en
Feedback
Іш пысқанда🗿

Іш пысқанда🗿

Open in Telegram

Show more
Kazakhstan8 310The category is not specified
225
Subscribers
-224 hours
-17 days
-130 days
Posts Archive
Адам мойыны бас пен кеудеден неге жіңішке десем, киілген қамытын сыпырып тастай алмас үшін екен ғой. Қызық! Адам қамытты өзі жасайды, өзі киеді, өзі налиды.

Repost from N/a
Басын шалып... Басын шалып өмірлік сұрақтардың, Сол бір кеште шешіліп сыр ақтардың Сырласудан сонда мен көп ой түйдім, Ал сен... Ал сен жылап қалдың... Жылап қалдың көздің жасын тыя алмай, Мұң төгілді жанарыңа сыя алмай Мен отырдым сопыдай боп сұңқиған, "Жарық нұрым жыламашы" дей алмай Күліп тұрып көңілімді аулаған Көздеріңе ғашық болғам лаулаған Көз жасыңды көріп енді сол көзден, Жылытпақпын жүрегіңді жаураған Не дейін... Ардан туған ибалым, Жаз жаныңды жауыздыққа қимадым, Күлші қане, мұңдануға ешқашан Жаралмаған сенің сұлу дидарың Тағдыр деген осы екен ау, тарығу, Заңдылыққа бағына алмай зарығу Қалған жұрттта қан-қаперсіз күндерді, Қалыпты жайт, қайта-қайта сағыну. Бір тілерім... Берік болшы өзіңе, Қорлануды қоса берме сөзіңе Үлбіреген көңілім деп ұққайсың, Мөлдіреген жас толса егер көзіңе Өзің едің шұғылам, шуақты әнім, Ей, сұм өмір, қайткенің жылатқаның! Темір төзім талап етер, тағдыр бәлкім, Сондықтан жұбатпадым...

Алматыда солай енді

Күздің қоңыр жылуы керемет ұнайды. Жаздың аптабынан кейін, салқын самал араласа тұтасқан жылу сүйкімді қытықтайды тәнді. Бірақ өз артынан келе жатқан қыстың ызғарын да дәл сездіреді.

Тәрбие - жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету. Адам баласына тәрбие дегенде, әсіресе жанын тәрбие қылу дегенді түсіну абзал.

Әлеуметтік желі бізді қаншалықты жақындатқанымен, соншалықты алыстатады.

Бізді асыға, сағына іздейтіндер пайда болды. Қыз емес, әскер

Надандықтан бір күйінсе Абай күйінген шығар..
⁃ Неден жеңілдіңіз? ⁃ Сөз ұқпайтын ақымақтан күнде жеңілемін. Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды- Әдеті надан адамның. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық. Қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кiсенiнен азат болмаған ел ешуақытта да азаттық ала алмайды. Сондықтан отаршылдықтың халыққа қарсы қолданатын ең үлкен қаруы - қараңғылық пен сол қараңғылық кiндiгiн кескен надандық деп бiлiңiз. Шен мен шекпен қуған бiлiмдi бола ма? Ондай жан өзiнен басқа өзгенiң де қамын жей ала ма? Өзгеге нұры түспейтiн, шапағаты тимейтiн бiлiмнiң керегi бар ма?

“Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады”(37). Филологтардың жизасы

есі дұрыс адамға аса ауыр жаза - елемей қою.

Толыққанды мейіріммен өскен бала, ақылды болмауға хақысы жоқ

“Парасат майданынан” болашақта мықты интеллектуалды фильм жасайды деп сенемін.

Макато Синкай аспан мен жауынды қалай сүйсе, мен де сені солай жақсы көргім келеді

Ауылдың бір рақаты краннан су іше бересің.

Қазақтың төл сөйлесім стильінен ауытқымай айтылған әңгіме сондай әуезді естіледі.

Таза ақылмен таппаған дін, Шын дін емес - жындылық. Қармалаған бір соқырсың, Өлген ой мен көз, құлақ. Дін тазасын діннен ізде, Дін шатағын сынға сал. Анық айна өзіңізде, Айда ақылды қаттырақ. Шәкәрім

Repost from YerlanGo - 44+
Выготский мен Ушинский тіріліп кетіп, барлық қазақ мұғалімдерді сотқа беріп, қаламақы сұраса.

Қашан есейеміз деп жүріп, қалай есейгенімізді түсінбей қалыппыз.

Автобуста сыймай қысылып, әбіржіп жатқанда: “олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз, Қазақстан мүмкіндіктер отаны” - деп сайрап жатыр радиодан. жүрегім айнып кетті қарама-қайшылықтардан🪬

ҰБТ-ға дайындалғандай, ұзақ әрі шынайы оқымайтын сияқтымын енді ешқашан.