cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

QYZYQQANYM.FM

İırımder men qyzyģuşylyqtar ornalasqan büryş. Focus on growth. Büiyrsa Jolyģarmyz: @diimosh

Show more
Advertising posts
251
Subscribers
-124 hours
-107 days
-1230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Орыс тілінің өз шаңырағымызда қазақ тілінің алдына шығып, үстемдік етіп отырғаны іштегі отты жандырып, қынжылтатыны бар. Намысшыл, ұлтжанды болып бара жатсаңыздар, отбасы, ошақ-қастарыңыздан бастап сәбидей кезінен қазақ тіліне баулып өсіріңіздер, қазақша тәрбиелеңіздер деп бір депутат ағамыз жанды халықтың осал жерінен басып жіберген екен. Жаны бар. Келіспеске де болмайды, қалалысымақ мырзалар мен ханымдардың балаларын жастайынан тіліне біткен, тағдырына жазылған ана тілін ұмыттыруға атсалысып жатқандары, ұлтымыздың келешегін бұлыңғыр етуге деген бір себеп болып табылады. Ұлтжандылық дегеніміз "мен ұлтжандымын" деп баршаға жар салып айтатын ұғым емес. Ұлтжандылық әрекетпен білдіріледі. Ана сүтінен берілген қазақ тіліңді қадірлесең, ұлтыңды төмендетпек, күйретпек, кемсітпек болғандармен үстел басында бірге отырып, сыйласпайсың. Сау психикасы қалыптасқан адам, өз тілін менсінбеуге дәті бармайды. Ұлтжандымын десең, қандасыңмен бірге тағдырыңа біткен қазақ тілінде пікір алмастырасың. Осылайша, өз тіліңді менсінбеуге жол бермейсің, әрекет арқылы дәлелдейсің.
Show all...
❤‍🔥 1
Біздің заман, біздің дәуір, біздің ғасыр білімділердің бәсекесі, сайысы. Сауатты, жан-жақты дамыған, прогрессивті мұсылман қәзіргі қоғамға ауадай қажет. Біздің бабаларымыз "мықты болған, мұндай болған" деген секілді кеуде кергіштік мақтанулармен ештеңе ұтпаймыз. IQ-дің сайысқа түсер уақытында, құр білектілік ешнәрсені шешпейді. Мен соны түсіндім.
Show all...
💊 5🔥 1
Иә, сенен мықты, сенен епті, сенен алғыр, сенен үздік, сенен әлде қайда алда келе жатқан адамдар бар. Иә, сені таңдамауы мүмкін. Сені сүймеуі мүмкін. Сені бағаламауы мүмкін. Саған сенбеуі мүмкін. Бірақ бұның барлығы сенің ішкі рухани әлеміңе бір де бір сызат түсірмеуі керек. Қардың әрбір кристаллын бір-біріне  ұқсамастай жаратқан Құдайдың сені біреуге ұқсатып қояр деймісің. Сондықтан кең тыныста да өзіңді өзің жетілдіру жолында еңбек ет. @ushkuun
Show all...
❤‍🔥 4💊 4
1. Мұсылмандар жаңа өркениеттану, жаңа технологиялық дәуір гүлдеп бастағанда, неліктен ғылым-білімнен артта кенжелеп қалды? 2. Әлемге әйгілі аты дүркіреген, 500 жыл бойы мұсылмандардың абыройын қорғаған Осман империясы өз кезегінде неліктен қағаз баспа техникасын еліне кіргізуден бас тартты? 3. Осман империясының Сүлеймен Сұлтан, Сұлтан Фатиһ Меһмед, Сұлтан Абдулхамид, Сұлтан Селім, кезеңіндегі саяси басқару жүйесінен Еуропалықтар үркіген еді. Аталған сұлтандардың өз заманында, ешбір елге дес бермей, заманына сәйкес өмір сүру салтын дұрыс ұстанған халифаттың күйреу себебі неде? Кей деректерде ғылымнан қалыс қалып, әсіредіншілдікке ұрыну себебі деп көрсетіледі. 1800 жылға қарай Осман Империясы жаңа жаһандану үрдісіне іліге алмай, ғылымнан кенжелеп қалды. Осы секілді заңды, орынды сауалдарға миым төңкеріліп кете жаздайды. Зерттемелер мен мәліметтер, тарихи деректер арқылы NAMYS TV арнасы ізденіп, нақты жауаптар беруге тырысты. Нәтижесінде жазбаларды желіге жариялап, халыққа ұсынды.
Show all...
❤‍🔥 2💊 1
Атағың болып, ақшаң жоқ болғаны қиын екенде, қолды байлайды екен. Баратын жеріңе бара алмайсың, ел қатарлы жүре алмайсың. #daraboz
Show all...
💯 5💊 1
"Асырай алмасаң, қатынды не үшін алдың досым ?"
Show all...
😁 4💯 2💊 1
Бейтараптанған түрде ойлан. Діни фанатизм деген ұғымды жаныңа жолатушы, ойыңа сіңдіруші болмағын. Атеисттің ойын, пікірін соңына дейін тыңдап барып, өзіңнің пікіріңді ортаға салып, талқыға түсіруге құқылысың. Жүрекке иманды қинап кіргізуге дінімізде тыйым салынады, жақсы көрген адамыңа оны қаласаң да. Сондықтан діни тұрғыда ілімің жоғары болғаны дұрыс, һәм ғылыми, саяси, тарихи тағы басқа да салалардан хабарың болғаны өзің үшін құба-құп.
Show all...
❤‍🔥 5💊 1
Photo unavailableShow in Telegram
❤‍🔥 2💊 1
Сторис, статустарға салып қойатындай қаламызға көп мөлшерде жаңбыр құйылуда. Ыстықтың лебі терімізді күйдіріп, енді жауын-шашынмен суытып алғандай күй кештіруде. Құдайдың қалауы ғой, бір ыстық, бір салқын, бір суық. Әр адамның тағдыры, өмір жолы іспетті.
Show all...
💊 8
Кинодан тамашалап, қиялыңа бейнелеп алған идеализациялық, романтикалық көріністерді шынайы өмірде тым сирек көретініңді санаңа шегелеп қой. Өмірде бір қуаныш, артынан бір қиыншылық, бір-бірімен алма-кезек орын алып жататыны ақиқат. Оның кемшілігін, кеңшілігіңмен бірге қабылдауға тырыс.
Show all...
❤‍🔥 6💊 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.