cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

Advertising posts
1 147
Subscribers
-224 hours
+117 days
-130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Ислам-құдды бір теңізде кетіп бара жатқан кеме іспетті.Кім оған мінгессе,сол құтылады.
Show all...
8👍 2🍓 1
Сен оқымай жүрген намаздың қандай жолмен, қалай жеткенін білесің бе? Ендеше әрі қарай оқы! Біләл (р.а) Оны есектің мойнына жіп байлап, Меккенің таулы-тасты жерінде тірідей терісі сыпырылғанша сүйреп тарттырған. Оны ыстық күнде жерге жаткызып үстіне үлкен тасты койған. Исламнан бас тартқан жоқ! Осман (р.а) Оны өзінің көкесі кілемге қатты орап тастап, төбесін жауып, асты жағынан шөпті өртеп, түтінмен тұншықтырған. Исламнан бас тартқан жоқ! Абу Фукайха (р.а) Оны жерге жатқызып, бетінен бір адам аяғымен басып тұрған, ал екінші жағынан аяғына жіп байлап, атпен жәймен сүйреген. Ыстық, топырақта беті сыпырылғанша сүйретілген. Исламнан бас тарткан жоқ! Амр ибн Фухайра (р.а) Оған да жалаңаш күйде темір сауыт кигізіп, терісі темірге жабысқанша күнге күйдіріп азаптаған. Исламнан бас тартқан жоқ! Хаббаб ибн аль-Арат (р.а) Оны жатқызып, есінен талып қалғанша үстіне қайта-қайта қызып тұрған шоқ басқан. Исламнан бас тартқан жоқ! Омар ибн аль-Хаттаб (р.а) Оның арқасын көргенде қатты жылайтын болған, себебі оны азаптағандардың бірі өзі еді. (Исламға келмей тұрған кезінде) Исламнан бас тартқан жоқ! #ескертушің #musslima_n
Show all...
4👍 1❤‍🔥 1 1💔 1🍓 1
ҚЫЗ БАҚЫТЫ НЕДЕ…? Қыз бақыты. Ең қарапайым бақыт. Ең нәзік бақыт. Қыз бақыты- күн- түн демей жұмыс жасап, өз ақысынан бас тартып, тапқанын жан-жаққа үлестіріп беруде емес. Қыз бақыты- аурып тұрса да ас үйден шықпай, 1045 тағам жасап, өзін шаршатуда емес.. Қыз бақыты- өзі қаламаған мамандыққа, университетке “грант иегері” боп түсуде емес. Қыз бақыты- өзі сүймеген жігітке “бастысы ата-анам таниды ғой” деп тұрмысқа шығуда емес. Қыз бақыты-әркімнің қас-қабағына қарап, жегісі келгенін жей алмай, жәудіреп шетте отыру емес. Қыз бақыты- 24/7 сабақ оқып, түнде энергетикпен ағзасын алдап, өзіне ашуы келіп жылап, көздері ісіп университетке/мектепке барып, адамдардың “бес” деген бағасын алуда емес. Қыз бақыты- “үйдегілер оянып кетсе ұрсады” деп бүгін кешкі ас жемей аш болғандықтан аяқтың ұшымен ас үйге кіріп, түнде тамақ жеуде емес. Қыз бақыты- тарс еткен қатты дыбыстан өң бойы жыбырлайтын, қабағы қалтырайтын секемшіл болуда емес. Қыз бақыты- өзгелердің арманын, мақсатын, қалауын “өзінікі” етіп, олар үшін тырысуда емес.. ❤️Ол өте қарапайым. Қыз бақыты кішкентай дүниелерде жасырынған. Әдемі көйлекте, нөсерлі ауа-райында, шашқа тағатын жылтыр бұйымда, жібек орамалдарда… Қыз бақыты күлімдеген жүздерде, әдемі кездесулерде, еркін әңгімелерде…Жылы сәттерде, бітпейтін махаббатта жасырынған. Қыз бақыты- отбасына бүгінгі күнінің қалай өткенін қызығып, түрлі эмоциялармен қысылмай айтып беруінде. Қыз бақыты- өрілген шаштарын жазып, әр талын тарап, құс жастықта тәтті ұйқыға батуда. Қыз бақыты- әр күн сайын жаңа біліммен толығып, өзіне қуат, жанына рахат сыйлайтын жақсы істермен айналысуда. Қыз бақыты- өзгенікін емес өз қалауын, арманын орындауда. Қыз бақыты- жігіттің/күйеудің оны сүюінде, мәпелеуінде. Қыз бақыты- Алланың құзырында ең нәзік, ең әлсіз, сүйікті жаратылыс екенін сезінуде… [ Осы біз бақыт пен бақытсыздықты шатастырмасақ екен…] #m.mehriban.k
Show all...
11👍 2🕊 2🍓 1💊 1
Photo unavailableShow in Telegram
Харамға қарамау)
Show all...
👍 8 6 1🐳 1🍓 1
Қыз баласының әдебіне байланысты ескертулер! Ер кісілердің мейлі бала болсын, қарт болсын жолын кесіп өтпей, жол беруге тырысыңыз. Өзіңізге деген құрметіңіз өзгелерді қаншалықты құрметтей алатыныңызбен өлшенеді. Алдыңызда ер адам келе жатса оның алдына шығып кетпеңіз. Бұл мұсылмандық келгенге дейінгі надандық дәуіріндегі әйелдердің әдеті еді, оларға ұқсап қалудан сақтаныңыз. Қай жағынан қарасақ та, мұсылман қызына көшеде тілін шығарып еркектердің көзінше балмұздақ жеуі әдепсіздік болмақ, сақтаныңыз. Адамдарға қарама-қарсы отырып қалған жағдайда қырыңызбен отыруға тырысыңыз, өйткені қазақта қыз кісіге тіке қарап отырмаған. Жерден бір нәрсе алар болсаң, тәніңді жабу үшін қолыңды кеудеңе қой. Еркектердің алдында әдеп ретінде аяқтарыңды айқастырмай, аяқтарың бір-біріне жақын күйде отыр. Лифтке бейтаныс жігітпен бірге мінбе. Оның шыққанын күтіп, содан кейін мін. Дауыс шығарып күлмей жай ғана күлімде. Саған махрам болмаған еркекпен қол беріп амандаспа. Кіммен сөйлессең де, мәміледе шектен шықпай, байсалдылығыңды сақта. Мұсылман қыздарының сипаты сондай. Олар батыстан келген “ер адамның көзіне тіке қараңдар, адам сенімді болуы керек” деген ұстанымымен жүрмейді. Аллаһ бұйырған “Мүмін әйелдерге де айт: Харамға көз салмасын!” деген бұйрығымен жүреді. Басыңызды төмен салып жүру арқылы көзіңізді харамнан сақтаңыз. Адамдардың түріне тіке қарап сөйлеспеңіз. Бұл сүннеттен. Пайғамбарымыз ﷺ барынша сыпайылықты ұстанатын, тыңдаушыны ыңғайсыз жағдайға қалдырмайтын. Орамалдағы мұсылман әпке/сіңілдерім! Қазір фитнаның өршіп тұрған заманы, көшеге шыққан соң көзді сақтау қиынға соғады. Мұсылман ер бауырларыңызға өзіңізді әсемдеуден тиюмен жәрдем беріңіз. Көйлегіңіз мүсініңізді көрсететіндей жабысып тұрмасын және боянған һәм сұлуланған кейіпте сыртқа шығудан сақтаныңыз. Бұл әрекетіңіз Раббыңызды разы етеді. Мұсылман әйелі өзгеден әдебімен ерекше. Қай жерде болмасаңыз да өзіңіздің Алланың тәрбиесіндегі әйел заты екеніңізді әдеппен көрсетіп, жат қылықтан сақтанғайсыз мұсылман әпке/сіңілім! Жақсылық пен ізгілік көрсеңіз, сөзсіз ол Алладан, қателік пен кемшілік көрсеңіз бізден. #Nur_Kozhanova.
Show all...
12👍 2🍓 2🐳 1
Біреу жайлы білгің келсе, Өзгелердің ол жайлы Сөзін емес, Оның өзгелер жайлы сөзін тыңда.
Show all...
17🍓 1
Қалайсыздар?
Show all...
💘 2
Сәлем
Show all...
💘 3 1🕊 1
00:46
Video unavailableShow in Telegram
Мен ешқашан сағынбайтын бір адам. #оқы
Show all...
8 5👍 1😍 1🍓 1💘 1🦄 1
,,Адамдарға рызық келмейді емес,олар рызық көзін көрмейді. #Ризықкітаптанүзінді.
Show all...
14👍 2🍓 2 1💘 1