cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Elorda Aqparat

Елорда мен Қазақстанның соңғы жаңалықтары біздің арнамызда. 📰 Біздің сайт – elorda.info💪 Біздің арнамызға жазыл және жаңалықтарды ең бірінші болып оқы!🗞

Show more
Advertising posts
5 910
Subscribers
-1024 hours
-1067 days
-45830 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Су тасқыны: Волонтерлер 10 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері министрлік «Күшіміз бірлікте» акциясын бастады. Акцияға Ұлттық волонтерлер желісі, волонтерлік және жастар ұйымдары, діни, этномәдени және қайырымдылық ұйымдары өкілдері қолдау көрсетті. Барлық өңірде жедел волонтерлік штабтар құрылып, олардың жұмысына 50 мыңнан астам волонтер тартылды. Зардап шеккендерге көмек көрсетуді және еріктілерді жер-жерге бөліп, үйлестіру үшін бірыңғай байланыс орталығы (+7 708 706 4242) жұмыс істейді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері облыстардан 1000-нан астам қоңырау түскен. Толығырақ
Show all...
Елордада Run for Autism қайырымдылық жарысы өтеді 18 мамырда Астанадағы Триатлон паркінде Run for Autism қайырымдылық жарысы өтеді. Қалалық ауқымдағы спорттық іс-шара 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км қашықтыққа жүгіруді ұнататындар үшін ұйымдастырылады. Оған денсаулық жағдайы бойынша жоғарыда аталған қашықтықтарды еңсере алатын 12 жастан асқан Астананың кез келген тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Жарыс 18 мамыр күні сағат 08:00-ден 11:30-ға дейін өтеді.
Show all...
Астанада 5 бірдей музыкалық аспапта ойнайтын күзетші тұрады Елордадағы өнер мектептерінің бірінде жай ғана күзетші болып еңбек ететін кейіпкеріміз күнделікті жұмысын сызылтып сыбызғы тартумен бастайды. Ахмеджан Алпысбаев бұдан басқа да бес аспаптың құлағында ойнайтын өнерпаз екені белгілі болды. Elorda.info тілшісі музыкант-күзетшімен сұхбаттасты
Show all...
👍 1👏 1
Для предпринимателей столицы снижены тарифы за свет Снижение тарифа стало возможным после недавнего приостановления территориальными департаментами Комитета по регулированию естественных монополий действия лицензий на услуги по снабжению электрической энергии нерегулируемых энергоснабжающих организаций, передает Elorda.info со ссылкойна Комитет по регулированию естественных монополий. В этой связи, ТОО «Астанаэнергосбыт» подало уведомление в Департамент Комитета по регулированию естественных монополий по Астане о снижении тарифа на электрическую энергию для юридических лиц на 18% с 38,35 тенге до 31,45 тенге за 1 кВт.ч. Сниженный тариф вводится в действие с 1 июня 2024 года. Подробнее
Show all...
Алматы ауданында 4 мектеп және 2 балабақша салынады Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Алматы ауданының тұрғындарына есеп беру кездесуінде белгілі болды
Қазақ драма театрының Мыңжылдық аллеясына қарайғы бөлігінде соңғы Бас жоспар мен соңғы ЕЖЖ (Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы) бойынша қосымша 4 мектеп пен 2 балабақша салу жоспарлануда, - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Show all...
👍 2
Астанада экологиялық акцияға қатысушылар арасында елорда әкімдігі ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды 62 жастағы жарыстан видеосы интернетте тараған марафоншы, зейнеткер Елеусіз Пардабай мен 25 жастағы Оразбай Хабибулла және колледж студенті Эргаш Бексұлтан фитнес-клубқа абонемент иесі атанды. Естеріңізге сала кетейік, экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа үш абонементке конкурс жарияланған болатын. Байқауға кез келген адам қатысуға мүмкіндік алды. Бейне жазбаны кез келген жерде, соның ішінде аула тазалау кезінде де түсіруге мүмкіндік берілді. Байқауды өткізуге көмектескені үшін «Fitnation» фитнес-клубына алғыс айтылды.
Show all...
👍 1
Жеңіс Қасымбек Алматы ауданы тұрғындарымен кездеседі Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің Алматы ауданының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді. Есептік кездесу сағат 15:30-да Аманат көшесі, 5 мекенжайындағы №51 мектеп-гимназиясының ғимаратында өтеді. Тікелей трансляция Алматы ауданы әкімі аппаратының Facebook парақшасында жүргізіледі.
Show all...
👍 1
Елордалықтарға мерекелік бауырсақ таратылды Бүгін 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай елордалықтарға бауырсақ пен тәтті таратылды Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы “Астана жастары” жастар ресурстық орталығымен бірлесе отыра бірлік пен татулықтың мерекесінде “Бауырсақ біріктіреді” атты акцияны ұйымдастырды.
Бүгінгі шуақты күні волонтерлер астаналықтар мен қала тұрғындарын осынау мерекемен құттықтап, қазақтың ежелгі салтының негізінде дәм ауыз тигізді.  Сөйтіп, Көпшілік көп шоғырланатын жерлер мен аялдамаларда елордалықтарға 10 келідей бауырсақ пен тәтті таратылды’- деді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қызметкері Дамир Айтымов. 
Қашанда жақсы істің басы-қасында жүретін волонтерлердің бірі Давид Шарипов. 
Show all...
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!
Show all...
Астанадағы Сейфуллин мұражайы жайлы не білеміз? Acтaнa тек зәулім ғимaрaттaрмен ғaнa емеc, тaрихи мaңызы бaр ныcaндaрмен ерекшеленеді. Қaлaның өткен тaрихынaн cыр шертетін ныcaнның бірі – Cәкен Cейфуллин мұрaжaйы. Қaзaқтың қaмы үшін қaжыр-қaйрaтын жұмcaғaн Aлaштың aрдaқты aзaмaтынa aрнaлғaн бұл музейдің елордaның рухaни өмірінен aлaр орны ерекше. Бұл ғимaрaттa көзі тіріcінде қоғaм қaйрaткерінің өзі қызмет еткен. Бүгінгі тaңдa музейге айналған ғимаратта жaзушының қолдaнғaн зaттaры, шығaрмaлaрының түпнұcқaлaры және өмірінің әртүрлі кезеңінде алған cыйлықтaры орналасқан. Толығырақ
Show all...