cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

Show more
Advertising posts
2 101Subscribers
+324 hours
+67 days
-1330 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың атына алаяқтар несие рәсімдеген Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы полициясының ақпаратына сүйенген qazaqstan.tv осылай деп хабарлайды. Тіпті, мұндай жағдай бірнеше облыста тіркелген. Алаяқ айласын қалай асырып тұр? Үй-жайы суға кетіп, еңсесі түсіп отырған адамның көңілін мемлекеттен төлем жасаймыз деп аулайды. 🚫 қоңырау шалады 🚫 өзін жергілікті атқарушы органның өкілі деп таныстырады 🚫 телефонға келген SMS-кодты сұрайды 🚫 сол арқылы жұрттың атына несие рәсімдейді. Бейтаныс нөмірден келген видеоқоңырауларға жауап бермеген дұрыс. t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 2
Номиналы 5000 теңгелік жаңа банкноталарды қайдан ауыстырып алуға болады? TikTok-тан осы видеоны көріп, ескі ақшаларды қалай ауыстырып алсақ болады деп сұрайтындар бар екен. Даурығудың қажеті жоқ. «Сақ стилі» сериясымен шығып жатқан жаңа ақшалар қолдан-қолға енді-енді өтіп жатыр. Бұл – ескі ақшадан тез құтылу керек дегенді білдірмейді. Себебі бұған дейін жазғанымыздай, Ұлттық банк жаңа сериялы банкноталардың мерзімсіз айырбасталатынын хабарлады. Ескі купюралардың заңды төлем құралы ретінде жаңа ақшалармен айналымда қатар жүру мерзімі – 1 жыл. Кейін де олар Ұлттық банктің, «Қазпошта» АҚ мен екінші деңгейлі банктердің филиалдарында шектеусіз мөлшерде ауыстырыла береді. Ал, ауыстырып алам десеңіз, жаңа 5 мыңдық банкноталарды Ұлттық банктің аумақтық филиал кассаларынан алуға болады. Астанадағы филиалдың мекенжайы: Бейбітшілік көшесі 21-үй. t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
👍 2
Бизнесте де асыққан – «шайтан» ісі Басқа идея келді. Бизнес ашқың келеді. Қиялға ерік бересің. Елестетесің. Бәрі керемет секілді. Бизнес жүріп, ақшаның астында қалатындайсың. Тек тез бастап кету керек... Осы жерде кәсіпті енді бастаушы адамдар көп қателік жіберіп жатады. Бай фантазия мен бойдағы ыстық қан, эмоция бар ойыңды буға айналдырып, ертең алдыңнан кезігуі мүмкін тегеурінді сын-қатерлерді «көрсетпей» қоюы мүмкін. Бизнес-жоспар дайын болса, идеяны жүзеге асыру керек деп ойлайсың. Дұрыс! Бірақ, асықпау керек. Кәсіп бастаушы көп адамда шабыт тасып, энтузиазм басым болады да, олар бірден: ⚠️ ЖК/ИП ашып тастайды; ⚠️ бухгалтер жалдайды; ⚠️ алып ғимаратты/кеңсені жалға алып алады; ⚠️ өткізетін тауарын бірден үлкен партиясымен алып қояды. Бұл қадамға бармас бұрын әр кәсіпкер: ✅ өзінің бизнес-идеясын сынап көргені дұрыс; ✅ сататын тауарын кішігірім көлемнен өткізіп көргені жөн; ✅ шығынды азайту жолдарын қарауы керек. Бизнесте әр қадамың, әр шешімің маңызды. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген принципті ұстанған жақсы. Мысалы, саудамен айналысқысы келетін адам картоп сатқысы келеді делік. Бірден бір фура картоп сатып алғаннан гөрі алдымен сол тауарды Сізден сатып алатын потенциалды клиенттерді алдын ала іздеп, «тауып» қойған дұрыс. Яғни, сауданы кішігірім партиядан бастап, тауардың өтімділігін бақылап алғанның артықтығы болмайды. Үміт алдамшы келеді Иә. Кез келген адам бизнесте табысты болғанын қалайды. Идеясының табыс әкелетініне көзсіз сенеді. Үміт артады. Өзіңе, қабілетіңе сенген дұрыс. Бірақ, табыс бірден келмейтініне де дайын болуың керек. Көп кәсіпкер ондайда, яғни алғашқы айларда нарықтың сынағына шыдай алмай, «тез сынып», қолды бір сілтеуі мүмкін. Бизнеске уақыт керек. Адамдар оқып, білім алу үшін де 5 жыл уақыт күтеді ғой. Белгілі бір қызметте жүріп өсу үшін де жылдар керек. Сондықтан қаржыгерлер де мұндайда: бизнеске келдің бе, «аяққа тұрып кеткенше» табыс көрмей, терлеп жұмыс істеуге дайын бол деп кеңес береді. t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 8
💰МИЛЛИОН ДОЛЛАР Бұл оқиға 2013 жылы болған, алайда, дәл сол кезде ешкім ештеңе білмеген. Кейінірек, 2017 жылдар шамасында жалпыға жария болған соң хикаяның бас кейіпкері Жорж Клуни де бұл туралы бір ауыз пікір айтады: О кезде 52 жастамын. Өмірге өкпем жоқ. Болашақ жарым Амаль Аламуддинмен танысып, жүріп жүрмін. Оның үстіне «Гравитация» жүріп жатыр, ақшаның астында қалған кезім... Бір күні жатам да ойланам ғой. Негізі, достарым баршылық. Бірақ, соның ішінде ең ерекшесі - 14 азамат. Мен осы жігіттердің талай қайырын көрдім. Үйім жоқта үйлеріне қондым, ақшам жоқта қарызға ақша алдым, мәшінесін айдап кеттім, кредит әперген кездері болды - қысқасы, бұлар мені өмірімнің әр тұсында қолдаған, қолтығымнан демеген, сүрінсем сүйеген жақын адамдарым еді. Мен оқыста алай-бұлай боп кетсем бәрі менің байлығымнан үлес алады, бәрін де мұрагер ретінде көрсетіп өсиет қалдырғам. Алайда, өлімді күтіп кәйтем, көзім тіріде қуантып, құшақтап, риза екенімді айтпаймын ба? Орнымнан секіріп тұрдым да, киініп банкке тарттым. Келдім де санап тұрып 14 миллион долларды 14 шабаданға салдырдым! Үйге келдім де уацаптағы чатқа «кешке 19:00-де үйге келің, өте маңызды әңгіме бар» деп жазып жібердім. Кешке төрт көзіміз түгел жиналдық. Шарап іштік, әңгіме соқтық, қарқылдасып отырып өткен-кеткенді айттық. Кеш соңына таяу сөз алдым да ішімдегінің бәрін айттым, риза екенімді, қиын сәттерде бірге болғандары үшін қарыздар екенімді айттым. «Ооой, қайдағыны айтпа, өзіміз ғой» десіп жатыр. Опшым, басыңды ауыртып не керек, әрқайсысына миллион доллар салынған чемодандарды бір-бірден ұстатып жібердім. Қолымнан келгені осы болды. Өзім риза болдым, олар да риза болған шығар деп ойлаймын:) Сөз иесі: Жорж Клуни Еркін аударманың иесі: Алмас Алтай (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталды). Пост астындағы бір коммент еріксіз жымитты (☺️): «Үйленбей тұрып таратқаны дұрыс бопты. Үйленген соң ойландырып тастауы мүмкін ғой.» Тыныш та бай демалыс тілеймін! t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
14👍 12
Бизнесте серіктеспен қалай жұмыс істеу керек Иә, бизнесте кәсіпке ақша құятын, ісіңді бірге жүргізетін, дамытатын, сосын соңында табысыңа ортақтасатын адам болады. Түсінікті болу үшін оны бизнестегі серігің/серіктесің дейік. Егер кәсіпті сондай адаммен бірлесіп ашатын болсаңыз, онда жобаның «шымылдығын» ашпай тұрып, мына дүниелерді өзара келісіп алыңыз: ▫️ ортақ іске әрқайсыңыз қанша ақша саласыз; ▫️ табыс қандай проценттік мөлшермен бөлінеді; ▫️ кім нақты қандай бағытта жұмыс жүргізеді; ▫️ түсініспеушілік туындаған жағдайда бизнес қалай бөлінеді ▫️ жоба сәтсіз әрі шығынмен шыққан жағдайда кім қалай әрекет етеді. Яғни, бизнес бастар кезде көздеген серіктесіңмен екіжақты келісімге отырған дұрыс. Мейілінше. Құжат серікстестер арасындағы тәртіпті реттейді, өзара қарым-қатынасты айқындайды. Оның ішінде бизнес «құлап қалған» жағдайда екеудің қалай әрекет ету керек екенін де таңбалап береді. Жалпы, бизнесте жүрген көп адам мұндай келісімшартқа отырғысы келмейді. Мысалы, неке келісімшартын қажет ептейтін жұптар көп. Бұл да сол сияқты жағдай. Бала күннен келе жатқан достық қарым-қатынасқа сенім артады, бауырына арқа сүйейді, көршісін сыйлайды деген сияқты. Сондай мызғымас достық, сенім тұрғанда бізге ондай қағаздың не керегі бар дейтін кісілер табылмайды емес, табылады. Бірақ, өмір оны керісінше көрсетіп жүр. Солай ма? Тіпті бір үйден шыққан ағайындылардың мал-мүлікке таласып, дауласып қалып жатқанын көбіңіз көрген де, естіген де боларсыз. Яғни, ақша жүрген жерде дау, пікір қайшылығы туындамай қоймайды. Сондайда қыңыр мінез көп адамның бетін ашады. Сондықтан мұндай қағазға немқұрайды қарамаған дұрыс. Қағазға басылған «Қағида» барда серіктестер ортақ бизнестің болашағы үшін алаңсыз жұмыс істей алады. Жалғасы, әлбетте, бар. t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 10 2👏 1
❗️Алаяқтар жасанды интеллектті қолдануға көшіпті Ұлттық банк осыны ескертіп жатыр. Олар адамдардан ақша жымқыру үшін туысының, әріптесінің, танысының, қандай да бір медиа-тұлғаның атынан байланысқа шығады екен. Адамның шынайы дауысын қалай келтіреді дейсіз ғой. Ол үшін алаяқтар мессенджерлердегі (WhatsApp, Telegram және т.б.) аккаунттарды бұзып, дауыстап айтылған хабарламаларды көшіріп алады да, нейрондық желіге жүктейді екен. Я болмаса дауыс өзгертетін технологияларды қолданады. Кейін смартфон иесінің дауысы ақша жіберуді сұрайтын өтінішке айналып, дауыстық хабарлама түрінде жіберіледі, тіпті сол адамның атынан мәтінмен де келуі мүмкін, деп ескертеді еліміздің бас банкі. Смартфонға бұзып кіру үшін алаяқтар ұялы байланыс операторының техникалық қолдау қызметінен боламыз деп қоңырау шалып, телефонға келген кодты сұрайды. Зардабы зор сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін. Мобильді телефоныңызды сырттан бұзып кіруге жол бергіңіз келмесе, күдікті сілтемелерге өтпеңіз. Сосын телефонға келген код пен парольді ешкімге айтпаңыз да жібермеңіз.
Ұлттық Банктің қызметкерлері мессенджер арқылы аудио/видеоқоңырау шалмайды. Банк қызметкері болып қоңырау шалған адаммен арадағы әңгімені үзіп, қандай да бір шараға немесе төлем операцияларын жүргізуге қатысудан бас тартыңыз
– деп жазылған ресми хабарламада. t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

3
Дүкенге ашқарынмен шықпа! Күннен-күнге азық-түлік қымбаттап жатыр. Ал жалақының аздығы көп нәрсеге қол байлады. Aikyn.kz азық-түлікке жұмсалатын ақшаны үнемдеуге көмектесетін біршама кеңес ұсыныпты. Бір нәрсеге ерекше акцент қояды: дүкенге ашқарынмен барма! Себебі, адам ондай кезде азық-түлікті ақылмен емес, тез арада тамақ жеуді ойлап тұрып алады. Ал ол артық шығынға әкеледі. Сол үшін үйден тойып тамақтанып шыққан дұрыс екен. Дүкенге бір зат үшін кіріп шықсаң да, соны ғана алуды әдетке айналдыр Үйге қажет деген азық-түлік тізімін жасап алған жөн. Әйтпесе, супермаркетте көздің жауын алатын зат көп. Қызыққан адам, тіпті, өзіне қажет азықты алмай шығуы да мүмкін. Егер дүкенге баламен барсаңыз, үйден шықпас бұрын алғысы келетін заттарын сұрап, тізімге қосыңыз. Ауладағы дүкенге бір зат үшін кіріп шықсаңыз да, соны ғана алуды әдетке айналдырыңыз. Тоңазытқышта не бар, не жоғын көріп ал Үйге керек азықты алу үшін, алдымен, тоңазытқышта не бар, не жоғын көріп алған дұрыс. Ол үшін бір параққа үш бөлікке бөлінген кесте сызып, тоңазытқышқа іліп қойыңыз. Бірінші бағанға 2-3 күн сайын сатып алу керек азық-түлікті жазыңыз. Мысалы: - нан, ботқаға және сүтке қосатын сүт және таңғы асқа қажетті жұмыртқа. Екінші бағанға 1-1,5 аптада алу керек өнімдерді қосыңыз. Мысалы: - макарон, ет өнімдері, тұздықтар (томат пастасы). Ал үшінші бағанды 1 ай немесе одан да көп уақытқа жететін өнімдерге арнаңыз. Мысалы: - жарма, ұн, қант және т.б жатуы мүмкін. Дүкенге жақсы көңіл күймен барған жақсы Сонда аяқасты қажетсіз заттарды алмайсыз. Оған қоса, азық-түлікті асықпай қарайсыз әрі акциялық тауарларды да көбірек табасыз. Сосын азық-түлікті таныс жерден алған жөн. Өзіңіз жақсы білетін супермаркеттің ішінде қай затты қай бөлімнен алуға болатынын білесіз. Әйтпесе, шаршап немесе асығып тұрғанда белгісіз дүкеннің ішін шарлап, іздеп жүріп, қажетсіз әрі қымбат зат алып шығуыңыз әбден мүмкін. Жеміс-жидек пен көкөністі базардан алыңыз Қаладан демалыс күндері өтетін жәрмеңке тауып алған дұрыс. Себебі супермаркеттерге қарағанда онда жеміс-жидектің жаңа піскен түрі көп әрі бағасы да қолжетімді болады. Соңғы кеңес: кей өнімді артығымен алыңыз. Мысалы, қажет деген жарма, макаронды, ұнды және дәмдеуіштерді үлкен қаптамада алған жөн. Сол секілді үй жинауға және гигиенаға арналған тауарларды да көп мөлшерде ұсынылған түрін алыңыз. Өйткені кішкентай қаптамадағы азық-түліктен гөрі оның үлкені сәл арзанырақ шығуы мүмкін. Алсаңыз, бұл өнім көпке дейін жетеді. t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 11
Нарықта сұраныс барда – тіл өлмейді Жалпы, бизнес, экономика, қаржы саласының қазақ тіліне қырын қарайтынын бұрыннан білуші ек. Экономиканы қазақ тілді қауымның қазақша түсіне алмай жүргені де сол. Неге? Өйткені еліміздің заңдары секілді бұл салада да ақпарат алдымен орыс тілінде дайындалады. Сосын қазақшаға аударылады. Ол және сапасыз аударылса – тілге соққы. Заң болсын, термин болсын, басқа болсын, егер түпнұсқа (алғашқы туынды) қазақша ойлайтын, қазақша жетілген, тіпті қазақша түс көретін адамның қолынан шығатын болса, онда ол оқырманға жетеді. Бізде қалай? Ақпарат орыс тілінен туындайды, ол шартты түрде (бір жерлерде есеп үшін) шала-шарпы аударылады, соңында о бастағы ой мен сөздің сөлі кетеді, құнары қалмайды. Тілден жеріну осындай әрекеттерден басталады. Негізі, о бастағы ниетіміз осындай ойлардан бастау алған. Ресми тілде қаржы саласы сайрап тұр. Оқысаң – түсінесің. Өйткені сол тілде ойлайтын адамның ішінен шыққан жазба болғасын ол халыққа жетеді. Іздеп оқитын оқырманы да көп. Өте көп. Ал, қандай да бір жазба БАҚ, әлеуметтік желі бетінде қазақшаға аударылып шықты ма – жетер жеріне жетпей жатады. Өйткені төлжазба емес. Шала туынды болғасын, ол және оқылмаған соң экономика (жалпы, көп сала) мемлекеттік тілді жатсынып тұр. Қаржы, бизнес тілі қазақ тілінде қанша жерден қиын көрінгенімен, «сөйлете беруіміз керек. Жаза беру керек, оқи беру керек, ана тілімізде сөйлей беру керек. Сонда мемлекеттік тілге сұраныс артады. Ал, нарықта сұраныс барда – тіл ешуақытта өлмейді. t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 13
Бизнестегі қазақ тілі. Кәсіпкерлер кәсібін қазақша жүргізуден не үшін қорқады? Baribar.kz порталы замандасымыз Жалғас Ертаймен жақсы сұхбат құрыпты. Кәсіпкерлерден: «қазақша мәтінге халықтың көзі үйренбеген», «қазақша мәтін жазу қиын», «қазақ тіліндегі сөздер түсінікті емес», «қазақша жазсам, бизнесім жүрмей қалатын сияқты» деген сөздерді естіп жүрміз. Бұл сөздер рас па, сылтау ма? – деген сауалға жауап іздеген екен автор. Жалғас Ертайдың пікірінше, бұл сөздің астарында тілге деген қате көзқарас бар.
Менің ойымша, «қазақша мәтін түсініксіз» деп ойлайтын адамдар «қазақша мәтін қате» дегенді айтқысы келетін сияқты. Түсініксіз болу себебі – біздегі адамдар мемлекеттік қызметте де, бизнесте де қазақ тіліне жанама тіл ретінде қарайды. Қазақ тілін «галочка» үшін ғана қосады. Тілдің түсінікті болуына, адамдарға ыңғайлы болуына назар аудармайды. Мысалы, кәсіпкерлер айдаладағы бір аудармашыға әр бетіне 2000 теңге төлеп мәтінді аудартады. Әрине, мұндай мәтін түсініксіз болады. Салғырт орындалған тапсырма бәріне түсініксіз.
Жалғасы – Qazaqsha jaz қозғалысының өкілі. Ол «көпшілік менен орысша сұрайды, сондықтан орысша жүргіземін» деген пікірдегі кәсіпкерлер тұтынушы құқығын ескеруі керек дейді.
Демократия, адам құқығы деген нәрсе бар. Адамдардың 80%-і орысша сұраса, қалған 20%-і қазақша сұрайды деген сөз. Сіз сол 20%-ті ескермей, адамдардың 80%-нің ғана қалауын орындасаңыз адам құқығын, тұтынушы құқығын бұзасыз. «Көпшілік менен орысша сұрайды, сондықтан орысша жүргіземін» деген сөз кәсіпкер айтатын аргумент емес. Нағыз кәсіпкер кез келген клиентке ыңғайлы жағдай жасауы керек. Азшылықтың қалауын орындамаған кәсіпкер бизнесінің болашағы – бұлыңғыр
– дейді Жалғас Ертай. Сұхбатты толық оқығыңыз келсе, мына сілтемеге өте қойыңыз. t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
👍 14
Ипотека: Ертең «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады Мамыр айында демалыс күндері көп болатындықтан, Отбасы банкі өтінім қабылдауды бес күн бұрын бастау туралы шешім қабылдап отыр. Енді мына жағдайларға мән беріңіз: 1. Отбасы банкінде депозит болу керек, жоқ болса – ашыңыз. Себебі, бұл бағдарламаның ерекшелігі сол – депозит мерзімі ескерілмейді, яғни, маңызды емес. 2. Жинақ шотыңызда кемінде 1 млн теңге жатуы керек. Бұл соманы өтініш берер алдында да шотқа аудара салуға болады. 3. Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде үй болмауы керек. Отбасы мүшелеріне: күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер қатысушы некеде болмаса, онда атында үйдің бар-жоғы тек өз басына тексеріледі. Бағдарламаға қатысушының ата-анасынан ол ақпарат тексерілмейді. 4. Соңғы 6 айда ресми табысың болуы керек. 25 сәуірде өтінімді otbasybank.kz порталында тапсырасыз. Қабылдау мерзімі екі ай, яғни 30 маусымға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Бағдарламаның шарттары: 🔺 алғашқы жарна – 20%-дан басталады; 🔺 тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит ставкасы – 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9%-ға дейін); 🔺 азаматтардың барлық санаты үшін кредит ставкасы – 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8%-ға дейін); 🔺 несие мерзімі – 19 жылға дейін. Бағдарлама 8 жылға арналған. Осы уақыт аралығында еліміздің 68 000 азаматын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Биылғы меже бойынша, 12 мың қазақстандық үйлі болуы керек. Іске сәт! t.me/qarzhylyq_sauat
Show all...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 5