cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

BARYS MEDIA QAZ

Barys Media Кері байланыс үшін @barys_digital_bot

Show more
Advertising posts
985
Subscribers
-6624 hours
-1107 days
-80830 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿Қазақстан азаматтығын алудың жаңа ережелері жарияланды Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Қазақстан азаматтығын беру туралы шешім шығарар кезде негізге алынатын заңға енгізілген өзгерістер туралы айтты.
"Заң азаматтықтан бас тартудың мынадай негіздерін енгізеді, мысалы, мемлекеттік тілдің бастапқы деңгейін, сондай-ақ еліміздің тарихы мен Конституциясы негіздерін білмеу. Бастапқы деңгейді Ғылым және жоғары білім министрлігі анықтайды. Түзетулердің мақсаты – қоғамға тез бейімделу және интеграциялау. Тіл білу, ең алдымен, қоғамға тез араласып, мемлекет өміріне араласу үшін азаматтығын алғысы келетін азаматтардың өздеріне қажет", - дейді Шыңғыс Әлекешев.
Ішкі істер министрлігі бұл түзету басқа елдердің, мысалы, Германия, Канада және Түркияның тәжірибесіне негізделгенін атап өтті.
Show all...
👍 1
"Тілді, тарихты, Конституцияны білу": министрлік Қазақстан азаматтығын алудың жаңа ережелерін жария етті Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Қазақстан азаматтығын беру туралы шешім шығарар кезде негізге алынатын заңға енгізілген өзгерістер туралы айтты.
"Заң азаматтықтан бас тартудың мынадай негіздерін енгізеді, мысалы, мемлекеттік тілдің бастапқы деңгейін, сондай-ақ еліміздің тарихы мен Конституциясы негіздерін білмеу. Бастапқы деңгейді Ғылым және жоғары білім министрлігі анықтайды. Түзетулердің мақсаты – қоғамға тез бейімделу және интеграциялау. Тіл білу, ең алдымен, қоғамға тез араласып, мемлекет өміріне араласу үшін азаматтығын алғысы келетін азаматтардың өздеріне қажет", - дейді Шыңғыс Әлекешев.
Ішкі істер министрлігі бұл түзету басқа елдердің, мысалы, Германия, Канада және Түркияның тәжірибесіне негізделгенін атап өтті.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Қайырлы таң! Алматылықтар, бүгін қалада сейсмикалық оқу-жаттығулар өтеді Сағат 10.00 дайын болыңыздар! Сиреналар естілгенде шошымаңыздар😉 біз дүрбелеңге түсуді емес, эвакуациялауды үйренуіміз керек.
Show all...
😁 1
Photo unavailableShow in Telegram
"Атасының есімі мен естеліктерін масқаралап, қорлады". Бишімбаевтың балалары тегін ауыстырмақ Бұл туралы оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Ол балалары тегін өзгерткісі келетінін жазды.
"Әрине, қалайды. Тегі танымал болды. Бишімбай-атаның өзі жақсы адам болған, бірақ, өкінішке қарай, Қуандық арғы атасының есімі мен естеліктерін масқаралап, қорлады", - деп жазды ол.
Show all...
🤮 1
📍Израильдің екі басшысын және ХАМАС-тың үш басшысын қамауға ордер сұралды Халықаралық қылмыстық сотының бас прокуроры Кәрім Хан Израиль премьері Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоаф Галантты қамауға ордер беруді сұрады. Ханның мәлімдемесінде премьер Нетаньяху мен қорғаныс министрі Галант аштықты соғыс әдісі ретінде пайдаланғаны, бейбіт тұрғындарды өлтіргені және басқа да әскери қылмыстары үшін кінәлі деп аталған. Кәрім Хан ХАМАС басшыларын да ұстауға ордер сұрап отыр. ХҚС сайтында жарияланған ресми хабарламада Хан Газадағы ХАМАС жетекшісі Яхья Санвар, топтың саяси қанатының басшысы Исмаил Хания, сондай-ақ оның әскери бөлімдерінің жетекшісі Мұхаммед Диаб әл-Масри адамзатқа қарсы қылмыстарға, сондай-ақ әскери қылмыстарға кінәлі делінген. Енді ХҚС судьялары қамауға алу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін дәлелдер бар-жоғын шешуі керек. Соттың істі қарауы үшін қанша уақыт кететіні әлі белгісіз. Әдетте прокурорлық сұрау пайда болғаннан бастап қамауға алу туралы шешім қабылдағанға дейін бірнеше апта немесе тіпті айлар өтуі мүмкін.
Show all...
👍 1
🇮🇷Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрагим Раиси неге "Тегеран қасапшысы" деген атпен тарихта қалды? Раиси 70-жылдардың аяғында Ислам революциясының белсенді қатысушысы болған. 1988 жылдан бастап Раиси прокурор қызметін атқарған. Осы қызметі үшін оны Amnesty International ұйымы 80-жылдардың аяғында саяси тұтқындарды жаппай өлім жазасына кесуге жауапты шенеуніктер қатарына қосты. "Өлім комитеті" аталып кеткен құрамда ол бес ай бойында саяси тұтқындарды өлім жазасына кесумен айналысқан. Осы кезде түрлі бағалау бойынша, ол 3 мыңнан 20 мыңға дейін адамның өмірін қиып, "Тегеран қасапшысы" атанған. Осы үшін 2019 жылы АҚШ оны "аяқ-қол кесіп жазалады және кәмелетке толмағандарды өлімге кесті" деп айыптап, дербес санкциялық тізімге қосты. Ол басқарған билік кез келген өзгеше ойлау әрекетіне тосқауыл қойып, қатаң жазалап отырған. Елде хиджабты дұрыс кимеді деген айыппен ұсталып, кейін қаза болған Мехди Әминидің оқиғасында президент хиджаб кию талабын қатаңдатқан. Ал таяуда елдегі жағдайды айтып сынаған рэп орындаушысы өлім жазасына кесілді. Бірақ елде президенттен жоғары бір қызмет бар – бұл аятолла деген жоғарғы атақ, бұл атақ қазір Әли Хаменеиде. Оның айтқанына президент қарсы шыға алмайды.
Show all...
😱 1
Photo unavailableShow in Telegram
📆 Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады? Биыл маусымда қазақстандықтар тағы бір күн демалады – 2024 жылдың 17 маусымында ел тұрғындары Құрбан айтты атап өтеді. Бұл мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, келесі жұмыс күніне ауыстырылмайды, бірақ жұмыс күніне түсіп қалса, мерекелі күн демалыс күні болып саналады. Осылайша Қазақстан тұрғындары негізгі демалыс күнінен бөлек биыл маусымда қосымша демала алады.
Show all...
👍 1
📍Иранда прещидент Ибрахим Раисидің қазасынан кейін бес күндік аза тұту күні жарияланды Иранның Жоғарғы лидері Әли Хаменеи президенттің қайтыс болуына байланысты елде бес күндік аза тұту күнін жариялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Show all...
В Иране из-за гибели Раиси объявили пятидневный траур

Пятидневный траур по погибшему президенту Ирана Эбрахиму Раиси и сопровождавшим его лицам объявлен в Иране, сообщил в понедельник Верховный лидер страны аятолла РИА Новости, 20.05.2024

😢 1
Photo unavailableShow in Telegram
Аптап ыстықта Аралқұм шөлін кесіп өтетін асау жүректің иесі кімдер? Кеңес Үкіметі кезінде аптап ыстықта шөл даланы кесіп өтетін “ Адам және шөл” экспедициясы болды. Сол экспедиция мүшелерінің бірі болған саясаткер, жиһанкез Дос Көшім экспедиция жұмысын тоқтатса да, шөл даланы жалғыз кесіп өтуді тоқтатпады. Дос мырза сондай шөл даланы кесіп өтетін экспедиция, жобалардың қайта құрылуын қалаған еді. Қалауын тапса, қар жанады демекші Barys media-ның ұйымдастыруымен өткізілетін “Асау жүрек” жобасы тамыз айында жұмысын бастайды. Жоба неге “ Асау жүрек” аталынды? Шөлді бағындыру адамға және қоғамға не береді? Осы және өзге де сұрақтарға Дос Көшім жауап береді. Эфирді жіберіп алмаңыздар! #асаужүрек #адамжәнешөл #бетпақдала #барсакелмес #барысмедиа https://www.youtube.com/live/YfE4sv5lE3k?si=C2qovVLABKLdJIUN
Show all...
👍 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
🇮🇷Енді Иран пркзидентінің міндетін кім атқарады? Иран президентінің өкілеттігі Раисидің бірінші орынбасары, вице-президент Мохаммад Мохберге берілді. РБК сайтының хабарлауынша, бұл Иран Конституциясының 131-бабында жазылған.
"Президент қайтыс болған, қызметінен босатылған, отставкаға кеткен, екі айдан астам уақыт бойы болмаған немесе ауырған жағдайда, президенттік өкілеттік мерзімі аяқталған және кедергілерге немесе басқа да осыған ұқсас себептерге байланысты жаңа президент әлі сайланбаған жағдайда бірінші вице-президент оның өкілеттіктері мен міндеттерін басшылықтың мақұлдауымен қабылдайды", - делінген Иран Конституциясының мәтінінде.
Басылым ақпаратынша, Мохбер вице-президент қызметін 2021 жылдан бері атқарып келеді. Сол кезде Раиси мемлекет басшысы болып сайланған болатын. Енді құрамына сот билігінің төрағасы, бірінші вице-президент пен мәжіліс спикері кіретін кеңес 50 күн ішінде президент сайлауын ұйымдастыруы керек.
Show all...
1