Тіл тазалығы
Open in Telegram
Мәтіндердің стильдік, грамматикалық, жазылым (орфографика), логикалық, танымдық қателіктерімен жұмыс.
Show more784
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
784
❌ Бағасы арзан емес бағалы ішікті таңдауда нені білу керек?
⚠️Бағалы деген сөз бағасы арзан емес екенін де білдіреді емес пе.
🔴 Хабар арнасының тілшісі осылай күсіп тұр екен, басталып келе жатқан кескінді жаба салдым. Ютубтың іздеу тақтасына «Құндыз тонды таңдауда не нәрсеге мән беру керек?» деп терсеңіз шығады (ұзақтығы — 4:05 мин.).
784
✅ Тауық жұмыртқасы
‼️Тағамдық екені онысыз да белгілі ғой… қалай тұрса солай, сөзбе-сөз аудару шарт па екен?!
⚠️ Аударма барысында өз халқының ойлау жүйесімен санаспау, түпнұсқа тілдің ойлау жүйесімен желе беру осындай логикалық қателікке ұрындырады.
784
✅…Құран жарысының әділқазы алқасымен кездесті.
⚠️ «Әділқазы» бір адамды айтады. «Әділқазы алқасы» деген бағалаушы топтың түгел құрамын меңзейді.
2️⃣✅нұсқа:
…Құран жарысының әділқазылармен кездесті.
Бірақ бұл әуелгіге(1-нұсқаға) қарағанда көркемдігі төмен нұсқа.
‼️ «Әділқазы мүшелері» деген өрескел лексикалық қателік!
784
✅Мердігер мекемелердің қызметкерлерінен жауап алынып жатыр.
⚠️ «Мердігер мекеме» деген соң ол мекеменің жұрлыс жұмысына жауапты екені түсінікті.
⚠️ Жауап беретін беталбаты біреу емес, жауапты қызметкер екені өздігінен белгілі.
‼️ Бұлардың алдына «жауапты» деп жазбаса да болады (соған логика жетпей жатыр).
‼️ Қысқа ғана сөйлемде бір сөзді айнытпай үш рет қайталану стильдік қателікке жол ашып тұр.
⚠️ «Жауаптануда» дегеніне күлесің бе, жылайсың ба…😅
784
✅ Мердігер мекемелердің қызметкерлерінен жауап алынуда.
⚠️ «Мердігер мекеме» деген соң сол іске жауапты мекеме екені онысыз да түсінікті.
⚠️Жауап беретін беталбаты біреу емес,
жауапты қызметкер болғандықтан «қызметкерден жауап алынуда» деу жеткілікті.
⚠️«жауаптануда» дегеніне күлесің бе, жылайсың ба…😅
‼️Логикалық әрі стильдік (қысқа ғанабір сөйлемде бір сөз үш рет қаталанып тұр) қателік!784
✅ Әзірбайжан темірді қызуында соқты
⚠️ Етістіктерді келсе-келмес қолдану, сан ғасырдан қалыптасқан тілдік норманы елемеу, көркем сөз құрастырамын деп өз түмінігімен лаға құрастыру — бүгінгі тілдік мәселенің бір парасы.
784
Ең алдымен қатені түзейік:
✅ Педагогсіз бе?
Ал, негізінде:
✅✅✅ Мұғалімсіз бе?
⚠️«4 жетістік сыйға» деген не деген сөз екенін түсінбедім.🙃
784
✅ …қол-аяқтарын өзі меңгере алады.
⚠️ Мақалада «Тесла» жариялаған видео да берілген. Робот қол-аяғының кеңістіктегі орынын анықтап қана қоймай, өзі басқара да алады. Демек, авторға аударма барысында, мәтінді видеомен салыстыра ой қорытып, жиынтық ойлау жетіспеген.
784
✅ …қол-аяқтарын өзі меңгере алады.
⚠️ Мақалада «Телсаның» жариялаған видеосы да берілген. Робот қол-аяғының орнын анықтап қана қоймай, басқара да алады. Демек, авторға аударма барысында, видеомен салыстыра ой қорытып, жиынтық ойлау жетіспеген болуы мүмкін.
784
Айтқысы келгені:
✅ …еліміздегі сейсмикалық аймақ тек «оңтүстік астана» ғана емес.
‼️Бір ғана шылаудың, сөздердің орнының мағынаға әсері. Дәл осы фотодағы жазбада Алматы сейсмикалық аймақ емес деген мағына беріп қалған.
⚠️Аударма жасау барысында әуелгі мәтіннің ықпалынан шыға алмау, грамматикалық әсерден тәуелсіз болмау, сөздерді өз орнынында қолданбау, шылауларға мән бермеу тағы сол сияқты ағаттықтар мәтәнде мағыналық қателікке әкеледі.
784
✅ Ақтауда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқау өтеді
⚠️ Құран Кәрім байқауы деген кітаптардың жарысы ма, не ол? Логикасы істемейтін адамдар мәтін жазса осы…
Не екен деп ішіне кіріп көрсем жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін жарыс екен))
784
✅ …чемпионатында 2 салмақ бойынша І және ІІІ орын иеленді.
⚠️ І, ІІ, ІІІ орынның бәрі айтпаса да жүлделі емес пе?
⚠️ Салмақтың дәрежелерін қалай түсінесіз.
‼️ Сөзбе-сөз аударманың былықтарынан құтылу үшін әрбір жазарманға жауапкершілік керек.
