегім білген ақ сыр емерін, Бір өзің үшін тап шын өлеңім. Басқалар сені ұнатар, бірақ, Мен сені, жаным, жақсы көремін! © Жа
Жүрегім білген ақ сыр емерін, Бір өзің үшін тап шын өлеңім. Басқалар сені ұнатар, бірақ, Мен сені, жаным, жақсы көремін! © Жанарыс Әскербай

Бұрын сен қайда жүргенсің, Бұрымдыларға қосылмай?..
Бұрын сен қайда жүргенсің, Бұрымдыларға қосылмай?..

Ескі ән, есті ән
Дертімді қалай емдермін, Не амал, оған не істерміз?! Арманым болдың сен менің, Аузынан айдың түскен қыз!