Кофе құмар)
Open in Telegram
489
Subscribers
No data24 hours
-27 days
-8130 days
Posts Archive
489
сәлем) мүмкін бұл саған біртүрлі көрінер, “неге ?”- деген заңды сұрақ та мазалар, жауабым: “жәй ғана…” бұл бүгін келген ой емес, көп ойланып осылай деп шештім. Кофе құмар) арнасы осымен жұмысын тоқтатты.
бұл жердегі әрбір оқырман мен үшін сондай қымбат, менімен бірге болғандарыңа рақмет. бәріңді жақсы көрем. сондай-ақ бұл жақтан көптеген жақсы жандарды, достарды, өмірлік бауырларды тапқаныма қуаныштымын.
бәрі үшін бәріңе рақмет❤️, Алла амандықта етсін)
489
“сенің әлемге қарайтын терезең кір болса , менің гүлдерім саған батпақ боп көрінеді”
- Руми
489
бүгін қарындасым кір жуған тұғын, қалтамда жүрген наушникті қоса жуып марқұм етіп тастапты. “кірлеріңді шығарыңдар”- дегенінен ақ шошып ем, бәсе😂😂
489
жер бетінде қыбырлап жүру - иттік. алайда, жерде жатқан тас сияқты жансыз, қамсыз, қарекетсіз болу - одан да өткен иттік. дегенмен, тірі өліктің күнін кешіп жүрсең оның да жаман емес. себебі өлі арыстаннан тірі тышқан артық қой.
өмір дегеніміз - ештемеге қанағаттанбау, ештемеге көңіл толмау. ал өлім - тыныстың, тіршіліктің, сезімнің біткен жері. мәңгіліктің бастауы..
#кітаптантүйгенойлар
489
сүю, сөз жоқ, сезімнің биігі. бірақ сол биіктің де өз шыңы, өз төмені бар..
- бір ғана махаббат.
489
менің түсінгенім:
бізді таңертең ұйқымыздан оятатын будильник емес екен. ұйықтағың келсе оны өшіре салып ұйқыны жалғастыру оңай іс..
шындығында сені орныңнан өз еркіңмен тұрғызатын нәрсе - "болашағыңа деген алаңдаушылық"
#деппін
489
адасу ілімсіздіктен болса, оны ілім алып емдеуге болады. ал адасу ілімнен болса, онда ол үлкен проблема..
489
барлық сандар ауысып жатыр, күн, ай, жыл, сенің жасың. тек бір ғана сан өзгермей жатыр, ол сенің жаттаған сүрелеріңнің саны💔….
489
- дұрыс ортаны қайдан тапсам болады ?
- таба алмайсың, сенің ортаң- ол сенің деңгейің)
489
Кешірім сұрау- мәдениеттің шыңы. Надан адамдар мұны өзін- өзі төмен санау деп түсінеді.
489
Көңіліңді қына, көзіңді торта басса, күйінсең, өкінсең, қайғыңды ұғар, сөзіңді тыңдар жан болмаса, қайғыға қарсы тұруға қайратың жетпесе, ішке толған қапырықты шығаруға маған келсең, еш ақыл айтпастан, кеңес беруге асықпастан, үнсіз тыңдаймын..
#сенжайлы
489
اللهمَّ مالكَ الملكِ تُؤتي الملكَ مَن تشاءُ، وتنزعُ الملكَ ممن تشاءُ، وتُعِزُّ مَن تشاءُ، وتذِلُّ مَن تشاءُ، بيدِك الخيرُ إنك على كلِّ شيءٍ قديرٌ، رحمنُ الدنيا والآخرةِ ورحيمُهما، تعطيهما من تشاءُ، وتمنعُ منهما من تشاءُ، ارحمْني رحمةً تُغنيني بها عن رحمةِ مَن سواك)
