244
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Сенің "саған менің өмірім қымбат па, әлде өзіңнің өмірің бе?" деген сұрағына "менің өмірім" деп жауап берген уақытта мұңайып кете бардың. Алайда менің өмірім - түгелімен сен екенін аңғармадын.
Мен жүрмін сені сағынып,
Сен жүрсің менсіз қайғырып.
Болды намыс тосқауыл,
Қос аққудың сезіміне.
Жүре берсек міне, осылай,
Болар тағдырымыз ыстық судай.
Ыстық суға болар кім қақпа,
Екеуіміз қосыла алмай тұрғанда?
Бәлкім сен жай ғана жастық шақтың алдамшы махаббатысың. Бәлкім бұл жай естелік болып та қалар.
Бірақ олай болса, неге ойымнан 6айдан бері кетпей қойдың?
Ғашық болдым саған бір көргенімнен,
Жауап бар ма саған деген сезімімнен?
Жаулап алдың сынып тұрған жүрегімді,
Орадың отпен бүкілімен бар тәнімді.
Саған деген сезімім суымады,
Дегенмен, жауапсыз болмақ сезімдерім.
Келсе де сүйгім менің басқа жанды,
Қия алмас, үзілмейтін бар үмітім.
Байқадым қызық пенде екенінді,
Өшірер ме ең соншалықты сезімімді?
Қандай едің хас сезімді оятатын,
Көбелекті бір өлтіріп, бір тірілтер.
"Иногда что бы что-то защитить, нужно пожертвовать всем, что у вас есть."
•Глава Сон Рима из дорамы "Алхимия душ"
Таңдамадым қалаған өмірімді,
Шаттыққа жеткізер бір тағдырымды.
Бәлкім болу керек пе еді солай,
Өмір бақи бақытсыз, сүру қурай?
Қолыңды бос сермедің қарай тұра,
Қаламадым кеткеніңді қурай тұра.
Таңдадың сүруді өміріңді менсіз,
Болар ма енді өмірің балдай тура.
Келмеді сені жібергім,
Көруді сені қаладым.
Болмасаң, қайғырармын күні-түні,
Жаным, менің тағдырым, Айым, Күнім.
дееп шайсаң
Мен жүрмін сені сағынып,
Сен жүрсің менсіз қайғырып.
Сондағы бір тосқауыл,
Кеудедегі өтірік намыс па?
Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" повесінен алынған, Бердібектің мұң таздай таза болып жүретін Майраға бағыттаған сөздері.
"Майра күн болса, мен күнбағыспын, онсыз тұра алмаймын. Майра гүл болса, мен көбелекпін, айналсоқтап шықпаймын"
Кезіктірген болдым алғашында ғажап жанды,
Бәлкім сол жан шын мәнінде емес жанды?
Не болса да, құбылттың жүрегімді реңді,
Жара-жара, қызыл қан, жан көрмес күйге.
Маған өз сезімдерімді айту қиынға соғады. Бұл жерде махаббаттық сезім, симпатия секілді нәрселер емес. Ішімде болып жатқан нәрселерді, қорқынышымды, қазіргі уақытта шынымен де не сезініп жатырғаным туралы сөз. Бір жағынан біреудің сеніміне кіре алмауым да бар.
Бір уақытта 2-ден көп адамға сене алмаймын. Шыны керек, ішімде болып жатырған нәрселерді мүлдем ешкімге айтпайды екенмін. Көп уақыт таныс адамыма да айта алмай тұрғанымда, сондағы 2 ай таныс адамға немді айтайын?
Бәріне сеніп, өз құпияларын бірден айтатын адамдарды жақтырта бермеймін. Олар соңында не сатып кетеді, не өзінің проблемаларына мені де қосып жібереді. Қолдау көрсете алмайтын жанмын, біреудің проблемаларын қанша түсініп тұрсам да қолдай алмаймын. Тек бір адам ғана. Мен оны, ол мені түсінетін адам. Оған да айтар нәрсем аз. Арамыз алшақтап бара жатқан секілді.
"Ештеңе" - бұл кей кезде шынымен де ештеңе, ал кей кезде ішімдегіні айтқым келмей, артынан өкініп жүруім.
жай ғана "мен сені сүйемін" деудің орнына біреудің поэмасынан немесе ақындардың сөзін алмай "саған ғана ашыла аламын. сенімен ғана сырларымды бөлісе аламын. бұған себепші не? әрине тек сенде. сенің бұл өмірге келіп, өзіңнің ғана емес, өзгенің де өмірін құлпыртқанын керемет бір ғажап емес пе? қиын кезеңнен шығарған да, комплекстерімді кетірген де, өмірімді де құлпыртқан бір өзің. ендігі сені қалай жақсы көрмеске?" дер едім дейінші десем, өте қарапайым шықты.
