en
Feedback
Онлайн марафон - 2026

Онлайн марафон - 2026

Open in Telegram
1 295
Subscribers
-324 hours
-117 days
+8730 days
Posts Archive
Бюллетень суретін желіге жариялаған 7 азаматқа айыппұл салынды Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон аясында Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Бас прокуратураның бас прокурор аппаратының БАҚ мониторингі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейісов айтты. «Дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары тарапынан ешқандай құқықбұзушылықтар белгіленбеді. Дауыс беру аяқталғанға дейін бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар қысқартылған тәртіппен 7 азаматты айыппұлға тартты. Олардың барлығы толтырылған бюллетень суреттерін таратуға байланысты болды», - деді ол.

«Tarlan Astana»: LRT атауы қалай таңдалды? CTS ЖШС Басқарма төрағасы аппаратының жетекшісі Манарбек Құлмұқан LRT жүйесіне «Tarlan Astana» атауының берілу себебін түсіндірді. «Astana LRT - халықаралық деңгейде қолданылатын атау. Ал ресми атау ретінде «Tarlan Astana» бекітілді. Біз халықтан жүйеге ерекше атау ұсынуды сұрадық. Келіп түскен ұсыныстардың ішінен осы атау таңдалып, басшылықпен бірге бекітілді», - деді ол. «Tarlan Astana»: почему LRT получил такое название Руководитель аппарата председателя правления ТОО CTS Манарбек Кулмухан объяснил, почему для системы LRT выбрали название Tarlan Astana. «Astana LRT - международное название проекта. В качестве официального названия было утверждено Tarlan Astana. Мы предложили жителям выбрать уникальное название для системы. По итогам рассмотрения поступивших предложений именно этот вариант был выбран и утверждён руководством», - сказал он.

Нұрай Шеру – «Табайын жолын қалай?» Онлайн трансляция - QazaqstanTV #Онлайнмарафон2026

Мөлдір Байбуринова - «Көшелерде ызғар, санамда сен бар» Жалпыұлттық онлайн-марафон түнгі 00:30-ға дейін жалғасады.

Қазақстан цифрлық дербестігін күшейтіп келеді Бұл туралы ҚҚДИ сарапшысы Әлия Қанатова айтты. Оның сөзінше, Қазақстан цифрландырудан жасанды интеллектке негізделген жаңа экономикаға өту кезеңінде. Елде Орталық Азиядағы алғашқы цифрлық шаһардың құрылысы басталып, Екібастұзда үлкен деректерді өңдеу орталығын құру жұмыстары қолға алынған. Сарапшының айтуынша, мұндай жобалар цифрлық дербестікті нығайтып қана қоймай, елге инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және IT саласындағы адами капиталды дамытуға мүмкіндік береді.

«Бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін ЖИ модельдерін жасау керек» IT кәсіпкер Мағжан Икрамның айтуынша, қазір чат-боттарды мектеп оқушысы да, студенттер де құрастыра алады. Бірақ Chat GPT, Cemini AI сияқты модельді жасау керек. Бұл бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін керек, дейді ол. «Нужны собственные модели ИИ для конкурентоспособных продуктов» По словам IT-предпринимателя Магжана Икрама, сегодня чат-боты могут создавать даже школьники и студенты. Однако, по его мнению, необходимо разрабатывать собственные модели, аналогичные ChatGPT и Gemini AI. Это необходимо для создания конкурентоспособных продуктов, отметил IT-предприниматель.

Шетелдік хиттерді қазақша сөйлетіп жүрген әнші Әнші Мөлдір Байбуринова соңғы үш жылда шетелдік әндерді қазақ тіліне бейімдеп орындап жүр. «Әннің мағынасын түсініп алып, оны қазақ тіліндегі теңеулер мен фразеологизмдер арқылы жеткізуге тырысамын», – дейді әнші.

Құрылтай сайлауы: 9 352 151 адам дауыс беруге қатысқан Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Қазір учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кіріскен. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру нәтижесі төмендегідей: 1. Астана қаласы бойынша – 51,67% 2. Абай облысы бойынша – 81,41% 3. Ақмола облысы бойынша – 82,69% 4. Ақтөбе облысы бойынша – 88,30% 5. Алматы облысы бойынша – 71,17% 6. Атырау облысы бойынша – 70,74% 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38% 8. Жамбыл облысы бойынша – 85,18 9. Жетісу облысы бойынша – 91,19% 10. Қарағанды облысы бойынша – 76,28% 11. Қостанай облысы бойынша – 76,47% 12. Қызылорда облысы бойынша – 90,75% 13. Маңғыстау облысы бойынша – 71,38% 14. Павлодар облысы бойынша – 71,20% 15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31% 16. Түркістан облысы бойынша – 92,16% 17. Ұлытау облысы бойынша – 70,72% 18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50% 19. Алматы қаласы бойынша – 43,23% 20. Шымкент қаласы бойынша – 75,42%. Осы уақытқа дейін 9 352 151 сайлаушы бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрап отыр.

ЖИ-ді қолдануды емес, оны тиімді пайдалануды үйрету керек Мемлекеттік саясат бойынша PhD Әлібек Молданиязов цифрландыру қарқыны артқан сайын ІТ, жасанды интеллект, робототехника және киберқауіпсіздік салаларына білікті маман даярлау маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, қазақстандық университеттерде ЖИ мен медиа сауаттылық бойынша курстар көбейіп келеді. Енді бұл бағытты жүйелеп, кешенді мемлекеттік бағдарламаға айналдыру қажет. «Жасанды интеллектіні жай қолдануды емес, оны талдау, экономика мен білімді дамыту сияқты нақты мақсаттарға тиімді пайдалануды үйрету керек», – деді ол.

Ток-шоу: «Цифрлы Қазақстан» Спикерлер: Әлия Қанатова - ҚҚДИ сарапшысы Мағжан Икрам - IT кәсіпкер Әлібек Молданиязов - Мемлекеттік саясат бойынша PhD

На брифинге Службы центральных коммуникаций международные наблюдатели поделились своими оценками избирательного процесса. Профессор Университета Юго-Восточной Норвегии, эксперт по экономике и международным отношениям Гленн Холе отметил, что избиратели проявляют интерес к вопросам экологии, международных отношений и дальнейшего развития Казахстана. По его мнению, многовекторная внешняя политика способствует укреплению позиций страны. Член Совета Института азиатских и глобальных исследований им. М. Бойма, эксперт по Центральной Азии Ежи Оледзкий отметил, что новый формат выборов даёт казахстанцам возможность выбирать политические партии, ориентируясь на их программы и цели. «Я надеюсь, что Курултай станет надёжной опорой реформ, инициированных в рамках программы «Новый Казахстан», - сказал он.

На онлайн-марафоне представили данные о явке и обсудили будущее цифрового Казахстана, спорта и волонтерства В рамках общенационального онлайн-марафона продолжается насыщенная программа с участием экспертов, общественных деятелей и представителей различных сфер. В эфире наряду с оперативным освещением избирательного процесса обсуждаются актуальные вопросы общественной жизни, развития страны и международной повестки. На площадке марафона состоялись очередные брифинги Службы центральных коммуникаций. Международные эксперты профессор Университета Юго-Восточной Норвегии, эксперт по экономике и международным отношениям Гленн Холе, а также член Совета Института азиатских и глобальных исследований имени М. Бойма, эксперт по Центральной Азии Ежи Олэдзкий. Международный контекст выборов был представлен в ходе прямого включения из Турции. Зрителям рассказали о ходе голосования граждан Казахстана за рубежом. Большинство казахстанских избирателей, пришедших на участки в Турции, составляют молодые граждане Казахстана, обучающиеся в турецких вузах. Одной из тем ток-шоу стала «Новая эпоха казахстанского футбола». Участники обсудили развитие отечественного футбола, появление новых имен, рост авторитета казахстанских игроков на международной арене, а также строительство и открытие новых стадионов и спортивных объектов. Отдельное внимание было уделено растущему интересу болельщиков к национальному футболу. На интерактивной площадке Touch Screen представлены статистические показатели и международные рейтинги. Согласно Global Relocation Index, Казахстан занял 77-е место среди 192 стран с результатом 62,9 балла и стал наиболее привлекательной для переезда страной Центральной Азии. Также представлены показатели в сфере образования и науки. За последние семь лет количество образовательных грантов выросло в 1,5 раза, стипендии – в 2 раза, а финансирование науки увеличилось в 6 раз – с 42,3 млрд тенге в 2019 году до 252,5 млрд тенге в 2026 году. Зарплаты ученых выросли вдвое, 760 молодых ученых получили квартиры. В SKY-студии Алматы состоялось обсуждение темы «Этика в социальных сетях». Политолог Максат Жакау рассказал о современных вызовах цифровой среды. По его словам, 96% населения Казахстана регулярно пользуются социальными сетями и получают информацию через эти платформы. Социальные сети способствуют развитию различных сфер жизни общества, однако важно помнить и об ответственности в цифровой среде. «Свобода в социальных сетях не отменяет ответственности», – отметил политолог. Он подчеркнул необходимость соблюдать в социальных сетях права и достоинство человека, а также придерживаться принципов взаимного уважения. Еще одна дискуссионная площадка была посвящена Международному году волонтеров. В обсуждении приняли участие вице-министр культуры и информации РК Евгений Кочетов, руководитель пресс-службы Представительства ООН в Казахстане Эльнара Байназарова и руководитель направления по международному сотрудничеству ОЮЛ «Национальная волонтерская сеть» Гульжамиля Камарова. Участники обсудили значение волонтерского движения и его роль в развитии гражданского общества. Вице-министр культуры и информации РК Евгений Кочетов отметил, что закрепление волонтерства в Конституции является уникальным опытом для Казахстана. По его словам, сегодня разрабатываются дополнительные меры поддержки волонтеров, в том числе их страхование. Также рассматривается возможность учитывать опыт волонтерской деятельности в качестве трудового стажа при трудоустройстве, что особенно актуально для студентов. Ток-шоу на тему «Адал азамат» было посвящено формированию ответственного отношения к потреблению и личным финансам. В ходе программы обсуждались вопросы отказа от показной роскоши, разумного потребления и формирования культуры финансовой и социальной ответственности. На площадке онлайн-марафона основатель издательства Steppe and World Publishing Раиса Қадыр поделилась мнением о роли чтения и образования в формировании интеллектуального общества. Основной темой разговора стал вопрос о том, как сформировать читающую и образованную нацию. В эфире состоялся очередной брифинг Центральной избирательной комиссии, где была представлена официальная информация о ходе избирательного процесса. По данным ЦИК на 18:00, в голосовании по стране приняли участие 9 095 298 избирателей, что составляет 72,15% от числа граждан, включенных в списки избирателей. Наибольшая явка зафиксирована в Туркестанской области – 90,17%, Жетысуской области – 89,69% и Кызылординской области – 88,09%. В Астане явка составила 49,87%, в Алматы – 41,06%, в Шымкенте – 71,89%. В 20:00 избирательные участки по всей стране завершили работу. Таким образом, программа марафона охватывает широкий круг тем от избирательного процесса и международной повестки до развития спорта, волонтерского движения, цифровой культуры и образования. Участниками эфира становятся эксперты, общественные деятели, представители государственных органов и различных профессиональных сообществ. Общенациональный онлайн-марафон продолжает работу до 00:30. В эфире доступны официальные брифинги, прямые включения, экспертные дискуссии, интервью, специальные репортажи и другие форматы. Прямая трансляция доступна по следующим ссылкам: 🔥YouTube https://www.youtube.com/qazaqstantv/live 👥Facebook https://www.facebook.com/qazaqstantv/live 📷Instagram https://www.instagram.com/qazaqstantv/live/18131404162567767 🎥TikTok https://www.tiktok.com/@qazaqstan.tv_/live

Онлайн-марафонда сайлаушылардың қатысуы туралы деректер ұсынылып, цифрлық Қазақстанның болашағы, спорт және волонтерлік мәселелері талқыланды Жалпыұлттық онлайн-марафон аясында сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің және түрлі салалардағы кәсіби мамандардың қатысуымен мазмұнды бағдарламалар легі жалғасуда. Эфирде сайлау процесі туралы жедел ақпараттар мен бірге қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері, мемлекеттік дамуы және халықаралық күн тәртібі талқылануда. Марафон алаңында Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингтері өтті. Халықаралық сарапшылар, Оңтүстік-Шығыс Норвегия университетінің профессоры, экономика және халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Гленн Холе мен М. Бойм атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институты кеңесінің мүшесі, Орталық Азия бойынша сарапшысы Ежи Олэдзкий бүгінгі сайлауға қатысты кәсіби пікірлерін білдірді. Онлайн-марафонда шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының дауыс беру барысы туралы толымды ақпараттар ұсынылды.Тікелей қосылым кезінде Түркиядағы сайлау учаскелеріне келген қазақстандық сайлаушылардың басым бөлігі білім алып жүрген жастар екені айтылды. Шара аясында «Қазақстан футболының жаңа дәуірі» иақырыбы кеңінен талқыланды. Қатысушылар отандық футболдың дамуын, жаңа есімдерді, қазақстандық ойыншылардың халықаралық аренадағы беделін, жаңа стадиондар мен спорт нысандарының ашылуы мәселелерін талқылады. Ұлттық футболдың тұрақты жанкүйерлер көбейді деген тұжырым жасалды. Марафонның интерактивті Touch Screen алаңында статистикалық көрсеткіштер мен халықаралық рейтингтер ұсынылды. Global Relocation Index рейтингіне сәйкес, Қазақстан 62,9 балл жинап, 192 елдің ішінде 77-орынға ие болды және Орталық Азиядағы қоныс аударуға ең қолайлы ел ретінде танылды. Сонымен қатар білім беру және ғылым салаларындағы көрсеткіштер таныстырылды. Соңғы жеті жылда білім беру гранттарының саны 1,5 есеге, шәкіртақы көлемі 2 есеге артса, ғылымды қаржыландыру 6 есеге – 2019 жылғы 42,3 млрд теңгеден 2026 жылы 252,5 млрд теңгеге дейін өсті. Ғалымдардың жалақысы екі есеге артты, 760 жас ғалым баспанамен қамтамасыз етілді. Алматыдағы SKY-студияда «Әлеуметтік желідегі этика» тақырыбы талқыланды. Саясаттанушы Мақсат Жақау цифрлық ортадағы заманауи сын-қатерлерге тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан халқының 96%-ы әлеуметтік желілерді тұрақты пайдаланып, ақпаратты осы платформалар арқылы алады. «Әлеуметтік желідегі еркіндік жауапкершілікті жоққа шығармайды», – деді саясаттанушы. Ол әлеуметтік желілерде адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеп, өзара құрмет қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті. Тағы бір пікірталас алаңы Халықаралық волонтерлер жылына арналды. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов волонтерліктің Конституцияда бекітілуі Қазақстанның бірегей тәжірибесі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта министрлік волонтерлерді қолдау шараларын, оның ішінде сақтандыру тетіктерін әзірлеуде. «Сондай-ақ волонтерлік қызмет барысында жинақталған тәжірибені жұмысқа орналасу кезінде еңбек өтілі ретінде есептеу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл әсіресе студенттер үшін пайдалы болады», – деді Евгений Кочетов.  «Адал азамат» тақырыбындағы ток-шоу жауапты тұтыну мен жеке қаржыға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналды. Бағдарлама барысында ысырапшылдықтан арылу, ұтымды тұтыну және қаржылық әрі әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Онлайн-марафон алаңында Steppe and World Publishing баспасының негізін қалаушы Раиса Қадыр оқу мен білімнің интеллектуалды қоғам қалыптастырудағы рөлі туралы пікір білдірді. Әңгімеде оқитын және білімді ұлтты қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Эфирде Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингі өтіп, сайлау процесінің барысы туралы ресми ақпарат ұсынылды. ОСК мәліметіне сәйкес, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша елде 9 095 298 сайлаушы дауыс берді. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрайды. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында – 90,17%, Жетісу облысында – 89,69% және Қызылорда облысында – 88,09% тіркелді. Астанада сайлаушылардың 49,87%-ы, Алматыда – 41,06%-ы, Шымкентте – 71,89%-ы дауыс берді. Сағат 20:00-де еліміз бойынша барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Марафон бағдарламасы сайлау процесі мен халықаралық күн тәртібінен бастап, спортты дамыту, волонтерлік қозғалыс, цифрлық мәдениет, білім беру және қоғам өмірінің басқа да өзекті мәселелерін қамтиды. Эфирге сарапшылар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері және түрлі кәсіби қауымдастықтардың мүшелері қатысуда. Жалпыұлттық онлайн-марафон сағат 00:30-ға дейін жалғасады. Трансляция барысында ресми брифингтер, тікелей қосылымдар, пікірталастар, сұхбаттар, арнайы репортаждар және басқа да форматтар ұсынылады. Тікелей эфир: 🔥YouTube https://www.youtube.com/qazaqstantv/live 👥Facebook https://www.facebook.com/qazaqstantv/live 📷Instagram https://www.instagram.com/qazaqstantv/live/18131404162567767 🎥TikTok https://www.tiktok.com/@qazaqstan.tv_/live

AUKA - «Республика» Әнші AUKA онлайн-марафон сахнасын рухты әнімен қыздырып, жиналған жұртқа ерекше көңіл күй сыйлады. Еске салайық, жалпыұлттық онлайн-марафон түнгі 00:30-ға дейін жалғасады.

Алматы SKY студия Тақырып: Балалар неге қызығады? Спикер: Бейбіт Сарыбай – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары #Онлайнмарафон2026

«ART 4 MEN» квартетінің орындауында «Бақыт құшағында» әні Тікелей эфир: 🔥YouTube https://www.youtube.com/qazaqstantv/live 👥Facebook https://www.facebook.com/qazaqstantv/live 📷Instagram https://www.instagram.com/qazaqstantv/live/18131404162567767 🎥TikTok https://www.tiktok.com/@qazaqstan.tv_/live

Қазақстан ұлттық бедел индексінде Орталық Азияда көш бастады Қазақстан ұлттық беделдің жаһандық индексінде 195 елдің арасында 69-орынға ие болып, Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға шықты. Рейтинг мемлекеттік басқару, инновация, экономикалық тұрақтылық және халықаралық бедел секілді 50-ден астам көрсеткіш бойынша жасалады. Сарапшылар мұндай нәтижелер елдің инвестициялық әлеуеті мен туристік тартымдылығына оң әсер ететінін атап өтеді.

Бельгиядағы қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр Бельгияның Брюссель қаласынан тілші Нұрсұлу Қасым тікелей байланысқа шықты. Оның хабарлауынша, қалада 200-ге жуық қазақстандық дауыс беруге тіркелген. Сонымен қатар Брюссельден 100-200 шақырым қашықта тұратын отандастарымыз да дауыс беру үшін арнайы келіп жатыр. Казахстанцы в Бельгии активно участвуют в выборах Корреспондент Нурсулу Касым вышла на прямую связь из Брюсселя. По ее словам, в городе около 200 граждан Казахстана зарегистрировались для участия в голосовании. Кроме того, соотечественники, проживающие в 100-200 километрах от Брюсселя, также специально приезжают, чтобы принять участие в голосовании.