en
Feedback
PARANOIA.KZ

PARANOIA.KZ

Open in Telegram

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Show more

📈 Analytical overview of Telegram channel PARANOIA.KZ

Channel PARANOIA.KZ (@paranoiakz) in the Kazakh language segment is an active participant. Currently, the community unites 11 959 subscribers, ranking 16 314 in the News & Media category and 737 in the Kazakhstan region.

📊 Audience metrics and dynamics

Since its creation on невідомо, the project has demonstrated rapid growth, gathering an audience of 11 959 subscribers.

According to the latest data from 09 September, 2026, the channel demonstrates stable activity. Although there has been a change in the number of participants by -187 over the last 30 days and by -6 over the last 24 hours, overall reach remains high.

  • Verification status: Not verified
  • Engagement rate (ER): The average audience engagement rate is 33.80%. Within the first 24 hours after publication, content typically collects 28.08% reactions from the total number of subscribers.
  • Post reach: On average, each post receives 4 043 views. Within the first day, a publication typically gains 3 359 views.
  • Reactions and interaction: The audience actively supports content: the average number of reactions per post is 183.

📝 Description and content policy

The author describes the resource as a platform for expressing subjective opinions:
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Thanks to the high frequency of updates (latest data received on 10 September, 2026), the channel maintains relevance and a high level of publication reach. Analytics show that the audience actively interacts with content, making it an important point of influence in the News & Media category.

11 959
Subscribers
-624 hours
-357 days
-18730 days
Posts Archive
Ресейдің бас идеологы дугиннің пікірінше, Ресей әскері бірнеше айдың ішінде Киевті басып алады дейді.
Ресейдің бас идеологы дугиннің пікірінше, Ресей әскері бірнеше айдың ішінде Киевті басып алады дейді.

Ресей түнде Киев қаласы және Киев облысын атқылады. Киевтегі тұрғын үйге дрон түскен. Одесса мен Молдова арасындағы «Старокоз
+3
Ресей түнде Киев қаласы және Киев облысын атқылады. Киевтегі тұрғын үйге дрон түскен. Одесса мен Молдова арасындағы «Старокозаче» өткізу бекеті шабуылға ұшырады. Екі бейбіт тұрғын қаза тапты.   Запорож, Херсон, Харьков аймақтарына да шабуыл жасалып, екі адам көз жұмды.

соловьевтің кезекті сандырағы...Жақында ғана Норвегия ресейлік кемені тоқтатып, жергілікті сот кемені "заңсыз әрекет жасады" деп таныған еді. Соған соловьев тулап жатыр. "Әй, неге әлі күнге дейін біздің арнайы жасақ Норвегия аумағына кіріп, кемемізді азат етпеді? Неге біз әділетсіз шешім шығарған сот өкілдерін қапшыққа салып, сүйреп әкелмедік", - дейді.

+1
БАҚ: АҚШ Иранға тиесілі танкерлерді соққы астына алды. KAVIZ, CHARMINAR, HORIZON 1, RIESCO, DERYA танкерлеріне АҚШ-тың ұшақтары мен дрондары соққы жасаған. Екі танкер су астына кетсе, тағы үшеуі отқа оранған.

БАҚ: Израиль дрондармен Ливан аумағына жарылғыш заттарды жеткізіп, ғимараттарды жару процесін жеделдетуде.

Иран түнде АҚШ-тың Иорданиядағы әскери базасына қарата ондаған баллистикалық зымыран атты. Сақшылар Корпусы операцияны «Басқыншыны басу» деп атады. Тегеранның мәліметінше, Иорданиядағы екі әскери базада әскери қойма, ұшақтар қоймасы соққыға ұшыраған. Иордания тарапы Иранның 20 баллистикалық зымыран атқанын, оның 18-ін қағып түсіргенін, ал екеуі құмды алқапқа құлағанын айтты. Кей зымырандар кассеталық оқтұмсықты болған. Зымыранның бірнешеуі Сирияның әуе кеңістігінде қағып түсірілген. Иран АҚШ-тың екі әскери кемесіне де шабуыл жасадық дейді. Алайда бұл ақпаратты БАҚ өкілдері жоққа шығарды.

БАҚ: АҚШ Иранның мұнай танкерлеріне соққы жасауды жалғастыруда. Бүгін Харк және Жаск аралы маңындағы бірнеше танкерге соққы ж
БАҚ: АҚШ Иранның мұнай танкерлеріне соққы жасауды жалғастыруда. Бүгін Харк және Жаск аралы маңындағы бірнеше танкерге соққы жасалды.

Украина «Коралл» зениттік зымыран кешенінің ату қондырғысын көрсетті. Кешен Польшадағы әскери көрмеде көрсетілді. Кешенді Укр
+1
Украина «Коралл» зениттік зымыран кешенінің ату қондырғысын көрсетті. Кешен Польшадағы әскери көрмеде көрсетілді. Кешенді Украина әуе қорғаныс жүйесі ретінде қолдануды ойластыруда. Зымыранның салмағы 450 келі. Жарылғыш бөлігі 36 келі.

Хуситтердің Йеменнің заңды үкіметінің сарбаздарына соққы жасаған сәті. Соққы дәл тиіпті.

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті. Олардың әңгімесі бір сағатқа созылды.
Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті. Олардың әңгімесі бір сағатқа созылды.

БАҚ: Молдова астанасының аспанында реактивті дрон байқалды. Ол Румынияға қарай бағыт алып барады.

Қазір елімізде құрылыс саны артты. Жақын аралықта тіпті құрылыс көбеймек. Мектептер, аурухана, емхана, жол, теміржолдар салынып жатыр. Әуежайлар да бой көтеруде. Жақында ғана Арқалықта әуежай ашылды. Дәл сондай әуежай бірнеше аймақта салынып жатыр. Сонымен бірге су құбырлары, энергетика нысандары, өндіріс ошақтары да салынуда. Құрылыстың көп болғаны жақсы. Біріншіден, бұл жұмыс орны деген сөз. Құрылыс нысанын салуға сол аймақтың халқы жұмысқа тартылады. Екіншіден, өндіріс ошақтарына да тапсырыс артады. Құрылысқа қажетті тас, цемент, темір және басқаны шығару көбейеді. Ол материалды тасу үшін транспорт саласындағы мамандарға тапсырыс артады. Олар да жұмысқа ие болады. Қызмет көрсету саласының да саудасы жүреді дегендей. Жалпы ірі құрылыс нысаны тізбекті деңгейде бірнеше салаға жұмыс береді ғой. Осылай кете береді. Өткен ғасырдың 30-жылдары АҚШ-та Рузвельт үлкен құрылыс нысандарын жүргізді. Рузвельт «Жаңа бағыт» атты реформа бастады. Сол реформаның аясында мемлекет есебінен жолдар, көпірлер, бөгеттер мен мектептер салынды. Бұл миллиондаған жұмыссыз халыққа табыс табуға мүмкіндік берді. Құрылыстың көп болғаны соншалық, зауыттарға тапсырыс бірнеше есе артты. Бұл өз кезегінде еуропалықтардың АҚШ-қа құятын инвестициясын ұлғайтты. Осылайша экономиканың нақты секторына қаржы ағымы ұлғая берді. Халық қаражатының бір бөлігін тауар алуға жұмсады. Кіші және орта бизнес саны арта түсті. Ақша айналымға түсіп, экономиканың жылдам өсуін қамтамасыз етті. Рузвельттің реформасы бір жағынан халықты жұмыспен қамтыды, ал бір жағынан инфрақұрылымды жаңартты, енді бір жағынан ақша түсімін күшейтті. Инвестицияны ұлғайтты. Бұл АҚШ тарихындағы ең ірі құрылыс жұмыстары болды, сонымен бірге ең тиімді шешімнің бірі ретінде де қарастырылады. Жалпы ауқымды құрылыс нысандары тек бір ғимарат салу, құбыр төсеумен шектелмейді. Ол тізбекті реакция ретінде экономиканың түрлі саласына жан бітіреді. Ішкі сұранысты арттырады (зауыттарға), қызмет көрсету саласын күшейтеді (транспорт пен тасымалдау саласы, жол бойындағы асхана және басқа дегендей), инфрақұрылымды күшейтеді. Бастысы салынатын нысандардың сапасын, қажеттілігін және қаржылық сипатын қатаң қадағалап отыру керек. Салынатын нысанның сол аймаққа қажеттілігін де зерттеу маңызды. Мысалы 20 адам тұратын ауылға млрд теңгелік мектеп салып қоймау керек дегендей ғой. Осындай тұстарын бақылап, нақты есеппен жүргізілсе, ауқымды құрылыстар экономика үшін өте маңызды қозғаушы күш бола алады.

Ресей. МемДумаға сайлау дебаттары қызу өтуде. "Родина" партиясының өкілі қарсыластары мен шенеуніктерді қатаң сынапты.

Израиль әскері бүгін Газада ХАМАС-тың бірнеше нысанына соққы жасады. Қаза тапқандар бар.
+1
Израиль әскері бүгін Газада ХАМАС-тың бірнеше нысанына соққы жасады. Қаза тапқандар бар.

Қазақстанда мұнайды қайта өңдеу қуаты жылына 39 млн тоннаға жетпек.   Жұмыс істеп тұрған үш зауыт кеңейтілгеннен кейін қайта өңдеудің жиынтық қуаты жылына 18 млн тоннадан 29,2 млн тоннаға дейін артады. Ал жылына қуаты 10 млн тонна болатын жаңа зауыттың құрылысы салынып жатырғанын ескерсек, саладағы қайта өңдеу көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаға жетпек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Repost from Mezgil.kz
Ресейдің соғысы табиғатты талқандап жатыр! 2023 жылы Ресей Каховка су бөгетін жарып жіберді. Басқыншының бұл әрекеті табиғатқа қалай әсер етті? Қара және Азов теңізінде дельфиндер, теңіз шошқалары қырылып жатыр. Саны қанша? Себебі неде? Орман өрттері Украинаның қанша аумағында болды? Спутник түсірілімдері не дейді? Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8916

Қырғызстан билігі "Бішкек аренаны" қаншаға салғанын жариялады. Осыған дейін аталмыш стадионды "60 млн долларға салыпты" деген
Қырғызстан билігі "Бішкек аренаны" қаншаға салғанын жариялады. Осыған дейін аталмыш стадионды "60 млн долларға салыпты" деген сөз тараған. Алайда бұл пікірді Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов жоққа шығарды. Ол стадионның кемі 386 млн долларға салынғанын айтты.

Украина 7-қыркүйекке қараған түні Таганрог әуежайында ресейлік Ми-8 және Ми-24 тікұшағын жойғанын айтты. Ақпаратты ресейлік арналар растауда.

Хуситтердің Саудияға жасаған соққысынан кейін, Туиттер желісінде Түркия мен Пәкістанды келеке еткен жазбалар, ЖИ видеолар қап
+1
Хуситтердің Саудияға жасаған соққысынан кейін, Туиттер желісінде Түркия мен Пәкістанды келеке еткен жазбалар, ЖИ видеолар қаптап кетті. Жақында ғана Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы "Мекке келісімін" жасасқан еді. Ол бойынша үш ел бір-бірін сыртқы агрессиядан қорғайтыны айтылды. Алайда хуситтердің шабуылы бір аптадан бері жалғасуда. Ал Пәкістан мен Түркия үнсіз жатыр. Бұл жайтты көпшілік күлкіге айналдыруда.

Le Monde: Ресей билігі Донбассты басып алуды 2026 жылдың соңына дейін іске асыруды ойластыруда. Ал Ресей әскері 2027 жылдың 31-наурызына дейін уақыт сұрауда. Мәскеу Донбассты басып алудың мерзімін соғыс басталған кезеңнен кейін 15 мәрте шегерді.