cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Күنдеلiк_📌

🔖әрбір ескерту өзіме -арна өзіме арнап ашылды. -бірақ әрбір нығмет үшін сұраламыз, сондықтан ең болмаса бір жақсы ой түйіп шықсаңыздар қуанар едім...📜 t.me/akimovaazhh

Show more
Advertising posts
203
Subscribers
-424 hours
+27 days
-330 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

МАХАББАТТЫ СҰРАП АЛМАЙСЫҢ Махаббат деген көңіл бөлгенге көңіл бөлу, сұра- ғанды сұрау, асыққанға асығу. Мен саған мұны біртіндеп жаса деп жатқаным жоқ. Сүйгендер арасында есеп болмайды. Бірақ саған айтарым: барлық нәрсені жұмсаудан бұрын шынымен де өзіңнің сүйіктіге айналғаныңды біліп ал. Сезімдерді лайықсыз біреуге жұмсау өзіңді кемсіту. Ал мен сенің кемсітілген болғаныңды емес, сүйікті бол- ғаныңды қалаймын. Сезімдерді лайықсыз біреуге жұмсау гүлді қоқыс үйіндісіне еккенмен бірдей. Гүліңді қайда егетініңе на- зар аудар. Егер оған лайықты құнарлы топырақ тапсаң, әуелі ол жерді көз жанарыңның суымен суарып ал.🤍 (Сенің қамқор ағаң кітабынан үзінділер)
Show all...
❤‍🔥 1👏 1🕊 1💔 1🦄 1💊 1
МЕНІҢ АДАМЫМ» Өміріңде өз жүрегіңе жақын адамның алдыңнан шығуынан артық керемет нәрсе жоқ, білемін. Сен дос іздегенде ол саған дос бола алады. Сен сүйеніш іздегенде ол саған сүйеніш бола алады. Сен сая іздегенде ол саған сая бола алады. Сен онымен бірге болғанда алдын сезбеген тыныш- тықтың дәмін сезесің. Жақыным, біз өзіміз іздейтін адамдардың қадірін олардың көңілін қалдырғанда ғана сезінеміз. Ондай адам еш күмәнсіз өмірдің сыйы, тағдырдың саған жазғаны. Ондай адам тура бір өмірдің саған жасағандары үшін кешірім хаттай алдыңнан шығып қалады. Бірақ мен де білемін, қанша ол адам менікі деп бар күшіңмен ұмтылғаныңмен оған сенен бұрын басқа біреу жетіп қойған болады. Біреудің жүрегінде болып, бірақ оның өмірінде саған орын табылмауы жағдай. Жақыным, одан да аяныштысы жүрегіңде өмір сүруі.🤎
Show all...
АЛЛАНЫҢ АЛҒАНЫ = БЕРГЕНІ Айырылысуды оңай деп ойлама. Егер ол оңай болғанда, Хадиша анамыз дүние салған жыл «қайғы жылы» деп аталмас еді. Пайғамбарымыз оны өмірінің соңына дейін есіне алып жүрді. «Уа, Алла! Иелігімде жоқ нәрсемен мені сынама!» Пайғамбары- мыз жүрегіне ишарат етіп, осылай дұға ететін. Қайғы жұтып отырғандарға көңіл айтатын. Жақыным, жолаушысы жоқ ескі аялдамадай бүгін сен жалғызсың... Тұр да, дәрет алып екі ракат намаз оқы. Қолыңды кеудеңе қойып: «Жүрегім иә, Алла!» деп айт. Ойыңа Алланың: «Оған қорықпа!»,- деп айттық» деген сөзі ғана оралсын. Барлық істі Аллаға қалдыр. Ол сенен нені алса, хикметі бар. Ол саған өзіңнен гөрі жанашыр. Сені сергелдеңге салса да, Алланың тағдыры қайырлы. Өз-өзіңді ұстап, бекем бол!🤍
Show all...
Кейде жүрегіміз айтқысы келген сөзді,тіліміз дұрыс жеткізе алмайды……🤎
Show all...
❤‍🔥 1 1🕊 1🐳 1🍓 1🦄 1💊 1
«Проблемаларыңды азайтқың келсе, күнәңді азайт».
Show all...
❤‍🔥 1 1🕊 1🐳 1🍓 1🦄 1💊 1
-ең әдемі алғыс,сен мені қуанттың ғой,Аллада сені қуантсын деген сөз деп білемін …..🤍
Show all...
❤‍🔥 1 1🕊 1🐳 1🦄 1💊 1
Тәуекел жайлы айтылған ең көркем сөздің бірі: «Тәуекел – иманның тәртіп жүйесі, таухидттің жан серігі. Тәуекел – кедейлікті болдырмай, тыныштықты болдыратын жан дауасы». ©️имам ибн Хиббән
Show all...
"Ықыласың болмаса бекерге шаршама!" © Ибн Қайим (رحمه الله)
Show all...
"Кімде-кім Құранды жақсы көрсе, Ол Раббысын жақсы көргені". © Абдулла ибн Масғуд (رضي الله عنه)
Show all...
1
👏 7