Подкаст емес, әңгіме💡
Open in Telegram
✨Телегшілер туындысы✨ ▫️Сіздің дамуыңыз үшін үздік жазбалар; ▫️Танымал тұлғалармен және таныссыз таланттармен подкаст; ▫️Поэзия кеші; Бізге хат: @pikirbek_bot
Show more1 704
Subscribers
No data24 hours
-27 days
+330 days
Posts Archive
Repost from Aidana's notes
Ішіне:
1. Ай мен Айша кітабы
2. Кітап оқуға арналған шам
3. Фломастер
4. Стикер
5. Кілт түріндегі бетбелгі
6. Блокнот
7. Қауырсын қалам
8. Айна мен тарақ
9. Ай түріндегі кулон
10. Өз қолыммен жазылған хат кіреді
Repost from Aidana's notes
+2
14-ақпан кітап сыйлау күні🥳
Өзім оқып көрген "Ай мен Айша" кітабын таңдадым. Себебі қазір көбі оқып жүрген кітаптарды адамдарға ұсына алмаймын. Бұл менің жеке ұстанымым. Кітап тікелей ойға әсер етеді. Ол ойға не құйып бермек болғаным менің де жауапкершілігім.
«Ай мен Айша» оқиғалары 1941–1945 жылдардағы соғыс кезеңін қамтиды. Барсхан (Шерхан) әкесі Мұртазадан айырылып, анасы Айша мен 2 бауыры Құрмаш пен Батырханның көрген тауқыметі жайлы. Айша – қиындықта сынбаған, мейірімімен қиындықты еңсере білген қазақ әйелінің бейнесі.
Қазақ ауылының ауыр тағдырын бала көзімен суреттейтін әсерлі автобиографиялық шығарма.
Бұл – бір отбасының емес, тұтас бір дәуірдің тағдыры.
Жақсы көретін ісіңмен айналыс демекші, неге кітап пен сол кездің сарынын жеткізіп, сездіріп көрмеске деп шештім🥰
Құны: 20 000 тг
Қарындас, әйел, құрбыға немесе өзіңе сыйлауға болатын құнды сыйлық✨️
– Бұлай істеме, жаман болады.
– Неге олай істемеу керек.
– Сол жаман болады.
Осы кезден-ақ ми анық факт болған кезде ғана "шынымен істеуге болмайды екен ғоой" деп қалады.
Осыны істе, сонда жақсы боласың. Бұл кезде де миға ұстап көруге болатын факт керек. Нақты бір істі жасау мен бас тартудың мақсаты айқын болуы керек. Нақтылық жоқ жерде ми жалқауланады. Білім алудағы мақсат – айқын өмір сүруге мүмкіндік. Беймаза, мезі болатын кездер – нақты саған керек біліммен сусындамаудан шығар?
Әлеуметтік желідегі ақпарат – алдамшы. Арзан дофамин сыйлайтынын білеміз. Сол себеп шексіз ақпаратқа жол ашып тұрған.
Детокс. Оны да жасау керек екенін білеміз. Бірақ жасамаймыз. Неге? А зачем нам это? Жаныңды жейтін ойлардан арылтып жатыр ғой. Қазір технология дамыған заманда өзіңмен қалу – азап. Ойларыңды еститін болсаң оған жауапкершілік алу керексің/немқұрайлы болуды таңдайсың. А нұсқасын таңдаған уақытта сен ұтасың. Бірақ жеңілуге, сол кездегі сезіммен, ерік-жігермен күресуге де жауапкершлік алуың керек. Осы кезде бәрін орта жолдан тастап, сынып жатамыз. Б нұсқасын таңдау оңай. Бастапқыда айтқандай ми жалқау. Осы тұста қайтадан мақсатты айқындап, не үшін істеу керек екенін ой-лан!
Жаңа нәрсені байқап көруден қалдық. Тредсте ақпарат судай ағылған заматта тың ақпарат оқыдым. Яки миым соны байқауды жөн көрді. Көп мысалдың ішінде "оңақай болсаң тісіңді сол қолмен жу, солақай болсаң оң қолмен жу". Таң уақыты. Жасап көрдім. Осы уақытқа дейін миымның бір бұрышындағы ойдың пісуін жұлып алып, қоржынға салды. Демек заметкиді ашып, жазу соңғы мәре.
Ал сенің мәреге жетуге кедергі келтірген не нәрсе екенін түсіндің бе)
Кейде тыныштықтың артында өзің тани алмаған , өмірдің мәнін түсінбеген ,іштей өз өзін сындырып жақсыға лайықсыз санаған , қанша күліп жүрседе көз жанары солып қалған адамдар болады . Олардың жан дүниесі тыныштыққа енуі еленбеген сөздер , тапталған ойлар, орындалмаған армандардан қажуы , шаршаған жүрегі, таласудан мезі болған мінезі ,іштей тыңған сезімдері , керексіз сезінген ересек бала кезі оларды қараңғылыққа тартады . Сонымен қатар , кейбіреуінде Аллаға сенген асықпайтын ,саспайтын сабырлы жандар болуы әбден мүмкін .Олар өмірдің ағысымен жүзіп ,бәріне шүкір етіп ,күпірліктен сақтанатын , адамдарды толық қабылдап жаман-жақсыға да мейіріммен қарайтын жандар. Олар артық сөз айтпайды .Өйткені, ауызынан шыққан әр сөзі дұға екенін біледі. Олар асықпайды, ұрыспайды , жарыспайды тек жанның тыныштығын құлшылық ету арқылы тауып , өз отбасымен бақытты ғұмыр кешеді . Екеуінің айырмашылығы бірінші тыныштық жүрек дерттерінен пана іздеп қара жәшікке тығылып , тар қапасқа қамалады. Екінші тыныштық өмірдің сынақтарына мойымай гүл секілді жайқалады.(с) Aruzhan толық жауап бере алды. #пікір
оқушылар ата-аналарын ақша бере ме?
оқушылардың ақшаны жұмсауы тіпті бір қызық дүние шығар
оқушылар ата-аналарын карманный ақша бере ме?
оқушылардың ақшаны жұмсауы тіпті бір қызық дүние шығар
