SQO PD / ДП СКО 🇰🇿
Open in Telegram
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ресми telegram-каналы / Официальный telegram-канал Департамента полиции Северо-Казахстанской области Бот: @QZ102bot Электрондық пошта / эл. почта: sqo_pd@sqo.gov.kz
Show more505
Subscribers
No data24 hours
-57 days
No data30 days
Posts Archive
«Подростковый контроль». Полиция СКО запустила серию видео для школьников
В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Подростковый контроль», стартовавшего 1 сентября, департамент полиции Северо-Казахстанской области подготовил серию социальных видеороликов. Их главная цель - предупредить преступления, правонарушения и несчастные случаи среди детей.
Съемки прошли в петропавловской школе № 10 имени Н.К. Крупской. Главными героями стали учащиеся 6 «А» класса. Вместе с полицейскими они затронули актуальные темы: профилактика краж, травмоопасность, буллинг и другие. Полицейские отмечают: без искреннего интереса и активности детей съемки не получились бы такими живыми.
В одном из первых роликов авторы разобрали важный правовой нюанс. Кража - это тайное хищение чужого имущества, когда виновный действует против воли владельца и скрывает это. Но если ребенок нашел выпавшие из кармана деньги и присвоил их - это не кража, а находка. Состав преступления здесь отсутствует. Однако присвоение найденного неправомерно: находку нужно вернуть владельцу или сдать в полицию либо администрации школы. Уголовная ответственность за кражу в Казахстане наступает с 14 лет. Если ребенок младше - ответственность за ущерб и воспитание несут родители.
Темы, которые поднимают полицейские в рамках оперативно-профилактического мероприятия, не ограничиваются кражами. Это и вымогательство, и правонарушения, связанные с наркотиками, и кибербезопасность. «Подростковый контроль» продлится до 20 сентября, но профилактическая работа с детьми будет продолжаться на постоянной основе. В конечном счете безопасность детей - это не разовая акция, а последовательная работа, в которой нет мелочей. Именно так, шаг за шагом, укрепляется принцип «Закон и Порядок» в сознании подрастающего поколения.
t.me/sqo_pd
«Жасөспірім бақылауы»: СҚО полицейлері оқушыларға арналған бейнероликтер топтамасын іске қосты
1 қыркүйекте басталған «Жасөспірім бақылауы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті әлеуметтік бейнероликтер топтамасын дайындады. Негізгі мақсат – балалар арасында қылмыс, құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Бейнероликтер Петропавл қаласындағы Н.К. Крупская атындағы №10 мектепте түсірілді. Басты кейіпкерлер – 6 «А» сынып оқушылары. Олар полицейлермен бірге ұрлықтың алдын алу, жарақат алу қаупі, буллинг және басқа да өзекті тақырыптарды қозғады. Полицейлердің айтуынша, балалардың шынайы қызығушылығы мен белсенділігі болмаса, түсірілім мұндай әсерлі әрі мазмұнды болмас еді.
Алғашқы бейнероликтердің бірінде маңызды құқықтық мәселе түсіндірілді. Ұрлық – бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, яғни кінәлі адамның мүлік иесінің еркіне қарсы әрекет етіп, оны жасырын иемденуі. Ал бала қалтасынан түсіп қалған ақшаны тауып алып, өзіне иемденсе, бұл ұрлық болып саналмайды. Мұнда қылмыс құрамы жоқ. Алайда табылған затты иемдену заңға қайшы: оны иесіне қайтару немесе полицияға не мектеп әкімшілігіне тапсыру қажет. Қазақстанда ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Егер бала бұл жасқа толмаған болса, келтірілген залал үшін және оның тәрбиесіне ата-анасы жауап береді.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер көтеретін тақырыптар ұрлықпен ғана шектелмейді. Бопсалау, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар және киберқауіпсіздік мәселелері де қамтылады. «Жасөспірім бақылауы» 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Дегенмен балалармен профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Өйткені балалардың қауіпсіздігі – бір реттік акция емес, ұсақ-түйекке дейін мән беруді талап ететін жүйелі жұмыс. Осындай дәйекті қадамдар арқылы өскелең ұрпақтың санасында «Заң мен Тәртіп» қағидаты нығая түседі.
t.me/sqo_pd
Полиция Петропавловска отреагировала на жалобу горожанки о плохой видимости пешеходного перехода
В одном из городских Instagram-пабликов жительница Петропавловска обратила внимание на опасный участок: на перекрестке улиц Кошукова и Батыр Баяна, вблизи торгового дома «Пирамида» и школы, знак пешеходного перехода был плохо виден, а разметка практически отсутствовала. Из-за этого водители часто не пропускали детей. На обращение оперативно отреагировали сотрудники отдела административной полиции управления полиции города Петропавловска вместе со специалистами городского отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города. Полицейские провели обследование участка и направили предписание в акимат, после чего совместно с ТОО «Дорсигнал» проблему оперативно устранили: на пересечении улиц установлены новые дорожные знаки 5.19.1 «Пешеходный переход» и полностью обновлена разметка «зебра». Такая реакция на сигналы горожан - часть системной работы по обеспечению безопасности у школ и детских садов. На сегодняшний день возле учебных заведений Петропавловска уже установлено 18 искусственных неровностей, 15 пешеходных знаков и обновлено 46 «зебр». Мероприятия по модернизации дорожной инфраструктуры города продолжаются и находятся на постоянном контроле полиции.
t.me/sqo_pd
Петропавл полициясы жаяу жүргіншілер өткелінің көрінуіне қатысты тұрғынның шағымына жедел әрекет етті
Петропавлдағы Instagram-пабликтердің бірінде қала тұрғыны қауіпті учаскеге назар аударды. Кошуков пен Батыр Баян көшелерінің қиылысында, «Пирамида» сауда үйі мен мектепке жақын жерде жаяу жүргіншілер өткелінің жол белгісі нашар көрінген, ал жол таңбасы іс жүзінде болмаған. Соның салдарынан жүргізушілер балаларға жол бермейтін жағдайлар жиілеген. Тұрғынның өтінішіне Петропавл қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлері қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарымен бірлесіп жедел әрекет етті. Полицейлер учаскені тексеріп, әкімдікке нұсқама жолдады. Осыдан кейін «Дорсигнал» ЖШС-мен бірлесіп мәселе қысқа мерзімде шешілді: көшелер қиылысына 5.19.1 «Жаяу жүргіншілер өткелі» жаңа жол белгілері орнатылып, «зебра» жол таңбасы толық жаңартылды. Тұрғындардың сигналдарына осылайша жедел ден қою – мектептер мен балабақшалар маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Бүгінде Петропавлдағы білім беру ұйымдарының маңына 18 жасанды жол кедергісі орнатылып, 15 жаяу жүргіншілер белгісі қойылды және 46 «зебра» жаңартылды. Қаладағы жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып, полицияның тұрақты бақылауында.
t.me/sqo_pd
+2
СҚО-да полицейлер 2 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіледі
https://polisia.kz/sqo-da-politsejler-2-kelige-zhuyq-keptirilgen-marihuana-tarkiledi/
Полицейские изъяли около 2 кг марихуаны в СКО
https://polisia.kz/ru/politsejskie-iz-yali-okolo-2-kg-marihuany-v-sko/
t.me/sqo_pd
СҚО-да полицейлер еңбек ұжымдарында интернет-алаяқтардан қорғанудың қарапайым ережелерін түсіндіруде
https://polisia.kz/sqo-da-politsejler-engbek-uzhymdarynda-internet-alayaqtardan-qorghanudyng-qarapajym-erezhelerin-tusindirude/
Полицейские предупредили работников "СЕВКАЗЭНЕРГО" о схемах интернет-мошенников в СКО
https://polisia.kz/ru/politsejskie-predupredili-rabotnikov-sevkazenergo-o-shemah-internet-moshennikov-v-sko/
t.me/sqo_pd
+7
Петропавлда жол-көлік оқиғасының куәгері SOS батырмасы арқылы полиция шақырды
https://polisia.kz/petropavlda-zhol-kolik-oqighasynyng-kuageri-sos-batyrmasy-arqyly-politsiya-shaqyrdy/
Телефон не понадобился: очевидец ДТП в Петропавловске вызвал полицию с помощью кнопки SOS
https://polisia.kz/ru/telefon-ne-ponadobilsya-ochevidets-dtp-v-petropavlovske-vyzval-politsiyu-s-pomoshh-yu-knopki-sos/
t.me/sqo_pd
СҚО ауданында бір күнде үш "Жас сақшы" сыныбы ашылды
https://polisia.kz/sqo-audanynda-bir-kunde-ush-zhas-saqshy-synyby-ashyldy/
Три класса "Жас сақшы" в один день открыли в районе СКО
https://polisia.kz/ru/tri-klassa-zhas-saqshy-v-odin-den-otkryli-v-rajone-sko/
t.me/sqo_pd
📸 Фотошежіре | Фотохроника
📍 СҚО-да «Жас сақшы» полиция бағытындағы жаңа сыныптар құрылды. Булаево, Возвышенка және Қарақоға мектептерінің 48 жоғары сынып оқушысы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсуге дайындықты бастады. Оқушыларға СҚО ПД бастығы Руслан Назаров пен аудан әкімі Рахат Смағұлов ақжолтай тілектерін білдірді. Мерекелік шараның сәнін арнайы жедел қимыл жасағы жауынгерлерінің, кинологтардың көрсетілімдері мен полиция қызметкерлерінің концерттік бағдарламасы келтірді. Күннің маңызды оқиғаларының бірі – Халық Қаһарманы Қайрат Үмбетовтің құрметіне «Жас сақшы» имидждік кабинетінің ашылуы болды. Кабинетте жол қозғалысы ережелеріне арналған заманауи макеттер, құқықтық бұрыштар және интерактивті материалдар орналастырылған. Осылайша, өңірдегі «Жас сақшы» сыныптарының саны сегізге жетті. Бұл сыныптар жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне, мектептердегі құқықтық тәртіпті нығайтуға және жастардың Отан алдындағы қызмет жолын таңдауға бағытталған.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ #НАШАПОЛИЦИЯ
#ЗАҢМЕНТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК
📍 В СКО сформированы новые классы полицейской направленности «Жас сақшы»: 48 старшеклассников из Булаево, Возвышенки и Каракоги начинают подготовку к поступлению в вузы МВД РК. Детей напутствовал начальник областного департамента полиции Руслан Назаров, аким района Рахат Смагулов, а ярким украшением торжества стали показательные выступления бойцов СОБР, кинологов и концерт стражей порядка. Символичным событием дня стало открытие нового именного кабинета «Жас сақшы» в честь Халық Қаһарманы Кайрата Умбетова - с современными макетами ПДД, правовыми уголками и интерактивными материалами. Теперь в регионе действуют уже 8 классов «Жас сақшы», которые помогают расти патриотам, укрепляют правопорядок в школах и открывают перед молодежью путь к службе Родине.
Фотохроника на официальной странице в Facebook
t.me/sqo_pd
✅ Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлайды: 2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап Жағалау 25 көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен жұмысын бастады. Аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығына 60 км/сағ шектеу қойылған. Бұл шара жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
✅ Департамент полиции Северо-Казахстанской области информирует: с 03 сентября 2026 года по улице Набережная, 25 начал работу аппаратно-программный комплекс фиксации нарушений Правил дорожного движения. На данном участке установлено ограничение скорости 60 км/ч. Мера направлена на повышение безопасности дорожного движения и снижение аварийности. Полиция призывает водителей строго соблюдать Правила дорожного движения.
t.me/sqo_pd
✅ Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлайды: 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Ж. Қизатов көшесінде (Лада саяжайы, Новопавловка шағын ауданы) жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен жұмысын бастады. Аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығына 60 км/сағ шектеу қойылған. Бұл шара жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
✅ Департамент полиции Северо-Казахстанской области информирует: с 01 сентября 2026 года по улице Ж.Кизатова (дачи Лада СТ, Новопавловский микрорайон) начал работу аппаратно-программный комплекс фиксации нарушений Правил дорожного движения. На данном участке установлено ограничение скорости 60 км/ч. Мера направлена на повышение безопасности дорожного движения и снижение аварийности. Полиция призывает водителей строго соблюдать Правила дорожного движения.
t.me/sqo_pd
