cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Bugin.kz

Қазақстандағы және әлемдегі кейінгі жаңалықтар

Show more
Advertising posts
1 939
Subscribers
-224 hours
-227 days
-5130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

00:35
Video unavailableShow in Telegram
5 маусымда сағат 15:00 шамасында “Ақтөбе-Орск” автожолында Қарғалы ауданы Ащылысай аулының маңында жол апаты болды. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көліктің аударылуына себепші болған. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылған. Ведомство хабарламасында: "Аталған автокөліктің жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушыларды ресми түрде тасымалдаған. Жол апатынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері осы жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізгені анықталды. Алайда, соған қарамастан жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген", - делінген. Дереккөз: Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Show all...
️Полицейлердің_ескертуін_елемеген_жүргізуші_жол_көлік_оқиғасын_жасады.mp49.54 MB
👍 1
00:32
Video unavailableShow in Telegram
🔴2 жасар бара Каспий теңізінде суға батып кетті. Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта орын алды. ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр.
Show all...
IMG_3074.MP42.66 MB
00:24
Video unavailableShow in Telegram
Израиль әскерлері Газадағы бомбаланған мектепті мазақ қылды Желіде Газа секторына жасалған шабуылдан кейін Израиль әскерлерінің мектеп ғимаратына кіріп, сыныптағы заттарды мазақ еткен видеосы тарады. 📌Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль соңғы 24 сағатта Газаның әртүрлі аймақтарына 4 рет ауыр соққы жасаған. Бұл шабуылдан тағы 40 палестиналықтың қаза тауып, 150 адам жараланған. 📌Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 36 мың 479-ға, жараланғандар саны 82 мың 777-ге жеткен. Мәлімдемеде үйінділер астында және жол бойында әлі де өлілердің бар екені, бірақ медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс өкілдерінің мәйіттерге жете алмағанын атап өткен.
Show all...
İsrail_askerleri_Gazze'de_bombalanan_okulda_dalga_geçti_Gazze_Şeridi'nde.mp43.94 MB
👎 3😱 2
🔴Қазақстан Қытайдан не үшін жер алатыны белгілі болды Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында өзара мәдени орталықтарды құру туралы келісімді қарады.
Show all...
Қазақстан Қытайдан не үшін жер алатыны белгілі болды

👎 2
‼️Ақтөбеде аутизмі бар жоғалған баланы екі күннен бері таба алмай жатыр 4 маусым күні 13 жастағы Кәрім үйінен шығып кетіп, кері оралмаған. Кәрім Заречный-1 ауданында тұрады. Полиция, Ұлттық ұлан, құтқарушылар мен еріктілер жасөспірімді түннен бері іздеп жатыр.
Show all...
3383454450825502564.mp47.22 MB
IMG_5609.MP412.26 MB
Photo unavailableShow in Telegram
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарға әлеуметтік желілерге шығуға шектеу қойды. Бұл туралы Азаттық радиосының Өбекстандағы қызметі жазды. Ташкент қаласы бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамов имамдардың желідегі сөздері қатаң бақылауда екенін айтқан. "Сәламатсыздар ма, құрметті аудан бас имамдары! Біздің келесі тапсырмамыз – әлеуметтік желілерге кірмеу. Мұны қатаң түрде бақылаймыз. Қажыға баратындарға да мұның қатысы бар… Әлеуметтік желіде кез келген тақырыпқа "лайк" қоюға болмайды", – деді Рустамов. Имамдар діни басқарма шешімін олардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту деп санайды.
Show all...
👍 3👎 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡ 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмайды Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулерді қабылдады. Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады.
Show all...
👍 1👏 1
⚡Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен лотереяларды жарнамалауға тыйым салынады Мәжілістің бүгінгі отырысында ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері талқыланды. Бұл туралы bugin.kz хабарлайды. Халық арасындағы ойынға тәуелділікпен күресуді заңға енгізуде депутаттар бастамашы болды. 🔻мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. Тыйымды бұзғаны үшін жұмыстан босатылады; 🔻21 жасқа толмаған азаматтар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген (6 айдан 10 жылға дейін), сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай тізіліміне сәйкес өтелмеген міндеттемелері бар тұлғалар кіреді; 🔻Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен лотереяларды жарнамалауға тыйым салынады; 🔻онлайн-казинолардың қызметін ұйымдастырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Жаза ретiнде 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не 600 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру ұсынылады; 🔻Қазақстан аумағында лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің интернет-ресурстарының қызметіне тыйым салынды; 🔻 Ойын бизнесі туралы заң букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендерді ғимараттардың, құрылыстардың және көліктердің сыртында жарнамалауға, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға толығымен тыйым салады.
Show all...
👍 2👏 1
Мәжілістің бүгінгі отырысында ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері талқыланды. Мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады. Заңға Мемлекет басшысының халық арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында депутаттар бастамашы болды. Түзетулерге сәйкес қазақстандықтардың белгілі бір тобына құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салынады. Олардың қатарында 21 жасқа толмаған азаматтар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген (6 айдан 10 жылға дейін), сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай тізіліміне сәйкес өтелмеген міндеттемелері бар тұлғалар кіреді. Бұл қатарда мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері де бар. Олар тыйымды бұзғаны үшін жұмыстан босатылады. Заңды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына алғашқы үш санатқа рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін – лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жазасы қарастырылған.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден еліміздегі ең жоғары ұпай еншіледі. Ол тестілеудегі 140 сұрақтан 138 балл жинады. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже. Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде білім алған. Бітіруші сыныпта "Грант" мектебінде оқыған. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді. Ведомство хабарламасында:
"Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і - "Алтын белгіге" , 2 466 оқушы - "Үздік аттестатқа" үміткер",-делінген.
Тестілеудегі бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексеріледі. Егер тестке қатысушы заң бұзушылық жасаса, тыйым салынған зат пайдаланса, нәтиже жарамсыз болып қалады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарады.
Show all...
👏 2