cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

ӘДЕБИЕТ СҮЙЕР ҚАУЫМ

Әдеби, ғылыми, рухани бағыттағы канал. - романдар, әңгімелер және оларды талдау; - дінтанушылық ойлар; - жазушылар мен ақындар туралы тың деректер; - сыни және ғылыми мақалалар. "Әдебиет - адамтануды ғана емес, адам болып қалуды үйрететін ұлы өнер".

Show more
Advertising posts
273Subscribers
-224 hours
-67 days
-530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Бір күні бұл арнадан да хабар келмейді...
Show all...
🤔 1
Мен Қадыр Мырза Әлінің кітапханасы ең бай шығар деп жүрсем...😁😁😝
Show all...
👍 2
Бұл дінді (исламды) кім ұстанбаған? Ақын да, сазгер де, жазушы да, балгер де, ғалым да жиһангер де, ұстаз да саудагер де... Барлығы ұстанған. Әлі де ұстанады. Адам қателесіп, дінді дұрыс ұқпаса ол өзінің кінәсі, ал соңғы демі біткенше жақсы оймен ұстанып өтсе, ол оның жетістігі. Ал ислам ол мәңгі таза да тура дін боп қала береді. Әңгіме ислам дінінде емес, әңгіме оны ұстанушыда. Ислам ол нұр. Ал ұстанушылар түсінік жағынан әр түрлі болады. Сол себепті, діннен айып іздемей, Шәкәрімше айтсақ, "өзіңмен күрес өлгенше"...
Show all...
Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ: ✅14 пара құранды жатқа білген қари ✅19 мақала жазған журналист ✅127 өлең ✅3 поэма жазған ақын ✅2 роман жазған жазушы
Show all...
👍 2
Газет алып жатырмын....оқып шығайын...😊😊😊
Show all...
👍 2
"Ұйқым тыныш болсын десең, имансыз іс істеме. Жаман түсті көбінесе қарақшылар, қиянатшылар, ұры-қары, жемқорлар, парақорлар көреді. Өйткені күндіз ұйықтап қалған ұят түнде оянады. Сөйтіп, ұят өз иесін азапқа салады". © Шерхан Мұртаза [Ай мен Айша]
Show all...
🕯️ Қазақ қара көздерінің сиқырлы күші Европа әйелінен кем емес📚«Ақбілек» романынан 🕋 https://t.me/maktubatkz
Show all...
👍 2
Show all...
Шәкәрімнің сүйегі тасталған құрқұдық (бейнеролик)

Шәкәрімнің қаза болғанына 90 жыл #abai #Музей #Абай #Шәкәрім #Жидебай

Фильм экранға шыққан соң «Шебер мен Маргарита» киносына түсуге тәуекел еткен 18 актер бірнеше жылдың ішінде көз жұмып, о дүниелік болып кетті.
Қарғыс атқан туындының ең алғашқы құрбаны, кинодағы Воландтың іздеу ісін жүргізген тергеушінің рөлін сомдаған 47 жастағы Александр Чабан болды. 2005 жылдың 2 қазанында өзінің пәтерінен оның өлі денесі табылды. Актердың қандай жағдайда қаза тапқанының себебі әлі күнге дейін анықталған жоқ.
2006 жылдың 28 қыркүйегінде фильмдегі ақын Иван Бездомныйдың киімдерін жымқырып әкететін ұрының рөлін ойнаған актер Павел Комаров кенеттен қайтыс болды. «Группа риска» музыкалық тобын құрған Комаров Царицын жастар театрының белді актері еді. 2006 жылдың 27 желтоқсанында кинодағы сыншы Латунскийдің рөлін сомдаған актер Станислав Ландграф кенеттен дүние салды. 2007 жылдың 27 сәуірінде фильмдегі Понтий Пилаттың рөлін асқан шеберлікпен ойнап шыққан КСРО халық әртісі Кирилл Лавров бақилық болып кетті. 2007 жылдың 27 сәуірінде, яғни атақты актер Кирилл Лавров дүние салған күні кинодағы есепшінің рөлін ойнаған Евгений Меркурьев балық аулауға барып, мұздың астына түсіп кетіп, оқыс оқиғадан қаза тапты. 2008 жылдың 3 қаңтарында кинодағы Коровьевтің рөлін ойнаған атақты актер Александр Абдулов қайтыс болды. 2008 жылдың 7 сәуірінде актер Андрей Толубеев дүние салды. 2009 жылдың 28 қаңтарында эпизодтық рөлге түскен актер Юрий Оськин (швейцар Николай) өмірден озды. 2010 жылдың 25 ақпанында фильмдегі ақын Иван Бездомныйдың рөлін ойнаған Ресейдің еңбек сіңірген актеры Владислав Галкиннің өлі мүрдесі пәтерінен табылды. Ол бар-жоғы 38 жаста болатын. 2010 жылдың 20 сәуірінде кинодағы психиатриялық ауруханадағы медбикенің рөлін сомдауға түскен Валентина Егоренкова дүние салды. 2010 жылдың 20 тамызда фильмдегі Понтий Пилаттың хатшысының рөлін ойнаған актер Станислав Соколов бақилық болды. 2011 жылдың 11 тамызында «Шебер мен Маргарита» фильмінде эпизодтық рөлге түскен Михаил Суров көлік апатынан қаза тапты. 2012 жылдың 10 мамырында 30 жасқа да толмаған актер Станислав Пряхин ақ қан ауруынан қайтыс болды. 2012 жылдың 11 қарашасында фильмдегі қаржы директорының рөлін ойнаған атақты актер Илья Олейников өмірден озды. 2013 жылдың 30 наурызында фильмдегі Николай Иванович Босойдың рөлін сомдаған атақты актер Валерий Золотухин қайтыс болды. 2013 жылдың 5 сәуірінде фильмдегі қорқынышты пәтерден жоғалып кеткен адамдарды іздеумен айналысқан КГБ агентінің рөлін ойнаған Дмитрий Поддубный қайтыс болды. 2014 жылдың мамырында фильмдегі Торгсин дүкеніндегі қызметшінің рөлін ойнауға түскен Станислав Фесюнов дүние салды. 🔘 Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы, әдебиеттанушы, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты
Show all...
👍 1
2012 жылдың 11 қарашасында фильмдегі қаржы директорының рөлін ойнаған атақты актер Илья Олейников өмірден озды. 2013 жылдың 30 наурызында фильмдегі Николай Иванович Босойдың рөлін сомдаған атақты актер Валерий Золотухин қайтыс болды. 2013 жылдың 5 сәуірінде фильмдегі қорқынышты пәтерден жоғалып кеткен адамдарды іздеумен айналысқан КГБ агентінің рөлін ойнаған Дмитрий Поддубный қайтыс болды. 2014 жылдың мамырында фильмдегі Торгсин дүкеніндегі қызметшінің рөлін ойнауға түскен Станислав Фесюнов дүние салды.
Show all...