225
Subscribers
-224 hours
-17 days
-130 days
Posts Archive
225
Бұрын әке-шешем оятқышсыз ерте тұрғанда таңғалатынмын. Недеген күшті ұйқы тез қанатын деп.
Сосын есейе келе түсінесің ұйқы қанғаннан емес, жауапкершілік түрткіштегеннен тұрады екен.
225
Баяғыда Мәдібековтор(Маккалистер) отбасында “демографиялық жарылыс” болып, балалары көптігінен шатасып, көктеуге көшкенде біреуін ұмытып кетіпті.
Келдібай(Кевин) есімді бала Наурыз (жаңа жыл) кезінде ұйықтап киіз үйде(жалғыз үйде) қалып қойған.
Оянса отбасы қыстаудан(Чикагодан), Келдібайды ұмытып, Торғайға(Парижге) көшіп кеткен.
Келдібай ұйқысынан тұрып маңырап жүргенде үйге екі барымташы келіп, Келдібай оларды тоқпақпен бастарынан беріп жіберді.
Сосын Келдібай өзіне керемет қыз тауып, бақуатты ғұмыр кешіпті…
The end.
225
"Мы - поколение мужчин, выращенных женщинами. Поможет ли другая женщина в решении наших проблем?"
225
Кітап оқу культінің қалыптасқаны жақсы. Бірақ кітап оқитын адамның бәрі ақылды емес. Артық әсіреленбейік.
Бірдеңе оқу бөлек, бірдеңе істеу бір бөлек әңгіме.
225
Repost from YerlanGo - 44+
Лаборатория филологтары әлі де баяғы сөздіктерді сапырып, бірі біріне кәмиссия болып, бірі бірін қолпаштап доғдыр деп танып, өз қазанында өздері қайнап, болып жүр. Ал мен мысалы, "қоянның суретін салып кету" деген сөздің этимологиясын білгім келеді.
225
Егер махаббат қайғы әкелмесе, онда ол махаббат болмағаны. Себебі, махаббат пен қайғы, махаббат пен қасірет егіз. Махаббат Жаратқанның алқауымен келген деседі.
Екі жүрек бір біріне жақындайды, арасы қыл өтпейтіндей болып қабысады. Бірақ сол жақындықтың өзі екеуінің екі бөлек болғандығынан.
225
Өмірдің басы - бала, ортасы - адам,
Қартайып, шал болған соң, кетті шамаң.
Мақтап жүрген өмірің осы болса,
Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тәмам.
