en
Feedback
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿

Open in Telegram

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары 🇰🇿 🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru 🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz 🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Show more
2 405
Subscribers
-124 hours
+197 days
+3930 days
Posts Archive
🇰🇿🇨🇿 Казахстан и Чехия расширяют сотрудничество в области модернизации коммунальной инфраструктуры В Министерстве промышленности и строительства состоялась встреча вице-министра Куандыка Кажкенова с делегацией Чешской Республики во главе с заместителем министра окружающей среды Мартином Вайссом. Во встрече приняли участие представители Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства, АО «Казцентр ЖКХ», государственных органов Чешской Республики, а также научно-исследовательских организаций и компаний, специализирующихся в сфере водного хозяйства и коммунальной инфраструктуры. ⚙️ Стороны обсудили перспективы сотрудничества в области модернизации систем водоснабжения и водоотведения, строительства и обновления очистных сооружений. Внимание уделено внедрению современных технологических и цифровых решений в коммунальной сфере. 🏟 Куандык Кажкенов отметил, что повышение качества услуг водоснабжения и водоотведения является одним из приоритетных направлений работы Министерства. Особое внимание уделяется обновлению коммунальной инфраструктуры и снижению износа действующих сетей и объектов. 🤝 В рамках Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» по линии Министерства планируется модернизировать порядка 8 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения, а также реализовать 45 проектов канализационных очистных сооружений. 💧 Чешская сторона представила разработки в области мониторинга и качества воды, очистки сточных вод, проектирования и эксплуатации водохозяйственных объектов, насосного оборудования, BIM и цифровизации, а также диагностики канализационных сетей и трубопроводов. 🤝 По итогам встречи стороны выразили заинтересованность в проработке совместных инициатив в сфере модернизации коммунальной инфраструктуры.

🇰🇿🇨🇿 Қазақстан мен Чехия коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде ҚР Өнеркәсіп және құры
+2
🇰🇿🇨🇿 Қазақстан мен Чехия коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде   ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде вице-министр Қуандық Қажкенов пен Чехия Республикасы Қоршаған орта министрінің орынбасары Мартин Вайсс бастаған делегацияның кездесуі өтті.   Кездесуге ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның, Чехия Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ су шаруашылығы және коммуналдық инфрақұрылым саласында маманданған ғылыми-зерттеу ұйымдары мен компаниялардың өкілдері қатысты.   ⚙️ Тараптар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту, тазарту құрылыстарын салу және жаңарту салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Коммуналдық секторға заманауи технологиялық және цифрлық шешімдерді енгізуге назар аударылды.   🏟 Кездесуде Қуандық Қажкенов сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыру министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін, осы орайда қолданыстағы желілер мен нысандардың тозу деңгейін төмендетуге және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.   🤝 «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Министрлік желісі бойынша шамамен 8 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылыстарының 45 жобасын іске асыру жоспарлануда.   💧 Чехия тарапы судың мониторингі мен сапасы, ағынды суларды тазарту, су шаруашылығы объектілерін жобалау және пайдалану, сорғы жабдықтары, BIM және цифрландыру, сондай-ақ кәріз желілері мен құбырларды диагностикалау секторындағы әзірлемелерді ұсынды.   🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы бірлескен бастамаларды пысықтауға қызығушылық білдірді.

🎓 19 тыс. студентов участвуют в системе дуального образования по промышленным направлениям Министр промышленности и строительства на заседании Правительства доложил о развитии одного из ключевых инструментов — дуального образования. По промышленным направлениям в нем участвуют порядка 19 тыс. студентов, а практическую подготовку обеспечивают 816 предприятий. 📊 Наибольший охват приходится на машиностроение — 9,3 тыс., легкую промышленность — 5,3 тыс., металлургию — 1,3 тыс. студентов. Также отдельное внимание уделяется ранней профориентации и повышению привлекательности рабочих и инженерных профессий. ⚡️ Министерством в этом году проведен ряд мероприятий, направленных на популяризацию геологии и формирование интереса молодежи к отраслевым профессиям. Среди них VIII Международная полевая олимпиада юных геологов в Астане и III Казахстанская геологическая универсиада «Сәтбаев». Молодые геологи РК также приняли участие в XIX Международной олимпиаде наук о Земле  в Турине. Министр подчеркнул, что такие мероприятия позволяют одновременно популяризировать профессии, выявлять талантливую молодежь и формировать кадровый резерв отрасли. 💬
«Министерство продолжит работу по обеспечению курируемых отраслей востребованными и квалифицированными кадрами, развивая инициативы Года рабочих профессий и укрепляя взаимодействие с работодателями и организациями образования»,
— подытожил Ерсайын Нагаспаев.

🎓 Өнеркәсіптік бағыттар бойынша 19 мың студент дуальды білім беру жүйесіне қатысуда Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі негізгі құралдардың бірі — дуальды білім беру ісін дамыту туралы баяндады. Өнеркәсіптік бағыттар бойынша оған 19 мыңға жуық студент қатысуда, ал практикалық даярлауды 816 кәсіпорын қамтамасыз етеді. 📊 Қамтудың ең жоғары көрсеткіштері машина жасау (9,3 мың студент), жеңіл өнеркәсіп (5,3 мың студент), металлургия (1,3 мың студент) салаларына тиесілі. Сонымен қатар ерте кәсіптік бағдарлауға және жұмысшы әрі инженерлік мамандықтар тартымдылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. ⚡️ Министрлік биыл геологияны насихаттауға және жастардың салалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара өткізді. Олардың қатарында Астанада ұйымдастырылған Жас геологтардың VIII халықаралық далалық олимпиадасы және «Сәтбаев» III қазақстандық геологиялық универсиадасы бар. Сондай-ақ еліміздің жас геологтары Туринде өткен Жер туралы ғылымдар жөніндегі XIX халықаралық олимпиадаға қатысты. Министр мұндай іс-шаралар мамандықтарды насихаттауға, дарынды жастарды анықтауға және сала үшін кадрлық резерв қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 💬
«Министрлік өзінің жетекшілік ететін салаларын сұранысқа ие және білікті кадрлармен қамтамасыз ету, Жұмысшы мамандықтарының жылы аясындағы бастамаларды дамыта отырып, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды арттыру бағытындағы қызметін жалғастыра береді»,
– деп қорытындылады Ерсайын Нағаспаев.

📊 Подготовка специалистов начинается на этапе планирования инвестпроекта — Ерсайын Нагаспаев    Министерством промышленности и строительства особое внимание уделяется профессиональным стандартам. В прошлом году разработано 34 стандарта, в текущем предусмотрена разработка и актуализация еще 158 профессиональных стандартов, охватывающих 922 профессии. 💬
«В их разработке непосредственно участвуют работодатели и отраслевые ассоциации. Таким образом, формируется единая цепочка: требования работодателя, профессиональный стандарт, образовательная программа и подготовленный специалист. Особенно важно обеспечить эту связь при запуске новых производств»,
— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев. 💼 В обрабатывающей промышленности страны в текущем году реализуются 200 инвестиционных проектов на 1,7 трлн теңге с созданием 17,3 тыс. рабочих мест. Из них уже введено 84 проекта и создано 5,8 тыс. рабочих мест. 💬
«В рамках новых проектов растет спрос на специалистов в области автоматизации, цифрового проектирования, роботизации, искусственного интеллекта и кибербезопасности. Поэтому в рамках вышеуказанного Отраслевого плана проработан вопрос подготовки специалистов уже на этапе планирования инвестиционного проекта»,
— отметил министр.

📊 Мамандарды даярлау инвестициялық жобаны жоспарлау кезеңінен басталады — Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кәсіби стандарттарға ерекше назар аударады. Өткен жылы 34 стандарт әзірленді, биыл 922 мамандықты қамтитын тағы 158 кәсіби стандартты әзірлеу және қайта қарау көзделген. 💬
«Оларды әзірлеуге жұмыс берушілер мен салалық қауымдастықтар тікелей қатысады. Осылайша жұмыс берушінің талаптары, кәсіби стандарт, білім беру бағдарламасы және даярланған маман сынды бірыңғай тізбек қалыптасады. Жаңа өндіріс орындарын іске қосу кезінде осы байланысты қамтамасыз ету аса маңызды»,
– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев. 💼 Биыл еліміздің өңдеу өнеркәсібінде 1,7 трлн теңге көлеміндегі 200 инвестициялық жоба іске асырылуда, нәтижесінде 17,3 мың жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 84 жоба қазірдің өзінде іске қосылып, 5,8 мың жұмыс орны құрылды. 💬
«Жаңа жобалар аясында автоматтандыру, цифрлық жобалау, роботтандыру, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларына қатысты мамандарға деген сұраныс артып келеді. Сондықтан жоғарыда аталған Салалық жоспар шеңберінде инвестициялық жобаны жоспарлау кезеңінде мамандар даярлау мәселесі пысықталды»,
– деп атап өтті министр.

🏗 Отраслевой План развития системы квалификаций на 2027–2029 годы разработан МПС РК На заседании Правительства Ерсайын Нагаспаев, ссылаясь на анализ занятости, отметил, что наибольшая потребность в кадрах сосредоточена в строительстве, машиностроении и горно-металлургическом комплексе. При этом именно здесь сохраняется и значительное количество вакансий. 💬
«Это говорит о том, что проблема заключается не только в нехватке работников, но и в несоответствии имеющихся компетенций требованиям работодателей. Поэтому образовательный заказ необходимо формировать исходя прежде всего из реального спроса предприятий. Здесь ключевую роль играет Национальная система квалификаций. Для системного решения этого вопроса Министерством разработан Отраслевой план развития системы квалификаций на 2027–2029 годы. Его основная задача связать в единую систему потребность экономики, требования работодателей, подготовку кадров и подтверждение квалификаций»,
— сообщил министр.

🏗 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Біліктілік жүйесін дамытудың 2027-2029 жылдарға арналған салалық жоспарын әзірледі Үкімет отырысында Ерсайын Нағаспаев жұмыспен қамту бойынша жүргізілген талдауға сілтеме жасай отырып, кадрларға деген ең жоғары қажеттілік құрылыс, машина жасау және тау-кен металлургия кешені салаларында қалыптасқанын атап өтті. Дәл осы салаларда бос жұмыс орындарының саны айтарлықтай сақталып отыр. 💬
«Бұл жерде мәселе тек жұмысшылардың жетіспеушілігіне ғана емес, сонымен қатар қолда бар құзыреттердің жұмыс берушілер талаптарына сәйкес келмеуіне де байланысты. Сондықтан маман даярлау, білім беру ісін ең алдымен кәсіпорындардың нақты сұранысына қарай қалыптастыру қажет. Бұл ретте Ұлттық біліктілік жүйесі шешуші рөл атқарады. Осы мәселені жүйелі түрде шешу мақсатында министрлік Біліктілік жүйесін дамытудың 2027-2029 жылдарға арналған салалық жоспарын әзірледі. Мұндағы негізгі мақсат – экономика қажеттіліктерін, жұмыс берушілер талаптарын, кадрлар даярлауды және біліктілікті растауды біртұтас жүйеге біріктіру»,
— деп мәлімдеді министр.

📌 75 новых профессий определены в ГМК, машиностроении и строительстве   На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев доложил о проводимой работе в рамках инициированного Главой государства Года рабочих профессий. 🔵 Министр подчеркнул, что запуск новых производств, технологическое обновление предприятий и рост объемов строительства формируют новый, более качественный спрос на рабочие кадры. В этой связи Министерство последовательно развивает реализованные инициативы по подготовке, повышению квалификации и популяризации востребованных профессий. ▶️Общая потребность в кадрах по курируемым отраслям составляет 36,7 тыс. человек. Основная часть приходится на строительство — 16,2 тыс. и обрабатывающую промышленность — 14,4 тыс. человек. 💬
«Меняется сама структура спроса. Цифровизация, автоматизация и роботизация формируют потребность в новых компетенциях. Поэтому в Атласе новых профессий по курируемым Министерством отраслям уже определены 75 новых профессий. Из них 47 — в горно-металлургическом комплексе, 11 — в машиностроении и 17 — в строительстве. Кроме того, еще 41 профессия трансформируется под воздействием технологических изменений»,
— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

📌 Тау-кен металлургия кешені, машина жасау және құрылыс салалары бойынша 75 жаңа мамандық айқындалды ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. 🔵Министр жаңа өндіріс орындарын іске қосу, кәсіпорындарды технологиялық жаңарту және құрылыс көлемінің артуы жұмысшы кадрларға жаңа, неғұрлым сапалы сұранысты тудырып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты министрлік сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша іске асырылған бастамаларды дәйекті түрде дамытып келеді. ▶️ Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға жалпы қажеттілік 36,7 мың адамды құрайды. Оның негізгі бөлігі құрылыс саласына (16,2 мың адам) және өңдеу өнеркәсібіне (14,4 мың адам) тиесілі. 💬
«Сұраныс құрылымы өзгеріп жатыр. Цифрландыру, автоматтандыру және роботтандыру жаңа дағды, құзыреттерге деген қажеттілікті қалыптастыруда. Сондықтан министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша Жаңа кәсіптер атласында қазірдің өзінде 75 жаңа мамандық айқындалды. Оның 47-сі – тау-кен металлургия кешенінде, 11-і – машина жасау саласында және 17-сі – құрылыста. Сонымен қатар тағы 41 мамандық технологиялық өзгерістердің әсерінен трансформациялануда»,
– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

🇰🇿🇯🇵 Ерсайын Нагаспаев обсудил расширение промышленной кооперации с вице-министром экономики, торговли и промышленности Японии Кенжи Ямадой   Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев провел встречу с вице-министром экономики, торговли и промышленности Японии Кенжи Ямадой. Обсуждены вопросы инвестиционного взаимодействия и партнерства в области промышленной кооперации. ⚡️ Особое внимание уделено реализации договоренностей, достигнутых в рамках государственного визита Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в Токио в декабре 2025 г. Всего сторонами было подписано 60 коммерческих соглашений на сумму свыше $3,7 млрд, в том числе направленных на внедрение передовых японских технологий и решений в производство. 💬
 «Казахстан высоко ценит стратегическое партнерство с Японией. За последние годы наши отношения в сферах экономики, промышленности и инвестиций существенно укрепились. На сегодня в рамках промышленной кооперации реализуются 17 совместных проектов на сумму порядка $940 млн, из них успешно введены в эксплуатацию 10 проектов. Активно прорабатываются новые направления сотрудничества. Мы готовы оказывать всестороннее содействие и поддержку реализации всех инвестиционных проектов»,
— отметил Ерсайын Нагаспаев, подчеркнув важность проведения предстоящего 9-го заседания Казахстанско-Японской Межправительственной комиссии по экономическому сотрудничеству, которая состоится в декабре т.г. в Астане. 🤝 По итогам встречи достигнуты договоренности по дальнейшему развитию двустороннего партнерства.

🇰🇿🇯🇵 Ерсайын Нағаспаев Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Кенжи Ямадамен өнеркәсіптік кооперацияны
+1
🇰🇿🇯🇵 Ерсайын Нағаспаев Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Кенжи Ямадамен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мәселелерін талқылады ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Кенжи Ямадамен кездесті. Кездесу барысында инвестициялық өзара іс-қимыл және өнеркәсіптік кооперация саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды. ⚡️ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Токиоға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Тараптар барлығы $3,7 млрд-тан астам соманың 60 коммерциялық келісіміне қол қойды, оның ішінде өндіріске озық жапониялық технологиялар мен шешімдерді енгізуге бағытталған шарттар да бар. 💬
«Қазақстан Жапониямен стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайды. Соңғы жылдары экономика, өнеркәсіп және инвестициялар салаларындағы қарым-қатынасымыз айтарлықтай нығайды. Бүгінде өнеркәсіптік кооперация аясында жалпы сомасы шамамен $940 млн болатын 17 бірлескен жоба іске асырылуда, оның 10-ы сәтімен пайдалануға берілді. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары белсенді түрде пысықталуда. Біз барлық инвестициялық жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз»,
– деген Ерсайын Нағаспаев биылғы желтоқсанда Астанада өтетін Қазақстан мен Жапония арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысының маңыздылығына тоқталды. 🤝 Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

📌 Дайджест Министерства промышленности и строительства РК  за неделю Ерсайын Нагаспаев в области Ұлытау проверил ход реализации поручений Главы государства по повышению геологической изученности территории РК Куандык Кажкенов ознакомился с ходом строительства объектов долевого строительства в Актобе В Казахстане исследуют новые решения для безопасной переработки хромсодержащих отходов Инвестиции в рост: господдержка помогла мебельной фабрике увеличить производительность Строительный рынок Казахстана объединил на одной площадке производителей из 34 стран СРО в сфере инженерных изысканий планируют создать представители строительного сектора Сборная Юных геологов Казахстана завоевала 9 медалей на Международной олимпиаде наук о Земле IESO 2026 📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства.

📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының ел аумағын геологиялық тұрғыда зерттелу деңг
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының ел аумағын геологиялық тұрғыда зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмалары негізінде Ұлытау облысында атқарылып жатқан жұмыстар барысын тексерді   Қуандық Қажкенов Ақтөбедегі үлестік құрылыс нысандарының салыну барысымен танысты   Қазақстанда құрамында хром бар қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жаңа мүмкіндіктері зерттелуде   Өндіріске бағытталған инвестиция: мемлекеттік қолдау жиһаз фабрикасының еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді   Қазақстанның құрылыс нарығы 34 елдің өндірушілерін бір алаңда біріктірді   Құрылыс саласының өкілдері инженерлік ізденістер секторында өзін-өзі реттейтін ұйым құруды жоспарлап отыр   Қазақстанның Жас геологтар құрамасы IESO 2026 Жер туралы ғылымдар халықаралық олимпиадасында 9 медаль жеңіп алды   📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

📌 Казахстан с 2027 года выставит на аукционы для инвесторов первые подготовленные по ГосГИН участки Министр промышленности и
+2
📌 Казахстан с 2027 года выставит на аукционы для инвесторов первые подготовленные по ГосГИН участки Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев в области Ұлытау проверил ход реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по повышению геологической изученности территории Казахстана. 🗺На 20 участках страны в текущем году начаты работы по геологической съемке масштаба 1:50 000 (ГС-50). Общая площадь охваченной территории превышает 100 тыс. км², проекты реализуются в 11 регионах. В области Ұлытау проводятся комплексные геологические исследования на площади 36 тыс. км² в пределах 7 участков. Министру непосредственно на объектах исследований были представлены новые подходы к аэрогеофизическим и геологоразведочным работам. Под руководством Министерства специалистами ведется комплексная работа, включающая интерпретацию данных дистанционного зондирования Земли, применение беспилотных аэрогеофизических комплексов, высокоточного геохимического метода Ionic Leach.
«Полномасштабная работа по геологическому изучению недр является одной из ключевых стратегических задач, поставленных Главой государства Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым перед Министерством и отраслью в целом. Наша главная задача – обеспечить получение качественной геологической информации. От этого напрямую зависят приток инвестиций в геологоразведку и развитие отраслей промышленности»,
— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев. В рамках реализации программы Государственного геологического изучения недр (ГосГИН) сформирована группа геологоразведочных компаний под руководством АО «Национальная геологическая служба». ТОО «Kazakhmys Barlau» проводит в области Ұлытау опережающие аэрогеофизические исследования, включающие аэромагнитную съёмку, аэрогамма-спектрометрию и аэрогравиметрию. Данные методы позволяют в короткие сроки получать геофизическую информацию на обширных территориях и оперативно оценивать перспективность исследуемых площадей. Кроме того, в областях Ұлытау и Абай в общей сложности пробурено порядка 300 скважин. АО «Казгеология», входящее в группу АО «НГК «Тау-Кен Самрук», выполняет аналогичные исследования с применением современных беспилотных комплексов, оснащенных системами RTK-навигации с высокой точностью позиционирования. Цифровые технологии позволяют специалистам в режиме реального времени контролировать полет БПЛ и непрерывность получения данных со всей исследуемой территории, обеспечивая точность и качество геологоразведки. 🇷🇺 Кроме того, в рамках ГосГИН формируется единый цифровой кадастр недр, предусматривающий создание электронного паспорта для каждого перспективного участка. Это позволит повысить прозрачность и доступность геологической информации, сократить сроки ее обработки и подготовки. 📌 Первые перспективные площади планируется выставлять на аукционы для инвесторов уже с 2027 года. Также при посещении Геологического кластера министр ознакомился с работами по формированию полного цикла работ: это прием и хранение керна, лабораторные, геофизические исследования и др. Кластер является одним из самых масштабных научно-производственных и образовательных комплексов в Центральной Азии. По итогам рабочей поездки Ерсайын Нагаспаев дал ряд поручений по качественному выполнению работ, соблюдению установленных объемов и сроков.

📌 Қазақстан 2027 жылдан бастап Мемлекеттік геологиялық зерттеу бағдарламасы бойынша дайындалған алғашқы учаскелерді инвестор
+4
📌 Қазақстан 2027 жылдан бастап Мемлекеттік геологиялық зерттеу бағдарламасы бойынша дайындалған алғашқы учаскелерді инвесторлар үшін аукционға шығарады ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында Ұлытау облысында атқарылып жатқан жұмыстар барысын тексерді. 🗺 Биыл еліміздің 20 учаскесінде 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілім (ГТ-50) жұмыстары басталды. Зерттеу жұмыстары қамтылған аумақтың жалпы көлемі 100 мың км²-ден асады, жобалар 11 өңірде жүзеге асырылуда. Ұлытау облысында 7 учаске аумағында жалпы көлемі 36 мың км² жерді қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізілуде. Министрге зерттеу нысандарындағы аэрогеофизикалық және геологиялық барлау жұмыстарына енгізіліп жатқан жаңа тәсілдер таныстырылды. Министрліктің басшылығымен мамандар Жерді қашықтан зондтау деректерін интерпретациялауды, ұшқышсыз аэрогеофизикалық кешендерді қолдануды және жоғары дәлдіктегі Ionic Leach геохимиялық әдісін пайдалануды қамтитын кешенді жұмыстар жүргізуде.
«Жер қойнауын кең ауқымда геологиялық зерттеу – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың министрлік пен жалпы сала алдына қойған негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі. Біздің басты міндетіміз – сапалы геологиялық ақпарат алу. Бұл геологиялық барлау ісіне инвестиция тартуға және өнеркәсіп салаларын дамытуға тікелей байланысты»,
– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу (ЖҚМГЗ) бағдарламасын іске асыру аясында «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басшылығымен геологиялық барлау компанияларының тобы құрылды. «Kazakhmys Barlau» ЖШС Ұлытау облысында аэромагниттік түсірілім, аэрогамма-спектрометрия және аэрогравиметрияны қамтитын озық аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізуде. Бұл әдістер қысқа мерзім ішінде ауқымды аумақтар бойынша геофизикалық ақпарат алуға және зерттеліп жатқан алаңдардың келешегін жедел бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ұлытау және Абай облыстарында жалпы саны 300-ге жуық ұңғыма бұрғыланды. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ тобына кіретін «Қазгеология» АҚ жоғары дәлдіктегі позициялау жүйелерімен жабдықталған, RTK-навигациясын қолданатын заманауи ұшқышсыз кешендерді пайдалана отырып, осындай зерттеулер жүргізеді. Цифрлық технологиялар мамандарға ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшуын және зерттеліп жатқан бүкіл аумақ бойынша деректердің үздіксіз алынуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беріп, геологиялық барлау жұмыстарының дәлдігі мен сапасын қамтамасыз етеді. 🇷🇺 Сонымен қатар Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу (ЖҚМГЗ) бағдарламасы аясында жер қойнауының бірыңғай цифрлық кадастры қалыптастырылуда. Ол перспективалы әрбір учаскеге электрондық паспорт жасауды көздейді. Бұл геологиялық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттырып, оны өңдеу және дайындау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. 📌Алғашқы перспективалы учаскелерді инвесторлар үшін 2027 жылдан бастап аукционға шығару жоспарлануда. Сондай-ақ министр Геологиялық кластерге барып, ондағы жұмыстардың толық циклін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысты. Атап айтқанда, мұнда кернді қабылдау және сақтау, зертханалық талдау, геофизикалық зерттеулер және басқа да тірліктерді біртұтас жүйеге біріктіру көзделген. Кластер Орталық Азиядағы ең ірі ғылыми-өндірістік және білім беру кешендерінің бірі саналады. Іссапар қорытындысында Ерсайын Нағаспаев тиісті жұмыстарды сапалы орындау, белгіленген көлемдер мен мерзімдерді сақтау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

📌 Куандык Кажкенов ознакомился с ходом строительства объектов долевого строительства в Актобе Вице-министр промышленности и
+1
📌 Куандык Кажкенов ознакомился с ходом строительства объектов долевого строительства в Актобе   Вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов в рамках рабочей поездки в Актюбинскую область ознакомился с текущей ситуацией на проблемных объектах долевого строительства и провел совещание по вопросам их завершения. Особое внимание уделено исполнению соответствующих поручений Главы государства, данных в предвыборной Программе «Справедливый Казахстан – для всех и для каждого. Сейчас и навсегда». 🏗️ Совместно с представителями местных исполнительных органов и ответственными организациями были посещены 11 объектов долевого строительства, в том числе: ЖК «Safina», «Kaspi», «Жилище 1», «Алаш Орда», «Бозжыра», «Exclusive», «Жилище 2», «СтройСервис Регион», «Жангали» и др. Рассмотрены текущее состояние строительства, причины задержек и возможные механизмы завершения работ.   🤩 Также проведено совещание с участием представителей местных исполнительных органов и уполномоченной организации ТОО «Ақтөбе құрылыс Компаниясы», в ходе которого детально рассмотрена ситуация по каждому дому. Сформированы алгоритмы дальнейших действий с учетом текущего состояния ЖК. Акцент сделан на защите прав граждан – участников долевого строительства. 🤩 По итогам совещания Куандык Кажкенов подчеркнул необходимость обеспечить системное взаимодействие всех заинтересованных сторон, своевременное исполнение принятых решений и постоянный контроль за ходом работ на объектах.

📌 Қуандық Қажкенов Ақтөбедегі үлестік құрылыс саласындағы түйткілді нысандардың жай-күйімен танысты ҚР Өнеркәсіп және құрылы
+2
📌 Қуандық Қажкенов Ақтөбедегі үлестік құрылыс саласындағы түйткілді нысандардың жай-күйімен танысты   ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында үлестік құрылыс саласындағы проблемалы нысандардың қазіргі жағдайымен танысып, олардың құрылысын аяқтау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша берілген тиісті тапсырмалардың орындалуына ерекше назар аударылды.   🏗️ Сапар аясында жергілікті атқарушы органдар және жауапты ұйымдар өкілдерімен бірлесіп, үлестік құрылыс бойынша 11 нысандағы, оның ішінде: «Safina», «Kaspi», «Тұрғын үй 1», «Алаш Орда», «Бозжыра», «Exclusive», «Тұрғын үй 2», «СтройСервис Регион», «Жанғали» тұрғын үй кешендері және тағы басқа нысандардың қазіргі жағдайы, ондағы жұмыстардың кешеуілдеу себептері және құрылысты аяқтау мүмкіндіктері қарастырылды.   🤩 Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті ұйым – «Ақтөбе құрылыс Компаниясы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Онда әрбір үй бойынша қалыптасқан жағдай егжей-тегжейлі талқыланды. Тұрғын үй кешендерінің қазіргі жағдайын ескере отырып, одан әрі атқарылатын іс-қимыл алгоритмдері әзірленді. Үлестік құрылысқа қатысушы азаматтардың құқықтарын қорғауға баса назар аударылды.   🤩 Кеңес қорытындысы бойынша Қуандық Қажкенов барлық мүдделі тараптардың жүйелі өзара іс-қимылын, қабылданған шешімдердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету және нысандардағы жұмыстардың барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

🏗️ СРО в сфере инженерных изысканий планируют создать представители строительного сектора Заместитель председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства МПС РК Мурат Рысдавлетов принял участие в совещании на площадке НПП «Атамекен», посвященном обсуждению текущих вопросов в области инженерных изысканий. 🤩 Участники встречи, в том числе представители бизнеса, рассмотрели актуальные вопросы отрасли. Внимание уделено возможности продления сроков действия результатов инженерных изысканий для уникальных объектов, усилению контроля качества выполняемых работ, а также совершенствованию механизмов регулирования рынка. 📐 Кроме того, обсуждены перспективы создания саморегулируемой организации в сфере инженерных изысканий, которая объединит представителей отрасли и будет содействовать повышению качества выполняемых работ. 📄 Также состоялся обмен мнениями профессиональных участников рынка касательно дальнейшего совершенствования нормативной базы, обеспечения безопасности при реализации строительных проектов и др.

🏗️ Құрылыс саласының өкілдері инженерлік ізденістер секторында ӨРҰ құруды жоспарлап отыр ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлі
+1
🏗️ Құрылыс саласының өкілдері инженерлік ізденістер секторында ӨРҰ құруды жоспарлап отыр   ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Рысдәулетов «Атамекен» ҰКП алаңында инженерлік ізденістер саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған кеңеске қатысты.   🤩 Кездесуге қатысушылар, оның ішінде бизнес өкілдері саланың түйткілді мәселелерін қарастырды. Тарата айтқанда, бірегей нысандар үшін инженерлік ізденістер нәтижелерінің қолданылу мерзімін ұзарту, орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды күшейту, сондай-ақ нарықты реттеу тетіктерін жетілдіру мүмкіндіктеріне назар аударылды.   📐 Сонымен қатар инженерлік ізденістер секторында сала өкілдерін біріктіретін және тиісті жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететін өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨРҰ) құру перспективалары талқыланды.   📄 Сондай-ақ нарықтың кәсіби қатысушылары құрылыс жобаларын іске асыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, нормативтік базаны одан әрі жетілдіру және басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.