1 564
Subscribers
+124 hours
-17 days
+1030 days
Posts Archive
1 564
▪️Судом рассмотрено гражданское дело по иску К. к двум физическим лицам и ТОО «I.» о признании недействительными договоров купли-продажи долей участия в уставном капитале ТОО «F.».
▪️В апреле 2024 года гражданин К. на основании договоров купли-продажи приобрел 99% доли участия в уставном капитале ТОО «F.» у гражданина А. за 2,3 млрд тенге и 1% доли в этом же ТОО у ТОО «I.» за 100 тысяч тенге.
▪️После приобретения долей участия К. на протяжении более двух лет осуществлял в полном объеме права высшего органа ТОО «F.», вплоть до июня 2026 года.
▪️В частности, он являлся участником товарищества, принимал решения о смене руководителей и местонахождения ТОО, осуществлял финансово-хозяйственную деятельность, представлял налоговую и статистическую отчетность, участвовал в государственных закупках, в завершении строительства объекта ввиде коммерческого помещения в эксплуатацию.
▪️В обоснование иска К. указал, что заключенными договорами купли-продажи долей участия фактически прикрывалась сделка по приобретению права аренды земельного участка и объекта незавершенного строительства, представляющего собой коммерческое помещение.
▪️Кроме того, истец ссылался на то, что при заключении договоров не знал о наличии задолженности ТОО «F.» перед М.
▪️Однако, доводы истца, что ему не были переданы необходимые документы и не было известно о наличии задолженности ТОО «F.» перед гражданкой М., не нашли подтверждения. Судебными актами установлено, что К. были переданы правоустанавливающие, бухгалтерские, налоговые и финансовые документы ТОО, кроме того с ТОО «F.» в пользу М. взыскана задолженность в размере 560 млн 124 тысяч тенге.
▪️Кассационным судом также установлено, что К. был ознакомлен с финансовым состоянием ТОО «F.» и принял на себя обязательства по дебиторской и кредиторской задолженности товарищества.
▪️Таким образом, доводы истца о наличии оснований для признания договоров купли-продажи долей участия недействительными опровергнуты вступившими в законную силу судебными актами.
▪️С учетом установленных обстоятельств суд пришел к выводу об отсутствии предусмотренных законом оснований для удовлетворения заявленных требований.
▪️Решением суда в удовлетворении иска отказано, а определением суда в части требований к ТОО производство по делу прекращено..
▪️Решение суда не вступило в законную силу.
Специализированный межрайонный экономический суд г.Астаны
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
1 564
▪️Сот К.-ның екі жеке тұлғаға және «I.» ЖШС-не қатысты «F.» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
▪️2024 жылғы сәуірде азамат К. сатып алу-сату шарттары негізінде «F.» ЖШС жарғылық капиталындағы 99% қатысу үлесін азамат А.-дан 2,3 млрд теңгеге, ал осы серіктестіктегі 1% қатысу үлесін «I.» ЖШС-нен 100 мың теңгеге сатып алған.
▪️Қатысу үлестерін сатып алғаннан кейін К. 2026 жылғы маусымға дейін екі жылдан астам уақыт бойы «F.» ЖШС жоғары органының өкілеттіктерін толық көлемде жүзеге асырған.
▪️Атап айтқанда, ол серіктестіктің қатысушысы болып, ЖШС басшыларын және орналасқан жерін өзгерту туралы шешімдер қабылдаған, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асырған, салық және статистикалық есептілікті ұсынған, мемлекеттік сатып алуларға қатысқан, сондай-ақ коммерциялық нысан түріндегі аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалануға беруді аяқтауға қатысқан.
▪️Талап қою талаптарын негіздеу барысында К. жасалған қатысу үлестерін сатып алу-сату шарттарымен іс жүзінде жер учаскесін жалдау құқығын және коммерциялық нысан болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін сатып алу жөніндегі мәміле бүркемеленгенін көрсеткен.
Сонымен қатар, талап қоюшы шарттарды жасасу кезінде «F.» ЖШС-нің М.-ға берешегі бар екенін білмегенін алға тартқан.
▪️Алайда талап қоюшының өзіне қажетті құжаттар берілмегені және «F.» ЖШС-нің азаматша М.-ға берешегі бар екенін білмегені туралы уәждері расталмады. Сот актілерімен К.-ға серіктестіктің құқық белгілейтін, бухгалтерлік, салықтық және қаржылық құжаттары берілгені анықталған. Сонымен қатар, «F.» ЖШС-нен М.-ның пайдасына 560 млн 124 мың теңге мөлшерінде берешек өндірілген.
▪️Кассациялық сотпен де К.-ның «F.» ЖШС-нің қаржылық жағдайымен танысқаны және серіктестіктің дебиторлық және кредиторлық берешектері бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдағаны анықталған.
▪️Осылайша, талап қоюшының қатысу үлестерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануға негіздер бар екені туралы уәждері заңды күшіне енген сот актілерімен теріске шығарылды.
▪️Анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот мәлімделген талаптарды қанағаттандыруға заңда көзделген негіздердің жоқ деген қорытындыға келді.
▪️Соттың шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, ал соттың ұйғарымымен ЖШС-ға қойылған талаптар бөлігінде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
▪️Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
1 564
▪️24 августа 2026 года оглашено постановление по административному делу в отношении гр. З. (ч.1 ст. 434 КоАП).
Судом установлено
▪️С января 2026 года гр. З. 51 раз привлекался к административной ответственности, в том числе 14 раз за превышение скорости движения и 2 раза за проезд на запрещающий сигнал светофора.
▪️6 августа 2026 года З., управляя автомобилем марки Mercedes по улице Құдайбердыұлы в г. Астане, двигался со скоростью 158 км/ч.
▪️19 августа 2026 года в 00:03 часов З., управляя автомобилем марки Porsche по проспекту Туран в г. Астане, двигался со скоростью 197 км/ч.
В судебном заседании гр. З. вину признал и раскаялся. Пояснил, что 19 августа 2026 года превысил скорость, поскольку управлял спортивным автомобилем родственника и увлекся ездой.
▪️Также З. подтвердил, что сам находился за рулем автомобиля. По его пояснениям, штрафы по предыдущим нарушениям оплачены.
▪️Факт правонарушения подтверждается пояснениями З., протоколом об административном правонарушении, рапортом участкового инспектора, видеозаписью, данными сертифицированного технического средства «Сергек», а также сведениями специального учета о совершенных правонарушениях.
Санкция
▪️Санкция части 1 статьи 434 КоАП предусматривает штраф в размере 20 МРП, либо привлечение к общественным работам на срок от 20 до 60 часов, либо административный арест на срок от 5 до 15 суток.
▪️При назначении взыскания суд учел характер и степень совершенного правонарушения, а также неоднократное привлечение З. к административной ответственности с начала текущего года.
▪️По итогам рассмотрения дела суд признал гр. З. виновным в совершении административного правонарушения и назначил административное взыскание в виде административного ареста сроком на 10 суток.
▪️Постановление вступило в законную силу.
Специализированным межрайонным судом по административным правонарушениям г. Астаны
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
1 564
▪️2026 жылғы 24 тамызда азамат З.-ға қатысты әкімшілік іс бойынша қаулы жарияланды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).
Сотпен анықталғаны:
▪️2026 жылдың қаңтар айынан бастап азамат З. 51 рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған, оның ішінде 14 рет белгіленген жүру жылдамдығын асырғаны үшін және 2 рет бағдаршамның тыйым салатын түсіне өткені үшін.
▪️2026 жылғы 6 тамызда З. Астана қаласындағы Құдайбердіұлы көшесінде «Mercedes» маркалы автокөлігін басқарып, сағатына 158 км жылдамдықпен қозғалған.
▪️2026 жылғы 19 тамызда сағат 00:03-те З. Астана қаласындағы Тұран даңғылында «Porsche» маркалы автокөлігін басқарып, сағатына 197 км жылдамдықпен жүрген.
▪️Сот отырысында азамат З. кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Ол 2026 жылғы 19 тамызда туысының спорттық автокөлігін басқарғанын және қызынып кетіп, жылдамдықты асырғанын түсіндірді.
▪️Сонымен қатар З. рөлде өзі болғанын растады. Оның түсініктемесіне сәйкес, бұрынғы құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдар төленген.
▪️Құқық бұзушылық фактісі З.-ның түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, учаскелік инспектордың баянатымен, бейнежазбамен, «Сергек» сертификатталған техникалық құралының мәліметтерімен, сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықтар туралы арнайы есептік деректермен расталады.
Санкция:
▪️ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу, не 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.
▪️Әкімшілік жаза қолдану кезінде сот жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен дәрежесін, сондай-ақ З.-ның ағымдағы жылдың басынан бері бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын ескерді.
▪️Істі қарау нәтижесі бойынша сот азамат З.-ны әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
▪️Қаулы заңды күшіне енді.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
1 564
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған «Ахмет оқулары» эстафетасын Алматы қаласының сот ұжымына жолдаймыз.
▪️Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаған, ұлттық жазудың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы ағартушы, ғалым және қоғам қайраткері. Оның «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген тағылымды сөзі ана тіліміздің ұлт болмысындағы айрықша орнын айқын көрсетеді.
▪️«Ахмет оқулары» эстафетасы – Ұлт ұстазының мол мұрасын дәріптеп, ана тілімізге деген құрметті арттыруға бағытталған тағылымды бастама.
▪️Тілді құрметтеу – ұлтты құрметтеу. Ана тіліміздің абыройын асқақтатып, Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет.
▪️Эстафетаны Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Накуллов Серік Мұхаталиевичке қабылдауды ұсынамыз!
Эстафетаны бірге жалғастырайық! 🇰🇿
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
5 сентября – в честь Дня языков народа Казахстана и дня рождения Ұлт ұстазы Ахмета Байтурсынулы направляем эстафету «Ахмет оқулары» судебному коллективу города Алматы.
▪️Ахмет Байтурсынулы – великий просветитель, ученый и общественный деятель, основоположник казахского языкознания, внесший огромный вклад в развитие национальной письменности. Его мудрые слова «Народ, утративший свой язык, утрачивает и себя» ярко отражают особое значение родного языка в сохранении национальной идентичности.
▪️Эстафета «Ахмет оқулары» – это значимая инициатива, направленная на популяризацию богатого духовного наследия Ахмета Байтурсынулы и повышение уважения к родному языку.
▪️Уважать язык – значит уважать свою нацию. Сохранение и развитие родного языка, а также передача духовного наследия Ахмета Байтурсынулы будущим поколениям – общая задача каждого из нас.
▪️Предлагаем принять эстафету руководителю Департамента Судебной администрации по городу Алматы Накуллову Серіку Мұхаталиевичу!
Давайте вместе продолжим эстафету! 🇰🇿
1 564
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған «Ахмет оқулары» эстафетасын Алматы қаласының сот ұжымына жолдаймыз.
▪️Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаған, ұлттық жазудың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы ағартушы, ғалым және қоғам қайраткері. Оның «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген тағылымды сөзі ана тіліміздің ұлт болмысындағы айрықша орнын айқын көрсетеді.
▪️«Ахмет оқулары» эстафетасы – Ұлт ұстазының мол мұрасын дәріптеп, ана тілімізге деген құрметті арттыруға бағытталған тағылымды бастама.
▪️Тілді құрметтеу – ұлтты құрметтеу. Ана тіліміздің абыройын асқақтатып, Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет.
▪️Эстафетаны Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Накуллов Серік Мұхаталиевичке қабылдауды ұсынамыз!
Эстафетаны бірге жалғастырайық! 🇰🇿
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
5 сентября – в честь Дня языков народа Казахстана и дня рождения Ұлт ұстазы Ахмета Байтурсынулы направляем эстафету «Ахмет оқулары» судебному коллективу города Алматы.
▪️Ахмет Байтурсынулы – великий просветитель, ученый и общественный деятель, основоположник казахского языкознания, внесший огромный вклад в развитие национальной письменности. Его мудрые слова «Народ, утративший свой язык, утрачивает и себя» ярко отражают особое значение родного языка в сохранении национальной идентичности.
▪️Эстафета «Ахмет оқулары» – это значимая инициатива, направленная на популяризацию богатого духовного наследия Ахмета Байтурсынулы и повышение уважения к родному языку.
▪️Уважать язык – значит уважать свою нацию. Сохранение и развитие родного языка, а также передача духовного наследия Ахмета Байтурсынулы будущим поколениям – общая задача каждого из нас.
▪️Предлагаем принять эстафету руководителю Департамента Судебной администрации по городу Алматы Накуллову Серіку Мұхаталиевичу!
Давайте вместе продолжим эстафету! 🇰🇿
1 564
▪️4 сентября 2026 года Специализированным межрайонным судом по административным правонарушениям города Астаны рассмотрено дело в отношении гражданина С. за мелкое хулиганство (ч.1 ст. 434 КоАП.)
Обстоятельства дела
▪️4 сентября 2026 года около 00:03 часов гражданин С., находясь в общественном месте возле дома несколько раз запустил пиротехнические изделия, создавая сильные звуковые и световые эффекты.
▪️Своими действиями С. нарушил общественный порядок и спокойствие граждан, проявив неуважение к окружающим.
▪️В судебном заседании С. вину признал полностью и раскаялся в содеянном.
▪️Обстоятельства правонарушения подтверждены видеозаписью произошедшего.
Постановление суда
▪️Санкция части 1 статьи 434 КоАП предусматривает штраф в размере 20 МРП, общественные работы на срок от 20 до 60 часов либо административный арест на срок от 5 до 10 суток.
▪️С учетом характера правонарушения и его направленности на нарушение общественного порядка суд назначил С. административное взыскание в виде 5 суток административного ареста.
▪️Постановление не вступило в законную силу.
Специализированный межрайонный суд по административным правонарушениям г. Астаны
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
1 564
▪️2026 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында азамат С.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).
Істің мән-жайы
▪️2026 жылғы 4 қыркүйекте сағат 00:03 шамасында азамат С. Астана қаласындағы қоғамдық орында болып, бірнеше рет пиротехникалық бұйымдарды іске қосып, қатты дыбыстық және жарық әсерлерін тудырған.
▪️С. өз әрекеттерімен қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
▪️Сот отырысында С. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Құқық бұзушылықтың мән-жайлары болған оқиғаның бейнежазбасымен расталды.
Соттың қаулысы
▪️ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі санкциясында 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 5-тен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.
▪️Құқық бұзушылықтың сипатын және оның қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталғанын ескере отырып, сот С.-ға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
▪️Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
1 564
▪️19 августа 2026 года межрайонным судом по уголовным делам г.Астаны оглашен приговор в отношении Л.
▪️Л. обвинялась в оскорблении потерпевшей Ж., высказывании в адрес потерпевшей слов унижающих ее честь и достоинство (ст.131 ч.2 УК).
Судом установлено
▪️Подсудимая Л., используя социальные сети, высказала в адрес потерпевшей Ж. оскорбительные слова, унижающие ее честь и достоинство.
▪️В судебном заседании Л. признала вину, выразила готовность принести потерпевшей извинения и частично признала гражданский иск.
▪️Факт оскорбительных высказываний подтверждается заключением специалиста по результатам психологического и филологического исследования видеозаписи.
Позиция сторон
▪️Ж. заявила, что не прощает подсудимую, просила назначить ей предусмотренное законом наказание, поддержала гражданский иск о взыскании понесенных расходов и компенсации морального вреда.
▪️Подсудимая и ее защитник просили применить Закон Республики Казахстан «Об амнистии в связи с принятием новой Конституции Республики Казахстан».
Санкция
▪️Санкция ст131 ч.2 УК предусматривает наказание в виде штрафа в размере до 200 МРП либо исправительных работ в том же размере, либо привлечения к общественным работам на срок до 180 часов.
▪️При назначении наказания суд учел характер и степень общественной опасности совершенного уголовного проступка, данные о личности подсудимой, признание вины, ранее не судима.
▪️С учетом указанных обстоятельств суд назначил Л. наказание в виде штрафа в размере 30 месячных расчетных показателей, равных 129 750 теңге.
▪️В соответствии со ст.1 п.1 пп.1) Закона Республики Казахстан от 1 июля 2026 года «Об амнистии в связи с принятием новой Конституции Республики Казахстан» подсудимая Л. освобождена от основного наказания.
▪️Приговор не вступил в законную силу.
Межрайонный суд по уголовным делам г.Астаны
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
1 564
▪️2026 жылғы 19 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Л.-ға қатысты үкім жарияланды.
▪️Л. жәбірленуші Ж.-ны қорлағаны, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқаны үшін айыпталды (ҚР ҚК-нің 131-бабы 2-бөлігі).
Сотпен анықталғаны
▪️Сотталушы Л. әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жәбірленуші Ж.-ның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқан.
▪️Сот отырысында Л. өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрауға дайын екенін білдірді және азаматтық талапты ішінара мойындады.
▪️Қорлайтын сөздердің айтылғаны бейнежазбаға жүргізілген психологиялық және филологиялық зерттеу нәтижелері бойынша маманның қорытындысымен расталады.
Тараптардың ұстанымы
▪️Ж. сотталушыны кешірмейтінін айтып, оған заңда көзделген жазаны тағайындауды сұрады, сондай-ақ жұмсалған шығыстарды өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талапты қолдады.
▪️Сотталушы мен оның қорғаушысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдануды сұрады.
Санкция
▪️Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабы 2-бөлігінің санкциясында 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза көзделген.
▪️Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кінәсін мойындауын және қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасағанын таныды.
▪️Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстық теріс қылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын, жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, сондай-ақ оның мүліктік жағдайын ескерді.
▪️Сот Л.-ға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 129 750 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.
▪️Азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды: құжаттармен расталған шығыстар сотталушыдан толық көлемде өндірілді, ал моральдық зиянды өтеу туралы талап ішінара қанағаттандырылды.
▪️Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты
https://t.me/astanasottary
https://t.me/Jogargy_sot
1 564
Елордалық судьялар жаңа оқу жылы қарсаңында сот жүйесі қызметкерлерінің балаларына қолдау көрсетті
▪️Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының елордалық филиалының төрағасы Ж. К. Жетібаев Сот кеңесінің мүшелері - Ювеналды сот төрағасы Л. С. Зинашевамен және Р. К. Баймұратовамен бірге сот жүйесі қызметкерлерінің отбасыларын қолдауға бағытталған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
▪️Бастама аясында филиал өкілдері сот қызметкерлері тұратын жатақханаға барып, отбасыларға балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесті.
▪️Мектеп оқушыларына қажетті кенсе тауарлары мен мектеп аксессуарлары салынған жиынтықтар табыс етілді. Бұл қолдау балалардың оқу жылына дайындалуына және оны сәтті бастауына қажетті жағдай жасауға мүмкіндік берді.
▪️Шара сот жүйесі қызметкерлерін қолдауға, өзара көмекті нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған әлеуметтік бастама шеңберінде өткізілді.
▪️«Әріптестеріміздің отбасыларына қолдау көрсету - бұл назар аудару мен қамқорлықтың көрінісі, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтың әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі», - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.
▪️Мұндай бастамалар ынтымақтастық, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қолайлы жағдай жасауға оң әсерін тигізеді.
▪️Балалар мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға көрсеткен назары мен қолдауы үшін шынайы алғыстарын білдірді.
▪️Қазақстан Республикасы Судьялар одағының елордалық филиалы алдағы уақытта да сот жүйесінің қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларды іске асыруды жоспарлап отыр.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
https://t.me/astanasottary/6982
https://t.me/Jogargy_sot
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Столичные судьи оказали поддержку детям работников судебной системы накануне нового учебного года
▪️В преддверии нового учебного года председатель столичного филиала Союза судей Республики Казахстан Жетибаев Ж. К. совместно с членами Совета суда - председателем ювенального суда Зинашевой Л. С. и Баймуратовой Р. К. организовали благотворительное мероприятие, направленное на поддержку семей работников судебной системы.
▪️В рамках инициативы представители филиала посетили общежитие, в котором проживают сотрудники судов, и оказали содействие семьям в подготовке детей к началу нового учебного года.
▪️Школьникам были вручены наборы с необходимыми канцелярскими принадлежностями и школьными аксессуарами. Такая поддержка позволила помочь детям подготовиться к учебному году и создать необходимые условия для его успешного начала.
▪️Мероприятие проведено в рамках социальной инициативы, направленной на поддержку работников судебной системы, укрепление взаимопомощи и развитие корпоративной культуры.
▪️«Поддержка семей наших коллег - это проявление внимания и заботы, а также важная часть социальной ответственности профессионального сообщества», отметили организаторы мероприятия.
▪️Подобные инициативы способствуют укреплению принципов солидарности, взаимопомощи и социальной ответственности, а также оказывают положительное влияние на создание благоприятных условий для детей в преддверии нового учебного года.
▪️Дети и их родители выразили искреннюю благодарность организаторам за оказанное внимание и поддержку.
Столичный филиал Союза судей Республики Казахстан намерен и в дальнейшем реализовывать социальные инициативы, направленные на поддержку работников судебной системы и их семей.
Пресс-служба суда г. Астаны.
https://t.me/astanasottary/6982
https://t.me/Jogargy_sot
