cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

ZTB - Қазақша жаңалықтар

Қазақ тіліндегі жаңалықтар

Show more
Advertising posts
13 862
Subscribers
-1924 hours
-967 days
-51630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

01:45
Video unavailableShow in Telegram
Ал сіздің ойыңызша, қанша қаражат табу керек?👇🏼
Show all...
3390035686398892108.mp422.23 MB
👍 1
01:00
Video unavailableShow in Telegram
Астана қаласында таңертеңгісін 102-ге қоңырау шалып, аулада балалар шулап айтқан. Тәртіп сақшылары жағдайдың мән-жайын білуге келгенде, жігіттер жан-жаққа қаша бастапты. Ал біреуінің есімі - Барри Аллен екен⚡️ @ztb_qazaq
Show all...
3389496698907009047.mp412.66 MB
🤣 36👏 2
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Енді «зайчиктардың» жағдайы қиын болды. Себебі Астана қаласының автобустарына билетсіз жүргендерді анықтайтын жаңа камералар орнатылмақ. City Transportation Systems ЖШС жобаны 2 мамырда іске қосқан еді. Жобаның мақсаты - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, билетсіздер санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру. №24 маршруттың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жолаушылар санын, маршруттың уақыты мен учаскелерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нақты уақыттағы ақпарат CTS көліктік бақылау департаментіне түседі. Бейнебақылау пилоттық жобасы іске қосылған сәттен бастап бір автобуста жүйемен 2 мыңнан астам билетсіз жол жүру жағдайы анықталды. Бұл пилоттық жоба болғандықтан, жолаушыларға айыппұл салынбаған. @ztb_qazaq
Show all...
👍 12 1
☄️Түнде алматылықтар ерекше көріністі байқаған еді. Ал мамандардың айтуынша, бұл ешқандайда метеорит емес. Бұл спутник фрагменттерінің жанып жатқан қалдықтары болып шықты.
«В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт мамандарының айтуынша, 12 маусымнан 13 маусымға қараған түні Алматы облысының тұрғындары байқаған ерекше құбылыс - Жер атмосферасына кіргеннен кейін спутниктен ажыраған фрагменттердің жануы деп түсіндірді», - деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
@ztb_qazaq
Show all...
👍 6🔥 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
📱Тәртіп сақшылары қазақстандыққа 10 жыл бұрын ұрланған ұялы телефонын тауып берді Қызылжар ауданының полициясы 2014 жылы болған ұрлықты әшкереледі. Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жатқан. Әйелдің сол кездері танымал марка Samsung Galaxy S III Mini телефонын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары ұрының ізіне түсе алмады. Соған қарамастан, 10 жылдан кейін оқиғаға қатысты тың деректер пайда болып, полиция 27 жастағы Қызылжар ауданының тұрғынын ұстады. Күдікті телефонды ұрлағанда 17 жаста болған екен. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған телефонды қалай қолды қылғанын айтып берді. Ұрланған зат өз иесіне қайтарылды. @ztb_qazaq
Show all...
🤣 67👍 6🤔 2 1👏 1😁 1
00:42
Video unavailableShow in Telegram
😍☄️Бүгін түнде Алматы облысының тұрғындары ерекше құбылыстың куәсі болды - аспанда метеориттерге ұқсас бірнеше жарқыраған нысан көрінді. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар жарқыраған нысандардың видеосын жарыса бөлісіп жатыр. Видеолардан құйрықты жұлдыздар сияқты аспанда ұшып жүрген бірнеше жарқыраған белгісіз нысанды байқауға болады. PS. қызықтың бәрі Алматыда) @ztb_qazaq
Show all...
«Ема_қара,_метеорит»_Алматылықтар_аспандағы_ерекше_жарқыраған_нысандарды.mov19.22 MB
👍 5
01:34
Video unavailableShow in Telegram
🤦‍♂️Алматының Ақбұлақ ауданында балақайлар «іш пысқаннан» бөтен көліктерге әдейі зақым келтірген. Кішкентай бұзақылар өздерінің бұл әрекеттері видеоға түсіп қалатынын ескермеген сыңайлы. Жас зиянкестер табылып, тәртіп сақшылары олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Енді келтірілген шығынды ата-аналары өтеуі тиіс. @ztb_qazaq
Show all...
3388756977738184963.mp420.21 MB
🤬 19👍 4😁 2
01:06
Video unavailableShow in Telegram
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өзінің депутаттық сауалында үкіметтен «нақты іспен айналысуды» және Батыс Қазақстандағы шегірткенің қаптап кеткеніне назар аударуды сұрады. PS. ауылдағы интернетті айтпағанда мәжілістегі трансляцияның сапасы да мәз емес секілді @ztb_qazaq
Show all...
3388730434521796652.mp47.76 MB
13👍 3
02:48
Video unavailableShow in Telegram
Желіде асырап алған балаларына қорлық көрсетті деп айыпталған ақын-сазгер, өзін емші деп санайтын Ұлықбек Смановтың адамдарды Ақбота Керімбекованың «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген» видеосы тарады. Бейнероликте көріп тұрғандарыңыздай, бір топ адам тәуіптің ән айтқанына қосылып теңселіп тұр. Еске салайық кетсек, шымкенттік Ұлықбек Сманов таяуда ұсталған еді. Оның қамқорлығына алған балалардың ең үлкені 16 жаста болса, кішісі 3 жаста. Сманов «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғар қаласының психикалық ауруханасында жатыр. Ал жауыздықтан жапа шеккен ересек екі бала бейімделу орталығына, тағы төртеуі балалар үйіне бағытталған. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды. 18 маусымда сот жабық түрде өтетіні хабарланды. @ztb_qazaq
Show all...
3388594619955186620.mp422.90 MB
🤣 6🤯 5🤡 4 1
❗️Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу туралы референдум өткізбек болғандар сотталды Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды. Тергеу мәліметіне сәйкес, аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпан айында чат-рулетканы пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажет екені туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.
«Референдумда оң нәтижеге қол жеткізбеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот үкімі заңды түрде күшіне еніп, аталған тұлғалар 5 жыл бас бостандығынан айырылды. @ztb_qazaq
Show all...
👍 30🤬 12😁 2 1