Қаржылық сауаттылық
Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріңіз. 👫Арнаға осы сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty Арна иесі: Исламбек Әділбек Менімен байланысу үшін: @Islaminvest | Жарнама [реклама] қабылдамаймын!
Show more📈 Analytical overview of Telegram channel Қаржылық сауаттылық
Channel Қаржылық сауаттылық (@qarjysayaty) in the Kazakh language segment is an active participant. Currently, the community unites 23 954 subscribers, ranking 5 086 in the Economy & Finance category and 319 in the Kazakhstan region.
📊 Audience metrics and dynamics
Since its creation on невідомо, the project has demonstrated rapid growth, gathering an audience of 23 954 subscribers.
According to the latest data from 09 September, 2026, the channel demonstrates stable activity. Although there has been a change in the number of participants by -329 over the last 30 days and by -5 over the last 24 hours, overall reach remains high.
- Verification status: Not verified
- Engagement rate (ER): The average audience engagement rate is 26.32%. Within the first 24 hours after publication, content typically collects 8.04% reactions from the total number of subscribers.
- Post reach: On average, each post receives 6 304 views. Within the first day, a publication typically gains 1 925 views.
- Reactions and interaction: The audience actively supports content: the average number of reactions per post is 134.
📝 Description and content policy
The author describes the resource as a platform for expressing subjective opinions:
“Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріңіз.
👫Арнаға осы сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty
Арна иесі: Исламбек Әділбек
Менімен байланысу үшін: @Islaminvest
| Жарнама [реклама] қабылдамайм...”
Thanks to the high frequency of updates (latest data received on 10 September, 2026), the channel maintains relevance and a high level of publication reach. Analytics show that the audience actively interacts with content, making it an important point of influence in the Economy & Finance category.
қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар
🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары
1. 1$ = 456 ₸.
2. Бүгіннен бастап зейнетақы жинағын инвестициялық басқарушы компанияларға толығымен аударуға болады.
3. Halyk Bank бүгін бір акциясына 28,09 теңге дивиденд төлеп бастайды. Құтты болсын!
4. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті. Несие мен депозиттердің де пайызы төмендейді.
5. KASE мен AIX нарығы қосылмайтын болды. Президент 2023 жылы KASE мен AIX-ті біріктіру қажеттігін айтқан еді. Бірікпейтін болды.
6. 2026 жылдың II тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы 486 388 теңгені құрады.
7. 2027 жыл үшін де ең төменгі жалақы 85.000 теңге болып қалды. Өзгермеді.
8. 15 қыркүйекке дейін инвесторлар 270 нысандағы декларацияны тапсыру керек. Декларация бойынша сұрағыңыз болса жекеме жазыңыз → @Islaminvest
👋 Келесі ₸ЕЗ-де қайта кездескенше! ₸ЕЗ - тез келіп қалса да, өміріміз ₸ЕЗ өтпесін!Мүмкін одан ерте де дайын болуы мүмкін. Хабарлаймын.(жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы) декларацияны тапсырады.
📅Декларацияны тапсыру мерзімі:
- 270.00 нысандағы декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыру керек (11 күн уақыт бар).
- Егер салық төлеу қажет болса - 25 қыркүйекке дейін төлеп тастау керек.
Нақтырақ:
"Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы" декларацияның 2 нысаны бар. ОЛ: 250.00 \ 270.00 нысан. Cіз қайсысын тапсырасыз?
🗒️ 250.00 НЫСАН (алғашқы немесе бастапқы декларация).
250 нысан - "менде қазір не бар?" деген сұраққа жауап беретін декларация. Яғни үй, машина, ақша, қарыз - барлық мүлкіңіздің тізімі.
✅ Егер сіз бұрын ешқашан декларация тапсырмаған болсаңыз және 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін сатып алған шетелдік активтеріңіз болса, осы декларацияны тапсырасыз. Яғни, шетелдік компаниялардың акциялары немесе ETF-тері бар болса, декларациялау қажет.
✅ Бұл декларацияда салық төленбейді. Сіз тек өзіңізде не бар, қандай активтер бар - соны көрсетесіз.
🗒️ 270.00 НЫСАН (жыл сайын тапсыру керек декларация)
270 нысан - "мен биыл қанша ақша таптым, қайдан таптым?" деген сұраққа жауап беретін декларациясы.
✅ Бұл нысанда шетелдік активтерден де, қазақстандық активтерден де (KASE/AIX) алынған табыстар көрсетілуі қажет.
✅ Тіпті қазақстандық бағалы қағаздардан алған табысыңыз салықтан босатылған болса да, оларды декларацияда көрсету қажет.
✅ Егер сіз ешқандай акция сатпаған болсаңыз да, бірақ 31 желтоқсанда портфеліңізде шетелдік бағалы қағаздар болса немесе дивидендтер алған болсаңыз, 270-нысанын тапсыру міндетті.
🪙 САЛЫҚ қалай салынады?
1️⃣. Қазақстандық бағалы қағаздар (KASE / AIX).
1.1 Баға өсімінен түскен табыс
`Егер сіз қазақстандық бағалы қағазды арзанға сатып алып, кейін қымбатқа сатсаңыз, тапқан табысыңызға салық салынбайды. Бірақ 270-нысанын тапсыру қажет, себебі алынған табысты декларациялайсыз. Салық төлемесеңіз де көрсетесіз.
1.2 Қазақстандық компаниялардың дивидендтері
`Қазақстандық компанияның акциясынан дивиденд алсаң → бұл жерде компанияның өзі барлығын жасайды: қажет болса салықты өзі ұстап қалады және мемлекетке өзі есеп береді. Яғни салық та тапсырмайсың және декларацияда да көрсетпейсің.
2️⃣. Шетелдік биржалар (NASDAQ, NYSE және т.б.)
2.1 Баға өсімінен түскен табыс
`Шетелік биржадан акция алып, оны пайдамен сатсаң, тапқан пайдаңа 10% салық төлейсің. Тапқан пайдаңды 270-нысанында көрсету міндетті. Себебі бұл шетелден сізге кірген табыс.
`Мысал: Сіз NYSE биржасында акцияны 120 долларға сатып алдыңыз, кейін 150 долларға саттыңыз. Сіздің табысыңыз - 30 доллар. Акцияны шетелдік биржадан сатып алғандықтан осы 30 доллар табыстың 10%-ын, яғни 3 доллар салық төлейсіз. Әрі осы табысты міндетті түрде 270-нысанында көрсетесіз.
2.2 Шетелдік компаниялардың дивидендтері
`Шетелдік акциялардан дивиденд алсаңыз, оларды да 270.00 нысанына декларациялау қажет.
`Салығы былай есептеледі: жыл бойы шетелдік компаниядан түскен дивидендтің 900 млн теңгеге дейін болса - 5% салық төлейсің. Ал 1 жылда 900 млн теңгеден көөпп дивиденд алсаң - 15% салық төлеуің керек болады
1\3 пост. Ертең жалғасы шығады⭐ Ақпарат пайдалы болды ма? ❤️ басыңыз! Ай сайын ең тиімді депозиттерді осы жерден таба аласыз.қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар
🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары
1. Доллар 1 аптада 7 теңгеге арзандады. Қазір: 1$ = 456 ₸.
2. Банктер депозит пайызын төмендетіп жатыр.
3. Қазақстанда үш айдан бері төленбеген несиелер көлемі 1,8 трлн теңгеге жетті.
4. Halyk Bank бір акцияға 28,09 теңге дивиденд төлейді. Төлем 7 қыркүйекте басталады. Дивиденд алатын акционерлер тізімі 26 тамызда бекітіледі.
5. Paidax брокерінде шариғат қағидаттарына сай жаңа жинақ құралы іске қосылды. Енді брокерлік шоттағы бос теңгеге жылдық 11,5%-ға дейін табыс алуға болады.
6. «Қазатомөнеркәсіп» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижесін жариялады. Компанияның табысы артқанымен, таза пайдасы азайып кетті.
7. S&P Global Ratings Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB»-ге көтерді. Болжам - тұрақты. Бұл елдің төлем қабілеттілігіне берілген халықаралық оң баға.
👋 Осы аптаға - осы. Келесі ₸ЕЗ-де қайта кездескенше!соңына дейін оқыңыз
Есіңізде болар: 2 ай бұрын осы арнадағы оқырмандарға арнайы ұсыныс жасадым. Қандай ұсыныс екенін осы жерден оқыңыз → ұсынысты оқимын.
~ Ұсынысты пайдаланған адамға NVIDIA компаниясының акциясын сыйға беремін деп УӘДЕ бердім. Кеше сол уәдені орындап, акцияларды өз иесіне табыстадым. Иә, кәдімгі акция сыйладым. Гүл солады, ақша азаяды, ал NVIDIA акциясы өседі...
Неге NVIDIA компаниясын таңдадым❓
1. Жасанды интеллект саласындағы ең ірі компаниялардың бірі. Қазір ЖИ технологияларына сұраныс артқан сайын, NVIDIA өнімдеріне деген сұраныс та өсіп келеді.
2. NVIDIA тек чип шығарып қана қоймай, дата-орталықтар мен басқа да жаңа технологияларға белсенді инвестиция жасап жатыр.
3. Қаржылық көрсеткіші мықты. Компанияның түсімі мен пайдасын өте жылдам өсіріп келеді.
Сондықтан бұл сыйлықты кездейсоқ таңдаған жоқпын.
💡Менің мақсатым - оқырманға жай ғана сыйлық беру емес, инвестицияның не екенін іс жүзінде сезіндіру. Инвестициялық мәдениет қалыптастыруТОП-10 компанияны 2-ші суреттен көре аласыз.
SCHV ETF-нің 1 данасы 35$ тұрады. Яғни, шамамен 16 000 теңге. Ойланып көріңізші: 16 000 теңгеге 500-ден астам компанияға бірден инвестиция жасайсыз. Таңғажайып па?! Сиқыр ма? 😄
🛡️SCHV ETF-інің діттегені: нарықта салыстырмалы түрде төмен бағаланған мықты компанияларға инвестиция жасау. Қор ашылғаннан бері оның орташа жылдық кірістілігі - 11,84%. Сонымен қатар, бұл ETF жылына 4 рет дивиденд төлейді.
🔑 Түйін: Ұзақ мерзімге инвестиция жасайтын болсаңыз, SCHV-ді портфельге қосуға болатын ETF-тердің бірі ретінде қарастырып көруге болады.⭐ Пайдалы болса,❤️ басыңыз. Ең тиімді депозиттерді әр ай сайын осы жерден таба аласыз.қаржы әлемінде не болып жатыр?
🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары
1. Қазір: 1$ = 466₸.
2. Kaspi компаниясы бір акцияға 1.000 теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.
3. Отбасы банк әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасын тамыз айының соңында қайта іске қосады.
4. ҚазАтомПром 28.07.2026 күні әр акцияға ₸1,292 теңге дивиденд төледі.
5. Finkelisim.kz сайты іске қосылды. Енді осы сайт арқылы бірнеше несиені бір ғана төлеммен өтеуге болады.
6. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-дан 16,75%-ға дейін төмендетті.
7. Базалық мөлшерлеме төмендегесін, елдегі депозит пайызы да қоса төмендеп жатыр.
👋Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де кездескеншедеген екенОсы аптада не болды?
🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары
1. Доллар 8 теңгеге арзандады. Қазір: 1$ = 464₸.
2. Зейнетақы жинағын енді 100% өзіңіз басқара аласыз. Бұған дейін бұл мүмкіндік зейнетақы жинағының тек 50%-ын ғана беруге болатын.
3. Енді Paidax брокері арқылы АҚШ-тың акцияларын тікелей сатып алуға болады. Алғашқы айда брокерлік комиссия - 0%.
4. Freedom Bank 10,5%-дық ипотеканы іске қосты.
5. Halyk Bank 5%-дық «Shanyraq» ипотекасын іске қосты. Оған қатысу үшін кемінде 3 жыл ақша жинап, баспана құнының 50%-ын депозитте жинақтау қажет.
6. Енді QR арқылы криптовалютамен де төлем жасауға болады. Сіз төлеген криптовалюта сол сәтте автоматты түрде теңгеге ауыстырылып, сатушы ақшаны теңгемен алады.
👋Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де кездескеншеБағалау кезінде депозиттің түрі, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі ескеріледі.
📅 2026 жылдың ШІЛДЕ айындағы ең үздік 3 депозит
1. Толықтыруға да, ақша шешіп алуға да болатын депозит
Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда кез келген уақытта ақшаңызды шешіп ала аласыз.
🥇 Үздік: Freedom Bank - «Копилка» депозиті
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16,77%
2. Тек толықтыруға болатын депозит
Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз.
🥇 Үздік: Home Credit Bank - «Жинақ Хоум+» депозиті
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20,5%
3. Толықтыруға да, ақша шешіп алуға да болмайтын депозит
Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз.
🥇 Үздік: Freedom Bank - «Капитал» депозиті
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20%
💬 Егер осы формат ұнаса, ❤️ басыңыз. Ең тиімді депозитті іздесеңіз, әр айдың шығарылымын қарап тұрыңыз.өтеееее пайдалы пост
Инвестиция жасайтын әр адам → жоғары дивиденд төлейтін әрі өсу әлеуеті жоғары идеальный құралды іздейді. Бірақ мұндай құралды табу оңай емес. Бүгін сізге осы талаптарға толық сай келетін ETF-пен таныстырамын.
Ол ETF-тің тикері: SCHD.
Бұл etf-тің құны: 14.900 теңге. Бұл etf-тің құрамында АҚШ-тың ең жоғары дивиденд төлейтін 100 компаниясы бар. Яғни, небәрі 14 900 теңгеге 1 дана SCHD сатып алсаңыз, осы 100 компанияның барлығына бірден инвестиция жасаған боласыз💥
🚀Бұл etf-ті идеальный етіп тұрған оның өсімі. Ресми түрде etf ашылғалы бері жылдық орташа кірісі (доллармен) ~13%. Бұл өте жоғары көрсеткіш..
| Әрі SCHD etf-і крезиске де төзімді. Мысалы: 2022 жылы бүкіл нарық -18%-ға құлдырағанда, SCHD бар болғаны -3%-ға ғана төмендеді.
~ SCHD - тыныш инвестицияны қалайтын, қысқа мерзімді хайптың соңынан қумайтын және ұзақ мерзімге капитал жинауды көздейтін инвесторларға арналған ETF. Paidax/Freedom брокері арқылы сатып алуға болады.
⚠️ Бұл инвестициялық ұсыныс емес(Көпшілік дәл осындай пайдалы посттарды өткізіп алады)
Адам табиғатынан белгісіз әрі түсініксіз жағдайдан қорқады. Мысалы, қараңғы бөлмеге бірінші болып кіргенде бойыңда аз да болса үрей пайда болады. Бұл - қалыпты. Біздің миымыз кез келген белгісіз дүниенің бәрін «қауіп» деп қабылдайды😶
Өмірде де дәл солай. Жаңа кәсіп бастайын десең - ертеңі белгісіз, инвестиция жасайын десең - нарық құбылып тұр. Заң өзгереді, салық өзгереді, бағалар өзгереді. Осындай сәтте ми бірден: «Тоқта, Күте тұр. Одан да ештеңе істемеген қауіпсіз» деп бізді тоқтатуға тырысады❌
🌱Ал мен басқа қағиданы ұстанамын: кез келген осындай непонятная ситуацияны ақшаға айналдыруға тырыс. Ол қалай?
Мысалы: қазір көп инвесторды салық мәселесі мазалайды. Себебі олар салықтың қалай есептелетінін және декларацияны қалай тапсыру керегін білмейді. Яғни бұл – көпшілік үшін түсініксіз мәселе.
`Ал сіз сол мәселені терең зерттеп, декларация толтыруды, салықты есептеуді толық меңгерсеңіз, кейін сол біліміңізді қызмет ретінде өзгеге ұсына аласыз. Кеше бәріне қиын болып көрінген мәселе, ертең сіздің табыс көзіңізге айналуы мүмкін.
❕Есіңізде болсын:
Проблема бар жерде – ақша бар.
Егер айналаңызда үлкен өзгеріс болып, жұрттың басы қатып жатса, оны қауіп деп емес, мүмкіндік деп қабылдаңыз. Сол тақырыпты бірінші болып зерттеңіз, түсініңіз, кейін өзгелерге қарапайым тілмен түсіндіріңіз.
💡 Түйін: Бүгінгі нарықта ең қымбат өнімдердің бірі – адамдар түсінбейтін дүниені түсінікті етіп бере алу.Танысып шығыңыз