Абай облысының әкімдігі
Open in Telegram
🇰🇿Абай облысы әкімдігінің ресми парақшасы 🇰🇿Официальная страница акимата области Абай
Show more4 059
Subscribers
+524 hours
+27 days
-330 days
Posts Archive
+5
☄️Аким области ознакомился с работой объектов теплоснабжения Семея
Сегодня аким области Берик Уали ознакомился с работой ТЭЦ-1 и центрального теплового пункта «343 квартал» в Семее.
🌐Первым глава региона посетил ТЭЦ-1. Объект, введенный в эксплуатацию в 1934 году, обеспечивает производство и передачу тепловой энергии. Установленная мощность станции составляет 374 Гкал/ч, располагаемая – 276,4 Гкал/ч.
ТЭЦ-1 обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций и 673 коммерческих предприятия. Общее количество абонентов составляет 27 410. Протяженность тепловых сетей станции – 102,691 километра. В зимний период на объекте работают 233 человека, в летний – 182.
Глава региона отметил, что главная задача в предстоящем отопительном сезоне – обеспечить стабильную и бесперебойную работу объектов теплоснабжения.
«В этом году капитальные ремонтные работы на теплоисточниках мы начали раньше, благодаря чему завершаем их досрочно. Мы на 100 процентов готовы к резкому похолоданию. Все работы идут по графику, специалисты на протяжении всего лета держали их на постоянном контроле. Конкурсные процедуры также были завершены заблаговременно. Как говорится, готовь сани летом. Сегодня мы готовы начать подачу тепла в любое время. Еще одна особенность этого года – впервые в летний период жители города были обеспечены горячей водой», – отметил Берик Уали.Затем аким области ознакомился с ходом реконструкции центрального теплового пункта «343 квартал». 📣Проектом реконструкции зданий ЦТП «343 квартал» с переносом на насосную станцию «Силикатный» предусмотрена замена 0,84 километра тепловых сетей. На сегодняшний день завершены монтаж тепловой камеры и строительные работы внутри здания центрального теплового пункта. Продолжается установка предусмотренных проектом шести сетевых насосов и двух теплообменников. ЦТП «343 квартал» обеспечивает теплом 12 многоквартирных жилых домов и 24 коммерческих объекта. Количество абонентов составляет 822. К насосной станции «Силикатный» подключены 16 многоквартирных домов, 37 коммерческих объектов, 16 объектов частного сектора и 8 социальных объектов. Общее количество абонентов – 695. 💭По итогам осмотра центрального теплового пункта «343 квартал» глава региона поручил качественно завершить все предусмотренные реконструкцией работы. ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
+5
🔴Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы №1 Жылу электр орталығы мен «343 квартал» орталық жылыту пунктінің жұмысымен танысты.
📊Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың орнатылған қуаты – 374 Гкал/сағ, қолданыстағы қуаты – 276,4 Гкал/сағ.
№1 Жылу электр орталығы 433 көпқабатты тұрғын үйді, 56 әлеуметтік нысанды, 30 бюджеттік ұйымды және 673 коммерциялық кәсіпорынды жылумен қамтамасыз етеді. Абоненттердің жалпы саны – 27 410. Орталыққа тиесілі жылу желілерінің ұзындығы 102,691 шақырым. Мұнда қыс кезінде - 233 адам, жазда 182 адам еңбек етеді.
Аймақ басшысы алдағы жылыту маусымында бұл нысандардың тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету басты міндет екенін атап өтті.
«Биыл жылу қазандығына байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын ерте бастадық. Соның арқасында ерте аяқтап отырмыз. Аяқ асты күн суытқан жағдайға 100 пайыз дайынбыз. Барлық жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Мамандар жұмыс барысын жаз бойы тұрақты бақылауда ұстады. Конкурстық рәсімдер ерте бітті. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, қазір кез-келген уақытта жылу беруге дайынбыз. Биылғы жылдағы тағы бір ерекшелік - жазда алғаш рет қала тұрғындары ыстық сумен қамтылды», – деді Берік Уәли.Облыс әкімі бұдан кейін «343 квартал» орталық жылыту пунктіндегі реконструкциялау жұмыстарының барысын көрді. 🟦«343 квартал» ОЖП ғимараттарын «Силикатный» сорғы станциясына ауыстыра отырып реконструкциялау жобасы аясында жалпы ұзындығы 0,84 шақырым жылу желісін ауыстыру қарастырылған. Қазіргі уақытта жылу камерасын монтаждау және орталық жылыту пункті ғимаратының ішіндегі құрылыс жұмыстары аяқталған. Жобада көзделген 6 желілік сорғы мен 2 жылу алмастырғышты орнату жұмыстары жалғасуда. «343 квартал» орталық жылыту пункті 12 көппәтерлі тұрғын үй мен 24 коммерциялық нысанды жылумен қамтиды. Абоненттер саны – 822. Ал «Силикатный» сорғы станциясына 16 көппәтерлі тұрғын үй, 37 коммерциялық, 16 жеке сектор және 8 әлеуметтік нысан қосылған. Мұндағы абоненттер саны – 695. 🟧«343 квартал» орталық жылыту пунктін аралап көрген аймақ басшысы, реконструкциялау жұмыстарын сапалы аяқтауды тапсырды. АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+5
📌Аким области посетил строящийся новый мост в Семее
Глава региона Берик Уали ознакомился с ходом строительства нового автомобильного моста рядом со старым автогужевым мостом в Семее.
🕯Мост рассчитан на четыре полосы движения. Его длина составит 810 метров, ширина – 23 метра. Общая стоимость объекта – 47,3 млрд тенге. На сегодня строительные работы выполнены на 85 процентов. Из девяти предусмотренных проектом опор возведены восемь. Смонтировано 8,5 тысячи из 9 тысяч тонн металлоконструкций. Установлено 759 метров металлического пролетного строения.
На объекте работают более 200 человек. Необходимые строительные материалы закуплены в полном объеме, в том числе доставлены 9 тысяч тонн металлоконструкций. Открыть движение по новому мосту планируется в этом году. Старый автогужевой мост станет пешеходным пространством для прогулок и отдыха жителей.
Аким области поручил обеспечить строгий контроль качества строительства и завершить работы в установленные сроки.
«Этот мост, который строится по поручению и находится на непосредственном контроле Главы государства, необходимо ввести в эксплуатацию в этом году. Жители с нетерпением ждут его открытия. Поэтому местный акимат будет постоянно контролировать ход работ», – отметил Берик Уали.ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
+5
🔼Облыс әкімі құрылысы жүріп жатқан жаңа көпірде болды
Аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы ескі автогуж көпірінің жанында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысын көрді.
⌛Көпір төрт жолақты қозғалысқа есептелген, ұзындығы – 810 метр, ені – 23 метр болады. Нысанның жалпы құны – 47,3 млрд теңге. Қазір құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Жоба аясында 9 тірек орнатылады. Оның 8-і тұрғызылған. 9 мың тонна металл конструкцияның 8,5 мың тоннасы монтаждалған. Жоғарғы металл аралық құрылымның 759 метрі орнатылды.
Нысанда 200-ден астам адам еңбек етіп жатыр. Қажетті құрылыс материалдары толық көлемде сатып алынған. Оның ішінде 9 мың тонна металл конструкция жеткізілді. Аталған көпір арқылы көлік қозғалысын іске қосу биылға жоспарланған. Ал ескі автогуж көпірі халықтың серуендеуіне, демалуына қолайлы жаяу жүргіншілер көпіріне айналады.
Облыс әкімі құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан әрі тікелей бақылауында тұрған бұл көпірді биыл пайдалануға беруіміз қажет. Халық асыға күтіп отыр. Сондықтан жергілікті әкімдік тарапынан тұрақты түрде қадағаланып отырады», - деді Берік Уәли.АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+4
✔️Состоялось заседание межведомственной комиссии по противодействию коррупции
Сегодня под председательством главы региона Берика Уали состоялось очередное заседание межведомственной комиссии по противодействию коррупции при акимате области. Акимы городов и районов приняли участие в режиме видеоконференцсвязи.
На заседании рассмотрели результаты внешнего анализа коррупционных рисков в сфере пассажирского транспорта и автомобильных дорог области Абай, итоги анализа реализации местными исполнительными органами государственного социального заказа, направленного на формирование антикоррупционной культуры в обществе в 2026 году, а также ход выполнения плана мероприятий по устранению коррупционных рисков в областном управлении природных ресурсов и регулирования природопользования.
По вопросам повестки дня выступили заместитель руководителя департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по области Абай Арман Сакенов и руководитель областного управления природных ресурсов и регулирования природопользования Марат Темиржанов.
💬По итогам заседания аким области дал конкретные поручения по предупреждению коррупционных рисков в государственных органах и организациях квазигосударственного сектора, усилению механизмов внутреннего контроля и обеспечению соблюдения требований законодательства.
ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
+4
☑️Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан-қала әкімдері бейне режим арқылы қатысты.
Отырыста Абай облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың нәтижелері, жергілікті атқарушы органдардың 2026 жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарының жүзеге асырылуына жүргізілген талдау қорытындылары, сондай-ақ Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арман Сәкенов пен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Теміржанов баяндады.
🗣️Облыс әкімі жиында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі бақылау тетіктерін күшейту және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+4
🟦Директор областного Дома дружбы вышла на заслуженный отдых
Сегодня аким области Берик Уали принял участие в торжественной церемонии проводов на заслуженный отдых директора «Центра общественного согласия – областного Дома дружбы» Надежды Шаровой, внесшей значительный вклад в общественную жизнь региона.
Глава региона отметил, что Надежда Васильевна активно участвовала в общественно-политической жизни области и на протяжении многих лет добросовестно трудилась в сферах образования, государственной службы, информации и общественного согласия.
«Надежда Васильевна, Ваш богатый управленческий опыт и значительный вклад в развитие страны и в дальнейшем будут востребованы в нашей области. Поэтому мы уверены, что Вы продолжите активно участвовать в общественной жизни региона. Вы всегда были вовлечены в общественно-политическую жизнь и в разные годы достойно занимали ответственные должности. Выражаю искреннюю благодарность за многолетний добросовестный труд и вклад в развитие области Абай. Поздравляю с выходом на заслуженный отдых! Желаю Вам крепкого здоровья, семейного благополучия и достатка», – сказал Берик Уали.Коллеги, работавшие с Надеждой Шаровой в разные годы, также отметили её профессионализм и активное участие в общественных инициативах.
«Мы тесно сотрудничали с Надеждой Васильевной по различным вопросам. Когда я была председателем общественного клуба этножурналистики при Доме дружбы, она выступала с хорошими инициативами. Ей удалось сплотить объединения Дома дружбы, наладить их совместную работу в атмосфере согласия и единства. Это человек, преданный интересам государства. Она объединяет вокруг себя много молодёжи. Думаю, её богатый опыт и в дальнейшем будет востребован в общественной работе», – сказала главный редактор областного телеканала «Semei» Сайра Нусипбаева.🟫Надежда Шарова начала трудовую деятельность в 1987 году учителем истории и обществоведения в школе имени Кирова села Кокпекты. В разные годы работала главным специалистом и руководителем отдела внутренней политики Кокпектинского района, руководителем районного отдела внутренней политики, культуры и развития языков, руководителем отдела контроля аппарата акима района. В 2010–2015 годах была главным редактором районной газеты «Жұлдыз» – «Новая жизнь», в 2015–2019 годах – заместителем акима города Семея. Позже возглавляла городской Дом дружбы. С марта 2023 года занимала должность директора «Центра общественного согласия – областного Дома дружбы» области Абай. ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
+4
📌Облыстық Достық үйінің директоры зейнет демалысына шықты
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйінің» директоры, өңірдің қоғамдық саласына еңбек сіңірген Надежда Шарованы зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы Надежда Васильевнаның өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, білім беру, мемлекеттік қызмет, ақпарат және қоғамдық келісім салаларында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткенін атап өтті.
«Надежда Васильевна, Сіздің басқарушылық қызметтегі мол тәжірибеңіз, елдің дамуына қосқан зор үлесіңіз алдағы уақытта да облысымыздың дамуына керек, сондықтан, өңіріміздің қоғамдық өміріне белсенді араласып, өз үлесіңізді қоса бересіз деген сенімдеміз. Сіз өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әр жылдары жауапты қызметтерді абыроймен атқардыңыз. Көп жылғы адал еңбегіңіз бен Абай облысының дамуына қосқан үлесіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Зейнетіңіз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін», – деді Берік Уәли.Надежда Шаровамен әр жылдары қызметтес болған әріптестері де оның кәсіби біліктілігі мен қоғамдық бастамаларға белсенді араласқанын жеткізді.
«Надежда Васильевнамен түрлі мәселелер бойынша тығыз жұмыс істедік. Достық үйінде этножурналистика қоғамдық клубының төрайымы болған тұста да жақсы бастамалары болды. Сол Достық үйіндегі бірлестіктердің өзара ынтымақта, береке-бірлікте жұмыс жасауына ұйытқы бола білді. Өте мемлекетшіл тұлға. Жанына жастарды көп жинайды. Надежда Васильевнаның мол тәжірибесі алдағы уақытта да қоғамдық жұмыстарда қажет болады деп ойлаймын», – деді облыстық «Semei» телеарнасының бас редакторы Сайра Нүсіпбаева.💬Надежда Шарова еңбек жолын 1987 жылы Көкпекті ауылындағы Киров атындағы мектепте тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппараты бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2010-2015 жылдары «Жұлдыз» – «Новая жизнь» аудандық газетінің бас редакторы, 2015-2019 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары болды. Кейін Семей қалалық Достық үйін басқарды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Абай облысының «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйінің» директоры қызметін атқарды. АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
📣Уважаемые жители Бескарагайского района!
11 сентября 2026 года в 12:00 в зале заседаний районного Дома культуры села Бескарагай состоится встреча акима области Абай Берика Уали с жителями района.
Перед встречей, в 11:30, глава региона проведёт личный приём граждан по личным вопросам.
✏️Записаться на приём можно по телефону: 8 775 814 82 25.
#АбайОблысыныңӘкімдігі
📣Құрметті Бесқарағай ауданының тұрғындары!
2026 жылдың 11 қыркүйегінде Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылындағы аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында сағат 12:00-де Абай облысының әкімі Берік Уәли аудан тұрғындарымен кездеседі.
Аймақ басшысы кездесудің алдында, сағат 11:30-де азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды.
✏️Қабылдауға жазылу үшін 87758148225 телефонына хабарласу қажет.
#АбайОблысыныңӘкімдігі
+4
☄️В Семее активно продолжаются работы по благоустройству
В областном центре продолжается обновление общественных пространств и создание комфортной городской среды. В ходе объезда Семея аким области Берик Уали ознакомился с благоустройством ряда объектов.
📈Первым глава региона осмотрел проект реконструкции площади Shakarim University. Проект реализуется в соответствии с концепцией «Город для людей» и предусматривает создание комфортных условий для пешеходов и улучшение внешнего облика территории. В рамках проекта планируется благоустроить общественное пространство перед университетом и установить малые архитектурные формы.
В ходе работ будет уложено 8 тысяч квадратных метров брусчатки и установлено 2 050 метров бордюров. Также обновят 1 560 квадратных метров асфальтового покрытия парковки. На территории планируется установить 8 малых архитектурных форм для детей и 10 объектов на воркаут-площадке. Кроме того, предусмотрены 50 скамеек, 25 урн, 80 опор освещения и одна сцена. Завершить строительные работы планируется в октябре.
Аким области отметил, что при благоустройстве необходимо уделять внимание не только внешнему облику территории, но и созданию комфортных условий для жителей.
«Есть все возможности для того, чтобы превратить территорию Shakarim University в полноценное общественное пространство. Если убрать ограждение и обустроить воркаут-площадки, люди смогут приходить сюда отдыхать, заниматься спортом, гулять и проводить время с детьми. Со стороны акимата мы готовы оказать необходимую поддержку», – сказал Берик Уали.⚙️Затем глава региона ознакомился с завершением работ в сквере перед зданием областной филармонии имени Амре Кашаубаева. Согласно проекту, на территории заменено основание площадью 5,5 тысячи квадратных метров и на такой же площади уложена тротуарная плитка. Установлено 1 800 метров бордюров и поребриков. Обновлена и система освещения: заменено 50 опор, проложено 1,6 километра силового кабеля. Кроме того, установлено 468 метров ограждения и малая архитектурная форма в виде домбры. Для удобства жителей размещены 26 скамеек и урн. Еще 800 квадратных метров территории заасфальтировано. В дальнейшем здесь будет запущена система автоматического полива газонов. Также предусмотрены три подъездных пути с выходом на основную дорогу. 📇В ходе объезда города аким области также посетил здание областной филармонии и ознакомился с подготовкой творческого коллектива. ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
+5
⚡️Семейде абаттандыру жұмыстары қарқынды
Облыс орталығында қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында бірқатар нысанда жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты.
💭Аймақ басшысы әуелі Шәкәрім университетінің алаңын қалпына келтіру жобасын көрді. «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасына сай жүзеге асырылып, мұнда жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасауға және аумақтың көркін арттыруға басымдық берілген. Жоба аясында университет алаңындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру және шағын сәулет нысандарын орнату көзделген.
Абаттандыру жұмыстары барысында 8 мың шаршы метр төсемтас төселіп, 2 050 метр жиектас орнатылады. Автотұрақтың 1 560 шаршы метр асфальт жабыны жаңартылады. Сонымен қатар балаларға арналған 8 шағын сәулет нысаны, воркаут алаңында 10 нысан орнату жоспарланған. Аумақта 50 орындық, 25 қоқыс жәшігі, 80 жарықтандыру бағаны және бір сахна қарастырылған. Құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталуы тиіс.
Облыс әкімі абаттандыру кезінде аумақтың тек сыртқы келбетіне емес, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға да баса мән беру қажет екенін атап өтті.
«Шәкәрім университетінің аумағын қоғамдық кеңісттікке айналдыруға барлық жағдай бар. Қоршауын алып, воркаут алаңдарын жасақтаса, адамдар келіп демалып, спорт құрылғылармен шұғылданып, серуендеп, балаларын қыдыртуға мүмкіндік алады. Бұл мақсатта әкімдік тарапынан қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Берік Уәли.🔗Бұдан кейін аймақ басшысы Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония ғимараты алдындағы скверде жүргізіліп жатқан жұмыстардың аяқталу барысымен танысты. Жоспарға сәйкес, аумақта 5,5 мың шаршы метр негіз ауыстырылып, дәл осындай көлемде тротуарлық плиталар төселді. Сондай-ақ 1 мың 800 метр жиектас пен бордюр орнатылған. Аумақты жарықтандыру жүйесі де жаңартылды. 50 жарықтандыру тірегі ауыстырылып, 1,6 шақырым күштік кабель тартылды. Бұдан бөлек, 468 метр қоршау орнатылып, домбыра пішініндегі шағын сәулет нысаны қойылды. Тұрғындарға жайлы болуы үшін 26 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылды. Сонымен қатар 800 шаршы метр аумаққа асфальт төселді. Алдағы уақытта көгалдарды автоматты суару жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ негізгі жолға шығатын үш кіреберіс жол да қарастырылған. 📣Сондай-ақ шаһарды аралау барысында облыс әкімі облыстық филармония ғимаратының ішін аралап, шығармашылық ұжымның дайындығын тамашалады. АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+4
🛤Аким области ознакомился с ходом реконструкции железнодорожного вокзала Семея
Сегодня аким области Берик Уали ознакомился с ходом реконструкции железнодорожного вокзала в городе Семей.
➡️В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры в стране проводится обновление 124 железнодорожных вокзалов. 10 из них расположены в области Абай.
Реконструкция железнодорожного вокзала Семея началась в июле прошлого года. В рамках проекта проводятся строительно-монтажные работы, прокладываются наружные инженерные сети, предусмотрено монолитное расширение здания. На период ремонта для пассажиров организованы временные пункты обслуживания. Завершить реализацию проекта планируется в октябре.
Глава региона осмотрел ход работ в здании вокзала, уделив особое внимание качеству ремонта и соблюдению установленных сроков.
«Этот объект находится на строгом контроле Правительства. Поэтому необходимо максимально ускорить темпы и завершить работы в установленные сроки. Времени осталось мало. При этом увеличение темпов строительства не должно отражаться на качестве. Внутренние работы на вокзале и благоустройство прилегающей территории необходимо вести параллельно и в едином комплексе. Семей – областной центр. Первое впечатление пассажира о городе начинается именно отсюда. Поэтому и вокзал, и прилегающая территория должны соответствовать всем требованиям», – отметил Берик Уали.Работа по модернизации вокзальной инфраструктуры в регионе проводится поэтапно. В июне первыми в стране были полностью обновлены и введены в эксплуатацию железнодорожные вокзалы станций Ауыл и Белагаш Бородулихинского района. В августе начал обслуживать пассажиров новый железнодорожный вокзал станции Дегелен в городе Курчатов. ⌛Также введены в эксплуатацию обновленные железнодорожные вокзалы станций Шар, Ушбиик и Жарма Жарминского района, а также станции Жаланашколь района Мақаншы. Железнодорожные вокзалы в городе Аягоз и поселке Актогай планируется ввести в эксплуатацию в сентябре. ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
+4
🚉Облыс әкімі Семей теміржол вокзалының жұмысымен танысты
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмысымен танысты.
🕯Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзалды жаңғырту қолға алынған. Оның 10-ы Абай облысында орналасқан.
Семей теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары былтыр шілдеде басталған. Жоба аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, сыртқы желілер салынып, ғимаратқа монолитті кеңейту қарастырылған. Жөндеу кезінде жолаушыларға уақытша қызмет көрсету орындары қамтамасыз етілген. Жобаны қазан айында аяқтау көзделіп отыр.
Облыс әкімі вокзал ғимаратындағы жұмыстардың барысын қарап, жөндеу сапасы мен мерзіміне баса назар аударды.
«Бұл нысан Үкімет тарапынан қатаң бақылауда. Сондықтан жұмысты барынша жеделдетіп, белгіленген мерзімде аяқтау қажет. Уақыт аз қалды. Құрылыс қарқынын күшейткенмен, сапаға нұқсан келмеуі тиіс. Вокзалдың ішкі жұмыстары мен айналасын абаттандыру қатар жүргізіліп, бір-бірімен үйлесуі керек. Семей – облыс орталығы. Қалаға келетін жолаушының алғашқы әсері осы жерден басталады. Сондықтан вокзал да, оның айналасы да талапқа сай болуы қажет», – деді Берік Уәли.Өңірде вокзал инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Маусым айында елімізде алғаш болып Бородулиха ауданындағы Ауыл және Белағаш станцияларының теміржол вокзалдары толық жаңартылып, пайдалануға берілді. Тамыз айында Курчатов қаласындағы Дегелең станциясында жаңадан салынған теміржол вокзалы жолаушыларға қызмет көрсете бастады. 🔼Сонымен қатар Жарма ауданындағы Шар, Үшбиік, Жарма және Мақаншы ауданындағы Жалаңашкөл станцияларының жаңартылған теміржол вокзалдары іске қосылды. Аягөз қаласы мен Ақтоғай кентіндегі теміржол вокзалдарын қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
