en
Feedback
ALYPSOK

ALYPSOK

Open in Telegram

Тіркелген спорттық БАҚ ALYPSOK -тың ресми аккаунты.Лицензия № KZ74VPY00145652,ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі,01.04.2026. https://alypsok.kz/kk/ Inst: https://www.instagram.com/alyp.sok/ YT:https://www.youtube.com/@ALYPSOK Жарнама: @bzhumazhan

Show more
8 609
Subscribers
-624 hours
-477 days
-130 days
Posts Archive
ALYPSOK
8 607
🔥 Йен Гэрри: «Махачевпен дәл қазір төбелессем, оны жеңемін» Йен Мачадо Гэрри Ислам Махачевтен жеңілгеннен кейін ықтимал рева
🔥 Йен Гэрри: «Махачевпен дәл қазір төбелессем, оны жеңемін» Йен Мачадо Гэрри Ислам Махачевтен жеңілгеннен кейін ықтимал реванш туралы пікір білдірді. 💬 «Онымен дәл қазір төбелессем, жеңетінімді сеземін. Өзіме, командама және дайындығымызға соншалықты сенімдімін», — деді Гэрри. Ирландиялық файтер алғашқы жекпе-жекте қандай қателіктер жібергенін де айтып, Махачевпен қайта кездесуге дайын екенін жеткізді. 🔗 Толығырақ: https://alypsok.kz/kk/news/513/

ALYPSOK
8 607

ALYPSOK
8 607
🏆Саят Әбдуалі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Саят Әбдуалі екінші раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Осылайша ол 11-0 рекордқа ие болып, жеңіліссіз сериясын әрмен қарай жалғастырды. Жеңіс құтты болсын, Саят!🇰🇿🇰🇿🇰🇿

ALYPSOK
8 607
🇰🇿Рахмонов Махачевке қарсы басты артықшылығын атады 💬"Ислам үшін ең қауіпті қарсылас менмін. Тік тұрып айқас тәсілі бойынш
🇰🇿Рахмонов Махачевке қарсы басты артықшылығын атады 💬"Ислам үшін ең қауіпті қарсылас менмін. Тік тұрып айқас тәсілі бойынша мен одан үздікпін." Сіз келісесіз бе?

ALYPSOK
8 607
🔥 Хамзат Чимаев: «Жеңіл салмақта төбелесетін болса, Ислам Гэрриді мерзімінен бұрын жеңер еді» Хамзат Чимаев Ислам Махачевтің
🔥 Хамзат Чимаев: «Жеңіл салмақта төбелесетін болса, Ислам Гэрриді мерзімінен бұрын жеңер еді» Хамзат Чимаев Ислам Махачевтің Иэн Мачадо Гэрриге қарсы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 💬 «Ислам өз жұмысын жасады. Менің ойымда да жекпе-жек дәл осылай өтеді деп елестеткен едім. Гэрри бойшаң әрі ыңғайсыз қарсылас. Оның үстіне Ислам қазір 70 емес, 77 келіде өнер көрсетіп жүр, мұнда жігіттер сәл ауырлау. Егер олар жеңіл салмақта кездескенде, Ислам оны мерзімінен бұрын жеңер еді», — деді Чимаев «Ушатайка» арнасына берген сұхбатында. Ал сіз қалай ойлайсыз?

ALYPSOK
8 607
🇰🇿🔥 RAF ҚАЗАҚСТАНДА ТУРНИР ӨТКІЗЕДІ! Америкалық кәсіби күрес лигасы Real American Freestyle (RAF) Қазақстанда турнир өткіз
🇰🇿🔥 RAF ҚАЗАҚСТАНДА ТУРНИР ӨТКІЗЕДІ! Америкалық кәсіби күрес лигасы Real American Freestyle (RAF) Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отырғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы лига өкілдері RAF Moscow турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ұйым Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан және Қытайда да жарыстар өткізуді көздеп отыр. Айта кетейік, RAF-та қазақстандық Ризабек Айтмұхан, Асу Алмабаев және Қуат Хамитов өнер көрсетіп жүр. Лига турнирлеріне Мераб Двалишвили, Хамзат Чимаев, Арман Царукян секілді әлемдік жұлдыздар да қатысады. 🔥 RAF турнирін Қазақстанда көргіңіз келе ме? #RAF #Қазақстан #Күрес #ЕркінКүрес #ALYPSOK

ALYPSOK
8 607
🥊 WBO басшысы Жәнібек Әлімханұлын қорғап шықты WBO президенті Густаво Оливьери Хамза Шираздың мәлімдемесіне жауап беріп, Жән
🥊 WBO басшысы Жәнібек Әлімханұлын қорғап шықты WBO президенті Густаво Оливьери Хамза Шираздың мәлімдемесіне жауап беріп, Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешімде ешқандай жемқорлық және жеке байланыс болмағанын айтты. 💬 «Жемқорлық немесе жеке қарым-қатынастарға негізделген шешімдер туралы айтылған сөздермен мүлдем келіспеймін», — деді Оливьери. Оның айтуынша, Жәнібек допинг дауына болған сәтте жекпе-жекке шықпағанын және бұл оның алғашқы тәртіп бұзушылығы болғанын түсіндірді. Сондай-ақ WBO ережелері басқа салмаққа ауысқан әлем чемпиондарына рейтингте жоғары орын алуға мүмкіндік береді деп ерекше атап өтті. Оливьери Жәнібектің орта салмақтағы жетістіктері чемпиондық жекпе-жекке үміткер болуға толық негіз береді деп есептейді. 🏆

ALYPSOK
8 607
💉 Гордон Райан допинг-тесттердің тиімділігіне күмән келтірді 💬 «UFC-ге енді келген файтер 12+12 мың доллар алады. Одан дайындық лагеріне, бапкерлерге, спарринг-серіктестерге және басқа шығындарға ақша көп кетеді. Мұндай спортшылардың тестті айналып өтуге көмектесетін дәрігерлерді жалдауға мүмкіндігі жоқ. Ал миллиондаған доллар табатын топ спортшыларда ондай ресурс бар. Допинг-тесттің мақсаты — натурал спортшыны допинг қолданатын спортшыдан қорғау. Бірақ нәтижесінде бәрібір натурал спортшылар допинг қолданатындармен бәсекелеседі», — деді Райан. ❓Гордон Райанның пікірімен келісесіз бе? Толығырақ: https://alypsok.kz/kk/news/498/

ALYPSOK
8 607
🔥Асу Алмабаевтың жекпе-жек уақыты белгілі болды. Бұл туралы Асудың бапкері Эдуард Базров Sports.kz порталын берген сұхбатынд
🔥Асу Алмабаевтың жекпе-жек уақыты белгілі болды. Бұл туралы Асудың бапкері Эдуард Базров Sports.kz порталын берген сұхбатында растады 💬"21 қараша, Катар елінде төбелесеміз деп отырмыз. Қарсылас жақында белгілі болады, Ройвал отбасылық жағдайларға байланысты төбелеспейтін болды және жарақаты бар екен-мыс. Жақын уақытта қарсылас беріп қалады деген үміттеміз. Келісімшартқа әлі қол қойылмағасын, қарсыластың есімін атауды дұрыс деп санамаймын. Бірақ, топтағы бір файтерді беретіні хақ."

ALYPSOK
8 607
+1
Бұл жігіттердің айтатын күшті сөздері бар еді ғой… “Кімде-кім өзін бәрінен биік көрсе, сол тапталады” - дейді ме!?🙂

ALYPSOK
8 607
UFC-ге енді жақсы болды, Қытайда көп турнир болады😁

ALYPSOK
8 607
photo content

ALYPSOK
8 607
Ақыры, Умарды нокдаунға түсіргеннен кейін қалай соңына дейін ұстап қалуды үйреніпті. Бекзат та дәл осылай жасап еді...Бірақ, ұстап қала алмады. Алайда, минусын бірінші тапқан файтер десек те боладыҚҚ

ALYPSOK
8 607
🤯🤯🤯

ALYPSOK
8 607
Умар нокаутқа түсіп қалды