en
Feedback
РСК области Абай

РСК области Абай

Open in Telegram

Официальный канал Региональной службы коммуникаций в области Абай

Show more
723
Subscribers
No data24 hours
-47 days
+5230 days
Posts Archive
⚠️ Семей қаласының Абай көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір жол өткелі маңындағы ескі бетон плиталар гранит жабындысына ауыстырылуда. Жалпы 1 700 шаршы метр аумаққа гранит төселіп, 550 шаршы метр жерге ландшафтық тас орнатылады. Сонымен қатар, жол өткелінің астына қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген алты сәндік металл панно орнату жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын осы айдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. https://t.me/rsk_abay

Абай облысында сарбаздарды жаңа форматта шығарып салу рәсімі өтті Семей қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер алаңында «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Абай облысында алғаш рет «Сарбаз жолы» жаңа форматында ұйымдастырылған іс-шараға 60 жас азамат қатысты. Салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басшылығы, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер, жастар, сондай-ақ болашақ сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Іс-шара барысында облыс әкімі жас азаматтарға Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарып, әскери қызмет барысында қажетті білім мен тәжірибе жинақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қорғаныс министрлігі өкілі Тілеухан Басқожаев өз сөзінде «Сарбаз жолы» жобасын Абай облысында алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруға қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғысын білдіріп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық өңірінде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Жыл соңына дейін Қазақстан бойынша 21 мыңнан астам, оның ішінде Абай облысынан 1500-ден астам азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр. Іс-шара соңында Абай облысының әкімі болашақ сарбаздарға естелік кітаптар табыстады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. – Табиғи талантыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылық жолыңызда ерен табысқа қол жеткіздіңіз. Ұзақ жылдар бойы еліміздің беделді басылымдарында жемісті еңбек етіп, «Казахстанская правда» газеті мен «Простор» журналын басқардыңыз. Адамгершілігі мол әрі өмірлік ұстанымдарынан айнымаған тұлға ретінде қаламгерлер арасында және қоғамда үлкен құрметке бөлендіңіз, – деп жазылған жеделхатта. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Валерий Михайловтың бірнеше буын оқырман қызыға оқитын шығармалары төл әдеби қазынамыздың бір бөлшегі ретінде лайықты бағаға ие болғанына назар аударды.

Екі жылда туризмге салынған инвестиция 2,2 трлн теңгеден асты Туризмді дамыту және оның ұлттық экономикадағы рөлін нығайту сапалы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін ашуға, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кадрлық әлеуетті күшейтуге және саяхатшыларды тартатын барлық нысандарда қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі басымдықтарды айқындады. Мемлекет басшысы нақты міндеттер белгіледі: өңірлер инфрақұрылымды дамытуға, ал орталық мемлекеттік органдар Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде танытуға, шетелдік туристер тартуға және заңнаманы жетілдіруге жауапты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Үкімет курорттық аймақтарды жаңғыртуға, инвестицияларды ынталандыруға және көлік қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша саланың экономикаға қосқан жиынтық үлесі 5 трлн теңгеге жетіп, жұмыспен қамтылғандар саны 600 мың адамнан асты. 1,3 трлн теңге және 328 жоба: жеке капитал салаға инвестиция көлемін арттыруда Соңғы жылдары инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік саясат туризм саласына тартылатын қаражат көлемінің еселеп артуына мүмкіндік берді. Егер 2023 жылы капитал салымдарының көлемі 787,3 млрд теңгені құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,3%-ға өсіп, 947,5 млрд теңгеге жетті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 32,6%-ға артып, 1,25 трлн теңгені құрады. Жалпы, 2024–2025 жылдары салаға 2,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, екі жыл ішінде өсім шамамен 60%-ды көрсетті. Қазіргі уақытта республикада жалпы құны шамамен 1,3 трлн теңге болатын 328 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оларды кезең-кезеңімен енгізу 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға және халықаралық деңгейдегі 25 жаңа қонақ үй кешенін ашуға мүмкіндік береді, олардың арасында Hilton және Mandarin Oriental сияқты желілердің нысандары, сондай-ақ барлық маусымға аналған Oi-Qaragai тау курортын кеңейту жобасы бар. Жеңілдікпен несие беріп, инвестициялық преференцияларды қолдану арқылы 11 өңірде әлемдік деңгейдегі 24 қонақ үйдің құрылысын салу қосымша пысықталуда. Сонымен қатар қолданыстағы орналастыру нысандарының желісі қарқынды дамып келеді: нысандар саны 2023 жылғы 3992-ден 2025 жылы 4482-ге дейін өсті, ал 2026 жылғы 1 сәуірде 4,5 мың бірлікке жетті. Олар көрсеткен қызметтер көлемі 2023 жылы 229 млрд теңгеден 2025 жылы 350,6 млрд теңгеге дейін артты, 2026 жылдың I тоқсанында көрсеткіш 69,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға асып түсті.

Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді. Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық #Otbasym2026 челленджі өтеді.

🇰🇿 Абай облысында «Тіл – татулық туы» облыстық фестивалі өтті Семей қаласында Қазақстан халқының тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл – татулық туы» атты облыстық фестиваль өтті. Мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тілдік әралуандықты дәріптеу және этносаралық татулық пен қоғамдық бірлікті нығайту. 👥 Шараға тіл жанашырлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, зиялы қауым, ұстаздар, студенттер мен жастар қатысты. 🏆 Фестиваль барысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, түрлі этностардың салт-дәстүрін таныстыратын көрме, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық көрме және 🎶 концерттік бағдарлама ұсынылды. 🤝 Фестиваль тілге деген құрметті арттырып, қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлікті дәріптейтін мәдени-рухани алаңға айналды. https://t.me/rsk_abay

✅ Қарауылда бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында тұрғындардың жайлылығын арттырып, ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. 🛝 «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауылдағы орталық саябақ толық жаңғыртылып, тұрғындар игілігіне берілді. Мұнда заманауи футбол, волейбол және Street Workout алаңдары, балалар ойын кешені орнатылды. Сондай-ақ 1 200 шаршы метр аумаққа брусчатка төселіп, 79 жарық бағаны мен LED шамдары қойылды. 🏢 Қарауылдың туристік әлеуетін арттыру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. «Туған жерге туынды тік» бастамасы аясында Жидебайдағы этнокешеннің жалғасы ретінде ауылда 25 нөмірлі «Taukum Boutique Karaul» қонақ үйінің құрылысы басталды. 📌 Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын жылумен қамту мәселесін шешу мақсатында жаңа қазандықтың құрылысы қолға алынды. Жоба облыс әкімі Берік Уәлидің халықпен кездесуде берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазандықты жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Аталған жобалар Қарауылдың инфрақұрылымын жаңартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға және ауылдың туристік әлеуетін арттыруға бағытталған. https://t.me/rsk_abay

Завершена стыковка путей на железнодорожной линии Мойынты – Кызылжар На строительстве линии Мойынты – Кызылжар завершена стыковка железнодорожных путей. Это важный этап реализации одного из крупнейших инфраструктурных проектов Казахстана. Работы ведутся по поручению Главы государства и направлены на укрепление транспортно-логистического потенциала страны, расширение международных транспортных маршрутов и увеличение объемов экспортных перевозок, сообщает Primeminister.kz. По данным Министерства транспорта, строительство новой железнодорожной линии ведется высокими темпами и в соответствии с утвержденным графиком. На сегодняшний день на объекте задействовано порядка 2 тыс. специалистов и более 700 единиц техники. При выполнении работ используются современные технологические решения, позволяющие эффективно организовать строительный процесс на сложных участках. В частности, железнодорожный путь укладывается с применением обводных линий на мостовых сооружениях. Такой подход обеспечивает непрерывность работ и позволяет соблюдать установленные сроки. Новая железнодорожная линия протяженностью 323,3 км пройдет по территориям Улытауской и Карагандинской областей. После ввода в эксплуатацию она станет важным звеном Транскаспийского международного транспортного маршрута (Среднего коридора), повысив транспортную связанность регионов и эффективность грузового сообщения. Реализация проекта позволит сократить маршрут грузоперевозок на 149 км, снизить нагрузку на железнодорожный участок Мойынты – Жарык, увеличить скорость движения контейнерных поездов и расширить пропускную способность для грузовых и транзитных перевозок. Согласно утвержденному графику, ввод железнодорожной линии в эксплуатацию запланирован на текущий год.

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды. Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау жөнінде міндет жүктеді.

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды