Тіл тазалығы
Open in Telegram
Мәтіндердің стильдік, грамматикалық, жазылым (орфографика), логикалық, танымдық қателіктерімен жұмыс.
Show more784
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
784
Қазақта – атамекен депті, анамекен демепті.
Атажұрт депті, анажұрт демепті.
Атакәсіп депті, анакәсіп демепті.
Атақоныс депті, анақоныс демепті.
Аталас депті, аналас демепті.
Ата дәстүр депті, ана дәстүр демепті.
Ата жолы депті, ана жолы демепті.
Бірақ, дәл тілге келгенде Ата тілі демепті, АНА ТІЛІ депті!
Қазақ тілінің қазіргі қадірі де, болашақ тағдыры да – анаға, әйелге, қыздарға, сіңілдерімізге байланып тұр. Қазақ білместіктен теліген жоқ. Баланың тілі анаға еліктеп шығады.
©️Гулбаршын Абылгазинова
784
✅ Қолайсыз метеожағдай — ауаның беткі қабатын ластайтын қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар жиынтығы. Бұндай жағдайда ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
⚠️ Атмосфералық ауа, атмосфералық емес ауа деген атау жоқ, танымдық тұрғыда ауа десе түсінікті.
Сапасыз аударма. Бір абзац мәтінде логикалық, танымдық, грамматикалық қателер өріп жүр.
784
✅ Шу / шуыл
⚠️ «Шу», «шуыл» деген сөздердің өзі көптік мәнді білдіреді. Сондықтан көптік жалғауы жалғанбайды.
784
✅ Қызым ұзатылады.
✅ Қызым тұрмысқа шығады.
✅ Қыз бергелі жатырмын.
✅ Қызым күйеуге шығады.
⚠️Дұрыс нұсқаның да неше түрі бар. Соның біреуін де білмей, танымдық, лексикалық қателік жіберу автордың қазақ тілі туралы сауатының қаншалық екенін білдіреді.
🔺 Негізінде ұл үйленеді, қыз ұзатылады / тұрмыс құрады / күйеуге шығады.
784
Біраз адамға «доңғалақ» сөзі сіңгені сонша, мына уәжді қорыта алмай жатыр екен)))
Ендеше, тілдің салдырлануы дегенді түсінбейтін шығарсыз бірақ қарапайым ғана логика айтайын:
Қазақ іскер азаматтардың өмірі, пысық жұмысы жайлы сөлегенде «Шаруашылығын дөңгелетіп отыр» дейді. Өз өмірінің арбасын өзі айдап жүрген кісіні «өзі шаруасын/ісін/жұмысын өзі дөңгелетіп» деп сипаттайды.
Ешбір әдеби шығармадан, естелік ен «шаруашылығын доңғалатып отыр», «өз шаруасын өзі доңғалатып» дегенді оқымаппын да!
Демек, тілдік норма қайда жайда жатыр… өзі-ақ түсінікті болған шығар.
Мен бүгінгі санаға жақындатып «дөңгелек» нұсқасын ұсынып отырмын. Бұл жазылым (орфографиялық) нұсқасы. Ал, айтылымдағы (орфоэпиядағы) ең дұрыс нұсқа: дөңгөлөк! Келіспесеңіз ерін үндестігі заңын еске алыңыз!
Бұл туралы Затаевичтің еңбектерінде де дәлелдер бар.
Г.Потаниннің «Маған күллі қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» дегені тек әнге байланысты емес. Ол тілдің музыкалығын әуезділігіне қаратыла да айтылған еді. Бірақ бүгінде тілдің музыкалығы өзбек, қырғыз, ұйғыр халықтарында өте жақсы сақталды да, бізде әлсіреп кетті.
Тілдің өз әуезінен ажырағанда басқа тілді өзге ұлт өкілі екені білінбейтін дәрежеде мүлтіксіз (акцентсіз) сөйлейтін болады… Біз сондаймыз. Оның себебі біздің тілдің әуезінен айырылып барады.
784
✅ Мен әжеме жіп сабақтап, түйіншектелген жерлерін шешіп беруші едім.
1️⃣Жіпті инеден өткізу — жіп сабақтау
2️⃣Жіптің түйіліп қалуы — түйіншектелу.
Бір түбірден тараған етістіктердің қолдану орыны түрліше болады.
«Мәселенің түйін», «ойын түйіндеп», «жіптің/арқанның түйіншегі»…
Ойды обыраздау үшін ауыспалы мағынада «Мына өмірде Алмас үшін таусылып бермес ұзын-шумақ ойының түйіншегін шешу мүмкін емес еді» деп қолдануға рұқсат. Бірақ бұл көркем әдеби стильде ғана дұрыс.
⚠️Қазақ тілінің етістік мәселесі — ең өзекті мәселенің бірі. Кей мәтінде оқып отырып, сонша мүмкіндігі бар тілден сонша қораш мәтін шыққанына ішім удай ашиды… Тіл сауаттылығы үшін әр қазаққа үнемі ізденіс керек!
784
✅ Маған бір дөңгелекті белсебет алып берді.
‼️Кей сөздерді дұрыс қолданбағаннан тіл әуенінен (музыкалығынан) айырылып, естігенде құлаққа түрпідей тиетін салдыры басым сөздер пайда болып жатыр.
⚠️Бұл баяу процесс тілдің табиғатына тигізер кері әсері орасан зор. Бүгін айтып, арылтпасақ кеш болады!
784
✅ Айт қабыл болсын!
‼️ Айт күндері орысыз да құтты күндер. Ал, айттың зор мәні құнбандық және айт күні жасалған ниет, жайылған дастарқан, көрсетілген ілтипат, қонақжайлық көңіл мен мерекелік амалдардың Алла алдында қабыл болуы. Сондықтан, қабыл болсын делінеді.
Бұл мағыналық қыры.
⚠️ Ұрпақтар сабақтастығынан жеткен және көркем әдебиетте сақталған дәстүрлі құттықтау формасы былай:
-Айт қабыл болсын!
-Айтсын, өз айтың бірге болсын!
784
🚫дауылдар
✅дауыл
‼️Табиғат құбылыстары көптелмейді!
🚫дауылдар пайда болу қатері.
✅шаңды дауыл соғу қаупі бар.
‼️дауыл пайда болмайды, соғады.
⚠️Сауатсыз аудармада осындай қа еліктер өріп жүреді.
784
✅ қорықшы
⚠️-шы/-ші, -лық/-лік жұрнақтарының өзі арнайы маманданған қызметті меңзейді.
‼️Жұнақтың үстіне жұнақ жалғау сауатсыздық. Өкінішке орай, қазір мұндай үрдіс баспалап тіл ғылымына кіріп келеді. Мәселен, кейбір қазақ тілінен шала сауат адамдар аспазды «аспазшы», наубайды «наубайшы» деп айтып жүр. Мына мысал да тура сол сияқты - қате!
