cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

UAQYT.INFO

Advertising posts
1 075
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-2130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
Ақсу ферроқорытпа зауытының екі жұмысшысы термикалық күйік алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Ондағылардың айтуынша, апат 24 мамырда болған. "Жұмыс барысында екі краншы термиялық күйік алды. Зардап шеккен қызметкерлердің бірі Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді, екіншісі тексерілгеннен кейін үйіне шығарылды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды", – деп түсіндірді Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі.
Show all...
🤔 2
Photo unavailableShow in Telegram
Синоптиктердің болжамынша, бүгін елордада қар жауып, ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Uaqyt.info. Астанаға биыл тек көктем емес, жаз да кеш келетін секілді. Синоптиктердің айтуынша, бүгін Астанада қар жауады. Күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,6 м/с болады. Сондай-ақ Алматы мен Шымкентте де ауа райы қолайсыз болады деп күтілуде. Екі қалада да жаңбыр жауады.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Show all...
👏 5
00:33
Video unavailableShow in Telegram
Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданында балмұздақ таситын жүк көлігі 29 баланы қағып кеткен. Зардап шеккендер 9-дан 16 жасқа дейінгілер. Қазіргі уақытта ауруханаға 7 бала жатқызылған, олар жансақтау бөлімінде. Үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланған.
Show all...
🤯 3🙏 1
Photo unavailableShow in Telegram
Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді. Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info. Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға адамдарды бопсалады, кәсіпкерлерге қысым көрсетті деген бірнеше айып тағылған. "Қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады. Алматы қаласы тергеу сотының санкциясы бойынша, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды", - делінген хабарламада. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Show all...
👍 3🤔 2
Photo unavailableShow in Telegram
Ақтөбе облысының Сарқұл ауылында үш баланың анасын бұрынғы күйеуі тұншықтырып өлтірген. Оқиға болған кезде балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқан 1 ақпанда болған қайғылы жағдай туралы “НеМолчи” қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді. Ерлі-зайыптылар 2022 жылы ажырасқан. Ер адам басқа біреумен көңіл жарастырып, балаларымен қарым-қатынасын үзбеген. Сондай-ақ алимент төлемеген.  Алайда екі жылдан кейін ол отбасына қайта оралып, әйелі оны қабылдаған. Сол түні балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқанда, Айбану ас үйде күйеуіне шәй қойып, артына бұрыла бергенде, ер адам экс-әйеліне шабуылдап, тұншықтырып өлтірген. "Әйелдің туыстарының айтуынша ер адам Ақтөбеден таксимен келген. Ал таксистке ауылдың шетінде күтіп тұруын айтқан. Бұл мұқият жоспарланған суық қанды кісі өлтіру. Ер адам бәрін алдын-ала жоспарлады. Ал оның мотиві ол бөліскісі келмеген жылжымайтын мүлік мәселесі. Айбану қалада емес, ауылда тұрды. Оған материалдық жағынан қиын болды. Экс-жолдасы екеуіне ортақ пәтер болды", - деді Таңсәрі.
Show all...
👏 1🤯 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің соққыға жығылу дерегі бойынша сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы сотта айтылды, деп хабарлайды Uaqyt.info. Айта кетейік, сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көруге болады. "Жедел жәрдем жүргізушісіне күш көрсетумен қатар, бұзақылық жасады деп айыпталып отырған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы бүгін, 2024 жылдың 2 мамырында сағат 11:00-де Қарағандыда өтеді", - делінген хабарламада.
Show all...
🤮 3👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы ісі бойынша ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазып жатыр. “Бұл шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар бойынша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс аясында қабылдады", - делінген хабарламада.
Show all...
😁 4
Photo unavailableShow in Telegram
Ақтауда тұрғын үй кешеннің бірінде балаларының көзінше әйелін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info. Маңғыстау облысының ПД хабарлауынша, ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. “Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді”, - делінген хабарламада.
Show all...
🤬 2
Photo unavailableShow in Telegram
Ақмола облысындағы Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info. Полиция департаментінің хабарлауынша, 52 жастағы ер адамың денесі көпірдің астынан табылған. Ол Жаңаесіл ауылының тұрғыны болып шықты. Мәйітті тексеру барысында онда пышақ жарақаттарының ізі табылды. Қазргі уақытта ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен 49 жастағы әйел ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Show all...