en
Feedback
Онлайн марафон - 2026

Онлайн марафон - 2026

Open in Telegram
1 296
Subscribers
No data24 hours
-87 days
+9730 days
Posts Archive
«Құрылтай» атауының қайта оралуын қоғам қалай қабылдады? Бұл сұраққа Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов жауап берді.
«Менің ойымша, «Құрылтай» атауының қоғамдық және құқықтық кеңістікке қайта оралуы оң қабылданды. Себебі бұл сөздің тарихи мағынасы «жиналып, келісімге келу, ортақ шешім қабылдау». Сондықтан бұл атаудың заманауи цифрлық технологиялармен үндесуі орынды деп санаймыз», - деді ол.

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның басты көрсеткіші Бұл туралы саясаттанушы, PhD Нәйла Мұхтарова айтты. Оның пікірінше, әділетті қоғамның негізгі өлшемдерінің бірі – заң үстемдігі. 2025 жылғы дүниежүзілік индекс нәтижесінде Қазақстан 143 елдің ішінде 66-орынға ие болып, ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіш көрсетті. Сарапшының айтуынша, соңғы жылдары адам құқықтары саласындағы жаһандық көрсеткіштер өзгергенімен, Қазақстан өз тұрақты позициясын сақтап келеді.

«Жас мамандарға біліктілік пен білімнің арқасында жетістікке жетуге болатынын түсіндіру қажет» Құқықтанушы, MNU оқытушысы Әйгерім Құсайынқызы жастарға білімнің маңыздылығын құндылық ретінде дәріптеу қажеттігін айтты.
«Егер сіз бастық болсаңыз, тамыр-таныстың емес, білім мен біліктіліктің нәтижесінде осы қызметке келдіңіз. Мұндай адамдарды басқалар көріп, үлгі алады. Сондай-ақ білімнің арқасында биікке жетуге болатынын түсінеді. Мемлекеттік қызметкерлерден біз ашықтық пен ұлтқа деген адал қызметті талап етеміз», – деді ол.

Қайтарылған активтер қайда жұмсалып жатыр?   ҚР Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызмет бастығының орынбасары Мұрат Төлегеновтің айтуынша, елге 1 трлн-нан астам қаржыны құрайтын заңсыз активтер қайтарылған.   Қайтарылған қаражат есебінен 466 әлеуметтік жобаларға 617 млрд қаржы бөлінген. Оның қатарында 215 сумен жабдықтау нысаны, 190 денсаулық сақтау ұйымдары, 17 білім беру және 6 спорттық нысан, 18 инфрақұрылымдық жоба бар.

Маржан Арапбаева – «Beautiful Life» #Онлайнмарафон2026

Ток-шоу: «Әділетті Қазақстан»   Спикерлер: Мұрат Төлегенов - ҚР Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызмет бастығының орынбасары; Әйгерім Құсайын - құқықтанушы , MNU оқытушысы; Нәйла Мұхтарова -  PhD, саясаттанушы.

Әнші AUKA онлайн-марафон атмосферасын қыздыра түсті

⚡️ Құрылтай сайлауы – 2026: Жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр 20 миллион қазақстандықтың 4 миллионнан астамы – оқушылар. Олар – Қазақстанның болашағы әрі елдің ең белсенді тобы. Қазіргі оқушы ертең ғалым не өз саласының мықты маманы тануы мүмкін. Қазақстан білім мен жаңашылдыққа құмар, технологияны меңгерген, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдағы жауапкершілігін түсінетін жалынды жастарымен мақтанады. Ал жастар еңсесі биік егемен елдің азаматы болғанына мақтанады. Болашақ білімді жастардан басталады. Дәл қазір өтіп жатқан 16 сағаттық Жалпыұлттық онлайн-марафонда сайлау барысынан жедел ақпарат, сарапшылар пікірі, өңірлер мен шетелден тікелей қосылымдар ұсынылуда. #Онлайнмарафон2026

Кенші қыз сахнада ән айтып, жұртты таңғалдырды Әлеуметтік желіде «кенші қыз» атымен танылған Ақерке Сырымбекқызы онлайн-марафонның қонағы болды. Ол сахнада ән орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ұлыбританиядағы қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр Ұлыбританиядан тілші Марина Бекенова тікелей байланысқа шықты. Оның хабарлауынша, кешкі уақытта дауыс беруге келген азаматтардың саны артқан. Лондонда дауыс беруге 300-ге жуық қазақстандық тіркелген. Олардың басым бөлігі – шетелде білім алып жатқан студенттер. Сонымен қатар Ұлыбританияның әр өңірінен отандастарымыз дауыс беру үшін Лондонға арнайы келген. Казахстанцы в Великобритании активно участвуют в выборах Корреспондент Марина Бекенова вышла на прямую связь из Великобритании. По её словам, к вечеру число избирателей на участке увеличилось. В Лондоне для голосования зарегистрировались около 300 казахстанцев, большинство из них - студенты, обучающиеся за рубежом. Кроме того, соотечественники из разных регионов Великобритании специально приехали в Лондон, чтобы отдать свой голос.

Жалпыұлттық онлайн-марафон жалғасып жатыр ▶️ Тікелей эфир: 🔥YouTube https://www.youtube.com/qazaqstantv/live 👥Facebook https://www.facebook.com/qazaqstantv/live 📷Instagram https://www.instagram.com/qazaqstantv/live/18079136651326173 🎥TikTok https://www.tiktok.com/@qazaqstan.tv_/live Марафон ақпараттары https://t.me/onlinemarathon2026 Telegram-арнасында жариялануда.

«Қазіргі жастардың сайлауға қатысуда белсенділігі жоғары» Мәдениет және ақпарат министрлігінің жастар ғылыми зерттеу орталығының басқарма басшысы Балгүл Мәмен жастар белсенділігі жайында айтты. «Қазақстан – демографиялық жағынан жас мемлекет. Бұрынғы буын мен қазіргі жастардың сайлауға және саяси процестерге деген көзқарасы мен белсенділігі өте жоғары. Зерттеулерге сәйкес, елімізде жастардың 67,6 пайызы сайлауды маңызды деп санайды. Бұл тұста жастар сайлаушы емес, кандидат ретінде көргісі келеді. Құрылтай сайлауына кандидаттар тізіміндегі 545 кандидаттың 67-сі – 35 жасқа дейінгі жастар. Яғни бүгінгі жастардың тенденциясы – қызығушылықтан қатысуға, қатысудан жауапкершілікке бастайды», - дейді ол.

Шахматшы, гроссмейкер Алишер Сүлейменов пен «Славян базары -2026» халықаралық конкурсының жеңімпазы Ақерке Амалят тікелей эфирде сұхбат берді. Шахматист, гроссмейстер Алишер Сулейменов и победительница международного конкурса «Славянский базар – 2026» Акерке Амалят дали интервью в прямом эфире.

Нұржас Садырбай  - «Біз қателестік» Онлайн трансляция - QazaqstanTV

«Ерекше балаларға велоспортты үйрететін маман табылмай, жаттықтырушы болдым» Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон велоспортшы Қайрат Хадылбек айтты. «10 жылдан астам уақыт кәсіби велоспортпен айналыстым. Қазір ерекше балаларға велосипед тебуді үйретіп, жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Бұл салаға келуімнің өзі жайдан-жай емес. Осыдан 2-2,5 жыл бұрын ерекше балаларға бұл спортты үйрететін маман табылмады, жаттықтырушылар да қорықты. Содан маған ұсыныс айтылды, мен бастап кеттім. Себебі менің ағам да ерекше жан», - дейді ол. #Онлайнмарафон2026

Алматы SKY студия Тақырып: Экологиялық мәдениет Спикер: «ЭкоАлматы» Ауа атмосферасы ЖШС департаментінің басшысы Айдана Қасен

Құрылтай саяси жүйені жаңа деңгейге көтереді Саясаттанушы Арман Ешмұратовтың пікірінше, жаңа Құрылтайдың басты ерекшеліктерінің бірі – сайлау жүйесінің өзгеруі. Бұл саяси партиялардың белсенді жұмыс істеуіне және саяси бәсекелестіктің артуына мүмкіндік береді. Сарапшы жаңа жүйе саяси институттарды жаңартып, ескірген механизмдерден арылуға жол ашатынын атап өтті. Курултай выведет политическую систему на новый уровень По мнению политолога Армана Ешмуратова, одним из ключевых отличий нового Курултая станет изменение избирательной системы. Это создаст условия для более активного участия политических партий и усиления политической конкуренции. Эксперт отметил, что новая система позволит обновить политические институты и постепенно отказаться от устаревших механизмов.

Саясаттанушы: Елдегі өзгерістер азаматтардың саяси көзқарасына әсер етеді Саясаттанушы Арман Ешмұратовтың айтуынша, елімізде қабылданып жатқан маңызды шешімдер мен жүзеге асып жатқан өзгерістер азаматтардың саясатқа деген көзқарасы мен саяси санасының қалыптасуына ықпал етеді. «Мұндай өзгерістер халықтың саясатқа қызығушылығын арттырып, саяси көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Оның қоғам үшін пайдасы бар деп есептеймін», - деді ол. Политолог: Изменения в стране влияют на политические взгляды граждан По словам политолога Армана Ешмуратова, важные решения и преобразования, происходящие в Казахстане, способствуют развитию политического сознания граждан. «Такие изменения повышают интерес общества к политике и влияют на политические взгляды граждан. Считаю, что это приносит пользу обществу», - сказал он.

Ток-шоу: «Құрылтай»   Спикерлер: Арман Ешмұратов - саясаттанушы; Дәурен Пірімбетов - саясаттанушы; Жамаладен Ибрагимов - ЕҰУ конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры. #Онлайнмарафон2026

Ислам Байрамуков: Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді Әлем біріншілігінде спортшылар 24 қазан мен 1 қараша аралығында бақ сынайды. Ислам Байрамуков: Астана примет чемпионат мира по борьбе Крупный международный турнир пройдёт с 24 октября по 1 ноября 2026 года на арене «Барыс Арена». #Онлайнмарафон2026